Өтпелі экономика жағдайында меншік қатынастары түрлі өзгерістерге ұшырайды. Бұл өзгерістер мемлекет қарамағынан алу және жекешелендіру процестермен байланысты.
Өтпелі экономика жағдайында меншік қатынастары түрлі өзгерістерге ұшырайды. Бұл өзгерістер мемлекет қарамағынан алу және жекешелендіру процестермен байланысты.
Мемлекет иелігінен алу - мемлекеттік меншіктік өзгертуге байланысты мемлекеттің экономикадағы шектен тыс ролін жоюға бағытталған шаралар жиынтығы.
Мемлекет иелігінен алу монополизмді жеңуге бәсекелестік пен кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған.
Қазақстан Республикасында Мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру
Кәсіпкерлік дегеніміз - адамдармен олар құрған бірлестіктердің белсенді, дербес шаруашылық қызметі. Оның көмегімен адамдар тәуекелге бел буып, мүліктік жауапкершілікті сақтай отырып, пайда табу жолын көздейді. Кәсіпкерлік шығармашылық күш-жігерді жүзеге асыруға, экономикалық және ұйымдастыру ісінде тапқырлыққа, жаңашылдыққа байланысты.