Өзбекстан республикасы жоғары және орта арнаулы білім министрлігі



бет60/97
Дата05.06.2023
өлшемі0,55 Mb.
#98990
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   97
Байланысты:
ана тілі оқулық

"Сӛйлем", "Сӛз", "Сӛз таптары"


Балалар ана тілі дыбыстарының ерекшелігін мектепке дейін-ақ сӛйлеу практикасы арқылы едәуір меңгерген болады. Бірақ олар жеке сӛзді, әрбір дыбысты саналы тҥрде ажыратуды білмейді. Әліппені ӛту кезінде сӛзді, буынды талдау жолымен дыбыстарды ажыратып ҥйренеді. Сонда да тіл дыбыстарының бір-бірінен ӛзгешілік белгілерін толық тани қоймайды. Сондықтан Қазақ тілі сабағында оқушылардың айтылган дыбыстарды дҧрыс тыңдай білуіне, сондай-ақ жеке дыбыстар мен дыбыстар тізбегін дҧрыс айта білуіне ерекше мән беріледі. Ал мҧны білудің сауат ашу ҥшін де, грамматика мен емлені жетік меңгеру ҥшін де, сӛйлеу, жазу, тіл дамыту ҥшін де маңызы зор.
"Дыбыс және әріп". Бҧл туралы алғашқы тҥсінік сауат ашу кезінде-ақ беріледі. Дыбыстардың фонемалық қасиетіне ерекше назар аударылады.
Оқушылар әр дыбысты дҧрыс таңбалай, дыбыстай білуге дағдыланады. Дауысты, дауыссыз дыбыс, дауыстылардың жуан, жіңішке болып келетіні, дауыссыз дыбыс тҥрлері, олардың емлесі, туралы тҥсінік алады. Буын, тасымал жайында білім алады.
Әрбір халықтың дыбыстық жҥйесін, тіл дыбыстарының жасалу ерекшеліктерін, ӛзгешелігін, оқылу, жазылуын зерттейтін бӛлімі - фонетика деп аталады. Қазақ тілінің фонетикасын практикалық жолмен оқыту 1- сыныптан басталады.
Сондықтан, біздер, болашақ мҧғалімдер алғашқы "а" дыбысын ҥйреткен кҥннен бастап, әр дыбыс қалай аталады, қалай аталады дегенді практикалық жолмен дҧрыс тҥсіндіріп, ҥнемі қадағалап отырар болсақ, сынып жоғарылаған кезде де оны оқушылар ҧмытпайды. Әліппедегі "а" дыбысын алғаш таныстырғанында:

    1. а-а-а...созылып айтылады;

    2. а-а-а...ауыз қуысы кең ашылады;

    3. а-а-а...ашың, анық естіледі;

    4. а-а-а...жуан естіледі;

    5. а-а-а...а-ны айтқанда тілдің ҧшы сәл кейін жиырылады.

Сол себепті "а" дауысты дыбыс дейміз. Яғни, барлығын дыбыс артикуляциясымен кӛрсетіп, бірнеше балаға қайталатып, хормен жаттықтырып, әр тҥрлі жҧмыс тҥрін ҧйымдастырады. Кӛрнекілігімен, мысалмен, техникалық қҧралдармен жҧмыс жҥргізе білсе, ойнатып отырып ойландырса, балалар тіл дыбыстарының оқылу, жазылу, айтылуын, жасалуын ҧмытпайды.
Балалар біздің кҥн сайын сӛйлеп жҥрген сӛздеріміз тек қана осы 37 дыбыстың сан рет қайталанып келіп, сӛз жасап жатқанын сол бастауыштан білуі керек.
Оқушы ҧғымына жҥйелі тҥрде қалыптасатын жҧмыс тҥрлері ешқашан ҧмытылмай, біліміне білім қосып, қызықтыра тҥседі.
Алфавитті ӛткен кезде оны есте қалдыру ҥшін мынадай жҧмыс тҥрлері жҥргізіледі:

  • Алфавитті жатқа жазу. Тақтаға екі оқушыны қатар шығарып, біріне "А"- дан "М"-ғадейін, екіншісінен "М"-дан "Я"-ға дейін ретімен жазғызу:

  • Ауызша алфавитті ретімен айтқызу:

  • "Орныңды тап" ойыны арқылы оқушыларды алфавиттік қатарға қосу.

  • Кітапханашымен әңгіме (алфавитті реттіліктің пай-дасы туралы).

  • Жан-жануарлар дҥниесіне, географиялық атауларға, ӛсімдіктер дҥниесіне арналған алфавиттік карталар жасату.

Осылайша әрбір дыбыс пен әріптерге байланысты жҥргізілетін талдаулар оқушылардың ойлауы мен сӛйлеуін бірдей дамытады.
Оқушылар дауысты, дауыссыз дыбыстардың қалай жасалып, қалай айтылатынын тҥсініп меңгерсе, келесі тақырыптарды тҥсінуіне оқай жол ашылады. Мҧғалім әрбір дыбысты артикуляциясымен ӛзі жасап, айтып, дәлелдеп тҧрса, дыбысты жеке де, сӛз ішінде де талдау дәрежесіне кӛтере алса, жаттығуларды тҥрлендіріп жҥргізе алса ғана жҧмыс жемісті болады.
Тілдегі дыбыстардың қҧрамын, жасалу, жҥйеленуін игергеннен кейін дауысты дыбыстардың буын қҧрайтыны жалғасады. Сӛзді буынға дҧрыс бӛлу жазуда да, оқуда да, салауаттылыққа ҥйретеді. Сӛзді буындап ҥйрену арқылы жазып келе жатқанда сӛз жолға сыймай қалғанда дҧрыс тасымалдауға болады. Сӛйлемдегі сӛздерді тҥгел буындап, талдағанда сызықша арқылы бӛлінеді. Дауысты дыбысты созып оқыса, буынмен екінші буын араласып, Оқуда, жазуда, тасымалдауда қате кетеді. Мысалы: Мен жазбаймын ӛлеңді ермек ҥшін, деген сӛйлемді алсаң: Мен - бір буынды сӛз, тасымалданбайды. Жаз-баймын, жазбай-мын, жаз-бай-мын - ҥш буынды сӛз, екі жолмен тасымалданады;
Ӛ-леңді, ӛлең-ді - ҥш буынды болғанмен, бір жолмен ғана тасымалданады;
Ер-мек - екі буынды болғанмен, тасымалдауға келмейді, себебі у жалаң.
Жалпы фонетикалық талдауға дыбыстық, буын қҧрамына талдау, буын тҥрлеріне, дыбыс ҥндестігі мен буын ҥндестігіне қарай және екпін қойып талдау кіреді. Фонетикалық талдауда балалар дауысты, дауыссыз дыбыстарды ажыратады, жазылған сӛздердегі дауысты, дауыссыз дыбыс әріптерінің астын сызып қояды, сӛздің ауызша және жазбаша буын жігін, дыбыс қҧрамын айтады. Сӛздердегі жеке-жеке дыбыстарды мҧлтіксіз айыра білу арқылы әріп қалдырмай жазуға тәсіледі. Фонетикалық тақырыптарды толық игергенде толық талдау жасатып, оқушы білімін бекітуге болады. Толық талдауға білімділік, тәрбие мәні бар тҧтас сӛйлемдер алынып талданады. Толық талдау дегеніміз - сол тақырыптан алған білімді жинақтау, жҥйелеп дәлелдеу. Оқушы толық талдауды жҥргізгенде әуелі тҧтас сӛйлемді буындап оқып, буындап жазады. Тасымалдау ҥлгісін кӛрсетеді, асты сызылған бір сӛзге толық дыбыс қҧрамына талдау жасайды, дыбыс ҥндестігі мен буын ҥндестігіне бағынып және бағынбай тҧрған сӛздерді дәлелдейді, екпін тҥсіреді. Оқушы берілген сӛзге дыбыстың талдау ҥшін берілген сӛзді жазады, сӛзде қанша буын барын анықтайды, сӛзге неше дауысты, неше дауыссыз дыбыс барын жазады, дыбыстарды тҥрлеріне қарай ажыратады. Ҥлгісі: "же-міс" сӛзі. Же-міс 2 буын, 5 әріп, 2 дауысты, 2 дауыссыз бар, ж-дауыссыз, ҧяң; е-дауысты, жіңішке; ж-дауыссыз, ҥнді; і- дауысты, жіңішке; с-дауыссыз, қатаң.
Негізінен, оқушыларға толық талдау жасату ҥшін екі-ҥш сӛзден тҧратын
фонетикалық талдау жасатып, жинап алады. Мҧғалім сол арқылы кіммен әлі де кӛбірек жҧмыс істеу керектігін анықтап біледі.
Фонетикамен тығыз байланыста жҥргізілетін келесі талдау тҥрі - морфологиялық талдау. Морфология - (грек тілінен аударғанда тҥр, ҧғым, ілім) жеке сӛздерге қатысты грамматикалық мағыналарды тексеретін ғылым. Сӛздің формасы, мағынасы, қызметі сӛйлемде айқын ашылатындықтан, морфология сӛздің морфологиялық қҧралын, тҥрлерін, жасалу тәсілдерін, лексика-грамматикалық сипаттарын айқындау деп есептейді. Морфологияның анықтауынша, қазақ тіліндегі сӛздер
морфологиялық қҧрамы жағынан тҥбірден, қосымшадан тҧрады. Тҥбір сӛздің тҥпкі мағынасын білдіреді, жалғанатын әр қосымша тҥбірге ӛзіне тән мағына ҥстейді. Сӛзде тҥбір - біреу, қосымша бірнеше бола береді. Қосымшалар тҥбірге бірінен соң бірі тіркесіп, жалғана беретіндіктен, қазақ тілі жалғамалы тілге жатады. Қосымшалар жалғау, жҧрнақ болып екіге бӛлінеді. Морфологиялық тҥрлері мен жасалу тәсілдеріне қарай тҥбір сӛз, біріккен сӛз, қос сӛз, тіркес сӛз, қысқарған сӛз болып келеді. Морфологиялық талдауда ауызша сӛйлемдердегі затты, заттың белгісін, қимылын кӛрсететін сӛздерді тапқызу, жазбаша мәтіндегі сондай сӛздердің астын сызғыз. Олардың сҧрауларын ауызша, жазбаша қойғызу сияқты жҧмыстар жҥргізіледі. Оқушылар сӛйлем мҥшелерінің қай сӛз табы екенін және олардың формасын жекеше, кӛпше, септік, тәуелдік, жағы, шағын айырады.
Морфологиялық талдау негізінен сӛз таптарына талдау және сӛз қҧрамына талдау болып табылады. "Сӛз қҧрамы" тақырыбы - бастауыш сынып оқушылары ҥшін ерекше мәні бар әрі қиын мәселе. Сӛздің мағыналы, бӛлшектерінің ҧғымын жетік меңгеру процесі оқушылардың абстракциялы ойлауының дамыуын, тіл факті-лерін баңылап, оған талдау жасай алуын және мҧғалімнің жетекшілігі арқылы ӛздігінен қорытындыға келе білуін талап етеді. Сӛздің мағыналы бӛлшектері морфемаларды оқып- білудің, толық меңгерудің маңызы зор.
Себебі, сӛздің морфологиялық қҧрамына талдау жҧмысы және жаңа сӛз жасау жаттығулары Оқушының логикалық ойы мен тіл байлығын дамытады. Сӛз қҧралын зерттеу оқушының орфографияны толық меңгеруіне, сауатты жаза білуіне негіз болады. Сӛз қҧралын меңгеру мен сӛз жасау тәсілдеріне жаттықтыру, оқушының сӛз тануға деген ынтасын оятады. Сӛздің мәнін терең тҥсініп, дҧрыс қолдана білуге, сӛз мағынасы мен формасының ара қатынасына зейін аударуға дағдыландырады.
Жаңа бағдарлама бойынша "Сӛз қҧралы" тақырыбы 2-сынып тҥбір, қосымша, жалғау, жҧрнақ, 3-сынып туынды сӛз, 4-сынып біріккен,
қысқарған сӛз, қос сӛздер деген грамматикалық ҧғымдар меңгертіліп, олардың мағыналары, жасалу жолдары, жазылу емілелері ҥйретіледі.
Жалпы бастауышта сӛз қҧрамына талдау мына тҥрде жҥргізіледі.

      1. Оқушылар тҥбір сӛзді табады. Ол ҥшін сӛзге сҧрақ қойып, оның ӛзгермейтін мағыналы бӛлігін анықтайды. Оған мынадай белгі қояды Кҥйші.

      2. Жҧрнақты табады. Ол тҥбір сӛзден кейін келіп, жаңа сӛз жасайды. Оған мынадай белгі қояды Кҥйші.

      3. Жалғауды табады. Ол тҥбір сӛзге де, жҧрнақтан кейін де жалғанады. Жалғауға мынандай белгі қояды.

□ Кҥйшілер. Сӛз қҧрамын оқыту, сӛз қҧрамына талдау, Оқушының сӛздік қорын байыту анатілінің офоэпиялық және орфографиялық нормаларын меңгерту жҧмыстарымен бірлікте, тығыз байланыста жҥргізіледі. Сӛздердің морфологиялық қҧрылысын балалар жай бӛлшекпен кӛрсетіп қоюларына да болады.

Сӛз

Тҥбір

Жалғау

Жҧрнақ

Біздер

біз

-дер

-

қалаға

қала

-ға

-

Машина

машина

-мен



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   97




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет