Өзбекстан республикасы жоқАРҒы жəне орта арнаулы бiлiм министрлiгi



жүктеу 423.35 Kb.
Pdf просмотр
бет1/7
Дата03.03.2017
өлшемі423.35 Kb.
  1   2   3   4   5   6   7

ӨЗБЕКСТАН  РЕСПУБЛИКАСЫ  ЖОҚАРҒЫ  

 ЖƏНЕ  ОРТА  АРНАУЛЫ  БIЛIМ  МИНИСТРЛIГI   

 

 

 

БЕРДАҚ  АТЫНДАҒЫ  ҚАРАҚАЛПАҚ  

МЕМЛЕКЕТТIК  УНИВЕРСИТЕТI 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚАЗАҚ  ТIЛIНIҢ  СТИЛИСТИКАСЫ 

 

 

 

                 Дайындаған:   Ж.Шарипова   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Н Ө К I С  

 

 

- 2 -

 

 

Стилистика  пəнінің  зерттеу обьектісі  



мен міндеттері 

 

Жоспары 

 1.Стилистика  пəнінің  зерттеу  обьектісі 

 2. Пəннің  міндеттері 

 3. Пəнді   үйренудің   маңызы 



 

Тірек  сөздер: стиль, стилистика, синоним, синтаксистік, морфологиялық  тұлғалар, 

эмоциональды-экспрессивті  бояу. 

 

Стилистика – тіл  білімінің  бір саласы. Оның  тарихы əріден  басталғанмен, қазақ  



тіл  білімінде  стилистика  мəселелерін  зерттеуге  кейін  ала  көңіл  бөліне  бастады.  Қазіргі 

қазақ  тілі  оқулықтары  мен  құралдарында,  көркем  шығарма  тілі    жайында    жазылған 

мақалаларда  тіліміздің    кейбір  стильдік  құбылыстары  жайында  жазылған  азын-аулақ 

пікірлер  кездестіруге  болады.  Орыс  тіл  білімінде  стилистика  мəселелерінің    зерттелуі  

қолға    алынып,  бұл    саладан  біраз    Л.В.Щерба,  В.В.Виноградов,  Г.В.Винокур, 

А.Н.Гвоздев, А.И.Ефимов, В.П.Мурат сияқты зерттеушілердің  еңбектерін  атауға болады. 

Стилистиканың    бірқатар  проблемалық    мəселелері  жылы  «Вопросы  языкознания» 

журналы  ұйымдастырған  дискуссия  материалдарында да қамтылған.   

Дискуссияда  көтерілген  негізгі    мəселелер:  стилистиканың    мақсаты  мен  міндеті, 

тілдік  құбылыстардың  стилистикаға  қатысы,  функциональды  стильдер,  тіл  білімінде 

стилистиканың  алатын  орны  т.б.  Дискуссияда  сөз  болған  мəселелері  қорыту  ретінде 

академик В.В.Виноградовтың мақаласы жарияланды. Осы дискуссиядан кейін стилистика 

мəселелерін  зерттеу  жұмысы  жандана  бастады,  көп  кешікпей  стилистика  жөнінде 

еңбектер шыға бастады. 

Стилистикадағы негізгі ұғымдардың бірі-с т и л ь. Оны осы күнге дейін əркі əр түрлі 

түсінеді.  Себебі  стиль  терминінің  мазмұны  кең,  оның  жұмсалатын  орны  көп.  Стиль 

латынша s56los (қазақша-жазу құралы) деген сөз. Латын тілінде кейіннен стиль сөзі «жазу 

мəнері»  деген  мағынада  қолданылатын  болған.  Оның  осы  мағынасы  Европа 

білімпаздарының  арасында  көп  тараған.  Орта  ғасырларда  Грецияда,  Римде  стиль-сөзге 

сендіру,  нандыру  тəсілі,  стилистика-риторика  (шешендік)  өнері  болып  саналған. :нді 

оқымыстылары  стильді  мəнерлей  сөйлеу,  ал  стилистиканы  мəнерлеу  туралы  ғылым  деп 

есептеген.  Кейін,  ұлттық  əдеби  тілдің  қалыптасу  дəуірінде,  кейбір  елдерде  стиль  белгілі 

бір  əдеби  жанрға  тілдік  құрал  деген  ұғымда  қолданылды.  Бұл  ұғым  Россияға  да  кең 

тараған болатын. Мысалы, Ломоносовтың үш стилі (жоғары, орташа, төмен) осы жанрлық 

принципке негізделген.  

Сөйтіп,  лингвистикада  «стиль»  жазу  мəнері,  сөзге  сендіру  тəсілі,  мəнерлі  сөйлеу 

жəне белгілі бір əдеби жанрға тəн тілдік құралдар жүйесі деген сияқты көптеген мағынада 

қолданылып  келген.  Ал  стилистика  көбінесе  шешендік  өнері  туралы  ғылым  ретінде 

танылған.  Ол  тек XX ғасыр  бас  кездерінде  ғана  шешендік  өнерінен  бөліне  бастайды. 

В.Г.Белинский былай дейді` «Сөйлеу өнерінің, əсіресе жазу өнерінің, зерттеуді өте қажет 

ететін  өзінің  техникалық  жақтары  бар».  Белинскийдің  пікірінше,  тіл  өнерінің  осы 

«техникалық  жақтары»,  яғни  тілдің  қолданылу  тəсілдері  мен  заңдылықтарын  зерттеу 

мəселесі (риторика емес), стилистиканың үлесіне тиеді. Бірақ стильдің жалпыға танылған 

белгілі  анықтамасы  əзірге  жоқ.  Стиль  терминінің  алғашқы  мағыналары  қазір  де 

жойылмағандықтан сол ұғымдар негізінде стилистиканы тіл білімінің маңызды саласының 

бірі  деп  тануға  болады~  стилистиканы  дербес  пəн  ретінде  оқытудың  мəні  зор  екеніне 

шүбə келтіруге болмайды.  

С т и л и с т и к а -ең алдымен стиль туралы ғылым.  Стиль деп  белгілі бір тілдегі 

лексикалық,  грамматикалық  жəне  фонетикалық  тəсілдердің  қолданылу  принциптерін 


 

 

- 3 -

 

 

айтамыз.  Бір  ұғымды  айтып,  не  жазып  жеткізу  үшін  қажетті  тілдік  тəсілдерді  сұрыптап 



қолдануға  болады.  Бұл  ретте  əсіресе  тіліміздегі  синонимдер  мен  оның  варианттары 

көбірек  пайдаланылады.  Мұндай  синонимдердің  түрі  əр  алуан`  лексикалық  синонимдер 

мен  фразеологиялық  синонимдер,  морфологиялық  синонимдер  (варианттар)  мен 

синтаксистік синонимдер. Лексикалық синонимдерге мына тəрізді сөздер жатады` 

1. Айту 

2. Сөйлеу 

3. Міңгірлеу 

4. Күмілжу 

5. Мыңқылдау 

1. Мылжыңдау 

2. Көпіру 

3. Көку 


4. Оттау 

5. Былшылдау 

  

Бұл синоним сөздердің бəрі сөйлеудің əр түрлі сипатын білдіреді. Əр түрлі жағдайда 



қолданылады. Сондықтан олардың мағыналық реңктері біркелкі емес. Бірі жағымды, бірі 

жағымсыз, бірі кекесінді, бірі тұрпайы реңде қолданылатынын аңғару қиын емес. Біреудің 

сөзін сөйлеп, біреуді жақтау деген ұғымды тұрақты сөз тіркестері арқылы беруге болады. 

Сойылын соғу 

Жыртысын жырту 

Шашбауын көтеру 

сияқты  синонимдес  фразеологизмдер  біздің  тілімізде  көп  кездеседі.  Сөздердің 

лексикалық  жəне  грамматикалық  мағыналарынан  басқа  олардың  əр  түрлі  қосымша 

реңдері болады` 

 

                              сөйлейді. 



                                  көп сөйледі. 

 Ол                                     мылжыңдады. 

                                  көпірді. 

                                 көкіді. 

                              көк езу болды.   

Бұл сөйлемдердегі сөздердің лексикалық мағыналары сөйле, мылжыңда, көпір, көкі 

болса, ал грамматикалық мағыналары -ды, -ді арқылы берілген. Сөйледі, көп сөйледі жəне 

мылжыңдады, көпірді, көкіді, көк езу болды деп қолдануда айырмашылықтары жоқ емес. 

Соңғыларының қосымша реңдері басым сезіледі. 

Тіліміздегі  сөздердің  лексикалық  жəне  грамматикалық  мағыналарынан  басқа 

осындай қосымша оттеноктерін эмоциональды-экспрессивті бояу дейді. Оларды сондай-ақ 

тілдің  стильдік  сапасы  немесе  мəнерлі  тəсілдері  деп  те  атайды.  Стильдік  сапа  немесе 

мəнерлегіштік  сипат  тек  лексика  мен  фразеологияға  ғана  тəн  құбылыс  емес.  Стильдік 

сапа-тілдік  единицалардың  қай-қайсысына  да  тəн  құбылыс.  Стильдік  сапа-тілдік 

единицалардың  қай-қайсысына  да  тəн  құбылыс.  Морфологиялық  тұлғалар  мен 

синтаксистік  құрылыстардың  да  мəнерлегіштік  сипатын  дəлелдейтін  көптеген  мысалдар 

келтіруге болады, мысалы, сөйлегіш, сөйлемпаз, сөзшең, сөзуар, сөз құмар т.б. 

Бұл  сөздердің  де,  жоғарыда  келтірілген  мысалдардай,  эмоциональды-экспрессивті 

бояуы  айқын  сезіледі.  Осы  сөздерге  мұндай  өң,  бояу  беріп  тұрған  морфологиялық 

тұлғалар (форма) екенін аңғару қиын емес. 

Долларшыл топ-соғыс құмар бөспенің, 

Тілейміз біз жер бетінен өшкенін. 

Осында  соғыс  құмар  деген  сөздің  соғысқор,  соғысшыл  сияқты  əр  түрлі  оттенокті 

білдіретін  синонимдері  бар.  Ашушаң,  ашуқой,  ашуланшақ,  ашуланғыш  дегендердің  де 

синонимдес екенін байқаймыз. Кейде мұндай рең дамыту тəсілімен де беріледі. Мысалы, 

көгілдір,  көкшіл,  көкшілтім,  көктеу,  көгірек,  көк,  өте  көк,  шымқай  көк,  тым  көк. 

Морфологиялық тəсілмен берілетін жеке ұғымдарды синтаксистік тəсілмен де  

 

болады. Мысалы` 



Ақылды-ақылсыз емес. 

 

 

- 4 -

 

 

Біледі-білмей тұрған жоқ. 



Түсінеді-түсінбейді емес. 

Түсінді-түсінбей тұрған жоқ. 

Синтаксистік  құрылыстың  ойды  айтып  немесе  жазып  жеткізуде  айрықша  мəні  бар. 

Əдетте сөйлемдердің айтылуына, қолданылу тəсіліне қарай əр түрлі реңдері болады. Олар 

көбінесе сөздердің орын тəртібі жəне сөйлемнің құрылысы арқылы беріледі.  

1. Сені шақыра барған кім

2. Сені кім шақыра барды



3. Кім сені шақыра барды

4. Кім сені шақырды



5. Сені кім шақырды

6. Шақырған кім сені



Алдыңғы үш сөйлем бір-бірімен амғыналас, шақырушы кім

? деген ұғымды білдіреді. 

Ал  соңғы  сөйлемдердің  мағыналары  екі  ұшты,  айқын  емес.  Біріншіден,  шақырушы  кім 

деген ұғымды білдірсе, екіншіден, ол адамның келгенін жақтыртпау реңі сезіледі.  

Екінші мысал` 

1.Бүгін күн ыстық. 

2. Бүгін күн ыстық екен. 

3. Бүгінгі күннің ыстығын-ай

4. Бүгін күн қандай ыстық



5. Не еткен ыстық күн

6. Мұндай да ыстық болады екен



Бұл мысалдарда күннің ыстықтығы əр түрлі реңмен берілген.  

Сөздердің  сөйлемдегі  орын  тəртібінің  қалай  орналасуының  айрықша  стильдік  мəні 

бар.  Ахмет  бүгін  лекцияға  келген  жоқ  деген  сөйлемді  алайық.  Егер  лекцияға  келмеген 

Ахмет  екеніне  баса  көңіл  бөлгіміз  келсе,  онда  сөйлемді  былай  құрамыз.  Бүгін  лекцияға 

Ахмет  келген  жоқ.  Ал  Ахметтің  лекцияға  келмей  қалғаны  тек  бүгін  ғана  дегіміз  келсе, 

Ахмет лекцияға бүгін келген жоқ дер едік. 

Сөздердің  орын  тəртібі  жеке-жеке  сөздердің  мағыналарының  өзгеруіне  ғана  əсерін 

тигізіп қоймайды, сонымен бірге бүкіл сөйлемге де ықпал жасайды. Оны, тіпті, да/де, та/те 

арқылы  келетін  сөйлемдерден  аңғаруға  болады.  Мысалы`  Бұл  сұрақ  Омаров  сияқты 

студентке  де  қиын  болар  (мұның  мағынасы`  Бұл  сұрақ  Омаровтай  жақсы  студентке  де 

қиын). Бұл сұрақ та Омаров сияқты студентке қиын болар (мұндағы мағына` Омаровтай 

нашар студентке бұл сұрақ та қиын).  

Сөйлеуде  сөз  бен  сөйлем  құрылысының  дұрыс  жəне  айқындығының  үстіне,  дыбыс 

үйлесімділігі болуы да шарт. Дыбыс үйлесімділігі, біріншіден, біркелкі дыбыстардың бір 

жерге  жиналуынан  сақтандырса,  екіншіден,  сөйлеудің  ырғақтылығын  арттырады. 

Сондықтан  дыбыс  үйлесімділігі  оқуға  жəне  тыңдаушының  қабылдауына  үлкен  жеңілдік 

туғызады. Бұл-фонетикалық тəсілдердің практикалық мəні. 

Əр  түрлі  стильдік  сапа,  мəнерлегіштік  сипат  тілдік  единицалардың  барлығында  да 

болады.  Сондықтан  стилистиканың  объектісі-лексикология,  семасиология,  грамматика 

жəне  фонетика  зерттейтін  единицалар.  Бірақ  тіл  білімінің  бұл  салалары  тілдік 

единицалардың стильдік сапасын қарастырмайды. 



Лексикология мен стилистика. Лексикология сөздердің шығу тегін, сөз құрамын, 

оның баю жолдарын қарастырса, стилистика сөздердің қолданылу заңдылықтарын, сөздер 

мен сөз тіркестерін экспрессивтік тұрғыдан дұрыс пайдалану принциптерін зерттейді. 

Семасиология  жəне  стилистика.  Семасиология-тіліміздегі  бейнелегіш  тəсілдердің 

мағынасын,  оның  өзгеру  заңдылықтарын  зерттейтін  ғылым.  Семасиологиялық 

стилистиканың  міндеті-тіліміздегі  бейнелегіш  құрамдарды  топтастырып,  олардың 

стильдік қызметін, қолданылу заңдылықтарын көрсету. 



Грамматика  жəне  стилистика.  Стилистика  грамматиканы  да  өзінің  зерттеу 

объектісі  ете  алады.  Ол  грамматикалық  құбылыстарға  стильдік  талдау  жасайды.  Бірақ 



 

 

- 5 -

 

 

грамматикалық талдау мен стильдік талдау тəсілдері бір емес. 1. Морфология сөздердің 



тұлғалық  көрінісін  жəне  грамматикалық  мағынасын,  яғни  сөздердің  құрылысын, 

өзгерілуін  жəне  құрамын  талдап  топтастырады.  Стилистика  ойды  мəнерлі  жеткізу  үшін 

морфологиялық  формаларды  қандай  жағдайда  қалай  қолдануға  болатындығын 

қарастырады. Яғни морфологиялық тұлғадағы сөздердің, олардың варианттарының ішінен 

сөйлеу  не  жазу  арқылы  жеткізілетін  ойды  эмоциональды-экспрессивті  реңін  білдіре 

алатындарын  сұрыптау  қолдану  принциптерін  зерттейді. 2. Cинтаксис  сөйлемнің 

құрылысын,  сөздердің  тіркесу  заңдылықтарын  қарастырады.  Ал  ойды  білдіретін 

сөйлемдердің  айтылуына,  қолдану  тəсіліне  қарай  əр  түрлі  реңдері  болады.  Ол  қосымша 

мағыналар  көбінесе  сөздердің  орын  тəртібі  мен  сөйлемнің  құрылысы  арқылы  беріледі. 

Ойды  мəнерлі  жеткізуде  синтаксистік  бұл  тəсілдердің  маңызы  зор.  Стилистика 

синтаксистік тəсілдердің мəнерлілігін, оны дұрыс пайдалану заңдылықтарын зерттейді. 

Фонетика жəне стилистика. Фонетика тілдегі дыбыстардың жасалуын, жүйеленуін 

зерттесе,  стилистика  дыбыстарды,  оларға  тəн  ырғақ,  интонация,  қайталау,  дыбыс 

үйлесімділігі  сияқты  фонетикалық  ерекшеліктерді  белгілі  мақсатқа  икемдеп,  қайткенде 

мəнерлі  құрал  ретінде  пайдалану  жағын  көздейді.  Стилистика  фонетикалық 

единицалардың мəнерлі қолданылу заңдылықтарын зерттейді.  

Біз бұл салыстырудан тіл білімінің əр саласының зерттеу объектілеріде, мақсаттары 

да  бір-бірінен  өзгеше  екенін  байқаймыз.  Сөйтіп,  фонетика,  грамматика,  семасиология 

тілдің құрылысын зерттесе, стилистика тілдік единицалардың қолданылу заңдылықтарын 

зерттейді.  

 

Стилистика  жалпы  халық  тілінің  стильдік  жүйелерін  тегіс  қамтиды.  Олар-жалпы 



халықтық  тілдің ауызекі  жəне  жазба  түрлері,  олардың  өздеріне  тəн  ерекшеліктері,  əдеби 

тілдің стильдері.  

Сөйтіп,  стилистика  тілдік  единицалардың  мəнерлегіштік  мүмкіншіліктері  мен 

олардың  қандай  формада  жəне  стильдің  қай  түрінде  қалай  қолданылатыны  туралы 

мəселелерді қарастырады. 

 

Сұрақтар мен тапсырмалар 

1. Стилистика дегенде нені түсінесіз

2. Стилистика қашаннан бері пəн ретінде оқытылады



3. Пəннің зерттеу обьектісі мен міндеттеріне нелер кіреді

4. Тілдің стильдік сапасы дегеніміз не



 

Пайдаланылған əдебиеттер 

1.  М.Балақаев,  Е.Жанпейісов,  М.Томанов,  Б.Манасбаев.  Қазақ  тілінің 

стилистикасы. Алматы, 1o66. 

2. Р.Кунгуров. Э.Бегматов. Е.Тожиев. Нутқ маданияти ва услубияти асослари. 

Тошкент, 1oo2.  

3. Т.#удратов. Нутқ маданияти асрслари. Тошкент, 1oo3. 

 

 



 

 

 

- 6 -

 

 

Стилистика тарихынан 



 

Жоспары` 

1. Кіріспе.  

2. Грек ораторы Демосфен туралы қысқаша мəлімет.  

3. Антик дəуірдегі шешендік өнердің дамуы.  

4. Рим ораторы Цицерон жəне оның шешендік өнері туралы.  

5. Орыс ораторлық өнерінің дамуы.  



 

Тірек  сөздер`  грек  ораторы  Демосфен,  рим  ораторы  Цицерон  туралы,  шешендік 

өнері, халық, əскери, дипломатик шешендік, т.б. 



 

Адамдар  əдемі  мазмұнды  сөйлеу  мəселесіне  ежелден  бастап-ақ  қызыққан.  Ежелгі 

Греция  жəне  Римде  сөйлеу  мəдениетінің  теориясы  негіздері  жаратылды.  Сөйлеу  алдына 

қойылатын  талаптар  істеп  шығылды.  Сол  дəуірде  мемлекеттік  сауда-сатықтың,  сот 

істерінің  тез  қарқынмен  дамуы  ораторлықты  өнер  дəрежесіне  көтерді  Жетік  адам  болу 

үшін  міндетті  түрде  шешендік  өнерін  иелеуі  шарт  деп  белгіленді.  Міне,  осы  қажеттілік 

себепті  ораторлық  теориясы  жаратылды.  Оның  Цицерон,  Демосфен,  Квинтилион, 

Аристотель сияқты теоретиктері жетісіп шықты. Дəуіріміздің 335 жылында Аристотельдің 

«Риторика»сы жаратылды. Онда оратор төмендегілерді алдына міндет етіп қойды.  

  -Материалды əр жақты таярлау

;  

  -Материалдарды орналастыру қағидасын белгілеу



 - Материалды өздестіру сөйлеу құрылысының турылығы

 -Оратордың сөйлеу материалдарын үйренуі



 -Материалды сөзбен баяндау

;  

 -Сөйлеуде сөздерді дұрыс айту яғни сөйлеу процесі



Бұл талаптар қазір де өз күшін сақтап келеді.  

Сөйлеу  мəдениеті  Рим  жəне  Афинада  пайда  болған.  Оған  дейінгі  Мысырда, 

Вавилонда  жəне  :нді  мемелекеттерінде  оның  негізі  салынғандығы  мəлім.  Ол  уақыттары 

мемлекеттік  қайраткерлердің  абыройы  жəне  олардың  жоғары  лауазымдарға  көтерілуі 

олардың шешендік ұқыбына байланысты болған. (Эрамызға дейінгі 106-43) 

Рим ораторы Цицерон, грек ораторы Демосфен (эрамыздан алдыңғы 3i4-322) дердің 

өмірі бұған мысал бола алады.  

Көпшілік  адамдар  шешендік  бұл  адамға  берілген  талант  деп  ойлайды.  Бірақ  өз 

шешендігімен  тарихта  қалған  ұлы  ораторлардың  өмір  жолы  жəне  өздері  де  бұны 

бекерлейді.  Бұдан  бірнеше  жылдар  бұрын  ежелгі  Римнің  белгілі  сөз  шебері  Цицерон 

айтқан  ұшырма  сөз  біздің  дəуірімізге  дейін  жетіп  келген.  Ол  (Поэтами  рождаются, 

ораторами  делаются)  ақын  болып  туылады,  шешен  болып  жетіседі  деген,  яғни  шешен 

болу  ұшін  əрекет  етеді.  Римдік  ұлы  шешен  Цицерон  күш  салып  ізденген  адам  оратор 

болатынына толық сенген. Тарихта белгілі грек шешені Демосфенді кім білмейді дейсіз. 

Бірақ оның алғашқы шығып сөйлеулері табысты болмағандығын ешкім білмейді. Бірінші 

рет халықтың алдына шығып сөйлегенде адамдар оның үстінен күлген, ол өз сөзін аяғына 

дейін  жеткізе  алмаған.  Демосфен  шешен  болуды  армандаған.  Сол  ниетіне  жету  үшін  ол 

бойындағы  табиғи  кемшілігін  де  жоқ  етуге  ұмтылған.  Оның  басты  кемшілігі  тұтығып 

сөйлей  алмайтын  болған.  Ол  осы  кемшіліктен  құтылу  үшін  аузына  майда  ұсақ  тастарды 

толтырып, күнде екі сағат теңіз жағасында жүреді. Содан кейін тұтықпасы тарқап дұрыс 

сөйлейтін  болған.  Ежелгі  грек  тарихшысы  Плутарх  өзінің  «Сравнительное 

жизнеописание»  атты  еңбегінде  Демосфен  өзіне`  өз  кемшілігінен  қалай  құтылғандығы 

туралы сез етеді. Өзінің əлсіз дауыстарын шынықтыру, тыңдаушылар алдында тұра білу, 

керекті  мимиканы  білу  үшін  ол  өзіне  жер  асты  бөлме  ұйымдастырған  жəне  ол  жерде  əр 

күні жұмыс істеген.  



 

 

- 7 -

 

 

Демосфен  адамдармен  болған  əр  қандай  ұшырасу,  сөйлесулерді  де  жаттығу 



сыпатында  пайдаланған.  Ол  өзімен  замандас  сөз  шеберлерінің  тəжірибелерін  тынбай 

үйренген.  Олардың  шығып  сөйлеулерін  тыңғылықты  үйреніп  өзінше  жетіскендік  жəне 

кемшіліктерін тынбай үйренген. Басқалар айтқан өз орнына түскен сөздерді жаттап алған, 

соң  оны  өз  сөзінде  орынды  жерде  пайдаланған.  Солай  етіп  белгілі  сөз  шебері  тарихта 

оратор  сыпатында  ұлкен  із  қалдырған  Демосфен  өз  шеберлігін  тынымсыз  еңбек 

нəтижесінде қолға кіргізген.  

Атақты  рим  ораторы  Цицерон  де  өзінің  ұмтылушылығы  айрықша  сауаттылығымен 

оратор дəрежесіне жеткен.  

Мектептегі сабақтарды аяқтап ол философияны, грек тілін үйренген. Тынбай ізденіп 

сол  дəуірдегі  белгілі  сөз  шеберлерінен  үйреніп  ол  үлкен  оратор  дəрежесіне  көтерілген. 

Цицерон  жөнінде  көптеген  еңбектер  жазылған.  Оның  əдеби  мұралар  өте  көп.  Оны 

өздестіру  қиын  емес.  Себебі  оларды  үш  топқа  бөліп  үйренуге  болады.  Бірінші  оның 

хаттары.  Бұл  хаттар  арқылы  Цицерон  тек  саясатшы,  əдебиетші  ғана  емес  өзінің  барлық 

жетіскендіктеріне,  кемшіліктеріне  ие  болған  адам  сыпатында  да  көрінеді.  Екінші  оның 

трактаттары. Оның социалдық саяси көзқарастары осы трактаттарында сəулеленген.  

:шіншіден  оның  мəдени  мұраларының  негізгі  бөлегі  оның  шығып  сөйлеулерінің 

тексттері. Цицеронның шығып сөйлеулерінің 5i тексті сақталған, ал 1u шығып сөйлеуінен 

үзінділер келіп жеткен. Оның шығып сөйлеулерінде ғылымда жəне саяси соттағы шығып 

сөйлеулері ерекше назарға тұрарлық.  

Ораторлық білімді Цицерон Афина жəне Азиядағы əр түрлі ұстаздардан алған. Оның 

сол дəрежеге жетуінде Молоний Родосский шешуші роль ойнаған.  

Цицерон  шешендікте  өте  жоғары  дəрежеге  жеткен.  Шешендік  өнері  теориясына 

үлкен үлес қосқан оратор Цицеронның «Оратор туралы», «Оратор», «Брут» шығармалары 

қазіргі күнде де өз қадірін жоғалтқан жоқ. Россияда Петр I дəуірінде сөйлеу мəдениетіне 

ораторлық  өнеріне  көбірек  назар  аударыла  бастады.  ХVII-ХVIII  ғасырларға  келіп  орыс 

ораторлары біраз жандана түсті. Бұл дəуір шешендік өнерінде 5 бағдар бар еді.  

1. Жоғары дəрежелі дворяндар арасында пайда болған сарай ораторлығы.  

2. Діни ораторлық.  

3.  Халық  шешендігі. (Бұнда  негізінен  халық  көтерілісі  басшыларының  шешендігі 

көзге тұтылады). 

4. Əскери шешендік.  

5.  Дипломатик  шешендік.  Ломоносовтың  хызметі  арқасында  орыс  тілі  сөйлеу 

мəдениеті  туралы  маңызды  теориялық  пікірлер  ортаға  тасталды.  Оның  практикалық 

маңызы  неде  екендігі  көрсетіліп  берілді.  Орыс  тілінің  сөз  байлықтары  негізінде 

дамытылды.  

М.К.Ломоносовтың  «Орыс  поэзиясы  қағидалары  туралы  хаттар» (1u3o), «Орыс 

грамматикасы «(1u5u-1u5o). «Сөйлеу  мəдениеті  бойынша  қысқаша  қолданба» (1u4i) 

сияқты шығармалары орыс тілін ғылыми үйренуді бастап берумен шектелместен орыс тіл 

білімінің кейінгі дамуында үлкен маңызға ие болды.  

 

Сұрақтар мен тапсырмалар 

1. Сөйлеу мəдениетінің негізі қай жерде салынған

2.  ХVII-ХVIII  ғасырлардағы  орыс  ораторларының  шешендік  өнерінде  қандай 



бағдарлар болды

3. М.К.Ломоносовтың «Сөйлеу мəдениеті бойынша қысқаша қолданба» шығармасы 



бойынша реферат жазыңдар. 

 

Пайдаланылған əдебиеттер` 

1. А.Ч.Козаржевский. Античное ораторское искусство. Москва. 1oi0.  

2. Т.№удратов. Нутқ маданияти асослари. Тошкент. 1oo3.  

 

 


Каталог: wp-content -> uploads -> 2016
2016 -> Сайын мұратбеков
2016 -> Мектептің педагогикалық тақырыбы: Оқу және тәрбие қызметіндегі білікті
2016 -> Арнаулы бiлiм министрлiгi
2016 -> Филология кафедрасы
2016 -> «Европа және Америка елдерінің қазіргі заман тарихы» пәнінен
2016 -> Бірінші межелік бақлауға арналған тапсырма
2016 -> Пәннің мақсаты мен міндеттері
2016 -> Ә. Е. Жұмабаева, М. Н. Оспанбекова Алматы «Атамұра» 2016
2016 -> «Тарихты оқыту әдістемесі» пәні бойынша дәрістер конспекті Тақырып№1: Кіріспе


Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2   3   4   5   6   7


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет