Өзбекстан республикасы жоқАРҒы жəне орта арнаулы бiлiм министрлiгi


- 8 -     3.  Э.Кунгуров.  Е.Бегматов  Е.Тажиев



Pdf көрінісі
бет2/7
Дата03.03.2017
өлшемі423,35 Kb.
#6966
1   2   3   4   5   6   7

- 8 -

 

 

3.  Э.Кунгуров.  Е.Бегматов  Е.Тажиев.  Нутқ  маданияти  ва  услубият  асослари. 



Тошкент. 1oo2.  

 

 



 

 

Стилистика жəне басқа пəндер 



        

Жоспары` 

 1. Сөйлеу мəдениеті жəне стилистикасы.  

 2. Сөйлеу мəдениеті жəне логика.  

 3. Cөйлеу мəдениеті жəне психология.  



 

Тірек  сөздер`  сөйлеу  мəдениеті  жəне  стилистика,  логика,  лексикология, 

психологиямен байланысы, сөйлеу стиль, т.б. 



 

Əр  қандай  пəн  белгілі  дəрежеде  басқа  пəндермен  байланысты  болады.  Онда 

көтерілген  мəселе  проблемалар  басқа  пəндер  тарапынан  да  үйреніледі.  Кейде  олардың 

тексеру обьекті бір болады. Ол пəндер өз өзгешеліктерінен келіп шығып жантасады жəне 

оны  осы  өзгешеліктерден  келіп  шығып  жатады.  Стилистика  тіл  білімінің  де, 

əдебиеттанудың  да  тексеру  обьекті  бола  алады.  Тіл  білімі  көзқарасынан  басқаша, 

əдебиеттану  көзқарасынан  басқаша  тексеріледі.  Стилистикаға  əр  екі  пəн  өз 

өзгешеліктерінен келіп шығып жантасады, екеуі екі түрлі қатынаста болады.  

Сөйлеу мəдениеті пəн саласы сыпатында қалыптасқан екен, əрине басқа пəндермен 

қатынаста болады. Сөйлеу мəдениеті тəлиматының лингвистикалық жəне лингвистикалық 

емес  пəндер  ортасында  тұтқан  орнын  белгілеуде  оның  басқа  пəндерге  қай  дəрежеде 

байланысы  барлығын  поэтика,  стилистика,  норматив  грамматика  сияқты  тəлиматтарды 

анықтау үлкен маңызға ие.  

Орыс  тілші-ғалымы  Б.Н.Головиннің  төмендегі  пікірлері  сөйлеу  мəдениеті  пəнінің 

басқа  пəндермен  байланысын  анық  көрсетеді. «...бұл  сала  тіл  білімінің  барлық 

бөлімдеріне,  сондай-ақ  логика,  психология,  эстетика,  социология,  педагогика  пəндеріне 

сүйеніп  іс  көреді.  Кейбір  мамандар  сөйлеу  мəдениетін  стилистикаға  сіңдіріп  жібермек 

болады.  Сөйлеу  мəдениетінің  өзіне  тəн  предметі  жəне  міндеттері  бар. «Демек  сөйлеу 

мəдениеті  өз  алдына  тарау  сыпатында  қалыптасқан  жəне  оқу  бағдарламаларында  өз 

алдына пəн ретінде кіргізілгеніне қарамастан, бұл тарау əсіресе тіл білімі пəнімен тығыз 

байланыста  болуы  сөйлеудің  қатынастық  тараптары  ішінде  сөйлеудің  дұрыстығы  ең 

негізгі  белгілерден  есептеледі.  Сөйлеу  дұрыстығы  болса  əдеби  тіл  нормаларына  толық 

амал  қылуға  негізделеді.  Демек  сөйлеу  мəдениетінде  ең  негізгі  нəрсе  сөйлеу  дұрыстығы 

болса, ол əдеби тіл нормаларына амал қылу арқылы жүзеге асатын болса, өз-өзінен əрбір 

халық  сөйлеу  мəдениетінің  ол  жөніндегі  тəлиматтың  негізін  сол  халық  тілінің  норматив 

грамматикасы  яки  халық  тілі  жүйесі  пайда  етеді.  Сөйлеу  мəдениеті  тарауы  тіл 

құбылыстарына басқа тараптан жантасады да грамматикалық категориялар тіл құрылысы 

сияқты  мəселелермен  шұғылданбайды.  Сөйлеу  мəдениеті  грамматикалық  құбылыстарға 

тіл  фактілеріне  негізінен  осы  тіл  əдеби  нормаларына  сай  келу,  келместігі  көзқарасынан 

жантасады.  №андай  жағдайда  нормаға  күшті  амал  қылу  өте  қажет  болып,  қандай 

жағдайларда  одан  шегінуінің  мүмкіншілігі  оған  жол  қойылуы  мүмкіндігі  көзқарасынан 

бағалайды. Грамматикалық категориялар граммати-калық формалар тіл бірліктеріне əдеби 

тіл  нормасы  талабымен  баға  береді.  Олардың  табиғатымен  шұғылданбайды.  Мысалы, 

сөздің  қай  топқа  кіретіндігі  қандай  грамматикалық  категорияларға  қандай  фонетикалық 

жəне  морфологиялық  түзілістерге  ие  екендігі  сөйлеу  мəдениеті  пəнінің  тексеретін 

обьектісі  емес.  Бірақ  осы  сөз  əдеби  тілде  кең  қолдана  ма,  оның  қолданылуы,  белгілі  бір 



 

 

- 9 -

 

 

формасы айтылуы, белгілі бір мағынасымен қазіргі тілде қолданылуы сөйлеу мəдениетіне 



байланысты.  

Мысалы, архаизмдердің қазіргі тілде қолданылуы əдеби тіл нормасына сай келмейді. 

Олар тарихи өзгешелікті беру үшін ғана қолданылғанда немесе басқа белгілі бір мақсатта 

қолданылса  ғана  өзін  сақтайды.  Сөйлеу  мəдениеті  белгілі  бір  сөз  не  форманың  қазіргі 

күнде сөйлеу процесінде қолданылуы мүмкін бе не жоқ па екендігін белгілеп, қолданылу 

шарттарын  көрсетіп  береді.  Тілдегі  сөздер  грамматикалық  формалардың  мағынасы  жəне 

міндеттері,  олардың  түзілісі  тіл  білімінде  үйреніледі.  Бірақ  сөйлеудің  белгілі  бір 

процесінде  сол  сөз  яки  грамматикалық  форма  қандай  түрде  жəне  қайсы  мағынада 

қолданылуы  мүмкін,  сөйлеу  мəдениетіне  байланысты,  сөйлеу  мəдениетінің  қатынастық 

белгілерінен есептелген мазмұн жəне əсер етушілік те, əдеби тіл нормаларына толық амал 

қылу арқылы қамтамасыз етіледі. Нормаға негізделмеу сөйлеуді бұзуы мүмкін. Мысалы, 

Барамыз  біз  үйімізге  тəрізді  қолдану  əдеби  нормаға  сай  емес.  Əдеби  тілімізде  əдетте 

бастауыштың  алдын,  баяндауыштың  кейнінде  тұруы  грамматикалық  норма.  Осыған  сай 

«Біз үйімізге барамыз» сөйлеміндегі сияқты жайласуы керек. Егер ондай болмаса сөйлесу 

дұрыс болмайды.  

Демек  жоғарыда  көргеніміздей  көмекші  тұлғалар  дұрыс  қолданылмаса,  біріншіден 

сөйлеу  бұзылады,  екіншіден  эмоциялық  əсерлілігі  де  басқаша  болады.  Яғни  əдеби  тіл 

нормаларының  бұзылуы  сөйлеудің  өзінің  сапалық  қасиетіне  жаман  əсер  етеді.  Міне 

сондықтан  да  сөйлеу  мəдениеті  тарауы  тіл  білімімен,  норматив  грамматикамен  тығыз 

байланысты жағдайда оған сүйенеді.  

Сөйлеу мəдениеті өзгешеліктерінің бірі сөйлеудің байлығы болып саналады. Сөйлеу 

байлығын тілдің сөздік байлығы көрсетеді. Сондықтан да тілде сөздіктердің орны үлкен. 

Ол  сөйлеуші  үшін  үлкен  байлық  болып,  сөйлеу  осы  қазынадан  нəр  алғанда  ғана  өзінің 

сөйлеуін  байытады.  Сөйлеу  мəдениеті  тарауының  лексикология  жəне  семасиология 

тарауларымен  өзара  байланысы  бар  екендігі  сөзсіз.  Сөйлеудің  анықтығы  мен 

мазмұндылығын  тілдің  сөз  байлығын  иелеместен,  əрбір  сөздің  мағынасын  анық  білмей 

түрып қамтамасыз ету мүмкін емес. Тілдің сөз байлығын оның синонимдер, антонимдер 

жəне  омонимдер  жүйесін  əрбір  сөздің  өзіне  ғана  тəн  мағынасы  жəне  грамматикалық 

өзгешеліктерін  олардың  өзара  қатынастарын  жақсы  білу  сөйлеудің  тазалығы,  əсерлілігі, 

қысқалығы  сияқты  көптеген  басқа  байланыстылық  тараптарын  қамтамасыз  етеді. 

Жоғарыда  айтқанымыздай  тілдің  сөздік  құрамын  жақсы  білмей  тұрып  шебер  сөйлеуге 

ерісе  алмайсың.  Демек  сөйлеу  мəдениеті  ғылыми  тарау  сыпатында  лексикологиямен 

тығыз байланысты.  

Сөйлеу мəдениеті тарауының тексеретін обьекті сөйлеудің қатынастық белгілерінің 

жиынтығы жəне түзілісін, оларды қамтамасыз етуші шарттар осы тараптардың қиындасуы 

дамуы немесе бəсеңдеуі сияқты тараптарын өз ішіне алса, стилистика тарауының обьекті 

тіл  жəне  сөйлеу  стильдерін  үйрену  болып  табылады.  Стилистика  сөйлеу  стильдерін 

үйренгенде,  тап  осындай  жағдайда  сөйлеу  мəдениеті  мен  оның  қатынасы  жүзеге  келеді. 

Себебі  сөйлеу  мəдениеті  туралы  тəлимат  өз-өзінен  тіл  стилдерін  толық  сəулелендіру, 

əрбір  стильдің  өзіне  тəн  тараптарына  ие  екендігінің  мүмкіншіліктерінің  жорытылуына 

қажеттілік  сезеді.  Себебі  сөйлеудің  байланыстылық  тараптары,  əдетте  əрбір  стиль 

төңірегінде  өзгеруі,  біреуі  бір  стильде  жақсылау  көрінуі  екіншісі  басқа  бір  стильде 

төмендеу көрінеді. Мысалы публицистикалық стильде анықтық, дұрыстық бірінші орынға 

шықса  жəне  жақсылау  көрінген  болса,  көркем  стильде  экспрессивтілік,  образдылық, 

мазмұндылық  сияқты  белгілер  бірінші  орынға  шығады.  Көркем  стильде  көркемдеу 

құралдарынан кең түрде қолданылады. Сондықтан да кейде көркем стильде көнерген жəне 

диалектілік сөздерден де пайдаланылады. Кейде сөз формаларының өзгертілуіне де рұхсат 

етіледі.  

Əр  түрлі  тарауда  қызмет  ететін  адамдар  бір-бірімен  қарым-қатынаста  болады, 

олардың  əрбірі  өз  тілінің  лексикалық,  грамматикалық  жəне  басқа  құралдарды  таңдап 

істетуге  əрекет  етеді.  Олардың  əрбіріде  таңдау  жəне  қолдана  білу  қабілеттері,  тіл 


 

 

- 10 -

 

 

құралдарына ие болу дəрежелері əр түрлі. Тіл барлық адам үшін ортақ. Бірақ бір тарау мен 



екінші тарау адамдарының сөз байлығы сөздерді қолдану қабілеті əр түрлі. Бұл нəрсе өз-

өзінен түрліше сөйлеу көріністерін жүзеге келтіреді. :немі ресми жұмыстарда істеген адам 

мен ғылым мамандарының немесе колхозшы мен завод жұмысшысының сөзі бір-бірінен 

өзгешеленіп  түрады.  Бұндай  жағдай  сөйлеу  стилдерін  пайда  етеді.  Осы  орында  газета 

стилі,  көркем  стиль,  сөйлесу  стилі  сияқты  стилдердің  өзара  өзгешеліктеріне  назар 

аударудың өзі жеткілікті.  

Солай  етіп  сөйлеу  мəдениеті  мен  стилистика  бір-бірін  бекерлемейді,  олар  бір-бірін 

толықтырады, басқа-басқа тараулар болуларына қарамай бір-біріне қызмет етеді.  

Сөйлеу  мəдениеті  логика,  психология  пəндерімен  де  тығыз  байланысты.  Логиканы 

білмей тұрып анықтық жəне мазмұндылықты қамтамасыз ету мүмкін емес. Логика сөздер 

жəне  бір  бүтін  сөйлемнен  шығатын  түсініктерді  белгілейді.  Сөздердің  мағынасы  жəне 

баяндалып атырған  түсінік  ортасындағы  қатынасты  логика  тексереді.  Логика сөздер,  сөз 

тіркестері жəне сөйлемдер арасындағы мағына байланыстарын дайындайды.  

Психология орынсыз айтылған сөздер адамның рухани сезіміне қандай əсер ететінін 

анық  айтып  беруі  мүмкін.  Ол  адамның  рухи  жағдайына  əсеріне  қарай  тілдің  сүреттеу 

құралдары  неден  тұратындығын  айтып  беру  мүмкіншілігіне  ие.  Психология  адамның 

сөйлеу  білімдерін  кеңейту  жəне  бекемдеу  жағдайларын  жəне  құралдарын  олардың 

жетілісуін үйрену арқылы сөйлеу мəдениеті пəніне жəрдем бере алады.   



 

Сұрақтар мен тапсырмалар 

1. Сөйлеу мəдениеті қайсы пəндермен байланыста болды

2. Стилистика мен сөйлеу мəдениетінің байланысын түсіндіріңдер. 



3.  №айсы  пəн  адамның  рухани  жағдайын  үйрену  үшін  сөйлеу  мəдениетіне  жəрдем 

бере алады

4.  Сөйлеу  мəдениеті  ғылыми  тарау  сыпатында  қайсы  пəнменен  тығыз  байланыста 



болады

? 



 

Пайдаланылған əдебиеттер` 

  1. Т.№удратов. Нутқ маданияти асослари. Тошкент. 1oo3.  

  2.  Э.Кунгуров.  Е.Бегматов.  Е.Тажиев.  Нутқ  маданияти  ва  услубият  асослари. 

Тошкент, 1oo2.  

  3. Б.Н.Головин. Основы культуры речи. 1oi0. 

  4. К.Г.Павлова. Спор дискуссия, полемика. Москва, 1oo1.  



 

Əдеби тілдің стильдері 

 

Жоспары` 

1. Əдеби тілдің стильдері туралы түсінік. 

2. Сөйлеу стилінің ерекшеліктері. 

3. Сөйлеу тіліндегі фразеологизмдер. 

4. Сөйлеу тіліндегі диалог пен монолог. 

 

Тірек сөздер` сөйлеу тіліндегі фразеологизмдер, диалог, монолог, сөйлеу стиль жəне 

кітаби жазба стилі, сөз формасы т.б. 

Стиль  ұғымы  да  сөйлеу  жəне  оның  формаларымен  байланысты  қаралады. 

Стильдердің негізгі арқауы-сөйлеудің ауызша жəне жазбаша формалары. 

 №оғамдық өмірде қатынастың алуан түрінің болуына байланысты онда тіл біркелкі 

пайдаланылмайды. Өйткені адамдардың қатынасы əр түрлі жақдайда жасалады. Əр түрлі 

жағдайда əр түрлі сөйленіп, əр түрлі жазылады. Мысалы` 

 «Тыңдаңыздар,  Алматыдан  сөйлеп  тұрмыз

!»  бен  «Əй,  тыңдасаңдаршы!»  дегенді 

салыстырайық. Біріншіде күнделікті радиодан естіп жүрген ресми хабар түрі де, екіншіде-



 

 

- 11 -

 

 

үйреншікті сөйлеу тілі бар. Формасы жағынан екеуі де ауызша, бірақ айтылып жетікізілуі 



əр басқа. 

Немесе,  мынадай  фактіні  алайық~  ғылыми  стильде  оқулық  жазылады  жəне  лекция 

оқылады. Мұнда оқулық-жазбаша, лекция ауызша, яғни, сөйлеудің екі түрлі формасы бір 

стильде келген. Сөйтіп сөз формасы мен стиль ұғымдары бір емес. 

Форма-ол тіл құралдарының көмегімен болатын сөйлеудің сыртқы көрінісі. 

Стиль-ол  белгілі  бір  қатынастың  түрінде  тілдік  единицаларды  сұрыптап  пайдалану 

арқылы, ойды жеткізу мəнерінің көрінісі. 

Форма-тұрақты ұғым. Мəселен, тілдің ауызша түрі адам қай кезден бастап сөйлесе, 

сондан бері бірге жасап келеді, жəне бұдан былай да жасай бермек. Стиль болса-ол тарихи 

категория. Сондықтан тарихи бір кезеңде кейбір стильдердің болмауы заңды құбылыс деп 

саналады. 

Стиль  дегеніміз-өмірдің  белгілі  бір  саласында  қолданылып,  тарихи  қалыптасқан 

тілдік құралдардың жүйесі. 

Басқа тілдер сияқты қазақ тілінің де əр түрлі стильдері бар. Олар` сөйлеу стилі жəне 

кітаби жазба стильдер. 

Сөйлеу тілі адамдардың бір-бірімен күнделікті қарым-қатынасында пайдаланылады. 

Сондықтан онда тілдің коммуни-кативті функциясы баса сезіледі. 

Сөйлеу  стилі  белгілі  бір  жағдайда  тікелей  жасалатын  қатынас  стилі  болғандықтан, 

ол  сөйлеудің  ауызша  формасымен  тығыз  байланысты.  Ауызша  сөйлеуде  еркіндік  басым 

келеді.  Яғни  үйреншікті  жағдайда  адамдар  қысылмай  еркін  сөйлейді.  Өйткені  онда 

күнделікті  өмірге  байланысты  мəселе  сөз  болады.  Сондықтан  сөйлеу  тақырыбына  сай 

тұрмыста көп жұмсалатын үйреншікті сөздер мен сөз тіркестері қолданылады. Бұл сөйлеу 

тіліне тұрмыстық сипат беріп, оны қарапайымдандырады. Мысалы` 

-Мылжыңдап барасың, ант ұрған. 

-№ұдай ақы, рас. Біздің қатыннан құрт сұрап əкетті. 

Өмірдің  барлық  саласында  сөйлеу  тілі  кеңінен  пайдаланылады,  бірақ  оның 

атқаратын  қызметі  жəне  тілдік  жүйенің  пайдаланылуы  бір  текті  болып  келмейді.  Солай 

болғандықтан сөйлеу тілін зерттегенде оның формасын, түрін жəне стилін ескерген жөн. 

Сөйлеу  тілінің  қарапайым  түрінің  лексикасының  құрамына  көбінесе  қарапайым 

сөздер  жəне  диалектизмдер  мен  кəсіби  сөздер  енеді.  Бұлар  əсіресе,  алдын  ала 

дайындықсыз, кенеттен сөйлегенде қолданылады. 

Сөздердің  ауыспалы  мағынада  қолдану  амалы  сөйлеу  тіліне  мəнерлегіштік  əрі 

бейнелегіштік сипат береді. 

Ауыспалы  мағынадағы  бейнелі  сөздер,  сол  сөз  болатын  зат  не  құбылысқа 

адамдардың жағымды не жағымсыз көзқарасын білдіур құралы болып саналады. Сөйлеу 

тілінің  эмоциональдық  қасиеті  басым  болғандықтан,  бұл  құралдар  сөйлеуде  жиі 

пайдаланылады.  Сонымен  бірге  сөйлеу  стилінде  əдетте,  олардың  көп  қайталанып, 

тұрақталған түрлері жұмсалады. Мысалы` 

-Түу, ит-ай... Сонша ұмытпай жүр бəрін. 

-Алда көргенсіз ит-ай. Нəрсетедей жаныма аузы қалай барды екен. Тұра тұр бəлем, 

ит аяқтан сары су ішкізермін. 

Осы  мысалдарда  «ит»  сөзі  біріншіде  жағымды  эмоцияны,  екіншіде  жағымсыз 

эмоцияны білдіреді. Бұлай қолдану қарапйым сөйлеу түрі ұшін орныды. 

Тілді  бейнелі  жасайтын  құралдың  бірі-фразеолгизмдер.  Олар  көпшілік  жағдайда 

сөйлеу тілі ыңғайында жұмсалады. 

-Шіркін, үріп ауызға салғандай екен (сөйлеу тілінен). 

-Ит  жанды  ит  тірілді  ғой  деп  қос  қабаттаған  қамшы  бет-көзімді  жауып  кетті. 

(“.Мүсірепов) 

Осы сөз үлгілеріндегі тұрақты сөз тіркестері эмоциональды бояуы жағынан біртекті 

болып келмеген. «:ріп ауызға салғандай» (сүйкімді, жақсы), «ит жанды» (төзімді). 



 

 

- 12 -

 

 

Сөйлеу  тілінің  фразеологизмдері  қолдану  ыңғайына  қарай  қарапайым,  тұрпайы, 



жергілікті ерекшеліктегі жəне кəсіби сипаттағы болып жіктеледі. 

№арапайым фразеологизмдер` «ит жанды», «өзің білме, білгеннің тілін алма» т.б. 

Тұрпайы  фразеологизмдер` «ит  жоқта  шошқа  үреді», «сиыр  су  ішсе,  бұзау  мұз 

жалайды» т.б. 

Жергілікті  ерекшілік  сипатындағы  тұрақты  тіркестер`  жедел  беру-  нұсқау  беру, 

бүйірін шертіп шығу-тойып шығу т.б.  

Кəсіптік  сипаттағы  фразеологизмдер`  шопанның  ата  таяғы  (қойшының  құралы), 

ашық  сабақ  (мұғалімдер  тілінде),  эфирге  шығу  (радио  мен  телевизорда)  құлап  қалу 

(студенттер тілінде) т.б. 

Грамматикалық 

құбылыстардың 

да 


экспрессивтік 

жəне 


стилистикалық 

мүмкіндіктерін  жоққа  шығаруға  болмайды.  Тек  ол  лексика  мен  фразеологизмдерге 

қарағанда  солғын  сезіледі.  Бірақ  кітаби-жазба  стильдермен  салыстырғанда,  сөйлеу  тілі 

граммати-касының  экспрессивтік  жəне  жəне  стилистикалық  мүмкіндіктері  басымырақ. 

Оны, əсіресе, синтаксис саласынан аңғаруға болады. 

Сөзді  қайталау  тəсілі`  баласы  бала-ақ  екен,  түсіндурдей  түсіндіреді  екен.  Немесе` 

айтқаным айтқан, айтқанымды айтам, расы рас, үлкені үлкен т.б. 

Сұраулы сөйлем` 

-Естіп пе ең, келді ғой

Кім



-Əбіл. 


-№айда

-Осында. 



Болымсыз сөйлем` 

-Інім енді саған келмейді. 

-Келмейді емес, талай жалынды. 

-Сұраған соң айтқан шығар. 

-Сұраған соң емес, əдейілеп барып айтыпты. 

Сөйлеу  тілінің  фонетикасы  мен  морфологиясының  да  ерекшелігі  бар.  Бірақ  ол  өз 

алдына бөлек зерттеу обьектісі. 

Сөйлеу  тілі  диалогқа  құрылады.  Диалог  репликалар  тізбегінен  тұрады  да,  қысқа, 

тұжырымды болып келеді. 

-Бүгін келесің бе

-Келем. 


Мұнда сөйлеуге қатысушы екі адам. Бірі-сұрақ қоюшы, екіншісі-жауап қайтарушы. 

Олар  бірінің  айтқанын  бірі  естіп,  тез  түсінеді.  Тез  түсінісу  сөйлеудің  қандай  жағдайда 

өтуіне  дауыс  ырғаға  интонацияға  жəне  басқа  дене  қимылдарымен  тікелей  байланысты. 

Əсіресе,  интонацияның  маңызы  ерекше.  Мысалы` «Бүгін  кел»  дегенде  басқаша  да 

құбылтып айтуға болады` 

Бүгін келесң бе

Бүгін келмейсің бе



Бүгін келесің ғой

Бүгін келсейші



Диалогта  айтушының  көңіл-күйі,  сезімі  еркін,  жеңіл  бейнеленіп,  оңай  түсініледі. 

Мысалы  Б.Майлиннің  диалогқа  құрылған  «Ыбыраймыз,  Ыбыраймын»  деген  өлеңінде 

сөйлеу тілінің ерекшеліктері өте шебер берілген. 

Сайлаудан  қуанышты  қайтқан  Ыбырай  байдың  көңіл-күйін  ауызекі  сөйлеу  тілінің 

үлгісінде,  оған  тəн  тілдік  тəсілдерді  мəнерлі  қолдану  арқылы  автор  өте  дəл  бейнелейді. 

Кеше  ғана сайлауда  болып  патшаға  жаққаны  үшін  шен  алып, «Ыбыраймыз,  Біз-бай,  біз-

құдай»-деп,  асып-тасыған  байдың  өмірі  ұзаққа  созылмайды.  Енді  ол  соттан  қайтып  келе 

жатады.  Мойнына  су  құйылған,  көңілі  су  сепкендей  басылған,  сондықтан  ол  сылбыр 

сөйлейді. 



 

 

- 13 -

 

 

Ақын  диалогтық  құрылысын  шебер  пайдалану  арқылы  өлеңнің  көркемдік  қасиетін 



арттыра түскен. 

Сөйлеу тілінің ерекше бір түрі-монолог. Монологты сөз өте күрделі ойға құрылып, 

əр  түрлі  тəсілмен  жеткізіледі.  Мұнда  кітаби-жазба  стильдерге  тəн  ерекшеліктер  мен 

заңдылықтар қатал сақталады. Сондықтан монолог əдеби сөйлеу үлгісіне жатады. 

Монологта  белгілі  бір  тақырыпты  əңгімелеп  айтып  беру  мақсаты  көзделеді.  Саяси, 

ғылыми  жəне  басқа  да  тақырыптар  əңгімеленеді.  Тақырып  аясының  осындай  кеңдігінен 

монологты  сөз  көптеген  түрге  бөлінеді.  Олар`  көпшілік  алдында,  жиналыста,  радио  мен 

телевизордан-лекция, баяндама, консультация т.б. сөйленген сөз. 

Сонымен  бірге  радио  мен  телевизордан  сөйлеудің  басқа  да  жаңа  формалары 

қалыптасты`  Радиоинтервью,  телеинтервью  жəне  радиорепортаж,  телерепортаж  т.б.  Бұл 

форма  аларда  сөйлеу  тілінің  маңызы  айрықша.  Мысалы,  интервьюді  алсақ  оның 

құрылысы диалогқа ұқсас келіп, ал сөйлеу тəсілі əдеби үлгіде болады. 

Міне, бұл айтылғандар сөйлеу тілінің жұмсалу аясы күн сайын кеңи түсіп, тұрмысқа 

əдеби сөйлеу үлгісі де еркін ене бастағанын дəлелдейді. 



 

Сұрақтар мен тапсырмалар 

1. Сөз стилі дегеніміз не

2. Сөйлеу тілінің қарапайым түрінің лексикасының құрамына көбінесе қандай сөздер 



енеді

3.  Сөйлеу  тілінің  фразеологизмдері  қолдану  ыңғайына  қарай  қандай  болып 



жіктеледі

4. Диалог құрыңдар. 



 

Пайдаланылған əдебиеттер` 

1.  М.Балақаев,  М.Томанов,Е.  Жанпейісов,  Б.Манасбаев.  №азақ  тілінің 

стилистикасы. Алматы, Мектеп. 1ou4. 

2.  Ə.Болғанбайұлы, ”.№алиұлы.  №азіргі  қазақ  тілінің  лексикологиясы  мен 

фразеологиясы. Алматы, Санат. 1oouж. 

3. Ə.Хасенов. Тіл біліміне кіріспе. Алматы, Санат, 1oo6ж.  

 

№азақ тілі лексикасының стильдік  



қолданысына қарай бөлінуі 

 

Жоспары` 

1. Лексикология жəне стилистика.  

2. Лексиканың стильдік топтары туралы.  

3. №азақ тіліндегі бейтарап лексика.  

 

Тірек  сөздер`  лексикология,  стилистика,  лексиканың  стильдік  топтары,  бейтарап 

лексика жəне т.б. 



  

Лексика, лексикология жəне стилистика-бір-бірімен тығыз байланысты құбылыстар. 

Лексика  деп  əдетте  тілдегі  барлық  сөз  қорын  айтады.  Лексикология  сол  сөздік  құрамды 

тексеретін  ғылым~ яғни тіл білімінің сөз мағынасын, оның шығу тегін зерттейтін саласы. 

Ал стилистика əр түрлі стильдерді, мысалы, əдеби тілдің стильдерін, сөйлеу жəне көркем 

əдебиет стильдерін зерттейді, əр алуан тілдік құралдардың экспрессивтік- эмоционалдық 

қасиеттерін талдайды. №азақ тілінің сөз қоры лексикология тұрғысынан мынадай бірнеше 

негізгі салаға бөлінеді` байырғы сөздер (бұл əдеби тіліміздегі ең үлкен басты арна), араб, 

парсы  тілінен  ауысқан,  монғол  тілінен,  туыстас  кейбір  түркі  тілдерінен  келген,  орыс 

тілінен  жəне  сол  арқылы  шетелдер  тілінен  енген  терминдер  мен  түрлі  жаңа  сөздер.  Ал 

лексиканы  тілдегі  жалпы  стильдер  тұрғысынан  жіктейтін  болсақ,  əлгі  санап  өткен 


 

 

- 14 -

 

 

салаларды  енді  мүлдем  басқаша  топтауға  тура  келеді.  Өйткені  осы  аталған  əр  алуан  тіл 



қабаттарының қай-қайсысы да тіл стилистикамен тығыз байланысты. Бір де бірі одан сырт 

емес.  Рас,  сала-сала  бұл  сөздердің  əдеби  тіл,  сөйлеу,  көркем  əдебиет  стилдеріндегі 

қолданылу  дəрежесі  біркелкі  емес,  түрлі-түрлі  болып  келеді.  Олардың  белгілі  бір 

қолданылу  аясы,  өзді-өзіне  лайық  стильдік  қызметі  бар.  Мысалы,  мына  бір  үзінділерге 

көңіл  аударып  көрейік`  Білігі  артық  №арашаш  (Батырлар  жыры)~  Заявление-арыз, 

Тексеру  бізге  парыз  (І.Жансүгіров)~  Сөйлер  көр  тіл  мен  жақ.  Сөзіңнің  бəрі  хақ  (С. 

Сейфуллин)~  Атаның  адал  батасын,  анаңның  ақ  сүтін  ерлікпен  ақтау  саған  парыз  (Б. 

Момышұлы).  Бізге  бригадиріміз  Кудрявцев  сияқты  білікті  құрылысшы  болу  əлі  ертерек 

(газеттен)~  №азақ  халқының,  оның  ескі  тайпаларының,  талай  тарихи  шытырман  кезеңді 

өткермегі  де  хақ,  талай  жазу-сызу  жоралғыларына  да  бірде  тікелей,  бірде  жанамалай 

жанаспағы  да  хақ  (ғылыми  мақаладан)~  Жерді  тыңғылықты  өңдеп,  баптау  ең  алдымен 

тракторшының  парызы  (газеттен).  Осы  үзінділердегі  парыз,  білік  (білікті),  хақ,  ұлан 

лексикамызда  жалпы  белгілі  сөздер.  Бірақ  олар  тіліміздегі  əр  түрлі  стильдерде 

қолданылуы  жағынан  бірдей  емес.  Оны  жоқарыда  келтірілген  мысалдардың  өзінен-ақ 

оңай  байқаймыз.  Ілгерідегі  мысалдарды  өзара  салыстыру  арқылы  да  осыны  аңғарамыз. 

Бұл арада əр түрлі стильде қолданылған бір сөзге əдейі тоқталып отырмыз. Өйткені ондай 

жеке  сөздің  стиль  түрлерінің  кез  келгеніне  жарысып,  қонымдылық  табуы  мүмкін  емес. 

Дегенмен  қай  тілде  де  қандай  бір  сөз  болмасын,  ол  өзінің  табиғаты,  жалпы  қолданылу 

ерекшелігі жағынан көбінесе белгілі бір стилге ғана бейімірек тұрады. Лексикология мен 

стилистиканың  бір-біріне  байланысты,  олардың  əдетте  өз  ара  тығыз  қарым-қатынаста 

болатыны  міне,  осыдан.  Парыз  есімін  тракторшы  сөзімен  қосақтау,  яғни  тракторшының 

парызы  деу  қай  жағынан  да  келісіп  тұрған  жоқ.  Бұдан  гөрі  тракторшының  міндеті  деу 

əлдеқайда  орынды.  Дұрысының  өзі  де  сол.  Себебі  парыз  сөзі  көбінесе  көркем  əдебиет 

стиліне  тəн  құбылыс.  Кейде  публицис-тикалық  стильде  де  қолданыла  береді.  Ал 

күнделікті  баспасөз  бетінде  жарияланып  жататын  ресми  шағын  хабарда  парыз  сөзін 

пайдалану,  оны  жəне  тракторшы  дегенмен  тіркестіру  стиль  шартына  үнемі  дəл  келе 

бермейді,  ұтымды  да  болып  шықпайды.  Ол  сондай-ақ  ғылыми  стильге  де,  ресми  кеңсе 

тіліне де үйлесімді емес. Мұны, яғни қандай да бір тілдік құбылысты, стильдік өңіне қарай 

талғап  қолдану  қажеттігін,  сондай-ақ  ұлан,  саңлақ,  марқа  cөздерінен  де  айқын  көруге 

болады.  

Сол  бұйырмаған  махаббат-достықтан  біткен  екеуінің  баласы,  жөргектегі  нəрестесі 

жас  ұлан  мынау  шеткі  Ақшоқының  есіз  биігінің  басына  апарып  тасталды  (М.Əуезов). 

Еңлік  үнімен  қыз  жүрегі  сыр  айтса,  Кебек  тілімен  ұл  арманы,  ер  ашуы,  ұлан  жаны 

жоқталса болмас па (осында). Бұл бастаманы өндіріске енгізген тапқыр ұландар қазірдің 

өзінде 45 мың  адамды  қол  жұмысынан  босатты  (газеттен).  Автомобиль  транспорты  да 

кемеліне  келіп  марқайды  (газеттен).  Жапырақтар  жалпайды.  Жас  қозылар  марқайды 

(І.Жансүгіров).  Ел  құрметіне  бөленіп,  көзге  түсіп  жүрген  саңлақ  сауыншылар  бізде  көп 

(газеттен). Мен-дағы мұндай кезде жылмаң қаққам, Мінгенмін не саңлаққа сумаң қаққан 

(І.Жансүгіров).  

Əуелі  мұндағы  саңлақ  сөзінің  қолданылу  ерекшелігіне,  стильдік  бояуына  тоқталып 

көрейік.  Бұл  да  негізінен  сол  көркем  əдебиет  стиліне  тəн  құбылыс.  Ол  əдетте  ақын-

жазушылардың шығармаларынан жиі кездесіп отырады. Саңлақ жəне сауыншы сөздерінің 

қатар қолданылуынан жатықтық емеы, қайта жасандылық сезілліп тұрады. Парыз, саңлақ 

сөздері ара-тұра сөйлеу стилінде де айтылады. ”ылыми стильде, газет-журналдарда ақпар 

түрінде  шығып  жататын  қысқа  материалдарда,  ресми  кеңсе  стилдерінде  мұның  екеуі  де 

сирек  ұшырасады.  Саңлақ  сауыншы  не  тракторшының  парызы  деу  құлаққа  да  тіпті  ерсі 

естіледі. ?лан, хақ, білік есімдері мен марқаю етістігін де дəл осы тұрғыдан алатын болсақ, 

бұлардың да жоқарыдағы қолданылуының қайсысы орынды, қайсысы жасанды екендігін 

білу қиын емес. Мысалы,  «Білігі артық №арашаш» дегенді «Білімі артық №арашаш» деп 

өзгертуге  де  болар.  Бірақ  дəл  осы  контексте,  осындай  ескі  жыр  жыр  шумақтарына  білім 

зат  есімінен  гөрі  көне  форма  білік  сөзінің  өзі  көбірек  үйлеседі.  Ал  білікті  құрылысшы 


 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет