Өзбекстан республикасы жоғары және орта арнаулы білім министрлігі



бет61/97
Дата05.06.2023
өлшемі0,55 Mb.
#98990
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   97
-

Тез

Тез

-

-

жетгік

жет

-тік

-

Сӛз қҧрамына талдау бҧл — морфологиялық талдаудың бӛлшегі.
Морфология - грамматиканың негізгі бір бӛлігі.
Морфологиялық талдаудың негізгі тҥрі - сӛз тҧлғасына, сӛз табына талдау. Сӛз таптары 1-сыныптан басталады. Балалардың ҧғымына лайық заттың атаулары, яғни зат есім бірінші таныстырылады.
Бастауыш сыныптарда зат есімді оқыту жҥйелілік, бірізділік принциптері негізінде Оқу бағдарламасында әр сыныптың психологиялық ерекшеліктері, оқушының дайындық деңгейі ескеріліп, біртіндеп дамытыла жҥреді. Зат есімнің грамматикалық белгілерімен оның лексикалық жинақ мәні ғылым негізіне сҥйене отырып, бірте-бірте кеңейтіліп таныстырылады.
Бҧл ретте тиісті тәжірибелік жаттығу жҧмыстарының тапсырмалары да барған сайын кҥрделене тҥседі.
1-сыныпта зат есім термині аталмай, тек қана заттың атын білдіретін сӛздер жӛнінде жалпы тҥсінік беріледі. Ол ҥшін оқушылардың тәжірибесінде кәрген, байңаған, ҧстаған нәрселері жайында ҧғым беріле бастайды. Кӛрнекілік элементтері кеңінен қолданылады. Мҥмкін болса заттардың ӛздері кӛрсетіледі. Оның не екендігі анықталып, зат деген ҧғымға келтіріледі. "Мынау не?" деген сҧрақ тиісті затты кӛрсете тҧрып қойылады да, балалар ол бор, тақта, қалам, гҥл, т.б. заттардың атын атайды. Кӛрнекілік заттық тҥрден бейнелі тҥрге, суретке ауысады. Ана тілі оқулығындағы осы тақырыпңа арналған бетіндегі "кім? не? " сҧрақтарын, оларға лайық салынған суреттің атын білдіретін сӛздерді оқытңан жӛн. Соған орай әр суретке "Бҧл кім? мынау не? " сҧрақтарын қою жолымен домбыра, аңшы, балуан-адам ҧғымын, ал, тырна, борсық-жан-жануарлар атын білдіретін сӛз екені тҥсіндіріледі. Сӛйтіп, балалар аң, қҧс және адам атау-лары зат екенін, оларға "Кім? Не?" сҧрақтар қойыла-тынын таниды.

  1. сыныпта тек жеке затты танытып қоймай, оларға кӛп зат туралы да білім беріледі. Ол ҥшін тағы да сҧрақңа сҥйену тәсілі қолданылады. Егер "Кім? Не?" сҧрағына жауап болатын сӛз бір заттың ҧғымын білдірсе, "Кімдер? Нелер?" сҧрағына жауап болатын сӛз бір емес, бірнеше заттың ҧғымын кӛрсететінін мысалдарды талдату, бақылату, балаларды ойланту әдістерімен ҧқтыруға болады. "Кім?" деген сҧрақтың тек қана адам ҧғымын білдіретін сӛзге қойылатыны тҥсіндіріледі.

1-сыныпта сын есім деген грамматикалық термин аталмайды. Тек қана заттың сынын білдіретін сӛздер деген ҧғым таныстырылады. Ондай заттың сынын білдіретін сӛздерге "Қандай? Қай?" сҧрақтары қойылатыны ҥйретіледі. Балалар тілімізде қолданылып жҥрген сӛздердің ішінде "Қандай? Қай?" деген сҧрақтарға жауап беретіндері бар екенін, ондай сӛздердің әрқайсысы ма-ғынасына қарай тіліміздегі заттың атын білдіретін басқа бір сӛзбен байланысты тҧрғанын ҧғына бастайды. Заттар бір-бірінен
ӛзіне тән белгісі бойынша ажыратылатынын тҥсінеді. Заттарда тҥсі, дәмі, кӛлемі, салмағы, пішіні сияқты кӛптеген белгілер болатынын тҥсінген оқушылар әр затты ӛзінің айрықша белгісіне қарап таниды.
Сонымен бірге оқушылар "Не істеді? Не қылды? Қайтті?" сҧрақтарына жауап беретін сӛздермен танысады. Етістік термині аталмайды, оқушылар заттың қимылын, іс-әрекетін білдіретін кӛптеген сӛздермен танысады. "Сан есім" термині де аталмайды, Оқушылар "Қанша? Неше? Нешінші?" сҧрақтарына жауап беретін сӛздермен танысады.

  1. сыныпта оқушылардың зат есім жӛніндегі ҧғымы кеңейтіле тҥседі. Бҧл сыныпта грамматикалық атаулар қолданылады. Зат есім туралы, оның лексикалық мағынасын, сҧрауларын, жалпы және жалқы зат есімдер, зат есімнің жекеше, кӛпше тҥрлері, олардың қолданылуы мен жазылу емлесі тҥсіндіріледі. Сын есім, етістік, сан есім тақырыптары да грамматикалық атаулармен сӛз табы ретінде ӛтіледі. Етістіктің дара, кҥрделі тҥрлерімен танысады.

  2. сыныпта зат есімнің негізгі және туынды тҥрлерімен, зат есімнің тәуелденуі, тәуелдік жалғаулармен, негізгі және туынды сын есімдермен танысады. Болымды, болымсыз, негізгі және туынды етістік тҥрлерімен есептік, реттік сан есімдермен де танысады. Келесі сыныпта зат есімнің септелуі, тәуелдеулі зат есімдердің септелуі, зат есімдердің жіктелуі тақырыбымен танысады. Бағдарламаға сәйкес септік жалғаудың мәнін, сҧрауларын, жалғауларын, сӛздің септелуіне байланысты емле ережелерін ӛтеді. Дара, кҥрделі, қарсы мәндес сын есім, дара, кҥрделі санесімдер, етістіктіңжіктелуі, етістіктің шақтары жӛнініде білім алады. Есімдік, жіктеу есімдіктері, олардың септелуі, ҥстеу оның тҥрлері, шылау оның тҥрлері, одағай туралы оқып-ҥйренеді.

Жалпы алғанда морфологиялық жазбаша талдату жҧмысын тҥрліше жҥргізуге болады.

  1. Сӛздің бір формасын теріп жазады, не астын сызып қояды не қандай сӛз табы, қай форма екенін әр сӛздің ҥстіне жазып қоюға д а бол ад ы.

Негізінен бастауышта зат есімнің астын бір, сын есімнің астын ирекпен, ал етістіктің астын екі сызықпен сызып қояды. Ал осындай белгілермен сӛйлем мҥшелері де кӛрсетілуге тиіс болса, тҥсті қарындаш қолданған жӛн.

  1. Берілген мәтіннен оқушы әуелі зат есімді, одан кейін сын есімді, т.б. теріп жазады.

  2. Белгілі бір грамматикалық категорияға жататын сӛздерді дайын кесте бойынша айырып жазады. Егер мына бір сӛйлем беріліп және одан зат есімге жататын сӛздерді тапқызсақ: Балалар ӛзеннің жағасына келді.

    Балалар ӛзен

    Зат

    Сӛйл

    Сҧрау

    Жеке

    Септік

    Балалар

    бастауы

    кімдер

    кӛпше

    атау

    ӛзеннің

    аныктау

    ненің?

    жекеше

    ілік

    жағасын

    толықт.

    қайда?

    жекеше

    жатыс

  3. Талдауды толық жҥргізу ҥшін сӛздерді бағанаға жазып, әрайсысының тҧсына формасын кӛрсетіп, не сӛйлемдегі схема бойынша кескіндейді. Мысалы: Олар ауылға лезде жетті деген сӛйлем берілсе, балалар былайша жазады:

Олар - жіктеу есімдігі, III жақ, кӛпше, бастауыш. Ауылға - зат есім, жалпы есім, жекеше, барыс септік, толықтауыш. Тез - ҥстеу, пысықтауыш. Жетті - етістік, ӛткен шақ, III жақ, кӛпше, баяндауыш.
Жоғарыда аталғандай сӛз таптары негізінен 1-сыныптан басталып, 4- сыныпқа дейін оқытылады. Балалардың жас ерекшеліктеріне сай морфологиялық талдау сыныптан-сыныпңа жоғарылаған сайын кҥрделене береді. Әр-бір сӛз табын талдағанда, ең негізгі тҥбір тҧлғасын сӛйлемдегі атқарып тҧрған қызметін талдайды. Ешбір сӛз сӛйлем ішінде байланыспай тҧра алмайды. Ендеше сӛйлемдегі сӛздердің байланысу тҥріне сҧрақ қойып, сӛйлемнің қай мҥшесінің қызметін атқарып тҧрғаны кӛрсетіледі. Ал синтаксисті ӛту кезінде сӛйлем мҥшелері қандай сӛз табынан жасалғанынан да айтып кетуге болады.
Синтаксис (гректің біріктіру) - грамматиканық сӛз тіркесін, сӛйлем жҥйесін, қҧрылысын зерттейтін саласы. Синтаксис грамматикалық ілім
ретінде негізгі екі салаға бӛлінеді. Біріншіден, сӛз тіркесінің синтаксисі. Онда сӛздердің ӛзара тіркесу тӛсілдері мен формалары, сӛз тіркесінің қҧрамы, қҧрылысы және тҥр-тҥрі қарастырылады. Екіншіден, сӛйлемнің синтаксисі. Онда сӛйлемнің қҧрылысы, сӛйлем мҥшелері, олардың байланысы, сӛйлемнің тҥрлері талданады. Сӛйлемнің синтаксисі екіге: жай сейлемнің синтаксисі, қҧрмалас сӛйлемнің синтаксисі болып зерттеледі. Синтаксистік талдау дабалалар оқу-жазуға ҥйрене сала басталады. Бастауыш сыныптарда негізгі тақырып - сӛйлем. Балалар сӛйлем материалдары арқылы дҧрыс сӛйлеу, сӛз формаларын ӛзгерту, сӛйлемдегі сӛздердің ӛзара байланысын табу жолдарын ҥйренеді; сонымен бірге грамматикалық ҧғымдарды, орфографиялық және орфоэпиялық дағдыларды меңгереді. Сӛйлем тіліміздің синтаксистік қҧры-лысындағы негізгі, айтылатын ойдың ҥйқасы болу қыз-метін атқарады. Жеке сӛздер мен сӛздердің ӛзара байланысты тіркестері ойды білдіретін сӛйлемнің қҧрылыс материалы ретінде жҥмсалады. Ӛзінің ойын ауызша не жазбаша білдіруі ҥшін оқушының сӛйлемді дҧрыс қҧра білу дағдылары қалыптасуы тиіс. Балалар әрбір сӛз табының тіліміздегі рӛлін, сӛйлем ішінде ғана айқын тани алады. Ӛйткені, дербес алынған қалпында әр сӛз әр алуан мағына береді.
Бастауыш сыныптарда сӛйлемнен мағлҧмат беру жҧмысы мынандай тҥрде жҥргізіледі:

  1. Оқушылардың сӛйлем туралы грамматикалық ҧғымын қалыптастыру, онда сӛйлемнің ӛзіндік негізгі белгілері қарастырылады;

  2. Сӛйлемнің қҧрылымы, оның жасау жолдары меңгеріледі. Сӛйлем қҧрамындағы сӛздер, сӛз тіркестері, сӛйлем мҥшелерінің жалаң, жайылма тҥрлері зерттеледі;

  3. Айтылу мақсаты мен интонациясына қарай дҧрыс қҧрастыра білу ҥйретіледі;

  4. Сӛйлемдегі сӛздерді дәл қолдана білу дағдысы дамытылады;

  5. Оқушылар сӛйлемді жазбаша тҥрде дҧрыс қҧруды, оны бас әріппен бастап жазып, аяқтаған жерде тиісті тыныс белгісін қою машығы

меңгертіледі.
"Сӛйлем" туралы ҧғым 1-сыныптағы Әліппе кезеңінде бақылау, талдау- жинақтау әдістері бойынша тәжірибелік жолмен танытыла бастайды. Бҧл тҥста мҧғалімнің тҥсінік сӛзі, сӛйлем қҧру, оны айыру жҧмысындағы практикалық ҥлгісі жетекші рӛл атқарады. Кӛрсетілген сурет бойынша ол ойлатып, сӛйлем қҧратып ҥйретеді.
1-сыныптың"Анатілі" Оқулығында"Сӛйлем", "Сӛйлемдегі сӛздердің байланысы" деген арнайы тақырып берілген. Балалар сӛйлемнің не екенімен, сӛйлемнің бірінші сӛзі бас әріптен басталып жазылатынымен және сӛйлем соқында нҥкте, сҧрақ белгісі, леп белгісі қойылатынымен танысады. Сонымен қатар сӛйлемдегі сӛздердің байланысын сҧрақ қою арқылы білуге болатынын ҥйренеді. Мысалы : Кӛк ту желбіреді.

  1. Ту қайтті? - Ту желбіреді.

  2. Қандай ту? - Кӛк ту, т. б.

Осылайша балалар сӛйлем туралы ықшам ережелерді ҥйренеді. Мҧғалім индукциялы әдіспен сол ережені балалардың ӛздеріне шығартады. Бағдарлама бастауышы зат есімнен, баяндауышы етістіктен болған жалаң сӛй-лемді, одан әрі ҥш-тӛрт сӛзден тҧратын жайылма сӛйлемді де (термин тҥрінде емес) ҥйретуді ҧсынады. Осы жағдайға байланысты сӛйлемдегі сӛздердің бір-бірімен байланысты айтылатыны, әр сӛзге сҧрақ қойылатыны, сол сҧрақтар арқылы сӛйлемдегі сӛздердің байланыстары табылатыны жаттығу жҧмыстарымен меңгертіледі. Сонда сӛйлемде "Кім? Не? " деген сҧрақ қойылатын сӛз бар екені оқыушының бҧрынғы біліміне негізделіп тҥсіндіріледі. Ал, заттың қимылын, ісін білдіретін сӛз-дердің "Не қылды? Не істеді? Қайтті?" сияқты сҧрақтарға жауап беріп тҧрғаны ҧғындырылады. Бҧл кезеңде балалар сӛйлемнің айтылу интонациясына мән бере отырып, сӛйлемді айту кезіндегі дауыс ырғағының, шапшаңдығының, дауыстың бәсең не қатты болуының айтылатын ойға қатысты екенін білетін болады. 2- сыныпта оқушылар сӛйлем тақырыбынан меңгерген осындай білім дағдыларын жаңғыртады. Сӛйлемнің хабарлы, лепті, сҧраулы болып
бӛлінетінін, олардың тыныс белгілерін игеріп, сӛйлемдегі сӛздердің байланысын тауып ҥйренеді.

  1. сыныпта сӛйлем мҥшелері туралы тҥсінік беріледі. Сӛйлемнен бастауыш пен баяндауышты, тҧрлаусыз мҥшелерді тауып ҥйренеді. Жалаң және жайылма сӛйлем тҥрлерін меңгереді. Сӛйлем мҥшелерінің байланысуын сызба арқылы кӛрсетеді. Мысалы: Шешей отты кӛсеумен кӛседі. Кӛсеумен кесек-кесек тезек тӛседі.

  2. сыныпта сӛйлем туралы білімдері кеңейтіле тҥседі. Сӛз тіркесі, жай және қҧрмалас сӛйлем, сӛйлем мҥшелері, сӛйлемнің біріңғай мҥшелері, олардың тыныс белгісі туралы мағлҧмат беріледі. Білім - дағды беру ісінде сӛйлем мҥшелерінен грамматикалық талдаудың тигізер пайдасы кӛп. Талдау жҧмысы сӛйлемдегі сӛздердің мағынасы мен формасын ажырату ҥшін, олардың ӛзара байланыстарын табу ҥшін жҥргізіледі. Бҧл тҧрғыда сҧрақ қоя білудің маңызы кҥшті. Сӛйлемдегі сӛздердің байланысу тҥрлері мен сӛйлем мҥшесі алшақ емес. Себебі, сол бір-бірімен байланысып жатқан сӛздерді сҧрақ қою арқылы бір-бірімен байланысын анықтаймыз. Әрбір сӛйлемдегі толық мағыналы сӛздер дара кҥйінде де, кҥрделі кҥйінде де келіп, белгілі сҧрақңа жауап береді. Негізгі ойды білдіріп, не негізгі ойды толықтырып, пысыңтап, анықтап, дәлелдеп тҧрады. Сӛйлемнің бҧл тҧрлаулы, тҧрлаусыз мҥшелері жан-жақты талдаулармен, жаттығулармен дәлелденеді.

Сӛйлемнің тҧрлаулы мҥшелері - бастауыш пен баяндауыш сӛйлемдегі ойға негіз болады. Бастауыш баяндауышпен тығыз байланысты. Бастауыш пен баяндауышты сӛйлем ішінде талдағанда, алдымен қай мҥшені бҧрын табу керек деген ой тҧрады. Кейбір мҧғалімдер алдымен бастауышты тауып алады, кейбір мҧғалімдер баяндауыштан бастап талдайды. Әсіресе, тӛменгі сынып оқушылары осындайлардан кейін бастауыштың сҧрағымен бірден бастауышты тауып алады. Алайда, баяндауыш сӛйлемдегі ойды аяңтап тҧратын болғандықтан, баяндауышсыз сӛйлем болмайды. Соның ӛзінде баяндауыш-ты тауып алу қиын емес. Сӛйлемдегі баяндауыштың орны
тҧрақты. Ол хабарлы, сҧраулы, лепті сӛйлемдердің соқында тҧрады. Баяндауыштың орын тӛртібі ӛлең мәтіндерінде ауысып кетіп отыруы шартты. Кейде оқушылар осыған қиналады. Ондай жағдайда ӛлең жолдарын қара сӛзге айналдырып кәрсе, баяндауыш ӛз орнына, сӛйлем аяғына орналаса кетеді. Мысалы:
Сҥр Бҧлт тҥсі суық қаптайды аспан,
Кҥз болып дымқыл тҥман жерді басқан (Абай).
Ӛлеңнің бірінші тармағында сӛйлемдегі сӛздердің орын тӛртібі, әсіресе, баяндауыштың орын тӛртібі ӛзгерген. Ӛлең тармағын қара сӛзге айналдырсақ:
Аспанды тҥсі суық бҧлт қаптайды, немесе тҥсі суың сҧр бҧлт аспанды қаптайды, - деп айтуға болады. Ӛлең сӛйлемдерін сӛйлем мҥшесіне талдау кезінде осы сияқты қара сӛзге іштей айналдырып, ойланып тҧрып талдаса, сӛйлем дҧрыс талданады.
Бастауыш ең негізгі мҥше болғанымен, сӛйлем ішінде баяндауыш сияқты міндетті, тҧраңты бола бермейді. Кейбір сӛйлемде бастауыш айтылмаса да баяндауыш арқылы жасырын тҧрған орнын оқай тауып алуға болады. Бастауыш пен баяндауыш табылғаннан кейін, тиісті сҧраулар бойынша тҧрлаусыз мҥшелер ажыратылады.
Сӛйлем мҥшелеріне талдау кезінде оқушылар ең әуелі сӛйлемдегі қимылды, іс-әрекетті білдіретін сӛзді табады. Оған "Не істеді? Неғылды? Қайтті?" сҧрақтарын қояды. Осы сҧрақтарға жауап беретін сӛз баяндауыш болады. Баяндауыштың асты екі рет сызылады. Сӛйлемдегі қимыл, іс- әрекеттің иесін анықтап оған "Кім? Не?" сҧрақтарын қойып, сол сҧрақтарға жауап берсе, бастауыш болады. Оның астын бір сызықпен сыз. Сӛйлемдегі ӛзге сӛздерге сҧрақ қояды, олар тҧрлаусыз мҥшелер, астын ирекпен сызады. Сӛйлем мҥшелерінің байланысын сызбамен кӛрсетеді. Мысалы: Оқушылар серуенге шықты.
Синтаксистік талдауда балалар мәтінде неше сӛз бар екенін, сӛйлемде кім я не жӛнінде айтылып тҧрғанын, сӛйлемнің тҥрін анықтайды. Біріңғай
мҥшелі сӛйлемдерді талдағанда схемамен кӛрсетулеріне болады. Оқушылар синтаксистік талдауға біртіндеп, жаттығу-ларды орындау барысында ҥйренеді. Оған әдетте пунктуациалық жаттығулар да қосылады. Олардың ішінде мәтіндегі қойылған тыныс белгілерін талдау, қойылмаған тыныс белгілерін қою, оны тҥсіндіру.
Дҧрыс жазуға ҥйрету міндетін жҥзеге асыруда орфографиялық жаттығулардың рӛлі ерекше, емле жаттығуларының тҥрі сан алуан. Олар ҥйретілетін орфограммаға сәйкес әрі оқушыларды сауаттылыққа дағдыландыру жҧмысының сипатына лайық қолданылады. Барлық орфографиялық жаттығуларды кӛшіріп жазу, диктант, орфографиялық талдау секілді ҥлкен ҥш салаға бӛлеміз.
Орфографиялық талдау қазақ тілі сабағында жҥргізілетін басқа жҧмыстармен қатар жасатылады. Ол, әсіресе, грамматикалық талдау және диктант жҧмыстарына байланысты жҥреді. Емілелік талдау ҥш жолмен: берілген мәтінді талдау, мҧғалім тексеріп берген оқушының жҧмысын талдау, мҧғалім берген тапсырманы ауызша талдау жҥргізіледі. Бірінші тҥрде талдау жасағанда оқушыларға "неліктен осылай жазылған?", екінші тҥрде "неліктен осы тҥзетілгендей етіп жазылу керек?" келесі тҥрде талдау жҥргізгенде "Қалай жазу керек?", т.б. пысықтағыш сҧрақтар қойылады.
Орфографиялық талдау дҧрыс жазу ережелерін Оқушыларға меңгерту қҧралы болып табылады. Ол білімін бекіту, ӛткенді қайталау ҥшін де тиімді. Емлелік талдау әр сабақ сайын біршамауақыт жҥргізіліп отырады. Оның әдісі де тҥрліше.
Бастауыш сынып оқушыларының білуге деген ынтасы мен мҥмкіндіктерін толық пайдалану және оларды оқу процесінде ҥздіксіз дамытып отыру, сабақ барысында алған білімдерін практикада қолдану дағдыларын қалыптастыру ҥшін сабақтарда ойын элементтерін пайдаланудың орны ерекше. Ойын Оқушылардың грамматиканы толық меңгеріп, жазу тілін дамытуларына мол мҥмкіндік береді ӛз беттерімен жҧмыс істей білуге дағдыландырады, ойланғыштың, ізденімпаздық
қабілеттерін арттырады, сӛздік қорларын молайтады. Тіл сабақтарында грамматикалық ойын элементтері жаңа тақырыпты тҥсіндіру, ӛткенді қайталау, талдау кездерінде пайдаланылады. Фонетикалық талдауға байланысты " қай әріпті жоғалттым?", "Қай сӛзді жоғалттым?", "Кӛ- мекшісурет". Морфологиялық талдауға ҥйретуде "Ҥндемес", " Неқажет?", "Бостордытолтыр", синтаксистік талдауға ҥйретуде "Синтаксистік касса", "Тез ажырат", т.б. грамматикалық ойындарды тақырыпқа сай тҥрлендіріп, кеңінен пайдалануға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   97




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет