Өзбекстан республикасы жоғары және орта арнаулы бiлiм министрлiгi а. Бектаев, Т. Турткулбаева



Pdf көрінісі
бет79/85
Дата13.10.2024
өлшемі1,27 Mb.
#147956
түріУчебное пособие
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   85
Екi теке
 
Екi теке келiп түстi көпiрге,
Бiреуi әрi, бiрi берi өтуге,
Көпiрдiң дәл ортасында килiгiп,
Бiрiне бiрi бақырды кейiн кетуге.
Шайқасып бас, бiрiнiң тiлiн бiрi алмай,
Сүзiспекке кiрiстi, қарап тұра алмай.
Тар көпiрдiң секiрiстi үстiнен,
Бiрiнен бiрi қояр ма, сiрә, кек алмай.
Екеуi де суға құлап тыныш тапты,
Жiгiттiк қып көпiрдi тезден босатты.
Ерегiстiң нәтижесi осы да,
Таласқандар мұнан артық не тапты?! 

Сәбит Дөнентаев 
Сұрақтар мен тапсырмалар
 
1. Мысал дегенiмiз не?
2. 
Әрбiр мысалды мәнерлеп оқып, жатқа айту.
3. Мысалдардың идеясы мен мазмұнын ашып берiңдер.
4. Ақындардың басқа да мысал
-
өлеңдерiн оқу.
ЛИРИКАЛЫҚ ТУЫНДЫЛАРДЫ ОҚУ
 
К ү з
 
Сұр бұлт, түсi суық, қаптайды аспан,
Күз болып, дымқыл тұман жердi басқан.
Бiлмеймiн тойғаны ма, тоңғаны ма,
Жылқы ойнап, бие қашқан, тай жарысқан.
Жасыл шөп, бәйшешек жоқ бұрынғыдай,
Жастар күлмес, жүгiрмес бала шулай.
Қайыршы шал
-
кемпiрдей түсi кетiп,
Жапырағынан айрылған ағаш, қурай.
Бiреу малма сапсиды, салып иiн,
Салбыраңқы тартыпты жыртық киiм.
Енесiне иiртiп шуда жiбiн,
Жас қатындар жыртылған жамайды үйiн.
Қаз, тырна қатарланып қайтса бермен,
Астында ақ шомшы жүр, ол бiр керуен.


161 
Қай ауылды көрсең де, жабырқаңқы,
Күлкi
-
ойын көрiнбейдi, сейiл
-
серуен.
Кемпiр
-
шал құржаң қағып, бала бүрсең,
Көңiлсiз қара суық қырда жүрсең.
Кемiк сүйек, сорпа
-
су тимеген соң,
Үйде ит жоқ, тышқан аулап, қайда көрсең.
Күзеу тозған, оты жоқ елдiң маңы,
Тұман болар, жел соқса, шаң
-
тозаңы.
От жақпаған үйiнiң сұры қашып,
Ыстан қорыққан қазақтың құрысын заңы.

Абай Құнанбаев 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   85




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет