Сұрақтар мен тапсырмалар.
1) Əдіс деген не
?
2) Əдістердің қолдану жүйелерінің басты процестері.
3) Білім беру əдіс тəсілдерінің құрылымы қандай
?
-10-
4) Білім беру əдіс тəсілдерінің методикалық өлшемдері қандай
?
Теориялық білім беру əдістері, түрлері
Жоспары
:
1) Теориялық əдістер туралы түсінік.
2) Теориялық əдістердің түрлері.
3) Қорытынды.
Тірек сөздер
: əңгіме, хабарлау, түсіндіру, тəжірибе, кітапты пайдалану
əдістері т. б.
Теориялық əдістер тілдік материалдардың негіздері мен заңдылықтарын,
анықтамалары мен ережелерін меңгертумен бірге, практика қажетіне
жаратуға бағыт сілтейді. Мұғалім белгілі бір тілдік тақырыптың өзіндік
белгілерін ғылыми тұрғыдан сұрыптап, материалдардың мазмұны мен
көлеміне орай тақырыптардың оқытылу жүйесін белгілейді. Бұл əрқашан
бағдарлама көлеміне негізделеді де, əр сыныптағы оқушылардың ой дəрежесі
мен
жас
ерекшеліктеріне
сəйкестендіріледі.
Мұғалім
теориялық
материалдарды өзі ғана мазмұндамай, оқушыларды да қатыстырып,
практикалық тұрғыда іздендіріп отырады. Өтілетін материалдардың өзіндік
ерекшеліктерін
оқушыларға
талдата
отырып
меңгертуде,
əуелі
тақырыптардың ішкі қасиеттерін өзара саралап, осыған лайықты
дидактикалық мысалдар табуды жүктеген мақұл. Теориялық əдістер тілдік
материалдардың өзіндік белгілерін, жасалу жолдарын, анықтамалар мен
ережелерін үйретеді.
Қазақ тілінен теориялық білім мен практикалық дағды беруде бірде
мұғалімнің өзі түсіндіріп, бірде оқушының өзін іздендіретін əдістің бірі -
əңгіме əдісі. Сұрақ-жауап арқылы жүргізілетін білім беру құралы əңгіме əдісі
деп аталады. Мұны кейде сұрақ-жауап əдісі деп те атайды.
Бұл əдістердің құрылымдық элементтері
:
1) Оқушылардың тілдік материалдарды бақылауы. (көптік жалғауының қалай
жалғанғанын айтып, мысалмен дəлелдейді Мысалы: қаздар, қонақтар,
өзендер, үйлер, т.б.)
2) Тілдік материалдарды сұрақтар негізінде меңгеруі. (көптік жалғаулар
қалай жалғанады екен
?)
3) Материалдардың өзіндік белгілерінің сұрақтар арқылы айтылуы.
(с: көптік жалғаудың қандай өзіндік белгілері бар
? ж: көптік
жалғауының буын жəне дыбыс үндестігі бойынша жалғанады.)
4) Сұрақ-жауап бойынша тақырыптың өзіндік ерекшеліктеріне орай ережелер
мен анықтамалардың шығуы.
-11-
(с: көптік жалғау деген не
? ж: заттардың бірнеше екенін білдіретін
қосымшаға көптік жалғау дейміз.)
5) Тақырыпқа байланысты практикалық дағды-лардың жүргізуі. (көптік
жалғауын кірістіре отырып, сөйлем құрау)
Ақпарат арқылы жүргізілетін білім беру құралын хабарлау əдісі деп
атайды.
Тілдік фактілердің жалпы қасиеттерін хабарлай отырып, оның жасалу
жолдарына көз жеткізеді. Хабарлау əдісінің құрылымдық элементтері
:
1) дидактикалық материалдарға оқушылар көз жүргізеді. Мысалы:
Бастауыштың жасалуы (схемасы тақтаға ілінеді)
Сан есім
Мысалы: (Үшеуі) суыт жүріп
кетті
2) анықтама мен ережелерді мұғалім өзі айтып береді. (мысалы: Сөйлемде
атау септігінде тұрып, іс-оқиғаның иесін білдіретін тұрлаулы мүшені
бастауыш дейміз)
3) Материалдардың өзіндік белгілерін жазып, тақтаға іліп қояды.
1. атау септік тұлғаларда тұрады.
2. іс-оқиғалардың иесін білдіреді
3. кім
? не? деген сұраққа жауап береді.
4. баяндауышпен жекеше, көпше түрде қиыса
байланысады.
4) Материалдардың өзіндік белгілерін біртіндеп хабарлайды.
5) Өтілетін материалдарға байланысты практикалық дағдылар жүйесі
орындалады. (Мысалы: Абай, Құрманғазы, «Ботагөз» романы сөздерін
қатыстырып сөйлем құрау)
Бірыңғай түсіндіру арқылы жүргізілетін білім беру құралдарын
түсіндіру əдісі деп атайды. Бұл əдіс екі түрге бөлінеді
:
1) Мұғалімнің түсіндіруі.
2) Оқушылардың түсіндіруі.
Құрылымдық элементтері:
1. мұғалімнің көрнекі құралындағы мысалдарды қарап шығады («Сын
есімнің сөйлемдегі қызметі» Мысалы: Сұйықтау қоңыр шашының арасынан
бас құйқасы көрінеді)
2. Мұғалім тақырыптың өзіндік белгілерін тəртіп-пен түсіндіреді (сұйықтау,
қоңыр - деген сын есімдер қандай деген сұраққа жауап беріп, анықтауыш
болады)
3. Мұғалім тақырыптың өзіндік белгілерін жинақ-тайды. (Мысалы: 1) сын
есім сөйлемде анықтауыш, пысықтауыш, баяндауыш болады.
2) заттанған сын есімдер бастауыш, толықтауыш болады. Мысалы: жүйрік
тоқтығын, жомарт жоқтығын білдірмес.)
-12-
4. тақырыпқа тиісті анықтамалар мен ережелер айтылады. (Мысалы: сын
есімнің зат есім мағынасында жұмсалуы сын есімнің заттануы деп аталады.
Мысалы: Білімді мыңды жығар)
5.Практикалық
дағдылар
орынадалады. (анықтауы,
пысықтауыш,
толықтауыш болып сын есімдерді қатыстыра сөйлем құрау)
. . . . . . . . қашпа
. . . . . . . . баспа
. . . . . . . . дүние жарық
. . . . . . . . күні кəріп
Көрсету арқылы жүргізілетін білім беру құралын тəжірибе əдісі деп атайды.
Бұл əдісте оқушы мен мұғалімнің белсенді қарым-қатынасы тікелей сезіледі.
Құрылымдық элементтері:
1. мұғалімнің көрнекі құралындағы мысалдар-ды қарап шығады.
(Мысалы: дауыстылардың еріннің қатысуына қарай бөлінуі. О-Омар, ө-өнер,
е-егін, ы-ыдыс т.б.)
2. өзіндік белгілерін тəжірибе жасап көрсетеді.
3. еріндік дауыстылар қос еріннің сүйірленуі арқылы жасалады, ал
езулік дауыстылар екі езуінің тартылуынан жасалады. Оқушылар
материалдардың өзіндік белгілерін дауыстап оқиды.
4. тақырыптың анықтамалары мен ережелері айтылады.(еріндік
дауыстыларды айтқанда ерін сүйірленіп, ілгері созылады да, езулік
дауыстыларды айтқанда езу тартылып, ерін кейін қарай жиырылады)
5. Дағдылар жүйесі жүргізіледі. (Мысалы: көп нүктенің орнына еріндік
пен езулік дауыстыларды қойың. Мысалы: ..қу, к..л, м..жіліс, м..қ..л т.б.)
Анықтама арқылы білім беру құралын кітап пайдалану əдісі деп
атайды.
Кітапты пайдалану əдісі сабақтардың бірнеше түрлерінде қолданылады
:
1) Жаңа материалдарды түсіндіру тұсында
;
2) Жаңа материалдарды бекіту үстінде
;
3) Біріккен сабақ жүргізу кезінде
;
4) Қайталау сабақта
;
5) Үй тапсырмасын беру жəне тексеру процесінде
;
Сұрақтар мен тапсырмалар.
1) Теориялық əдістерге нелер жатады
?
2) Теориялық əдістердің құрылымдық элементтерін атап беріңдер.
3) Тəжірибе əдісі мен кітапты пайдалану əдістерінің айырмашылығы
?
Практикалық дағды қалыптастыру əдістері, түрлері.
Жоспар
:
1) Практикалық əдістер туралы түсінік.
2) Талдау əдістері туралы түсінік.
3) Талдау - байымдау, талдау - түйіндеу тəсілдері олардың құрылымы.
-13-
4) Аналитикалық əдістерінің өлшемі мен классификациясы.
5) Талдау əдістерінің құрылымы жəне талдаудың түрлері.
Тірек сөздер
: анализ, синтез, индукция, редукция, субъект, предикат,
атрибут, реляция т. б.
Практикалық əдістер тіл заңдылықтарының өзіндік белгілерін
практикалық дағдылар арқылы меңгертуде үлкен қызмет атқарады. Жаттығу
жұмыстары қазақ тілі материалдарына орай берілген теориялық білімді
бекітуде дұрыс жазу емлесі мен дұрыс жазу нормаларын қалып-тастырғанда
жəне оқушылардың тілін ширату, тілін дамыту дағдыларын асыруда аса зор
септігін тигізеді. Практикалық əдістер осы бағытта іске асырылады. Бұл əрі
қазақ тілі материалдарының бір-бірінен айырмашылығын, бірімен-бірінің
байланысын, жасалу жолдарын, өзіндік белгілерін, анықтама мен ережелерін
қайталап, пысықтап бекіту үшін де қолданылады.
Белгілі бір тілдік материалдардың ішкі құрылыс-тарын, ішкі заңдылықтарын
танытатын білім беру құралдарын АНАЛИЗ əдісі деп атайды. Анализ -
гректің
″ana56s8s″ деген сөздерден алынып, ыдырату дегенді білдіреді.
Белгілі бір тілдік тақырыптарды жігіне қарай талдау, ажырату, деген
мағынада қолданылады. Мысалы, сөйлемді жай сөйлемге, сөйлемдегі
сөздерді сөз табы мен сөз құрамына, сөздерді буынға, буынды дыбысқа
талдатып отыру- анализдік жолмен оқытуға жатады. Ыдыратуға қарама-
қарсы жасалған құбылыс - СИНТЕЗ. Бұл грек тілінен алынып (s8n5hls8s)
біріктіру деген мағынаны аңғартады немесе жеке бөлшектерден бүтін жасау
деген мағынада қолданылады. Мысалы, əріптен сөз құрату, сөзден сөйлем
құрату, жай сөйлемнен құрмалас сөйлемдер жасату- синтездік жолмен
оқыту болып табылады. Ыдырату-біріктіру бір-бірімен тығыз байланысты
құбылыстар.
Талдау мен жинақтау да логикалық ойлаулардың тəсілдері арқылы
жүзеге асырылады
:
1) Индукция - латынның (8nd7cd89) деген сөзінен алынып, даралық дегенді
аңғартады. Индукция - жеке, дара пікірлерден жалпылай ой қорытындысын
шығарудың тəсілі немесе дарадан жалпыға қарай түсіндіріп білу амалы. Бұл
тəсілмен мұғалім тілдік материалдарды дара фактілер мен дара ұғымдар
арқылы дəлелдеп, жалпы ұғымда жалпы фактіні түсіндіреді.
Мысалы
: жалпы есімді түсіндіретін болса алдымен нақты мысалдар арқылы
жер, су, аттарын көрсеткен сөздерді, олардың ерекшеліктерін көрсетеді, сол
арқылы мағыналары мен жазылу ерекшеліктерін талдап, жалпы қорытынды
шығарады, жинақтап ережелерін айтады.
2) Дедукция- латынның (deduktio) деген сөзінен алынып, жалпылық деген
мағынаны білдіреді. Бұл - жалпыдан дараға қарай ой қорытындысын шығару
деген сөз.Дедукциялық тəсіл бойынша тілдегі жалпы фактілерді алвп,
соның ішіндегі жеке тарауларын оқушының өздерін іздендіру жолы-мен
жинақтай отырып, нақты ой қорытындысын шығарады. Мысалы,жалқы
-14-
есімді түсіндіретін болса, алдымен заңдылықтарын жалпылай айтқызып,
кейін жеке бөлімдерін талдату жолымен ой қорытындысын шығарады.
Индукциялық та, дедукциялық та ой қорытын-дысын қамтитын талдау,
бұл - талдау-байымдау.
Байымдау тілдердің өзіндік белгілерінің жүйеленуі болып табылады.
Байымдау талдауда тілдік материалдардың өзіндік белгілері əңгіме, хабарлау,
түсіндіру тəсілдері арқылы жеткізеді. Талдау байым-даудың құрылымдық
элементтері
:
1) cубъектіден тұрады (латынның subiectum - адам, предмет, бастауыш деген
сөзінен алынған).
2) предикаттан құралады (латынның praedicatum - логикалы баяндауыш
сөзінен алынған).
3) байланыстан (связка) жасалады.
Мысалы
: 5-сыныпта өтілетін сын есім анықтамасы былай берілген: ″Сын
есім дегеніміз заттардың түр-түсін, сапасын жəне көлемдік аумағын беретін
сөз табы
″ деген, байымдау - талдаудың субъектісі - (″сын есім″) предикаты -
(заттардың түр-түсін жəне көлемдік аумағын білдіретін сөз табы).
Предикаттың субъектіге қатысын беретін байланыс (связка) - (
″дегеніміз″)
сөзі.
Ой қорытындысын хабарлауда талдау-түйіндеу де үлкен қызмет атқарады.
Талдау-түйіндеуге тілдік материалдардың анықтамалары мен ережелері
жатады.
Талдау - байымдау мен талдау түйіндеу ой қоры-тындылары аналитикалық
əдістерді классификация жасауға методикалық өлшем етіп алынады.
Аналитикалық əдістердің классификациясы
:
1) Түсіндірмелі талдаулар (лексикалық, фонети-калық, морфологиялық,
синтаксистік талдау əдістері).
2) Анықтағыштық талдаулар (орфографиялық, пунктуациялық, орфоэпиялық,
стилистикалық талдау əдістері).
Бір бүтін ұғымдардың (заттардың) бойындағы əр тектес элементтердің
реляциясы мен бірлігін құрылым деп атайды.
Талдау əдістерінің құрылымы
:
1. Атрибут - белгі.
2. Субстанция - түп негізі.
3. Реляция-қатынас.
Атрибут - (латынша attributum) бірдеменің, заттардың белгісі, заттан
ажырамайтын тəуелділік дегенді білдіреді.
Субстанция (латынша substanuis) заттар мен құбылыстардың мəні,
табиғаты, түп негіз дегенді білдіреді.
Реляция (латынша relatio) қатынас деген мағынаны білдіреді.
Қазақ тілі бойынша талдаулар мазмұнына қарай былай жіктеледі
:
1) Түсіндірмелі талдаулар.
2) Анықтағыштық талдаулар.
Ал көлеміне қарай да екі түрге бөлінеді
:
-15-
1) Толық талдау.
2) Тақырыптық талдау.
Толық талдау - бағдарлама материалдарын толық өтіп болғаннан кейін
жəне белгілі бір өтілген материалдарды қайталау, оқушылар білімін есепке
алу үстінде қолданылады.
Тақырыптық талдау жаңа сабақ түсіндіру, оны бекіту, машықтандыру, жəне
оқушылардың өз бетінше істеу жұмысын ұйымдастыруда қолдануға болады.
Орындалу тəсілдеріне қарай талдау:
1) Ауызша. 2) Жазбаша жүргізіледі.
Қазақ тілі бойынша талдау мынадай орындарда қолданылады:
1) жаңа материалдарды түсіндіру процесінде;
2) материалдарды бекіту кезінде;
3) оқушылардың өздігінен істейтін сынақ жұмыстарында жұмсалады ;
4) үй тапсырмасын орындауда;
5) оқушылар білімін есепке алу жұмыстарында жұмсалады;
6) түрлі дағдыландыру, жаттығу жұмыстарын жүргізу үстінде
пайдаланылады;
Сұрақтар мен тапсырмалар.
1) Практикалық əдістерге нелер кіреді
?
2) Талдау əдістері деген не
?
3) Аналитикалық əдістердің өлшемі мен классифи-кациясы. 4) Талдау-
байымдаудың құрылымдық элементтерін атаңдар.
-16-
Қазақ тілі сабақтарында орфографиялық
дағды қалыптастыру.
Жоспар:
1) Орфографиялық талдаудың методикалық жүйелері.
2) Орфографиялық қателерді тексеру жəне оны түзету тəсілдері.
3) Орфографиялық сөздікпен істеу тəсілдері.
Тірек сөздер: емлелік материал, дыбыс жəне буын заңдылықтары,
орфографиялық сөздік т.б.
Мектеп оқушыларының сауатты жаза білуі қазақ тіліне қатысты
орфографиялық ережелерді жете меңгеріп, оны практика қажетіне қарай
қолдана алуына байланысты. Сондықтан қазақ тілі материалдарын өту
үстінде орфографиялық мəлі-меттерді қатыстырып, үнемі қайталап еске
түсіріп отыруды ұмытпау керек. Орфографиялық талдау тұсында дыбыстың
түрлері, олардың жасалуы, дыбыс пен буын заңдылықтары жəне үндестік
заңының ерекшеліктері қайталанып отырылуы керек. Қазақ тіліне қатысты
орфографиялық талдау мынадай методикалық жүйе негізінде орындалады:
1) белгілі бір орфографиялық тақырыпқа сай сөйлем не мəтін таңдалады;
2) Сөйлемді оқушы дауыстап оқиды;
3) Мұғалім осы мəтіннен қайсы орфографиялық ережелерді байқау керектігін
айтады;
4) оқушылар сөйлемдегі əріптер мен буындардың, сөздер мен сөз тіркесінің
жазылуын түсіндіреді.
5) талдау мақсаты мен шартына жауап бере алатын жəне таңдап алынатын
сөздердің асты сызылған объектілеріне ғана талдау жасалғаны жақсы.
Мəселен: Айбала Ботакөзге жəрдемдесуге бірнеше рет оқталды.
Оқушыларға (Айбала) деген сөзді талдау керектігін жүктейді. Бұл - біріккен
сөз, жалқы зат есім, кісінің аты, біріккен есім екі сыңарлы: біріншісі (ай)
екінші сыңары (бала) екендігін айтады. Үш дауысты, үш дауыссыз дыбыс
бар. (А) əрпі сөз басында, ортасында жəне соңында жазылып тұрғандығы
дəлелденеді. Дауыссыз үнді (й) дыбысы тек дауысты дыбыстан кейін
жазылатыны ескеріледі, (б) əрпі сөз басында жəне ортасында
қолданылатындығы түсіндіріледі. Бұл сөз буын заңдылығына байланысты
Ай-ба-ла түрінде осы жүйемен талданып барылады. Талдау соңында барлық
емлелік объектілер жинақталады. Орфографиялық тақырыптарға арналып
жазылған кестелер мен сызбаларды оқушылардың өздеріне істеттіре отырып,
талдау жұмыстарын жүргізуге болады. Мəселен, мұғалім сөйлем ішіндегі
əрбір əріптің жазылу емлеліктеріне сəйкес өзіндік белгілерін көрсете отырып
талдауды да жүргізіп отырады.
Қазақ тіліне байланысты оқушылардың жазба жұмыстардағы қателерін
дəптерде не тақтада тексеріп жəне оны түзетіп отырудың сауаттылық үшін
пайдасы мол. Сондықтан дəптерді күнделікті қадағалап тексеріп, ондағы
қателерді түзетіп отырудың қызметі ерекше. Оқушылар дұрыс жазып үйрену
нəтижесінде орфографиядан білім мен дағды алады. Бір айдың ішінде ең
-17-
кемінде əрбір сынып оқушыларының дəптерлері 2-3 рет тексерілуі қажет.
Орфографиялық қателерді түзетуде мына тəсілдер іске асады:
1) дəптерде жіберілген орфографиялық қатенің асты қысқа сызықпен
сызылады да, дəптердің шетіне сол сөздің дұрысы жазылады. Мысалы,
Арман мектептен силық алды. (сыйлық)
2) дəптерде жіберілген қателердің асты сызылып, ақ шетке оқулықтағы
ереженің параграфы мен беті көрсетіледі.
3) дəптерде жіберілген қателердің асты сызылады да, бірақ ол түзетілмейді.
Оқушылар осы сөзге қарай отырып, неліктен қате жібергендігін өздері тауып
түсіндіреді. Бұдан кейінгі дəптердегі пунктуациялық қателердің асты
қос сызықпен, стилистикалық қателердің асты ирек сызықпен сызылып
көрсетіледі.
Орфографиялық сөздікпен істеу тəсілдері.
Орфографиялық тақырыпты оқушыларға меңгер-туде орфографиялық
сөздікпен жұмыс істеудің практикалық дағдылар үшін пайдасы мол.
Орфографиялық сөздік төмендегі талаптарға сəйкес жазылуы тиіс:
1) орфографиялық сөздік əрбір сынып оқушы-ларының алған біліміне сай,
сөздік қоры мен сөз байлығын есептей отырып жасалуы қажет;
2) бұл Білімдендіру Министрінің сөздікке арналған бағдарламасына сəйкес
жасалуы тиіс;
3) мұнда жазылуы қиын деген сөздер берілуі керек;
4) сөздік жасауда оқушылардың əр сабақ сайын қанша сөз меңгеретіндігі де
ескерілуі абзал;
5) əр оқушы, əр сынып, жыл сайын қанша жаңа сөз үйренетіндігі де
қарастырылуы қажет;
6) сөздіктердің əрбір сөзі екпінмен ажыралып тұруы керек;
Орфографиялық сөздіктің пайдалы жақтарын мынадай жұмыстардан
көруге болады:
1) бұл сөздікпен істеу процесінде əріптердің, буындардың, сөздердің, сөз
тіркестердің, сөйлем-дердің жазылуын талдап жинақтайды;
2) олар аса ауыр емлелік материалдарды меңгере алады;
3) сөздікпен істеу барысында теориялық материалдарды практикалық
қажетіне жаратады;
4) əрбір емлелік тақырыптармен істеу нəтижесінде, оқушылардың білім
дəрежесі толық қалыптасады;
5) орфографиялық сөздікпен істеу процесінде əрбір оқушының көру қабілеті
нығайып, көзі жаттығады;
Сұрақтар мен тапсырмалар.
1) Орфографиялық талдаудың методикалық жүйелері қандай
?
2) Орфографиялық қателерді тескеру тəсілдерін атаңдар.
3) Орфографиялық сөздікпен істеу тəсілдері қандай
?
4) Орфографиялық сөздіктердің маңызы неде
?
-18-
Қазақ тілі сабағында орфоэпиялық
дағдыларды қалыптастыру.
Жоспар:
1) Дұрыс сөйлеу дағдыларын қалыптастыру.
2) Дұрыс айту дағдыларын қалыптастырған методикалық тəсілдер.
3) Дұрыс сөйлеу дағдыларын қалыптастыруда дыбыстану мүшесінің
қызметі.
4) Дұрыс сөйлеу ережесінің құрылымдық элементтері жəне түрлері.
Тірек сөздер: орфоэпия, дыбыстандыру мүшелері, тыныс мүшелері,
дауысты, дауыссыз дыбыстың жасалуы.
Орфоэпия қағидаларын түсіндіру, саналы түрде алып барылады. Дұрыс
сөйлеу дағдыларын қалыптастыруда мынадай психологиялық жұмыс-тарды
ескеру керек:
1) оқушыларды жас кезінен бастап сөздерді дұрыс айтуға үйрету;
2) сөйлем, мəтін оку үстінде дауыстың анық естілуіне жаттықтыру;
3) есту мен сезу қабілетін тəрбиелеп бару;
4) оқушылардың көру дағдысын асыру;
5) өз сөзіндегі дауыстың айтылу қасиетін тыңдату;
6) басқа біреудің сөзіндегі дауыстың шығу мен айтылу ерекшеліктерін
байқату;
7) бақылағыштық қабілетін өсіріп бару т.б.
Дұрыс айту дағдыларын қалыптастыратын методикалық тəсілдердің
маңызы үлкен. Соның бірі - дұрыс сөйлеу нормасына еліктеу тəсілі.
Орфоэпиялық жақтан дұрыс сұрыпталған сөйлем-дер мен мəтіндерді оқыту
прозаларда əдеби тілде дұрыс айта, дұрыс сөйлей білетіндерге тікелей
еліктейді. Дұрыс сөйлеу нормаларына еліктеу тəсілдерінің құрылымдық
элементері:
1) Мұғалім сөз ішіндегі дыбыстарды өзі айтып көрсетеді.
2) Мұғалімге еліктей отырып, оқушының өзі дұрыс айтып береді.
Еліктеу тəсілі мынадай методикалық баспалдақ ар-қылы жүзеге асырылады:
1) объектіге алынған дыбыстар мұғалім тарапынан көрсетіледі.
2) қандай дыбыстармен алмастырылғандығы салыс-тырылады.
3) дыбыс бір-бірімен байланысқандығы ескеріледі.
4) дұрыс айтылуына лайықты дағдылар көлемі іске асырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |