Өз басым бұл мәселені көп тен бері айтып та, жазып


алатын әлеуетін көрсетті. Мамандардың айтуынша, мұндай



Pdf көрінісі
бет2/6
Дата06.04.2017
өлшемі2,75 Mb.
#11122
1   2   3   4   5   6

алатын әлеуетін көрсетті. Мамандардың айтуынша, мұндай 

жаттығу, әсіресе, Орталық Азиядағы кез келген күрделі жағдайды 

шешуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ жаттығу жұмыстары ұйымға 

мүше мемлекеттердің әскери қарым-қатынастарын нығайта 

түседі. 

Лаңкестікке қарсы жаттығу 

жоғары деңгейде өтті 

«Бейбіт миссия – 2010» оқу-жатты ғу-

лары Шанхай ынтымақтастық ұйымының 

(ШЫҰ) қолдауымен ұйымдастырылды. 

Ұйымға мүше мемлекеттердің әскери 

контингенттері екі апта бойы бірлескен 

жат тығуларда операция барысында әскер-

лерді басқару, өзара іс-қимыл, қамтамасыз 

ету және әрекет ету мәселелерін пы сық-

тады. Жаттығуға 6 мыңнан аса әскери қыз-

меткер, бір жарым мыңнан аса қару-жарақ 

пен әскери техника, соның ішінде ұшақтар 

мен тікұшақтар тартылды. Авиациялық 

техниканы Қазақстан, Қытай және Ресей 

ұсынды. 

ӨЗБЕКСТАН ЖАТТЫҒУҒА 

ҚАТЫСПАДЫ 

Орталық Азиядағы кейбір мемлекет-

тердегі тұрақсыздық, лаңкестік әрекеттердің 

бас көтеруі аймақ елдерінің әскери қуатын 

қайта қарап, сараптауға итермелеп отыр. 

Қырғызстанда болған оқиғадан кейін іле 

Тәжікстандағы дүрбелең халықты біраз 

әбігерге түсірді. Бүгінде Тәжікстандағы 

оқи ғаның шығуына қатысты сарапшылар 

әр алуан пікір айтуда. Қайсыбір мамандар 

он дағы оқиғаларды халықаралық сипатқа 

ие дейді. Себебі террорлық оқиға ешқашан 

бір елдің ішінен тумайды. Оған өзге елдер-

дегі тұрақсыздық, бақылаудың әлсіздігі 

себеп болады. Осы орайда ШЫҰ-ға мүше 

елдердің бірлесіп оқу-жаттығу жұмыстарын 

жүргізуі маңызды. Әрине, бұл жаттығуға 

Орталық Азияда беделі бар Өзбекстанның 

келуі қажет еді. Алайда қашаннан «кежегесі 

кейін тартып тұратын» өзбек тарапы күткен 

батырлық танытпады. Бұған қарап маман-

дар «Орталық Азиядағы мемлекеттер 

аймақтағы жағдайды реттуге әлі де толық 

дайын емес» деген пікір айтуда. 



ТЕРРОРИЗМДІ ЕСІРТКІ БИЗНЕСІ 

ҚАРЖЫЛАНДЫРЫП ОТЫР 

Жалпы, «терроризмді кімдер, қандай 

жолдармен қаржыландырады?» дегенге 

келер болсақ, әрине, ең алдымен есірткі 

бизнесі туралы сөз қозғаймыз. Қазіргі күні 

Ау ғанстаннан таралатын есірткі әлем бо-

йын 

ша бірінші орынға шығып отыр. 



Мамандардың сөзіне қарағанда, терро-

ризм нің аяғын тұсаулау үшін, ең алдымен, 

есірткі тасымалына тосқауыл қою қажет. Ал 

бұл орайда терроризмге қарсы күрес ор-

гандары мен есірткіге қарсы күрес 

ұйымдарының бірлесіп жұмыс істеуі аса 

қажеттілік тудырады. Осы мақсатты орын-

дау үшін кеше Алматыда ШЫҰ аймақтық 

антитеррористік құрылымы атқарушы ко-

митеті директорының орынбасары Жеңіс-

бек Жұманбеков пен Орталықазиялық өз-

ара ақпараттық  үйлестіру  орталығының 

(ЦАРИКЦ) директоры Бексұлтан Сәрсеков 

өзара бірлесіп қимылдау туралы арнайы 

келісімшартқа қол қойды.

Нұрмұхаммед МАМЫРБЕКОВ

Азық-түлік бағасы неге өсті?

 «Қазіргі таңда Ауыл шаруашылығы 

ми нистрлігімен бірлесе отырып, күнбағыс, 

рапс, бұршақ тұқымдастары сынды майлы 

дақылдардың  тұқым да рына  тұрақты 

негізде экспорттық кеден бажын, ал өсімдік 

майын шығаратын тұқымдар мен қарақұ-

мық тұқымын экспортқа шығаруға уақытша 

тыйым салу жөніндегі Үкімет жобасы әзір-

ленді. Экспорттауға тыйым салу туралы 

ұсы нысты алдағы аптада Үкімет қарауына 

ұсы намыз», – деді Жанар Айтжанова.

Ағымдағы жылдың қаңтар-тамызы 

ара лығында азық-түлік өнімдерінің баға 

өсімі 2009 жылғы сәйкес кезеңге қатысты 

ал ғанда, 5,5 пайызға өскен. Екі есе. Бірақ 

азық-түліктік емес өнімдер, керісінше, өт-

кен жылғыға қарағанда, екі есе төмен қа-

лып тасып, 3,4 пайызды құрапты. Эко но-

ми калық даму және сауда министрінің 

ай  туынша, азық-түлік өнімдері бағасының 

өсі міне, негізінен, елдің астықты аймақта-

рын  дағы қолайсыз күн райына байланысты 

ас тық түсімінің жылдағыдан аз болжануы 

жә  не экспорт көлемінің артуы ықпал ет-

кен. 


ОҢТҮСТІКТЕ НАН БАҒАСЫ НЕГІЗСІЗ 

ҚЫМБАТТАҒАН

Есте болса, біраз уақыт бұрын оңтүстік 

өңірде нан бағасы қымбаттап, бір дүрліккен 

едік. Сонда Премьер-министр жағдайды 

шұғыл анықтап, кінәлілерді жазалауды 

тап сырған болатын. Кешегі отырыста Бә-

секелестікті қорғау агенттігінің төрағасы 

Мә жит Есенбаев: «Оңтүстік өңірде нан 

баға сын қымбаттатуға дәйекті себеп бол-

ма ған», – деп мәлімдеді. Оның айтуынша, 

нан өндірушілерде бұрынғы бағамен са-

тып алынған ұн қоры бола тұра, ба ға бір 

мез гілде бірдей межеге көтерілген. Яғни 

на рықта ымыраластық орын алған. «Сол 

се бепті заң нормаларын бұзып, бағаны не-

гіз сіз көтергендердің бәрі жазасын тартады. 

Бұл дерек бойынша іс аяқталып, сотқа бе-

рілді», – деген агенттік төрағасы ұн бағасын 

да негізсіз көтеру деректері анықталып, ол 

бойынша Ақмола, Батыс Қазақстан, Шы-

ғыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, Қос та-

най,  Маңғыстау,  Павлодар және Қа ра-

ғанды облыстарының бірақтар ұн жет-

кізушілеріне қатысты тергеу амалдары 

басталғанын хабарлады. 

БИЫЛ ҚАНША ҰН ЭКСПОРТҚА 

ШЫҒАДЫ?

Биыл Үкіметтің қосылған құны жоға ры 

бидай экспорты бойынша алдыға қойған 

міндеті орындалатын түрі бар. Астық одағы 

ағымдағы жылы 4 мил лион тонна бидайды 

ұн қылып, экспорт қа шығарғалы отыр. 

«Биылдың өзінде-ақ таза бидай түрін-

де гі экспорттан ұн түріндегі экспорттың 

көлемі артық болады», – деді кеше Астық 

одағының төрағасы Нұрлан Тілеубаев. 

Ауыл шаруашылығы министрі Ақылбек 

Күрішбаев қамбаларымызға 13,5 мил-

лион тонна астық түскенін ай тып отыр. Бұл, 

әри не, жылдағыдан әжептәуір кем ме же. 

Бірақ министр былтырғыдан қалған астық 

қорын ескерсек, биыл да экспорттық әле-

уе    тіміз  төмен  болмайтынын  алға  тарта ды. 

АСТЫҚ ЭКСПОРТЫНДА 

КӨЗДЕГЕНІМІЗ – ТАЯУ ШЫҒЫС

Қазақстандық ұн экспортының 97 па-

йызы Орталық Азия елдеріне – Өзбекстан, 

Тә жікстан, Қырғызстан және Ауғанстанға 

шы ғарылады. 

Осы географияны Таяу Шығысқа қарай 

ке ңіту, Парсы түбегі елдерінің на рығына 

ену мәселесі көптен сөз болып келгенімен, 

тасымал мен ло 

гистика мәселелерінің 

толық шешімін таппауына байланысты бұл 

на рықтың есігі әлі ашыла қойған жоқ. 

Бірақ осы бағытта жүйелі жұмыстар ат қа-

рылуда. Бүгінде құрылысы салынып жатқан 

Жа ңа Өзеннен Түрікменмен арадағы мем-

лекеттік шекараға дейінгі темір жол тар ма-

ғы – соның бір аймағы. Бұл жолдың құры-

лы сы бітсе, отандық астық Түрікмен арқы-

лы Иранға, одан әрі Парсы түбегінің ел де-

ріне қысқа жолмен жетпек. Осы жайт тарды 

ес керген Премьер-министр кеше қара ма-

ғындағыларға Біріккен Араб Әмір ліктері 

мен Иорданияда астық тер ми нал дарын 

салу  мүмкіндіктерін  қарас ты ру ды  тап сыр-

ды. 

Үкіметтің кешегі отырысы интернет 



арқылы «Қазақстан» ұлттық арнасының 

сайтында тікелей он-лайн режимде 

таралды. 

Басы 1-бетте

Кеше Мәжілісте осы 

сессиядағы алғашқы 

Үкімет сағаты өтті. 

Жиында тарифтік 

саясаттағы энергияны 

үнемдеу мәселелері 

жайы сөз болып, 

атқарушы биліктің 

осы бағыттағы негізгі 

ұстанымдары туралы 

Табиғи монополияларды 

реттеу агенттігінің 

төрағасы Нұрлан 

Алдабергенов баяндады. 

Қанат ҚАЗЫ

Бұрынғыға қарағанда 30 мың тонна көмір кем жақтық. 

Сыртқа шығарылатын ластаушы заттар да шамамен 13,5 мың 

тоннаға төмендеді.

Мансұр Х


АМИТ (фо

то

)



Рас, Премьердің ескерткеніндей, бұл 

отырыс электронды үкіметті да мы ту ая-

сындағы тәжірибе ретінде бірінші рет 

өткізіліп отыр. Бірақ жұртқа таралу ама лы 

өзгеше болғанымен, ондағы қарал 

ған 


мәселелердің  маз мұны  әдет тегідей  елдің 

экономикалық жайы бол ды. Осылайша 

қарапайым  қазақ стан дық тар,  негізінен, 

үйіндегі «көк жәшік» пен радиодан, одан 

қала берді газеттен ерте ңінде біліп жататын 

Үкімет жаңа 

лық 

тары бұқара жұртына 



(онда да ин тер нетке қолы жеткендеріне) 

«делдал сыз» тікелей желіде жетті.

Нұрғис

а ЕЛЕУБЕК



ОВ (фо

то

)



РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ

№166 (392) 28.09.2010 жыл, сейсенбі



www.alashainasy.kz

3

e-mail: info@alashainasy.kz

Интеллектуалды ұлт идеясын жүзеге асырудың алғышарттары қандай болуы керек?

Әзімбай 

ҒАЛИ, 

саясаттанушы:

Ерлан 

СЫДЫҚОВ, 

Шәкәрім атындағы 

Семей мемлекеттік 

университетінің 

ректоры:

Ғарифолла 

ЕСІМ, 

сенатор:

?

А Л А Ш Т Ы   А Л А Ѓ Д А Т Ћ А Н   С А У А Л

А Л А Ш Т Ы   А Л А Ѓ Д А Т Ћ А Н   С А У А Л

– Интеллектуалды ұлтты қалыптастыру үшін үш мә-

селені ескеруіміз керек. Аталған идея жүзеге асуы үшін 

ұлттың білімі жоғары деңгейде болуы шарт. Бұл жұмыстар 

өз кезегінде балабақшадан бастау  алып, мектептерде, 

одан әрі университеттерде жалғасын табуы қажет. Бұл 

тұрғыда Елбасының бастауымен жүзеге асырылып жатқан 

«Балапан» бағдарламасын атап өткім келеді. Екінші 

мәселе – тілдік қатынастар қолданысының кеңейтілуі. 

Яғни қазақ тілінің мәртебесін көтеруіміз қажет. Біздің 

мыңжылдық тарихымызбен байланысымыздың, ата-

бабаларымызбен сабақтастығымыздың үзілмеуі тек қана 

қазақ тілімен байланысты. Үшіншіден, қазақтар іскерлікті, 

прагматикалық қасиеттерді түбегейлі меңгеруі керек. 

Меніңше, осы аталған үш мәселе интеллектуалды ұлт 

идеясын жүзеге асырудың негізгі алғышарттары болуы 

керек.

– Меніңше, ең негізгі төрт мәселені ескеруіміз керек. Бірін-



шіден, рухани және саяси еркіндік. Адамдардың құқығы 

бәрі нен де жоғары болуы және олардың еркіндігі сақталуы 

қажет. Екіншіден, жоғары технологиялы мемлекеттер қауым-

дастығына ену. Яғни АҚШ, Еуропалық одақ, Оңтүстік Корея 

және Жапония сияқты қуатты мемлекеттермен мейлінше 

жақындасу. Үшіншіден, ауқымды қаржылық ресурстар қа-

лып тастырып алуымыз шарт. Қаржылық мүмкіндік шектеулі 

болса, интеллектуалды ұлт құру идеясының жүзеге асуы екі-

талай. Төртіншіден, ұзақ мерзімді бағдарламалар арқылы 

халықты ынталандыруды қолға алу керек. Яғни биыл бір 

мәселені басшылыққа алып, келесі жылы тіпті басқа салаға 

басымдық беру емес. Бағдарлама арқылы жүйелі жұмыс 

істеуді ұйымдастыру аса қажет.

– Бізде Президенттің тікелей тапсырмасымен кешенді бағдарламалар 

қолға алынып жатыр. Интеллектуалды ұлт идеясын жүзеге асыру үшін бір ғана 

алғышарт болуы керек деп айтқанымыз қисынсыздау. Себебі барлық мәселе 

бір-бірімен тығыз байланысты. Десе де, ескерте кететін жайт – білім саласына 

мейлінше көңіл бөлінуі керек. Мысалы, бір ғана ақпаратқа қолжетімділік 

мәселесін алып қарайтын болсақ, алыс ауылдарға әлі күнге дейін интернет 

жетпей жатыр. Бір ауылды бір күнде компьютермен қамтамасыз етуге болады. 

Бірақ тұрғындарды оқыту жағын да естен шығармауымыз керек. Мемлекет 

жыл сайын дәл осы оқытып-үйретумен айналысады деп информатика, 

ағылшын тілі бойынша мамандар даярлап жатыр. Ал сол мамандар бітіргеннен 

кейін жалақысына қызығып, шетелдік компанияларға кетіп жатыр. Яғни 

механизмдер толық әрі бір мезетте жүзеге асырылмаса, бүкіл цикл бұзылады. 

Меніңше, Үкімет әр саланың ғалымдарымен кеңесе отырып, жан-жақты 

зерттелген, қоғамның бүкіл саласын қамтитын құжат әзірлеуі керек. Қоғам 

талқысынан өткеннен кейін сол бағдарлама бойынша жұмыстың жүргізілуін 

қадағалау керек. Сонда ғана нақты дәрежеге жетуіміз мүмкін.

Дайындаған Жарқын ТҮСІПБЕКҰЛЫ

НАРЫҚ


ОН-ЛАЙН КОНФЕРЕНЦИЯ

ОЙ-КӨКПАР



Басы 1-бетте

Атамұрат ШӘМЕНОВ, экономика 

ғылымының докторы, профессор

Меңлібай МЫРЗАХМЕТОВ, 

Құрылыс 

және экология институтының директоры, профессор

ОЙ ТҮЙІН

А

С



ТЫҚ НАРЫҒЫ

Ресей бас тартса, басқасы табылар

Гүлнар АХМЕТОВА

Жуырда Ресей астықты 

бізден көп көлемде сатып 

алмайтынын мәлімдеді. 

Еліміздегі Астық одағының 

басшысы Нұрлан Тілеубаев 

оны былай деп түсіндіреді: 

«Себебі Мәскеу мен 

Санкт-Петербургте баға 

250 доллар (1 тоннасы) 

көлемінде қалыптасты. 

Ал біздегі еркін нарықта 

бүгінгі баға – 250-270 

доллар көлемінде. Көлік 

шығынын есепке алғанда, 

мұндай баға ресейлік 

сатып алушыларды 

үркітеді». 

Тұрғын үй-коммуналдық саласына бағытталған 

қаржыны аймақтарға таратып беру тиімді ме?

Осы мақсатта бөлінген қаржы діттеген 

жеріне жетпей де жатады. Қазақта «ортақ 

өгізден оңаша бұзау артық» деген сөз бар. 

Сондықтан осыған сүйене айтарым, тұрғын үйге 

қатысты қаржының ортақ қорға құйылғаны жөн 

емес. Керісінше, бізге бөлінген қаржыны 

аймақтарға берген тиімді. Қазір бізде ком-

муналдық шаруа шылық жұмыстарын жүр гізу 

тек ірі қалаларда ғана жүргізіліп жатыр. Ал неге 

шағын қалалар бұл науқаннан тыс қалуда? 

Себебі сол шағын аймақтардың қолында тиісті 

қаражаты жоқ. Сондықтан бұл істе шағын 

қалалар ерекше қамтылуы керек. Ол үшін 

олардың қолына қаржы берілуі қажет. 

Коммуналдық шаруашылық жұмыс 

тарының 

ақшасын, тазалық мәселесін сол жергілікті 

жердің билігі ұқсату керек. Бұған арнайы қор 

құрып, қаржыны орталықтан жіберудің аса 

қажеттілігі жоқ. Мен тұрғын үй-коммуналдық 

шаруашылығына бағыт 

талған қаржыны 

аймақтарға беру керек» деген пікірді қолдаймын. 

Бұл мәселені шешудің жолы деп есептеймін. 

Керісінше, қаржыны арнайы 

қорға жинақтап, жұмсағанды жөн 

санаймын. Меніңше, тұрғын үй 

саласындағы мәселелерді шешу 

үшін бізге алдымен ғылыми-

техникалық бағытты негізге алу 

керек. Жаңағы жоғарыда мысал 

еткен 2011-2015 жылдарға 

арналған бағдарлама негізі осыны 

көздейді. Ол бағдарламада тұрғын 

үй саласына жаңа техно логиялық 

жүйе енгізу, ғылыми негізі бар 

арнайы қорлар құру жағы 

көрсетілген. Сондықтан өз басым 

«арнайы қор құру керек» деген 

пікірді қуаттаймын. Бұған қоса 

айтарым, бізге сол бөлінген қаржыға 

деген мем 

лекеттік бақылауды 

күшейту керек. Қысқасы, 

жауапкершілік күшейгені абзал. 

Сонда ғана кез келген мәселе 

ретімен шешіледі. 



Қалай десек те, қазірде тұрғын үй-комму-

налдық шаруашылық жұмыстарын сынға 

алып жататын ағайынның қарасы көбейе 

түскені жасырын емес. Өркениетті елдер 

экономиканың тұрақты дамуы үшін тұрғын 

үй-коммуналдық шаруа шылығы саласының 

алатын орны ерекше екендігін әлдеқашан 

ұғынып болған. Өкінішке қарай, бізде бұл 

ортада қордаланып қалған мәселелер 

жетеді. Бір ғана мысал, халықаралық 

энергетикалық қауымдастықтың 

мәліметінше, Қазақстанда ғимараттардағы 

жылу энергиясының шығыны жылына бір 

шаршы метрге 240 кВт-ты құрайды екен. Бұл 

көрсеткіш Швецияда – 82 кВт, Германияда – 

120 кВт, ал Францияда 126 кВт-ты құрайды. 

Бұдан біз бір ғана жылу энергиясын 

бейберекет пайдаланушылардың ішінде 

бәйгенің алдын бермей тұрғандығымызды 

көреміз. Рас, тұрғын үй-коммуналдық 

секторын жаңғыртып, дамыту үшін мемлекет 

жұмыс жасап жатыр. Елімізде тіпті бұл 

саладағы мәселелерді зерттеумен жүйелі 

айналысу міндеттелген Құрылыс және 

тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері 

агенттігі де құрылды. Агенттік төрағасы 

Серік Нокин мырзаның пайымдауынша, 

2011-2020 жылдар аралығында бұл саладағы 

мәселелер шешімін таппақ. Бұған қатысты 

кеше ғана Үкімет 2011-2015 жылдарға 

арналған бағыттардан бөлек, 2011-2020 

жылдарға арналған арнайы бағдар ламаның 

жобасын құптады. «Ал ол бағ дарламадағы 

мақсаттар орындалып жатса, елімізде 

коммуналдық секторды басқарудың тиімді 

формалары мен әдістері қалыптасатын 

болады» дейді отандық сарапшылар. 

Дайындаған 

Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ

Қазақстанда ликвидті қор 

нарығын құру үшін кем 

дегенде 100 мың көтерме 

инвестор қажет. Бұл туралы 

таяуда «АҚОА: қаржы 

нарығындағы кәсіби және 

жекеменшік мүдделестер үшін 

жаңа мүмкіндіктер» 

тақырыбындағы онлайн-

конференциясы барысында 

Алматы қаласындағы 

аймақтық қаржы орталығы 

қызметін реттеу жөніндегі 

агенттіктің төрағасы Әркен 

Арыстанов мәлімдеді. 

«Менің көзқарасым бойынша, дұрыс, 

дамыған, ликвидті нарық үшін кем 

дегенде 100 мың мүдделес болуы 

керек», – дейді Ә.Арыстанов осы 

мәселеге қатысты пікірінде.

Оның айтуынша, «бізде осыдан 

бірнеше жыл бұрын небәрі 2000 көтерме 

инвестор болған». «Мақсатты жүргізілген 

мемлекеттік саясаттың әрі халыққа 

арналған білім және қаржы сауаттылығы 

бағдарламасы қызметінің жүргізіле 

бастауының арқасында бұл нарықтағы 

пәрменді қатысушылар саны 10 мыңға 

дейін өсіп отыр», – дейді ол. Бұл ретте 

Арыстанов Ресейдің тәжірибесін мысалға 

келтірді:

– 2006 жылы Ресейде де жеке 

инвесторлар саны мардымсыз еді. Тек 

биржа инфрақұрылымына сәйкес 

стандарттарды қайтадан қарастырғаннан 

кейін мұндағы белсенді қатысушылар 

саны 200 мыңға дейін өскен. 

Арыстановтың пікірінше, шетелдік 

биржа алаңының аса бір артықшылығы 

бізде енді ғана қолға алынып жатқан 

интернет-трейдингтің дамығандығы 

болып табылады. «Биыл қазақстандық 

қор нарығы интернет-портал жасап 

шыққанын, соған қосымша электрондық 

сандық қолтаңбаны енгізу жұмысын 

жүргізгенін мәлімдеді. Мен бұл процестің 

соңына дейін қарқынды жүзеге 

асырылатындығына сенімдімін», – дейді 

бұл ретте АҚОА төрағасы.

Сондай-ақ ол қазақстандық қор 

нарығындағы жағдайды былайша 

салыстырмалы түрде түсіндіріп өтті: 

«Егер бүгіндері KASE бойынша тек жеті-

ақ компания сауда-саттыққа белсенді 

қа тысып, күніне 50-ден 100 келісімшарт 

жасаса, бұл кезеңде Ресейде 100 мыңға 

жуық келісімшартқа қол қойылады, ал 

батыс нарығында ол миллионға дейін 

бір-ақ барады». Дегенмен статисикаға 

жүгінетін болсақ, біздің қағаздар 

бойынша сауда-саттық айналымының 

93 пайызы шетелдік алаңқайлар арқылы 

жүргізіледі екен. «Әрине, ол – объективті, 

өйткені бізде ондай белсенді ликвидті 

нарық жоқ. Сол себепті қазақстандық 

қор биржасындағы бағалы қағаздардың 

көлемін арттыру мәселесі туындап 

отыр», – дейді Арыстанов.

Сондай-ақ аталған агенттік Қазақстан 

мен Ресей арасына қосарланған 

листингтің мүмкіндігін қарастырып 

жатыр екен. 

«Қазір біздер қосарланған листингтің 

мүмкіндігін немесе Ресей мен Беларусь 

Кеден одағы ауқымындағы үлкен 

кооперацияны қарастыру үстіндеміз. 

Өйткені Ресей қор нарығы белсенді 

болғандықтан, біз Қазақстан және Ресей 

қор биржалары арасындағы қатынасты 

өзара жұмылдырғымыз келеді. Реформа 

бойынша Қазақстан Ресейге қарағанда 

алда келеді, өйткені ресейліктер шетел 

инвесторларын өз рыногына тікелей 

енгізуге әлі де болса тайсақтайды. Ал 

біздер Алматыда отырып-ақ, қосымша 

әкімшілік немесе қаржы кедергілерінсіз 

Ресей рыногына кіргіміз келеді. Бұл 

бағытта Мәскеу халықаралық қаржы 

орталығын құрудың маңызы күшті 

болмақ», – дейді агенттік төрағасы.



Марал 

СҰЛТАНҚЫЗЫ

Қазақстан мен Ресей 

қор нарығының 

қосарланған 

листингі мүмкіндігін 

қарастырады

ЭКОЛОГИЯ


Елордада ғаламдық 

экология мәселесі 

қаралып жатыр

ЭКСПОРТ – 8 МЛН ТОННА

Ауыл шаруашылығы министрлігінің 

жауапты хатшысы Евгений Аманның да 

пікірі осыған саяды. «Ресей бізден астық 

сатып алады деген үмітіміз ақталмады. 

Татарстан біздің нарықтан кетті, 

Башқұртстан да сатып алмайтын болды. 

Орталық аймақтағы тапшылықты жою үшін 

Ресей Краснодардан әкелінетін бидай 

тасымалының бағасын төмендетті (биыл 

Краснодарда бұрын-соңды болмаған 8 

млн тоннадан астам өнім алынды). 

Татарстан мен Башқұртстанға теміржол 

тасымалының тарифтік мөлшерлемесі 

кемітілген соң, олар астық мәселесін бізсіз-

ақ шешетін болды. Ресейден келген барлық 

дерлік трейдерлер біздің нарықтан кетіп 

тынды», – дейді Евгений Аман. 

Ал елімізде егін жинау науқаны 

аяқталуға жақын. 14 млн егістік жерден 

шамамен 12 млн тонна астық жиналды. 

Бұл – дәнді дақылдардың 90 пайызы. 

Әлбетте, бұл былтырғы көрсеткішпен 

салыстыруға да келмейді. Дегенмен 

министрлік болжағандай, 13,5-14 млн 

тонна астық жиналса да жаман емес. 

Сөйтіп, былтырғы өнімді қосқанда, 

экспорттық әлеуетіміз шамамен 8 млн 

тоннаны құрайтын болады. Сондықтан 

әлемдегі бидай экспорттаушылар 

арасында бұрынғы 9-орында қала 

береміз. 

Ауыл шаруашылығы министрлігінің 

мәліметіне сүйенсек, 8 миллионның 

4 миллионы Орта Азия мен Ауғанстанға, 

2 млн тоннасы Закавказьеге, негізінен, 

Гүржістан мен Әзірбайжанға жіберіледі. 

Иран мен Ресей де 2 млн тоннадан сатып 

алу қажет болатын. Ресейдің шешімі 

әлгіндей, оған ілесе Гүржістан да бас 

тартады деген сөз бар. Себебі олар үшін 

неміс пен венгрдің астығын сатып алған 

тиімді болмақ. Жаңа жылдан бастап 

Әзірбайжанға да экспорт көлемі азаюы 

мүмкін. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет