Өзбекстан республикасы жоғАРҒы жəне орта білім министрлігі



Pdf көрінісі
бет3/4
Дата15.03.2017
өлшемі331,3 Kb.
#9464
1   2   3   4

Мысалы:  (н-ң)  дұрыс  жазылуы  қанқұрт,  дұрыс  айтылуы  қаңғұрт.  (қ-ғ) 

қанқұрт-қаңғұрт. 

Дұрыс сөйлеу дағдыларын қалыптастыруда тəжірибе əдісінің дыбыстау 

мүшесінің қызметін түсіндіру тəсілі де орасан қызмет атқарады. Оқушыларға 

дыбыстау  мүшесінің  қызметі  белгілі  бір  суреттер  мен  фонетикалық 

аппараттар бойынша көрсетіліп, дыбыстың жасалу орны, айтылуы мысалдар 

негізінде  ауызша  түсіндіріледі.  Дыбыстау  мүшесінің  қызметін  көрсету 

тəсілінің құрылымдық элементтері: 

1) дыбыстау мүшесінің қызметін мұғалім айтып түсіндіреді. 


 

-19-

2)  бірер  дыбысты  тəжірибе  жасай  отырып,  дыбыс-тау  мүшесінің  қызметін 

мысалдармен дəлелдейді. 

3) дыбыстау мүшесінің қызметін оқушылардың өздері дəлелдейді. 

4) дыбыстау мүшесінің қызметіне сай жаттығу жұмыстарын жүргізеді. 

Сөйлеу  тілінің  дыбыстары  белгілі  дыбыстаушы  мүшенің  қызметі 

арқылы шығады. Адамдардың дыбыстаушы мүшесі үш саладан тұрады: 

1) тыныс мүшелері; 

2) тамақ мүшелері; 

3) қуыс мүшелері; 

Өкпеден шыққан ауа дауыс шымылдығына соғы-лып, діріл жасайды. Мұның 

əсерінен  жаңғырық  пайда  болады.  Қуыс  мүшесіне  ауыз  жəне  мұрын 

қуыстары  кіреді.  Ауыз  қуысындағы  дыбыс  шығаруға  қатынасы  бар  кедергі 

мүшелер мыналар: ерін, иек,  тіс, тіл, таңдай, кішкене тіл. 

      Ерін-дыбыс шығаруда қатысы бар жылжымалы 

мүше. Екі еріннің бір-біріне жымдасуы, түйісуі, дөңгеленуі арқылы бірнеше 

дыбыстар жасалады. 

Орфоэпиядан білім беруде дұрыс айту ережесінің қызметі үлкен. Дұрыс 

сөйлеу ережесінің құрылымдық элементтері: 

1) дұрыс айту ережелері мұғалімнің сөзі бойынша ұғындырылады; 

2) äұðûñ ñөéëåó åðåæåëåð¸ êөðíå긠құðàëäàð àðқû-ëû áàғäàðëàíàäû; 

3) түрлі мысалдарды бақылау бойынша меңгер-тіледі; 

4) дұрыс айту ережелеріне лайықты дағдылар түрлері іске асырылады; 

Дұрыс  сөйлеу  ережелеріне  байланысты  дағды-лардың  мынадай  түрлері 

жүргізіледі: 

1) еріндік пен езулік дауыстылардың дұрыс айты-луына мысал іздеу; 

2) езуліктің дұрыс айтылуына сəйкес мысал тап-тыру; 

3)  жуан,  жіңішке  дауыстылардың  айтылуына  сай  мысалдардың  айтылуын 

бақылау; 

4) үнді, ұяң дауыссыздың айтылуы ережелерін пысықтау; 

5) бір сөз ішінде қатаң дауыссыздың үндесуін байқау; 

6) сөздер мен сөз тіркесінің айтылуындағы айырмашылықтарды дəлелдеу т.б. 

 

Сұрақтар мен тапсырмалар. 

1) Дұрыс сөйлеу дағдыларын қалыптастырудың өзіндік ерекшеліктері неде

2) Дұрыс сөйлеу нормаларының құрылымдық элементтері. 



3) Дыбыстау мүшелерінің салалары қандай

4) Дұрыс сөйлеу ережелерінің дағдылары қандай





 

-20-

Қазақ тілінен жүргізілетін жазба жұмыстар, 

олардың методикасы. 

Жоспар: 

1) Диктант, олардың түрлері. 

2) Мəтіні өзгертілмеген диктанттар. 

3) Мəтіні өзгертілген диктанттар. 

4) Шығарма, мазмұндама, жəне олардың түрлері. 

Тірек сөздер: есту диктант, көру диктант, таңдау диктанты. 

Қазақ тілі бойынша жүргізілетін диктанттар екі топқа бөлінеді: 

а) Мəтіні өзгертілмеген диктанттар. 

б) Мəтіні өзгертілген диктанттар. 

1)  Мəтіні  өзгертілмеген  диктанттардың    ішіндегі  күрделісі - түсіндірмелі 

диктанттар.  Бұл  диктанттар  дауысты,  дауыссыз  дыбыс  əріптерінің,  əріптер 

тіркесінің,  біріккен  сөздердің,  қос,  қысқаша  сөздердің,  зат,  сын,  сан 

есімдердің,  тұйық  етістіктің,  шылау  сөздерінің  емлелеріне  байланысты 

жүргізіледі. 

   Түсіндірмелі диктант екі түрге бөлінеді:  

а) есту диктанты  

       б) көру диктанты. 

Есту диктанты емле ережелерінің шегін ажырата отырып, оқушылардың есту 

қабілетін  өсіруге  байланысты  орындалады.  Есту  диктанттың  орындау  тəсілі 

екі түрлі. 

Бірінші  түрі:  сөз    құрамының  жəне    сөз    таптары-ның    жазылу  ережесі 

ауызша түсіндіріледі де,   дайындалған мəтінге оқушылар көз жүгіртеді. Бұл 

мəтін мұғалім тарапынан жаздырылады. 

Екінші  түрі:  мұғалім  белгілі  емлеге  сай  дайын-далған  мəтінді  жаздырады. 

Жазу  үстінде  белгілі  бір  емлелердің  астын  сызып  отыруды  жүктейді. 

Диктанттағы емлені оқушылардың өздері түсіндіріп, қатесін өздері түзетеді. 

Белгілі бір емлені түсіру үстінде диктант мəтіні 90-210 сөзге дейін болады. 

Көру диктанты емлені айыра отырып, көру қабілетін дамыту мақсатында 

жүргізіледі. Бұның да орындалатын амалы екі түрлі: 



Бірінші  түрі:  емлеге    сай  дайындалған    мəтін    оқушыларға  оқытылады    да,  

мұғалім оны дəптерге жаздырады. Оқушылар жазылған диктантты емлеге сай 

түсіндіреді.  Диктанттың  бұл  түрі  мəселен  қысқартылған  сөздердің 

емлелеріне байланысты жүргізіледі. 



Екінші  түрі:  мұғалім  мəтінді  тақтаға  жазады.  Емлеге  байланысты  түсіндіру 

кезінде  тақтаға  орфограммалардың  асты  сызылады.  Мəселен,  реттік  сан 

есімінің емлесіне сай төмендегі мазмұнда жаздырылады: 

Мен  бесінші  сыныпта  оқимын.  Асқардың  қарындасы  үшінші  сыныпта 

оқиды. Абай- Х§Х ғасырдың екінші жартысындағы шығыс əдебиетіндегі ірі 

тұлғаның бірі. 

Бақылау  диктанты.  Бұл  диктант  белгілі  бір  өтілген  бір  емлеге  байланысты 

оқушылардың  білімі  мен  сауаттылық  дəрежесін  сынау,  байқау  мақсатында 

жүргізіледі. Диктант мəтінін таңдауда мазмұн жағынан  тəрбиелік мəні күшті 

болуы керек. Мəтін екі түрлі болады:  



 

-21-

1) əр түрлі мазмұнды мəтін 

2) бір түрлі мазмұнды мəтін. 

Бұл  екі  түрлі  мəтінді  ертегі,  əңгіме,  романдардан,  газет-журналдардан, 

жаттығулар  жəне  диктанттар  жинағынан  таңдауға  болады;  Оқушылардың  

сауатты,  қатесіз  жазуы  диктанттың  сапалы    да  тиімді    өткізілуіне 

байланысты.Мысалы,  алдымен  диктанттың  тақырыбы  тақтаға  жазылады. 

Дауыссыз дыбыс əріптері мен əріптер тіркесінің емлесіне арналған бақылау 

диктанты. 

(диктант   мақсаты) айқындалады: 

а) үнді дауыссыздар емлелерін қаншалықты игергенін байқау;  

1)    ұяң дауыссыз дыбыстардың емлесін бағдарлау: 

б) қатаң дауыссыздың емлесін сынау; 

в) оқушылардың емлелік қателерін байқау; 

г) жалпы сауаттылығын байқау; 

д) қандай орфографиялық қателерді көбірек жіберетіндігін есепке алу; 

е) диктант арқылы өтілетін теориялық жəне емлелік тақырыптарды меңгеруін 

байқау; 


(Соңында диктант жаздыру техникасы бойынша түсіндіремін). 

Қателер үстінде істеуге оқушылардың өзін ізден-дірудің де пайдасы мол.  

Қазақ    тілі    бойынша  жазба    жұмысына    бөлінетін  сағаттар 

бағдарламалық    тақырыптан    да,  тіл    дамытудан    да,  қайталаудан    да  

алынады. 

Мектеп  оқушыларының  білімін  бағалау  үшін  оқу  жылының  басы  мен 

соңында  жəне  əрбір  тоқсанда  өткізілетін  бақылау  диктанттың  сөз  саны 

мынадай нормаларда болуы керек 

IV сынып үшін - 80 - 100 сөз, V сынып үшін - 100 - 110 сөз, 

VI сынып үшін - 110-120 сөз, VII сынып үшін - 120 -140 сөз, 

VIII сынып үшін -140-160 сөз, IХ сынып үшін - 170-180 сөз, 

Х сынып үшін - 190-200 сөз, Х§ сынып үшін - 200-210 сөз. 

 Əр  сыныптағы  жазба  жаттығу,  үйрету  жəне  бақылау  жұмыстарының 

саны мына мөлшерде бөлінеді: 

IV сынып - 8 диктант, 4 мазмұндама, 2 сынақ жəне 2 үй шығармалары; 

V сынып - 8 диктант, 4 мазмұндама, 3 сынақ жəне 1 үй шығармалары;  

VI сынып - 6 диктант, 3 мазмұндама, 2 сынақ жəне 2 үй шығармалары; 

VII сынып - 5 диктант, 2 мазмұндама, 2 сынақ жəне 3 үй шығармалары; 

VIII сынып - 5 диктант,  3 сынақ жəне 2 үй шығармалары; 

§Х сынып - 4 диктант, 4 сынақ жəне 3 үй шығармалары; 

Х сынып - 3 диктант, 4 сынақ жəне 3 үй шығармасы; 

Х§ сынып - 2 диктант, 3 сынақ жəне 3 үй шығарма; 

(Соңында бағалау жөнінде айтып өтемін). 

Мəтіні  өзгертілген  диктанттардың  бір  түрі - шығармашылық  диктанты.  Бұл 

диктант оқушылар тілін дамытып, емледен қате жібермеуге төселдіреді  жəне 

өз ойларын сауатты жазуға баулиды.Шығармалық диктант былай жүргізіледі: 

дауысты  жəне  дауыссыз  дыбыс  əріптерінің  емлесі  бойынша  оқушылар 


 

-22-

белгілі сөздерді өздері атайды. Мұғалім оны сынып тақтасына жазады. Осы 

жазылған сөздерді кіргізе отырып, оқушылар сөйлем құрайды. 

Мысалы: Гримм, металл, Кузбасс т.б. 

Мен бүгін Гриммді көрдім. Біз металлдар жинадық. 

Біз 

жазда 


Кузбасста 

болдық.Таңдау 

диктантында 

мəтін 


түгел 

жаздырылмайды.  Тек  мəтіннің  ішінен  өтілген  емлелік  ережелерге 

байланысты сөздер бөлек жазылады. Бұл диктант былай жүргізіледі: алдымен 

(о,  ө,  у,  ұ,  ү)  əріптеріне  байланысты  мынадай  таңдалады:  Шаңқай  түс. 

Сауыны асқан биенің үрпінен сүт тамшылап тұр. 

Шығарма  жаздыру  əдісі - қазақ  тілінен    жүргі-зілетін  дағдылардың 

ішіндегі  қиын  да,  күрделі  түрлерінің  бірі.  Мұнда    оқушылар  өз    бетінше  

жұмыс    істеп,  қазақ    тілінен  алған  теориялық  білімін  практикада  сынап 

көреді.  Тілдік  тапсыр-малары  бар  шағын  шығарма  жаздыру  əдісі,  жаңа, 

бекіту,  тексеру,  сынақ  жəне  өтілген  материалдарды  қайталау  процесінде 

алып  барылады.  Тілдік  фактілерді  кірістіре  отырып,  бір  түрлі  мазмұнды 

мəтін жасау шығарма жаздыру əдісі деп аталады. 

Бұл шығарма бойынша жұмыс істеу екі түрлі жолмен жүзеге асырылады: 

       Біріншісі - ұжымды түрде шығарма жаздыру; 

Екіншісі - жеке оқушыға шығарма жаздыру; 

Біріншісі сыныпта мұғалімнің басшылығымен жүр-гізіледі. Мұғалім алдымен 

қазақ  тіліне  байланысты  қай  тақырыпқа  сай  шығарма  жазылатындығын, 

шығарманың  шарттарын  түсіндіріп,  сыныптағы  оқушылармен  талдау 

жасайды. Оқушылар шығарма жұмыстарын қалай жазудың техникасын əбден 

меңгеріп алған соң, үй тапсырмасы ретінде тапсыруға болады.  

Екіншісі  жеке  оқушылармен  өз  бетінше  шығарма  жазу  жұмыстары  көбінесе 

үйде  орындалады.  Тілдік  тапсырмалары  бар  шығарма  жаздыру  əдісіне 

тоқталайық:  қазақ  тілін  оқытуда  картиналар  бойынша  шығарма  жаздыру, 

теориялық 

мағлұматтард 

берік 


меңгертуде, 

дағдыландыры-латын 

материалдарды    жаттықтыруда,  ой  қабілетін  өсіруде,  көру  мен  есіту 

дағдысын күшейтуде үлкен маңызға ие. 

Тілдік  тапсырмалары  бар  шығарма  жаздыру  əдісі  алдымен  суреттер 

бойынша жүргізіледі. Бұл тəсілдің құрылымдық əлементтері мыналар: 

1)Қай  тақырыпқа  байланысты  тілдік  тапсырмалары  бар  шығарма  жаздыру 

керектігін анықтайды. 

2) Тілдік тапсырмалары бар шығармаға сай картина іріктеледі. 

3)  Тақырыпты  кірістіре  отырып  шығарма  жазыла-ды.  Мысалы,  тəуелді 

жалғауды кірістіре отырып шығарма жазу. 

4)  Шығарманы  сөздерге  қарай  отырып,  тəуелді  жал-ғаудың  жалғану 

ерекшеліктері дəлелдетіледі. 

Тілдік  тапсырмалары  бар  шығарма  жаздырыу  əдісінің  құрылымдық 

элементтері мыналар: 

1) Белгілі бір тақырыпқа байланысты шығарма жазу  екендігі ескеріледі. 

2) Шығарма жазудың шарты дауыстап оқытылады. 

3) Сынып тақтасына керекті сөздер жазылады. 



 

-23-

4)  Əрбір  оқушының  жұмысын  аралап  жүру  арқылы  барлау,  бақылау 

жасалады. 

5) Шығарма сынып тақтасына жазылады. 



Мəселен мұғалім жалқы есім мен жалпы есімге байланысты «Біздің мектеп» 

деген  тақырыпқа  сай  жазылатын  шығармалық  жаттығулардың  шарты 

дауыстап  оқытылады.  Мына  төмендегі  сөздерді  пайдалана  отырып,  шағын 

шығарма  жазыңдар  да,  жалқы  есім  мен  жалпы  есімдердің  емлесін  еске 

түсіріңдер. Осы жұмыстан кейін сынып тақтасына шығармаға керекті сөздер 

жазылады.  Шымкент,  қала,  мектеп,  біз,  Жамбыл  Жабаев,  спорт,  волей-

болшылар, ұстаз т. б. сияқты сөздерді кірістіре отырып, оқушылар сөйлемдер 

құрап, шығарманың мақсатын орындауға жұмылады. 

 

Сұрақтар мен тапсырмалар. 

1) Диктанттың неше түрі бар

2) Мəтіні өзгерілмеген диктанттарға нелер жатады



3) Мəтіні өзгертілген диктанттарға нелер жатады 

4) Шығарма жұмысы қандай жолдармен жүзеге асады



5) Шығарма жаздыру əдістерінің құрылымдық элементтерін атаңдар. 



 

Мəнерлеп оқу  оның  методикасы. 

Жоспар: 

1) Мəнерлеп оқу түрлері мен тəсілдері. 

2) Интонациялықтың басты тəсілдері.  

Тірек сөздер: шапшаң оқу, іштен оқу, дауыстап оқу, интонация, пауза, 

ритм, темп, тембр, логикалық, психологиялық жəне грамматикалық паузалар, 

екпін, т. б. 

Мəнерлеп оқу - мəнерлі оқу заңдары мен принциптерін үйретеді, Қазақ 

тілі  сабағында  əрқашан  мəтін  үстінде  жұмыс  жүргізіліп  отырады.  Өмірді 

оқушыларға  түсіндіру,  сездіру,  сезім  дүниесі  арқылы  өмірді  таныту - 

оқытушының  міндеті.  Көркем  мəтінді  оқу  барысында  оқушылардың  білім 

өрісі  кеңейеді,  дүниеге  эстетикалық  көзқарасы  қалыптасады.  Оқылған 

мəтіннің  мазмұны  мен  ондағы  негізгі  ойды  ұғынуы,  сезім  мүшелеріне  əсер 

етуі  мəтінді мəнерлі оқуға тікелей қатысты. Мəтінді мəнерлі оқудың негізгі 

принциптері мыналар: 

1) оқылған мəтіннің мазмұнын түсіне білу; 

2) оқушылардың айтылған ойға сенімді де тиянақты қатынасы болуы; 

3) мəтіндегі айтылған ойды талдай білуі қажет. 

Қазақ  тілін  практикалық  тұрғыдан  меңгертудің  мəнерлі  оқу  жұмысы 

үлкен қызмет атқарады. Мəнерлі оқу арқылы оқушылардың сөйлеу дағдысы 

дамиды,  əрі  жазу  қабілеті  шынығады,  Мəтінді  дұрыс  оқу    мынадай  жүмыс 

жүйесі негізінде жүзеге асырылады: 

а) сөздерді дыбыс пен əріптерге талдау; 

б) буындарға ажырату,  

в) лексикалық жақтан түсіндіру; 


 

-24-

г) сөз таптарына сай талдау; 

д) сөздердің орын тəртібі мен байланысу жолдарын ажырату; 

е) мəтіндердің қысқаша мазмұндарын айттыру т.б. 

Мəтінді  түсініп  дұрыс  оқығанда,  сөйлем  мен  сөзді,  дыбыс  пен  буынды 

қайталамау,  сөйлем  мағы-насын  бұзбау  талаптары  қалтқысыз  орындалуы 

керек. 

Қазақ  тіліне  байланысты  теориялық  білімді  прак-тикада    жүзеге  асырудың 



тағы  да бір тəсілі - дауыстап оқу мен іштен оқу. Тіпті оқуға жаттықтыру -осы 

дауыстап  оқу  бойынша  жүзеге  асырылады.  Бұлай  етудің  себебі,  оқушы  əр 

сөзді, əр сөйлемді саналы түсініп оқуға дағдыланады; оқығанын есту арқылы 

жадында ұзақ уақыт сақтауға бейімделеді; т.б. 

Қазақ тілі  бойынша таңдалған мəтінді жылдам оқуға дағдыландыратын 

тəсілдердің  бірі - шапшаң  оқу.  Шапшаң  оқу  мəтінді  дұрыс  түсініп,  оның 

мазмұнын  терең  ұғыну  үшін  қажет.  Шапшаң  оқуға  жаттықтыру  əр  дыбыс 

жүйесі негізінде алып барылады: 

а) алфавиттегі əріптер тəртібін жаттату; 

1)  дыбыстау мүшелерінің қалай  орналасқан-дығын  түсіндіру; 

б) дыбыс мүшесінің дыбыс шығарудағы қызметтерін айту; 

Монологиялық  сөйлеудің  дəл  берілуі  мəн  оқу  тəсілдеріне  тығыз 

байланысты болады. Соның бірі - дауыс интонациясы. 

Интонация-латынның  8n59na43-қатты  сөйлеу,  айту  деген  сөздерден 

алынып,  қазақша  дауыс  ырғағы  деген  мағынаны  білдіреді.  Интонация 

арқылы  оқушы  өзінің  көңіл-күйін  білдіру  мақсаты-мен  басқа  біреудің 

сезіміне əсер етеді. 

Интонацияның  басты  тəсілдері:  пауза,  логикалық  екпін,  темп,  ритм,  тембр. 

Пауза  сөзі  латынның  тоқтату  деген  сөзінен  алынып  дауыс  кідірісі  дегенді 

білдіреді. Паузалар сөйлем ішінде келуіне қарай: дауыс кідірісі жəне дауыс 

үзілісі болып бөлінеді. 

Дауыс кідірісі көбінесе сөйлем ортасында келеді де, дауыс  аздап қана 

бөгеліңкіреп,  айтайын  деген  ой  аяқталмайды.  Ал  дауыс  үзілістерде  болса, 

дауыс ұзақ уақыт бөгеледі, яғни айтайын деген негізгі ой аяқталады. Дауыс 

үзілісі көбінесе сөйлем аяқталған жерде болады. 

Пунктуацияларға  қатысты  паузаларды  грамма-тикалық  паузалар  деп,  ал 

пунктуацияларға  қатыссыз  паузаларды  логикалық  паузалар  деп  атайды. 

Логикалық  пауза  сөйлемдегі  жеке  сөздерді  жəне  сөз  тіркестерін  өзге 

сөздерден бөліңкіреп айту үшін қолданылады. Ол бөгеліңкіреген сөздерге ой  

екпіні      түсіріліп,  аздап    кідіріс  жасап    айтылады. §шкі  эмоцияға  тиісті 

қойылған паузаларды психологиялық паузалар деп жіктесе болады. Бұл пауза 

қазақ  тіліне  арналған  мəтіндегі  негізгі  ойдың  тілек,  алғыс,  қарғыс,  ұрсу  т.б. 

көңіл-күйін білдіретін орындарда болады. 

Қазақ  тіліне  арналған  мəтіндегі  синтаксистік  категориялар  мен 

пунктуацияларға  байланысты  қойылған  паузаларды  грамматикалық 

паузалар деп атайды. 


 

-25-

Интонацияның  негізгі  тəсілдері  арқылы  белгілі  бір  сөйлем  ішінен  бір 

сөздің немесе  мағынасы басым  сөздің бөлектеніп тұруын - логикалық  екпін 

дейміз. 


Логикалық  екпін  дауыстың  қай  сөзге  басым  қаратылғанын  айқындап, 

сол сөздің мағынасын ашуға көмектеседі. Логикалық екпінді түсінуде дауыс 

жоғарылап барып тынады. Дауыс   əуенінің  жылдамдығы  күшейіп,  сөйлем  

аяқтарда  бəсеңдей  барып  бітеді. 



Дауыс темпі (дауыс шапшаңдығы). 

Дауыс  темпі  (шапшаңдығы)  көркем  шығарманың  идеялық-эмоциялық 

мазмұнына,  сол  шығармадағы  образдың  ұнамды,  ұнамсыз  болып  келуіне 

жəне  олардың  іс-əрекетіне  қарай  өзгеріп  отырады.  Мəнерлі  оқудың 

бейнеленген  тəсілдері  дауыс  темпінің  өзгеруіне  үлкен  əсер  етеді.  Олар 

мыналар: 

а) эпитетті шығармалар шапшаң дауыспен оқылады; 

б)  метафорлы  шығармалар  күшті  дауыспен,  ерекше  темппен  айтылып 

оқылады; 

в) кейіптеу мəнді өлеңдер шапшаң дауыспен оқылады; 

г)  гиперболалы шығармалар шапшаң дауыспен оқылады; т.б. 

Ритм  (дауыс  ырғағы)  шығарманы  оқығанда,  айтқанда  белгілё 

сөздерден кейін дауыс аз бəсеңкіреп, кідіріс жасалып, кейде көтеріңкі болып 

айтылған дауыс толқынын ырғақ дейміз.. Мысалы, //  Өлеңді  айт  дегенде// 

ағылтқанмын//,  Жүйріктей    домбырамды//  сабылтқанмын//.Äàóûñ ûðғàғû  

созылып, áåëã¸ë¸ á¸ð əí æүéåсіне ñàëûï àéòқàíäàé áîëûï êөð¸нåä¸. 



Дауыс  тембрі  (дауыс  құбылуы).  Көптеген  себептерге  байланысты 

дауыстың  əр  түрлі  шығу  ерекшелігін  дауыстың  тембрі  дейміз.  Тембр-

адамдардың  табиғи  дауысының  көрінісі  мен    сапасын  білдіреді. 

Мамандавнған  артистер  мен  дикторлар  белгілі  дəрежеге  дейін  өз  даусының 

тембрін өзгертуі мүмкін. 

 

Сұрақтар мен тапсырмалар. 

1) Мəнерлеп оқу деген не

2) Мəнерлеп оқудың қандай түрлері бар



3) Мəнерлеп оқудың негізгі принциптері қандай 

4) Психологиялық паузалар деген не



 


 

-26-

Қазақ тілінен жасалатын жоспарлар. 

 

  Жоспары: 

1) Қалып жоспарларына жалпы сипатттама. 

2) Күнтізбе жоспар. 

3) Тақырыптық  жоспар. 

4) Сабақ  жоспары. 

 

Тірек  сөздер:  күнтізбе,  тақырыптық,  сабақ  жоспарлары,  жай  жəне 

күрделі жоспарлары т.б. 

 

Қазақ  тілі  бойынша  теориялық  материалдар  белгілі  бір  жоспарлар 



негізінде жүзеге асырылады. 

ЖОСПАР қазақ тілінен теориялық білім мен практикалық дағды берудің 

құралдарынан  саналады.  Жоспар  деп  белгілі  бір  орындалатын  жұмыс 

тəртібінің  аумағын  айтады.  Қазақ  тілін  оқытуға  арналған  жоспарлардың 

аумағы мынадай методикалық мəселелерді қамтиды: 

1)  Өтілетін  тілдік  материалдардың  мазмұнын  белгілейді.  Өтілетін  тілдік 

материалдардың  мазмұны  деп  фонетикалық,  лексикалық,  грамматикалық, 

орфо-графиялық т.б. тілдік материалдардың қамтылуын айтады. 

2)  Өтілетін  тілдік  материалдардың  мөлшерін  сұрыптайды.  Тілдік 

материалдардың мөлшері деп əрбір сыныптың шама-шарқына қарай алынған 

тілдік материалдарының өзіндік белгілерінің жиынтығын айтады. 

3)  Өтілетін  тілдік  материалдардың  ретін,  тəртібін  саралайды.  Өтілетін 

тілдік  материалдардың  реттік  тəртібі  деп,  тілдік  материалдардың  өзіндік 

белгілері мен дағды түрлерінің орналасу тəртібін айтады. 

Жоспарлау  жұмысында  əрбір  сыныпқа  арналған  қазақ  тілі  материалының 

өзіндік  белгілері,  жасалу  жолдары,  анықтама  мен  ережелері  анық  көрсе-

тіледі.  Қазақ  тілі  бойынша  жоспарлау  жұмыстары  мазмұнына  қарай 3-ке 

бөлінеді: 

1) Күнтізбе жоспар. 

2) Тақырыптық жоспар. 

3) Сабақ жоспары. 

Əр  сыныптағы  тілдік  материалдарды  оқу  жылы  бой-ынша  мөлшерлеу 

КҮНТΙЗБЕ  жоспар  деп  атайды.  Күнтізбе  жоспар    жасаудың  жүйесі  

төмендегідей: 

1) реті мен күні; 

2) бағдарламадағы материалдар мазмұны; 

3) сағат саны; 

4) өткізілу мерзімі; 

5) қосымша материалдар; 

6) көрнекі құралдар; 

7) пəн аралық байланыс; т. б. 

Əр  ай  мен  тоқсандағы  өтілетін  тілдік  тақырыптарды    тақырыпшаларға 

ажырату ТАҚЫРЫПТЫҚ жоспар деп атайды.  


 

-27-

Тақырыптық  жоспарда  материалдарды  өту  күні,  қайталау  үшін  берілетін 

материалдар  құрамы  жəне  тілді  əдебиет    материалдарымен  байланыстырып 

өту  тақырыптары    көрсетіледі.  Мысалы,  сан  есімге  бағдарламада 12 сағат 

ажыратылған. Оны төмендегі сағаттарға ажыратуға болады: 

1) Сан есім туралы түсінік - 1 сағат. 

2) Дара жəне күрделі сан есімдер - 1 cағат. 

3)  Сан есімнің мағыналық түрлері - 6 сағат. 

4) Сан есімдердің емлесі - 1 сағат. 

5) Сан есімнің сөйлемдегі қызметі -1сағат 

6) Сан есімнен өткенді қайталау -1сағат. 

7) Тіл мəдениеті - 1 сағат. 

Күнделікті  өтілетін  тақырыптарға  байланысты  жасалатын  жобаны  САБАҚ 

жоспары  деп  атайды.  Сабақ  жоспарын  дайындауда  мұғалім  мынадай 

жұмыстарды (пайдаланады) əзірлеп алады: 

1) өтілетін сабақтардың тақырыбын анықтайды; 

2) осы тақырыпқа сай ғылыми-лингвистикалық əдебиеттермен танысады; 

3) тақырыптың бағдарламалық көлемін белгілейді; 

4) өтілу жүйесін анықтайды т.б. 

Сабақ жоспары өзінің ішкі құрылымына қарай екі бөлімнен тұрады: 

1) Кіріспе бөлімде сабақтың тақырыбы, сабақтың мақсаты, əдістері, көрнекі 

құралдар жəне сабақ барысы белгіленеді. 

2)  Ал  негізгі  бөлімде  өткенді  еске  түсіру,  талдау  жұмысын  жүргізу,  жаңа 

материалды  түсіндіру,  үй  тапсырмасын  беру,  үй  еңбегін  тексеру, 

оқушылардың еңбегін бағалау сияқты методикалық мəселелер енеді. 

Сабақ жоспарлары жасалу көлеміне қарай 2-ге бөлінеді: 

1) Жай жоспар. 

       2) Күрделі жоспар. 

Жай жоспар барлық істелетін жұмыстардың түрлерін толық қамтымайды, тек 

сабақтардың сызбасын ғана көрсетеді.Бұл жоспар да екі бөлмнен тұрады: 

а) кіріспе бөлім.      б) негізі бөлім. 

Сабақтың тақырыбы: Анықтауыш. 

Сабақтың  мақсаты:  оқушыларға  тұрлаусыз    мүшенің    бір    түрі- 

анықтауыштан теориялық білім мен практикалық дағды беру. 

Білім əдістері: түсіндіру, талдау, кітап пайдалану əдістері: 

1. Өткенді еске түсіру. Бұған сөйлем алып, оқушы-ларға тарқатамыз; 

2. Жаңа материалдарды түсіндіру. Бұл мына жүйеде алып барылады: 

а) тақтаға көрнекі құрал ілінеді 

б) анықтауыштың өзіндік белгілері түсіндіріледі. 

в) анықтамасы айтылады. 

г) пікір қорытылады. 

3. Дағдыландыру жұмыстарын жүргізу. 

Бұл жаттығу жұмыстары арқылы іске асырылады. 

4. Үй тапсырмасын беру. 

5. Оқушылардың еңбегін бағалау. 


 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет