Өзбекстан республикасы жоғары және орта арнаулы білім министрлігі



бет59/97
Дата05.06.2023
өлшемі0,55 Mb.
#98990
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   97
Байланысты:
ана тілі оқулық

Ҥйге тапсырма.


  • Балалар, ҥйге 263-жаттығу. Берілгеніне қарайық.

  1. Ӛлеңді оқыңдар.

Гҥлдер, гҥлдер, шоқ гҥлдер, Қызыл гҥлдер, кӛк гҥлдер, Тҧра берші ырғалып,
Тҧра берші нҧрланып.

  1. Гҥлдер - қызыл гҥлдер, гҥлдер - кӛк гҥлдер деген сӛздерді салыстырыңдар. Қызыл, кӛк сӛздердің қандай сынын білдіреді?

  2. Заттардың сынын білдіретін қандай сӛздерді білесіңдер?

  • Балалар, бҧл жаттығуды оқисыңдар, 2 гҥлдің айырмашылығын айтып, салыстырасыңдар. Қызыл, кӛксӛздері гҥлдердің қандай сынын білдіреді

соны атайсыңдар. Заттың тҥсін білдіретін тағы қандай сӛздер бар, соларды айтасыңдар.

  • Осымен біздің сабағымыз аяқталды. Қош, сау болықыздар.

Сұрақтар мен тапсырмалар:


    1. Оқушыларға грамматикадан саналы білім беріп, қажетті дағды қалыптастыруда жаттығу жҧмыстарының маңызы қандай?

    2. Жаттығудың қандай тҥрлері бар?

    3. Жаттығудың әр тҥріне сипаттама беріңдер.

    4. Жаттығу жҧмыстарына қандай талаптар қойылады?

    5. Жаттығу кездейсоқ болмай, жҥйелі орындалуы керек дегенді қалай тҥсінесіңдер?

    6. Лексикалық, фонетикалық, морфологиялық, синтаксистік жаттығуларға талдау жаса.

3-тақырып. Бастауыш сыныптарда оқушыларды грамматикалық талдауға ҥйрету


Тіл пәні мектепте оқылатын пәндер ішіндегі ең қиыны. Грамматика арқылы оқушылар тілдің қҧрылысын, заңдылықтарын ҥйренеді. Грамматиканы оқып ҥйренбей тҧрып, сӛйлеу мен жазу мәдениетін меңгеру туралы айтудыңӛзі қиын. Ол жӛнінде бастауыш мектеп бағдарламасында былай деп дҧрыс атап кӛрсеткен: "Грамматикалық элементтермен" танысу ҥстінде оқушылар тілдік фактілерді бір-бірімен салыстыруды, жинақтауды, жҥйелеуді, тҥйінді мәселені таба білуді меңгереді. Оқушылардың грамматикалық заңдылықтарды білуге қҧмарлығы артып, ӛздігінен еңбек ету дағдылары қалыптасады.
Қазақ тілін бастауыш сыныпта оқытудың басты әдісітілдік фактілерді бақылау және талдау. Бҧл оқушылардың ойлау қызметін кҥшейтеді. Оқушылардан ереже мен анықтамаларды саналы тҥрде тҥсіну әрі есте сақтау талап етіледіл. Мысалы: жаңа тілдік қҧбылыстар бҧрын ӛтілген тілдік қҧбылыстармен салыстырылып, олардың арасындағы қҧсастық пен айырмашылық белгілері айқындалады. Жаттығулар орындау арқылы тиісті ережені дәлелдеу, тҧжырымдау жҧмысы жҥргізіледі. Сӛйтіп, оқушы ережені білумен бірге оны ӛздігінен мысал келтіріп дәлелдеуге ҥйренеді. Бҧл ҥшін мҧғалім оқушылардың ӛз бетімен жҧмыс істеу қабілетін дамытып, ӛтілген тақырыптарынан ӛздіктерінен қорытынды шығара алатындай етіп қалыптастыру керек.
Осы орайда респуликамызда оқыту мазмҧны жаңартылып, қазақ тілі оқулықтарының да сапасы жақсарып, әр тҥрлі формадағы жаттығулармен толықтырылды. Осындай оң нәтижелер мен игі істерге қарамастан, қазіргі уақытта оқушылардың білім деңгейінде кемшіліктер байқалады. Кейбір сапасыз ӛткізілген сабақтар, сол сияқты жаңа оқулықтармен сабақ беруде қолданатын оқу әдістемелік қҧралдардың аздығы да оқушының білім сапасының тӛмендеуіне әкеліп соқтырады.
Лингвистикалық талдау жӛнінде зерттеулер, ғылыми еңбектер аз болғандықтан, мектепте оқушыларды грамматикалық талдауға ҥйрету әлі де дҧрыс жолға қойылмағандықтан, біз курстық жҧмыстың тақырыбын "Бастауыш сыныптарда оқушыларды грамматикалық талдауға ҥйрету" деп алдық.
Жалпы біздің тақырып бойынша кӛптеген ғалымдар зерттеулер жҥргізген. Атайтын болсақ С. Желдірбаева, С. Рахметова, Қойшыбаева, С.Қазыбаев, т.б. ӛзінің "Лингвистикалық талдау" еңбегінде лексикалық, фонетикалық, морфологиялық, синтаксистік талдау тҥрлеріне толық сипаттама берген. Ауызша, жазбаша, толық және ішінара талдаулардың тиімділігін сӛз еткен. Автор: "Бірде-бір тілдік тақырып жалаң талдау мен тҥсіндіруге кӛнбейді. Тек қана мҧғалімнің іскерлігі мен білімділігі ғана бір- бірінен ажыратып, бір-бірімен байланыстырып дәлелді ҧғындыруы да мҥмкін", - дейді.
"Бастауыш сыныптарда Қазақ тілін оқыту" атты еңбегінде С. Қазыбаев жоғарыдағы талдау тҥрлерімен қатар, орфографиялық талдаудың да тиімді тҥстарын кӛрсеткен. Грамматикалық талдау ҧғымы мен тҥрлері:
Әр халықтың ең басты игілігі ҧлттың жаны, оның тілі екендігі белгілі. Ҧлттың болашағы тілінің дамуымен, оның қоғамдық қызметімен, қолдану аясының деңгейімен тығыз байланысты. Сондықтан да қазіргі таңда ҧлттың ҧлттығын, тҧрақты қауымдастығын аңғартатын негізгі белгі - тілді сақтап қалуды оның қолдану аясын кеңейту шарасы ғана емес, мемлекеттік тіл статусын алған қазақ тілінің мәртебесін кӛтеру, ата-бабамыздан қалған асыл мҧраларды ӛз тілімізде оқып-ҥйрену, зерттеу жҧмыстарын ӛз дәрежесіне жеткізу мәселесі кӛтерілуде. Алдымызда тҧрған мҧндай кҥрделі міндетті шешуде қазақ тілін оқып-ҥйренуді дҧрыс жолға қоюдың ең негізгі сатысы болып табылатын бастауыш мектептің орны ерекше. Ӛйткені, бастауыш мектеп сатысына бала 6 жастан қабылданады. Бҧл уақытқа дейін мектепке дейінгі мекемелерде берілетін тіл дамыту жҧмыстары мен аздаған сауат ашу
дайындыңтарын қоспағанда, балдырғандар, негізінен оқу мен жазуға дағдыланбай келеді.
Грамматикалық категориялардың табиғатына сай әдістер мен тәсілдемелер қолданылып отыратыны белгілі. Қазақ тілі бӛлімінің әрбір тараудағы тақырыптар бір-бірімен ҥнемі тығыз бірлікте болады. Оны тек қана талдау, дәлелдеу жҧмыстары жҥйелі жҥргізілгенде ғана оқушының қызығушылығын тудырып, ынтасын арттырады. Ӛздері кҥніне сан рет қолданып, айналымда жҥрген сӛздер мен сӛз тіркестерін талдау кезінде жаңа қырынан таниды. Сондықтан әрбір оқушы ереже жаттамай, тҥсініп оқып, мысалдар келтіру арқылы дәлелдеп, жазбаша тҥрде де, ауызша тҥрде де талдай берулері керек. Грамматикалық талдау жалпы тҥрде де, белгілі бір тақырыпқа байланысты жеке де, сондай-ақ ауызша, жазбаша тҥрде де жҥргізіледі. Ауызша талдауда балалар бҧрын оқылғандарға тоқталады, сӛйлемдегі грамматикалық формаларды кӛрсетеді, оқытушының сҧрауларына жауап береді, ӛз бетімен мысалдар келтіреді. Ауызша талдау арқылы оқушылардың ойлауы мен сӛйлеуінің жҥйелілігін, сӛздерді қолдана білуін, сӛз байлығын байқауға мҥмкіндік туады.
Жазбаша талдауда балалар жазылған мәтіннен грамматикалық форманық астын сызады немесе оларды айырып жазады, тиісті формаларын кӛрсетеді, сҧраулар қояды, т.б. Талдаудың бҧл екі тҥрі де пайдалы. Жазбаша талдау тақтаға, оқушының дәптеріне тҥседі. Жіберілген қатені, жазу емлесінен кеткен қатені, оқушы каллиграфиясын тҥзету ҥшін де жазбаша талдау пайдалы. Мҧғалім әр тҥрлі жазбаша талдау жасатып оқушыларды жан- жақты бағалауға да қол жеткізе алады. Мазмҧн жағынан талдауды лингвистикалық және аралас талдау деп, кӛлемі жағынан талдауды толық не ішінара талдау деп бӛледі.
Лингвистикалық талдау - тіл ғылымының тарауларына, бӛліктеріне талдау. Оның ӛзі фонетикалық, морфологиялық, синтаксисттік, лексикалық және орфографиялық талдау болып бӛлінеді. Бастауыш сыныптарда грамматикалық талдауға(фонетикалық, морфологиялық, синтаксистік,
орфографиялық) ҥйретеміз. 1-сыныптан бастап балалар грамматикалық жаттығуларды орындай отырып, талдауға ҥйренеді.
1-сыныптың әліппе оқулығы - кӛпдеңейлік, дамыта оқытылатын, ҧлттық ерекшелігі бар, дәстҥрлі мектеп деңгейіне арналған тӛл оқулық.
Әліппе кезеңі сауат ашудың ең негізгі бӛлігі болып саналады, ӛйткені тілдегі дыбыстар мен олардың әріптерін жеке-жеке таныту, оқуға ҥйрету, әріптердің баспа және жазба тҥрлерін салыстыра отырып меңгерту, сӛз- дерді, жеңіл сӛйлемдерді дҧрыс жазуға ҥйрету жҧмыстары осы кезеңде жҥзеге асырылады, әрі бҧған уақыттың да негізгі бӛлігі беріледі.
Сауат ашудың негізгі объектісі - сӛз. Балаларға сӛздің дыбыстың қҧрылысы туралы тҥсінік беріп, әріп танытамыз, әуелі буындап, содан сӛзді, тҧтас сӛйлемді дҧрыс оқуға ҥйретеміз, сауатты жазу негізін қалыптастырып, балаларға сӛзді айтып, оны оқып, оны жазуға баулимыз. Жазуды ауада жазып ҥйретіп, дыбыстық талдау жасаймыз. Буын оқумен қатар меңгеріледі. Буындап оқи отырып, буындап жазуға ҥйренеді. Сауат ашу кезеңінде талдау-жинақтау кең қолданылады. Талдау және жинақтау - сӛз ішіндегі дыбысты танудың бірден-бір жолы. Сауат ашу тарихындағы дыбыстық талдау-жинақтау әдісін ағартушы педагог Ы.Алтынсарин орыстың ҧлы педагогі К.Д.Ушинский тәжірибесінен алып, ӛзінен кейінгі мектептерге тиімді әдіс ретінде ҧсынған болатын.
Әліппе оқулығын аяқтаған әрбір бала дыбыстың тал-дау жасай білуі керек. Мысалы "Н" дыбысы мен әрпін таныту ҥшін алдымен талдау әдісін қолданамыз. Сол тӛмендегідей жҧмыс тҥрлері жҥргізіледі.
Ана бейнеленген суретті кӛрсетіп, атын атау. Мҧғалімнің ана деген сӛзді анық, буындай айтуы. Оқушылардың алақанын иек астына қойғызып, мҧғаліммен бірге қосылып, ана сӛзін айтқызу. 3-4 балаға жеке-жеке осы сӛзді созып айтқызу; неше бӛліктен, яғни буыннан тҧратынын және әр буынды жеке атату.
Таныс емес дыбыс қай буында екенін тапқызып, сол буынды мҧғалімнің, содан кейін оқушылардың созып айтуы: на.. на..
Жаңа дыбысты бӛліп атау нн, нн, нн.
Артекуляциялық жаттығу жасату (тіл алдының таңдайға жабысуынан).
Неліктен дауыссыз дыбыс болып тҧрғанын айтқызу. Себебі ауа мҥрыннан шығады, тіл таңдайға жабысып, ауанық ӛтуіне кедергі жасайды, ауа ауыз қуысынан кедергіге ҧшырап, ӛте алмайды. Н дыбысының таңбасын кӛрсету, қима әріптерден баспа тҥрін тапқызу, қалташықтарына салғызу.
Дыбыс пен әріпті анық танытып, толық меңгеру ҥшін тек талдау ғана емес, артынша жинақтау әдісін жҥргізу керек. Жинақтау әдісі оқушы білімін онан әрі тиянақтап, есте сақтауын қамтамасыз етеді. Енді "н" дыбысы мен әрпіне байланысты жинақтау жҧмысының бары-ына тоқталайық.

  • Нанның суретін кӛрсету, атын атату. Оқушыларға алфавиттік текшеге "н" әрпін орналастыру.

  • "на" буынын оқытып, нан сӛзі шықты ма, жоқ па соны сҧрау.

  • "на" буынына тағы қандай әріп тіркеу керектігін сҧрау, сол "н" әрпін текшеге салдыру, шыққан сӛзді тҧтас оқыту.

  • Нан сӛзі шығу ҥшін неше дыбыс аталғанын, жазған-да неше әріп кәріп отырғанын сҧрап, бекіту.

  • Жазған сӛздерін буындатып оқытып, бір буынды сӛз екенін ҧқтыру.

Қорытындылай келгенде, талдау-жинақтау әдісімен тӛмендегідей кӛптеген жҧмыс тҥрлері жҥргізіледі.
1.Кез келген дыбысты сӛз ішінен талдау әдісімен бӛліп алып, созып айту. 2.Дыбыстың артикуляциясын байқатып, дауысты не дауыссыз екенін
ажыратқызу.

  1. Дыбыстың тҧрған орнын таныту ҥшін сӛз басындағы не аяғындағы дыбыстарды тҥсіріп айтқызу, не осы әріптерді тіркеп қойғызу.

  2. Жуан және жіңішке дыбыстар мен әріптерді салыстыра отырып, ӛтілетін дыбыс, әріп ерекшелігін таныту (ҧн-ҥн, доп-топ, тыс-тіс, т.б.).

  3. "Жоғалған буын" , "Жоғалған әріп", "Менің орным қайда?", "Адасқан әріптер", т.б. ойындаройнау арқылы білімді білікке айналдыру.

  4. Дыбыстың орнын ауыстырып, жаңа сӛздер жасату (бала-қала, дала, шала, кеше, кесе, шеше, апа, аға, ара, аса).

Сауат ашу жҧмысы бірінші жарты жылдықта аяқталады. Бҧл ретте баланы қысқа мерзім ішінде сауатта-дыра отырып, олардың сӛздік қорының мол болуы, тез арада кӛп сӛз оқу, жазу мҥмкіндігіне ие болуы кӛзделіп, буындап және біртіндеп тҧтас оқу әдісі басшылыққа алынады.
Жаңа дыбыстармен таныстырғанда ӛтілген дыбыстарды пысықтау әрі оларды жаңа дыбыспен байланыстыру ҥшін сӛздер жҥйесі белгілі бір алгоритм бойынша тҥзілуі керек. Мҧның ішінде ҧлтымыздың тарихын, мәдениетін, ӛнерін, т.б сипаттайтын шҥҧайлы сӛздерді жаңғыртып, олардың мағынасын балаға саналы тҥрде ҧғындыру ҥшін сӛздік жҧмысьш жҥргізіп отыру қажет.
Бірінші сыныптың екінші жарты жылдығында тіл және оқу материалды кешенді-интегративті оқытылады. Бастауыш сыныптағы сауат ашу ҥрдісінен кейін оқытылатын қазақ тілі бағдарламасы мынадай бӛлімдерден тҧрады."Тіл және сӛйлеу","Дыбыс және әріп".


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   97




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет