4. Сабақта ою-өрнектердің үйрену жолдары Қазақтың ою-өрнектерін технология пәнінде үйретудің жолдарын қарастырайық.
Қағазды бір бүктеп ою Мүйіз ою-өрнегі Қайшымен қию бағыты
Бүктеу бағдарын көрсететін жебе
Бүктелген қағаз бұрыштарының аралық өлшемі.
Бүктелген қағазға дәл осындай қарындашпен ою сызып алып, әрі қарай қия бастайсын.
Қағазды екі бүктеп ою
«Қосалқа» ою-өрнегі Ортасынан екі рет бүктелген түрлі қағаз бетіне "қосалқа" ою-өрнегінің жарты көрінісінің эскизін тез салып, қайшымен қиып көрсетуден бастайды. Алынған оюды басқа қағазға желімдейді. "Қосалқа ою-өрнегінің бірнеше үлгісі мен жасалу әдістерін үйренеді. «Қосалқа» ою-өрнегін түрлі-түсті қағаздан қиып, желімдеуге аз уақыт жұмсайды. Осындай жаттығулар оқушыларды тез жұмыс істеуге дағдыландырады. Ал осы "қосалқа" ою-өрнегін матаға түсіріп тігетін болса, онда тігілген ою-өрнектің шеті сетінеп кетпес үшін жиектеп тігу қажет, себебі кестеленген өрнектің жиегі біркелкі әдемі көрінеді. Сонда сырмаққа, тұскиізге, дөдегеге ұқсас қолөнер бұйымы пайда болады. Ендігі оятындарын бірте-бірте күрделене түседі. Алдын ала кесіп дайындап алған төрт бұрышты жұқа қағаздарынды нүктелі сызық бойымен жебе бағытымен екі рет бүктейсіңдер. Қағаздың бүгілген қырынан бастап сызылған үлгіні қайшымен қырқып аласыңдар.
Қағазды үш бүктеп ою
Төрт құлақ ою-өрнегі
«Ромб» ою-өрнегі
Сырмақ сырып, киіз басып, тұскиіз тігуші ісмерлер шеберлігін әбден жетілдіріп алғаннан кейін кейбір қарапайым үлгіні алдын ала сызып жатпай-ақ қағаздан бірден қияды. Қию, ою, сызу әдістерін жақсы меңгеріп, көптеген ою түрлерінің өзіндік ерекшелігін әбден жете жаттап аласындар, сендерде, әрине, бірден оюға көшесіңдер. Алдымен қолымызды жаттықтырыл, көзімізді қанықтырып алайық.
Қазір осы төрттаған ромб түзілген тұтас композицияны ою, қию әдісін үйренеміз.
Суретте корсетілген нұсқадағыдай, қағаздарьшды үш рет бүктеп төрт бұрышты етіп аласындар. Содан кейін қарама-қарсы бұрыштарын қосатын қиғаш тартылған үзік сызық бойымен жебе бағытына қарай тағы бір бүктейсіңдер. Сонда бүккен қағаздарың тұмар тәрізді болып шығады. Енді тұмардың бітеу қырын болашақ оюдың нақ ортасы деп есептейік те, қарындашымызды алып, ою үлгісін сызамыз. Тұмардың қатталған қырларын бір жағынан екінші жағына қарай қайшымен қырқа бастаймыз.
Толыққтып шығып, жыртып алмай, асықпай, еппен қағаздың қаттауы мен бүктеуін жазамыз. Жазамыз да, қыртыстары жайылуы үшін тегіс жерге жатқызып, үстін жайпақ, салмақты затпен бастырып қоямыз. Егер кішігірім болса, кітаптың арасына салуға, әйтпесе бір жақ бетін желім жағып, түсті қағаздың бетіне тегістеп жапсырып қойсада жарайды.