10
Ерекше қасиеттi Долаңқара,
Бiледi жауа ма күн, соға ма жел,
Қарай сап қариялар соған ғана.
Сағынттың естен кетпей, қайран өсек,
Суыңнан бiр жұтар ма ем бауырым төсеп.
Ну орман жағаң толы өрiк, алма.
Сенде екен, құт-береке қайда десек.
Келгенше көптi көрдiң осы жасқа,
Жаһанда жер жетпейдi Үйгентасқа.
Әр жазда Белжайлауда асыр салған,
Жайлауда жадыраман одан басқа…
-
деп «Әке арманы» одан әрi
ағыла бередi. Сол әкенiң арманын үмiт артқан ұрпағы мүлтiксiз орындап,
Қазақстанға алғаш жол тартқандардың
бiрi болып елге жетiп, әкенiң
санасында мәңгi жұмақ болып тұрып қалған туған өлкесiнде алшаң басып
және сол
өлкенiң ажар
-
көркiн өзiнiң асыл сөздерiмен өрнектеп жүрген
ұлынан айналып кетпей ме деген ой кiмдi болса да бүйiрiнен түртiп өтедi.
Жалпы алғанда ақын еткен бiрiншiден, «Әке арманы» болса, екiншiден,
өзiнiң
iшкi қасiретiн сонау ата
-
бабаларының туған топырағының шипалы
табиғатымен емдеуге келгенде алдына Жан салмайтындығы екi бастан.
Содан да болар Оразақын Асқар ешуақытта қасiрет салған жараның бетiн
тырнамай қайта оның емiн өз Қазақстанының әрқилы табиғат құбылыстарын
тауып шарқ ұрып жазылып кеткендей күй кешедi. Және соның өз жүйесiн
жүрегiнен өткiзiп, ақырын аңдағандай
баяу әуенмен жол жорғасын
қамшылай түседi. Яғни өзiнiң бойына бiткен шамасындағы талантына са
ауыр жүк те артпай, екiншi жағынан тым жеңiлдетiп те жiбермей тiзгiндi бiр
қалыпта ұстауға әбден шеберленiп алған ақын. Осыған орай ақынның өз
жаратылысынан толық хабар беретiн «Мейiрiм» жырына көңiл бөлейiк.
Мейiрiм күннiң көзiнде,
Мейiрiм ана сөзiнде.
Адамдық әрбiр жүректен,
Әркiмдi жазсын сезуге.
Бiрге ол кiшiпейiлмен,
Мейiрмен қайғы сейiлген.
Мейiрмен ұстаз үйреткен,
Сәбилер өскен мейiрмен.
Мейiрiм жылы жүздерде,
Мейiрiм пана түздерде.
Мейiрiм бойда мол болса,
Танытар түбi бiздi елге.
Мейiрiм менiң пейiлiм,
Мейiрiмсiз көрсем кейiдiм.
Мейiрiм әсте жауда жоқ,
Бiзде жоқ жауға мейiрiм,
-
дейдi ақын.
Бұл бiздiң бүгiнгi таңдағы жаңа замандық
адамдарда жетiспей жатқан
қасиет. Бұрынғы елдiң мейiрiмдерi өз арнасын таппаған соң, олар да басқаша
11
болып кеттi ме әйтеуiр, ойлауымызша бар дүниенi бүлдiрiп жатқан сол
адамның мейiрiмi
мен пейiлiнiң бұзылғанына
таң қаласың. Ақын соны
ақырын айтып өз оқырмандарына сiңiрiп жатқандай.
Былайша айтқанда Оразақын Асқар қашан болсын табиғат пен адам
мiнезiндегi астасып жатқан әлемдi барынша
нақты беруге тырысады және
онысы әп
-
әдемi көркем бейне де болып жатады.
Достарыңызбен бөлісу: