Өгiз бен бақа
Бiр Өгiз айдын шалқар келдi,
Жағалап суаты бар жерге келдi.
Шiлденiң сарша тамыз ыссы кезi,
Бек қатты қаны қашып шөлдеп ед
i.
Су iшiп көлдiң шықты жағасына,
Мал едi көз тоятын қарасына
Артықша бiр көлбақа күншiл екен,
Сол көлдiң Бақасының арасында.
Өгiздi суға тойған Бақа көрдi,
Секiрiп көршiсiне жетiп келдi.
«Боламын мен де сонау өгiздей»,
-
деп,
Жел тартып, iсiп
-
кеуiп, қарнын кердi.
Сұрады жолдасынан: «Толдым ба?
–
деп,
159
Өгiздей анау тұрған болдым ба?»
-
деп.
Өгiз бен екеуiне қарап тұрып,
Жолдасы жауап бердi сонда бүй деп:
«Өгiздей болу саған қайда, шырақ?!
Араңыз екеуiңiздiң тым
-
ақ жырақ!
Онымен бiрдей болып толмақ түгiл
қалпыңнан асқан жоқсың артығырақ».
«
Қарашы! Ендi қандай болдым?
–
дедi,
Мiне, мен жаңа айдай толдым!»
-
дедi.
Жолдасы тағы қарап денесiне:
«
Қалпында қараң менен пормың»,
-
дедi.
Дүниеде мұнан күншiл кем
-
дi Бақа!
Зорланды қарнын керiп ендi Бақа.
Шыдамай
жұқа қарын керуiне,
Жарылып, сол арада өлдi Бақа.
……………………………………….
Күнәсi күндегiнiң жаман қатты,
Күндей ме бiреуге алла берген бақты?!
Өгiздi күндеп, сондай боламын деп,
Көлбақа онан қанша пайда тапты?
Әуелде құдай өлшеп берген дене,
Қаншама зорланғанмен артылмапты.
Нақыл сөз: «Әлiн бiлмес әлек» деген,
Осындай әуре болған жаннан қапты.
Ахмет Байтұрсынов
Көзi тоймаған ит
Көпiрге түстi бiр ит сүйек тiстеп,
Ойы бар көпiрменен дария кешпек,
Көрiндi су бетiнде бүгiн бiр ит,
Бұнда да бiр сүйек бар, бақса түстеп.
Судағы ит бұл бейбақтың көлеңкесi,
Бiлерлiк көлеңкенi болмады есi,
Толымды көрiнген соң анау сүйек,
Ол иттен тартып алмақ бар дәмесi.
Сол оймен атты суға айбаттанып,
Бар күшiн жинап бойға қайраттанып,
Түскен соң жойқын суға, ол батырдың
160
Iсiнiң не болмағы айдан жарық.
Әрқайда аш көздiнiң олжасы осы,
Байқасаң iс түбiне көзiң салып.
Достарыңызбен бөлісу: |