"Айыр". "Ашатұяқ". "айыртұяқ" өрнегі кейде "айыр" өрнегі деп те аталады. Пішен ашалайтын айырға ұқсас келеді.
"Ботагөз" ою-өрнегі — әшекейлі композиция ортасына салынатын немесе бірнеше қайталанып келіп, орамалдың шетін көмкере жиекте-метүзейтін, сырт пішімі ботаның көзіндей, ромбы төріздес геометриялык ою-өрнек.
"Каңқа" ою-өрнегі тоқыма бұйымдарында қолданылады. Малдын қурап қалған сүйегін түспалдайды. Алаша, басқұр, бау т.б. тоқыма бұйымдарында негізгі өрнек ретінде салынады.
"Жылан", "Жыланбас" - балалардың тақиясына "көз тимесін " деп тағатын, жыланың бас сүйегіне ұқсас ою-өрнек. Бұл өрнек жылан бейнесін тұспалдап тұрады.