Талдықорған – 2023 жыл



бет1/3
Дата20.09.2023
өлшемі35,8 Kb.
#109093
  1   2   3
Байланысты:
Адамгершілік - асыл қасиет


ТАЛДЫҚОРҒАН ҚАЛАСЫНЫҢ «АВИЦЕННА» МЕДИЦИНАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ

«Адамгершілік - асыл қасиет»


Орындаған топ жетекшісі: М.Б Бейсенбеков

Талдықорған – 2023 жыл

07.04.23
Тақырыбы: «Адамгершілік - асыл қасиет»



Мақсаты: ата - ана мен бала және педагогтар арасында адами қатынастарды орнату, балаларға екі жақты үйлесімді тәрбие беру, балалармен дұрыс жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру, ата - ана мен бала арасындағы қарым - қатынасты нығайту, әрқайсысының бойына адамгершілік қасиеттерді сіңіру. Жақсылық жасауға ұмтылдыру.

Қатысушылар: ата - аналар, педагогтар
1-жүргізуші: Жаңа кезеңдегі білім берудің өзекті мәселесі жас ұрпаққа - адамгершілік - рухани тәрбие беру. «Адамгершілікке тәрбиелеу құралы – еңбек пен ата - ана үлгісі» - деп, Ы. Алтынсарин атамыз айтқандай, құнды қасиеттерге ие болу, рухани бай адамды қалыптастыру баланың туылған кезінен басталуы керек. Халықта «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтылмаған. Сондықтан баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, яғни адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп, өз - өзіне сенімділікті тәрбиелеуде отбасы мен педагогтар шешуші роль атқарады. Рухани - адамгершілік тәрбие - екі жақты процесс. Адамгершілікке, еңбекке тәрбиелеу күнделікті өмірде, үлкендердің қолдан келетін жұмысты ұйымдастыру барысында, ойын және оқу ісінде жоспарлы түрде іске асады.
2-жүргізуші: Халқымыз «баланы ойын өсіреді»деген сөзі тегін айтылмаса керек. Бала ойнап жүріп, ойланады, жүйкесі тынығады, ойы сергиді, денесі шымырланады. Өздерінің құрбы - құрдастарымен жақсы араласуды үйренеді. Сан алуан ойындар баланың дене тәрбиесін дамытып, жас жеткіншектің бойына адамгершілік, сүйіспеншілік, кішіге көмек, үлкенге құрмет көрсете білуге, қиыншылықтан қорықпауға, мақсатқа жетуде төзімділікті ұлғайтуға тәрбиелеуде ерекше мәні бар. Ең бастысы, ойын баланы жан - жақты, тез ойланып шешім қабылдауға, ойын шыншыл ойнауға кешірімді, жанашырлыққа тәрбиелейтіні анық.
Адамгершілік тақырыбы - мәңгілік. Жас ұрпақтың бойына адамгершілік қасиеттерді сіңіру - ата - ана мен ұстаздардың басты міндеті. Көрнекті педагог В. Сухомлинский «Егер балаға қуаныш пен бақыт бере білсек, ол бала солай бола алады», — дейді. Демек, шәкіртке жан - жақты терең білім беріп, оның жүрегіне адамгершіліктің асыл қасиеттерін үздіксіз ұялата білсек, ертеңгі азамат жеке тұлғаның өзіндік көзқарасының қалыптасуына, айналасымен санасуына ықпал етері сөзсіз.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет