3 .
Оюлы сырмақ Мақсаты: Балалардың ұлттық тұтынатын бұйымдар жайындағы түсініктерін жетілдіру. Текеметтен сырмақтың айырмашылығы неде екенін байқап, ерекшелігін білуге үйрету. Қолөнер шеберлерінің еңбегін, туған халқының мәдени мұрасымен сәндік қолдаңбалы өнерінің түрлерімен таныстыру.
Көрнекіліктер:Ақ және қара түсті астарлық (фон) қағаз, әр балалаға қиылған дайын ою-өрнек пішіндері, дайын қиып жапсырылған немесе сырмақтың суреті.
Ойын ережесі:а) Қиылған ою-өрнектерді түсіне, көлеміне қарай таңдау;
ә) Үйлестіре сәнді құрылым жасау;
б) Ұлттық тұтынатын бұйымдар жайындағы білімдерін нақтылау.
Барысы: Сырмақ, текемет жайындағы түсініктерін тиянақтап әңгімелеу. Суреттерін көрсету (мүмкін болса өзін көрсетіп, қайсысы текемет, қайсысы сырмақ екенін сұрау). Әдемі ою-өрнектеріне, түр-түріне назар аударып осындай сырмақтың өрнегін өздері құруға тапсырма береді. Қиылған дайын өрнектерден құрылым жасауға бағыттайды. Балалардың түсіндіруден кейін өз бетінше әрекет етуіне басшылық етеді. Кейбір қиындыққы кездесіп, іс-әрекетке белсенді кірісе алмай отырған балаларға ғана өзінің қолындағы шағын мольбертке қойып орвндалу жолын түсіндіреді. Қарапайым элементтерді өздері қиып толықтыруға жетелеп үйрету керек. Ақ қағазға қара түсті (ою-өрнек), қара қағазға ақ түсті ою-өрнек таңдап орналастыруын бақылайды.
4 Музыкалық жұмбақ Мақсаты: Қатты,ақырын дыбысты сезіну қабілеттерін жетілдіру. Көрнекіліктер: Аккордеон, металлофон, қоңырау, үшбұрыш, ағаш қасықтар. Шарты: Бір бала сыртқа шығады, екінші бала ойыншықты жасырады. Сырттағы бала кіріп, ойыншықты іздей бастайды. Бала ойыншыққа жақындаса қатты шапалақпен белгі береміз, жасырылған жерлен алыс жүрсе ақырын шапалақтаймыз.
5 Аспапты үнінен тап Мақсаты: Есту қабілетін дамытып,аспаптарды үнінен ажырату қабілетін арттыру. Көрнекіліктер: Аккордеон, металлофон, қоңырау, үшбұрыш, ағаш қасықтар,домбыра..т.б. Шарты: Шымылдықтың артындағы бала өзіне ұнаған аспабын ойнайды. Аспапты үнінен кім тапса,сол жеңімпаз болады.