162
Үскiрiк
-
аяз қызыл шартылдап тұр.
Қой ығып, басын қоршап ыққа тығыр,
Көмiлiп қалың қарға қарқындап тұр.
Сүйенiп таяғына қой қасында,
Дiрiлдеп Таймас сорлы қалтылдап тұр.
Аяқта жуан жiппен буған шарық,
Сүйрелiп киiз шұлғау, жалпылдап тұр.
Ашылып қабырға
-
омырау қарға қарсы,
Тақымы шалбарынан жалтылдап тұр.
Денесiн қалыбымен суық ұстап,
Ызың жел селкiлдетiп, аңқылдап тұр.
Мойнына жабысқан қар ери қатып,
Иекте мұз сүңгiлер салпылдап тұр…
Жылы iшiк, түлкi тымақ, саптамалы,
Дүйсек бай дөң басында салқындап тұр.
«Ары таман қойды қозғап, жайсаңшы!»
-
деп, Таймасқа қожайынсып, шаңқылдап тұр.
Iлияс Жансүгiров
Достарыңызбен бөлісу: