Қайталау үшін сұрақтар мен тапсырмалар:
1. Тіл табиғатының басты қасиеті не?
2. Тіл мен қоғам байланысының шарттары нелер?
3. Тіл неге биологиялық құбылыс емес?
4. Тіл базис пе, қондырма ма?
5. Тілдің таңбалық қасиеті қандай?
6. Ұғым не, сөз не?
7. Байымдау не, сөйлем не?
8. Тілдің құрылымы не, жүйесі не?
11
Пайдаланған əдебиеттер:
1.Кəкен Аханов. Тіл білімінің негіздері. Алматы 1978 ж.
2. Ə.Хасенов. Тіл біліміне кіріспе. Алматы 1990ж.
3. О.Азизов. Тилшуносликка кириш. Тошкент 1996 й.
4. Реформатиский А.А. Введение в языкознание. Москва 1967 г.
5. Кодухов В.И.Введение в языкознание. Москва,1979.
6. Dawletov. Тil bilimi tiykarlari Nоkis 2007.
3.Тақырып: Фонетика, оның зерттеу объектілері. Дыбыстардың
классификациясы.
Тақырыптың планы:
1. Фонетиканың зерттеу объектісі - тіл дыбыстары.
2. Фонетикалық тіл білімінің басқа салаларымен байланысы.
3. Фонетиканың тіл білімінде практикалық маңызы.
4. Дыбыстың жалпы теориясында акустиканың орны.
5. Акустикалық белгілер-дыбыс ырағы,дыбыс күші, созылыңқылығы, дыбыс əуені
(тембр), тон.
6. Дыбыстау мүшелері.
7. Дауыссыз дыбыстар, олардың жасалуы.
8. Дауысты дыбыстар, олардың жасалуы.
Таяныш сөздер: тіл дыбыстары, салалар, лексика, морфология, синтаксис, алфавит,
орфография, тіл үйрену, акустика, ырғақ, күш, əуен, тон, мүшелер, дауыссыздар,
артикуляция жолы, орны, дауыстылар,
Əр қандай тіл - дыбыстық тіл. Тіл дыбыстары əр қандай тілдің өмір сүру тəсілі. Егер
сөздер дыбыстардың өзара тіркесі түрінде айтылмаса, тіл қатнас құралы да, пікір алысу
құралы да бола алмас еді.
Тілдің дыбыстық жағы - сөздер мен грамматикалық тəсілдердің өмір сүруінің формасы
болып танылады. «Сөздік пен грамматикалық құрылыс тілдің мазмұнын құрайды да,
дыбыстық жағы оның материалдық жамылғышын, оның физикалық формасын құрайды»
(Л.Р. Зиндер. Общая фонетика. Л.1960, стр 8). Тілдің дыбыстық жағынан өзіне тəн
қəсиеттері мен ерекшеліктері жəне əр түрлі заңдары болады, сондықтан, тіл дыбыстары,
дыбыс заңдары тіл білімінің арнаулы бір саласы - фонетиканың зерттеу объектісі болып
саналады.
Фонетика тіл дыбыстары жəне дыбыс заңдары мен шектеліп қоймайды. Тіл дыбыстары,
олардың құрамы, тілдегі дыбыстардың өзгеру заңдылықтары туралы мəселелер фонетикада,
əрине, маңызды орынға ие болады. Дыбыстарды зерттеу мен дыбыстық тілдің басқа да
мəселелерін, мысалы, буын, епкін жəне интонация мəселелерін қарастыру өз-ара тығыз
байланыста болады. Оның үстіне, тіл дыбыстары мен буын, екпін туралы ілімнің тілдің
12
жазба түріне тикелей қатысы бар. Жазудың теориясы сөйлеудің (речь) деректеріне, тіл
дыбыстарының фактілеріне негізделеді.
Сонымен бірге, фонетиканың зерттейтіндері - тілдің барлық жағдайларында жəне
қызметінде көрінетін дыбыстық құрамдары мен тəсілдері жəне тілдің дыбысталу түрі мен
жазба түрінің арасындағы байланыстар.
Фонетика лингвистика ғылымының арнаулы бір саласы болып, тілдің лексикасымен де,
грамматикасымен де астарласып, байланысып жатады. Əр түрлі тілдердегі сөздердің
дыбыстық жағынан ұқсас жақтары болу мен бірге, айырым жақтары мен өзіне ғана тəн
ерекшеліктеріде болады. Мысалы: түркі тілдерімен финно - угор тілдерінде сөздердің
басында дауыссыз дыбыстардың тіркесіп келмеу ерекшелігіне сай, бұл тілдерде екі немесе
үш дауыссыздың тіркесінен басталатын төл сөздер кездеспейді.
Фонетика грамматиканың морфология саласымен де, синтаксис саласымен де
байланысты. Дыбыстардың алмасуы құбылысы (чередование звуков), ішкі флексия деп
аталған кейбір тілдердегі процесстер де грамматикалық тəсіл ретінде қызмет атқарады.
Синтаксиспен байланысы сөйлемдерде қолданылатын интонация, пауза, фрозалық екпін
жəне мелодика сияқты құбылыстарда көрінеді. Фонетиканың тарихи фонетика деп аталатын
саласының тілдердің тарихи даму жолдарын танып білуде, этимология мен тарихи
грамматикаға қатысты мəселелерді шешуде атқаратұғын қызметі бар.
Тіл дыбыстарын жəне оларға тəн заңдылықтарды зерттеудің теориялық мəні -
дыбыстық өзгерістерді, олардың заңдылықтарын есепке алмай тұрып, лексикалық
құбылыстардың да, грамматикалық құбылыстардың да шығу төркінін, өзгеріп дамуын ашып
айқындаудағы атқаратын өте маңызды қызметі есептеледі. Фонетиканың практикалық
жақтан да үлкен мəні бар. Мектептерде дұрыс оқытудың да, дұрыс жаздырудың да
методикасының көптеген мəселелері фонетикаға негізделеді. Тілдің орфографиясы мен
орфоэпиясына қатысты түрлі мəселелерді оқып меңгеру - тілдің дыбыстық жүйесін, ондағы
жеке дыбыстардың табиғаты мен фонетикалық заңдарды білуді қажет етеді.
Бұрын жазуы болмаған қалықтардың алфавиті мен орфографиясын жасау, сондай-ақ
бұрыннан жазуы бар қалықтардың тілдерінің орфографиясын өңдеп жетілдіру тəрізді
практикалық мəселелер фонетикаға арқа сүйеудің негізінде шешіледі. Радио хабарлары мен
көпшілікке арналған лексияларды оқу тілдің орфоэпиялық нормаларын жете білуді талап
етеді. Шет тілді оқып үйренуде де, оқытып үйретуде де ондағы дыбыстық ерекшеліктер ана
тіліндегі дыбыстармен салыстыру арқылы түсіндіріледі. Фонетика ғылым ретінде жалпы
фонетика жəне жеке фонетика (нақтылы тілдің фонетикасы) болып бөлінеді.
Дыбыстың жалпы теориясын физиканың актустика (естілу) деп аталатын саласы
қарастырады. Дыбыс қандай да бір деннің белгілі бір ортада теңселіп қозғалыуының
нəтижесінде пайда болады. Дыбыс өтетін орта - ауа кеңістігі. Акусттика дыбыстардағы
төмендегідей белгілерді ажыратады:
1.Дыбыс ырғағы (высота звука) уақыт мөлшерінің (секунд) ішіндегі дірілдеудің санына
(количество колебаний) байланысты болады. Дірілдің саны неғұрлым көбейе берсе,
дыбыстың ырғағы соғұрлым өсіп күшейе береді, керісінше дірілдің саны азайған сайын
дыбыстың ырғағы солғындап əлсірей береді. Адамның құлағы бір секунд ішіндегі 16-дан
20000 ға дейінгі дірілдің нəтижесінде пайда болған дыбысты қабылдап ести алады. Сөйлеу
тілінде айтылатын дыбыстардың ырғағы фразалардың түрлеріне жəне олардың эмоциялық
бояуы мен экспрессипті қызметіне қарай өзгеріп отырады. Интонация немесе мелодика деп
аталатын құбылыс, ырғаққа, атап айтқанда, сөйлеу процессінде ырғақтың өзгеруіне
байланысты. Дыбыс ырғағының өзгеруі епкінге байланысты құбылыстарда, əсіресе,
музикальды епкінге ие тілдерде, мысалы, швед тілінде, айрықша маңызды қызмет атқарады.
(М.Н.Матусевич. Введение в общую фонетику. М. 1959. стр. 19).
13
2.Дыбыс күші. (сила звука) дірілдің қарқынына байланысты болады. Егер дірілдің
амплитудасы (кеңдік, көлемділігі), яғни қарқыны, неғұрлым көбейе түссе, дыбыс күшіде
соғұрлым ұлғайып, күшейе береді. Мұны шекті аспаптардан да айқын байқауға болады.
3. Дыбыстың созылыңқылығы акустика белгілерінің бірі (длительность или долгота
звука), ол дірілдің саны мен қоса дыбыстың созылу уақтына (ұзақ не қысқа болуына)
байланысты.
4. Дыбыс əуені (тембр звука) дыбыс дірілнің түрлері, типтермен байланысты. Дыбыс
толқынын тудыратын дірілдің қозғалысы (колебательное движение) күрделі болады. Ол
негізгі тон мен бір неше көмекші тонның қосындысынан жасалады. Көмекші тон парциалды
тон немесе обертон (жоғары тон) деп аталады. Дыбыстың əуені осы аталған обертондардың
санына жəне олардың дыбыс ырғағы, дыбыс күші жағынан негізгі тонмен арақатысына
байланысты болады. Ритмикалы дірілдің (уақыт единицасының бойында өзгермей, тұрақты
болған дірілдің) нəтижесінде тон жасалып пайда болады. Діріл ритмикалы болса, ондай
дыбыстық толқын музыкалы тонның пайда болуына алып келеді. Сөйлеу тілінде əуен
(тембр) түралы ұғым, ең алдымен, дауысты дыбыстар тұралы мəселемен байланысты. Есту
мүшесі дауысты дыбыстарды бір-бірінен əуені (тембрі) жағынан ажыратады. Дауысты
дыбыстарға тон тəн болады да, дауыссыз дыбыстарға, негізінен алғанда, салдырлы тəн
болады. Дыбыстардың жасалуы үшін резонанс (жаңғырық) айрықша қызмет атқарады. Ол
жан-жағы тұйықталып бітелген ауа бар жерде пайда болады, ауыз қуысында əр түрлі
тəсілдер арқылы дауыстылардың əуені жасалады. Жутқыншақ қуысы да белгілі дəрежеде
резонаторлық қызмет атқарады, ауыз қуысымен бірге дауыстылардың əуенін (тембр) жасауға
қатысады, мұнымен бірге, мұрын қуысының да резонаторлық қызметі бар.
Мынадай қорытындыға келуге болады:
а) сөйлеу дыбыстарының күші өкпеден шыққан ауа күшінің дауыс шымылдығына
түсетін қысымымен айқындалады.
ə) сөйлеу дыбыстарының ырғағы (высота звука) дауыс шымылдығының узындығы жəне
оның қысылу қалпына қарай айқындалады. Мысалы, балалар мен əйелдерде дауыс
шымылдығы қысқа жəне оның қысылуы күштірек болады, осыған сай дыбыс ырғағы да
(высота звука) көбейіп күшейе түседі.
б) дауыстылардың созылу қалпы дауыссыздардан басымырақ болады.
в) дыбыс əуені (тембр) сөйлеу кезіндегі ауыз қуысы мен мурын қуысының көлемі жəне
қалпына қарай айқындалады.
Тіл дыбыстарын жəне олардың артикуляциялық жақтарын түсіну үшін, дыбыстау
мүшелерімен олардың əрқайсысының қызметін білу қажет.
Дыбыстау мүшелері мыналар: өкпе, тамақ, көмей, дауыс шымылдығы, тамақ қуысы,
ауыз қуысы, мұрын қуысы, тіл, кішкене тіл, таңдай, тіс, ерін т.б. Дыбыстау мүшелерінің
жиынтығы сөйлеу аппараты (речевой аппарат) деп аталады. Тіл дыбыстары өкпедегі ауаның
сөйлеу аппаратының қатысуы арқылы сыртқа шығуынан жасалады. Дыбыстау мүшелері
ауа жүретін каналдың (дыхательный канал) бойына орналасқан. Өкпеден шыққан ауа
тыныс алатын кеңірдектің өкпеге қосылатын тарамдарынан (бронхи) тамаққа, одан көмейге,
көмейден жұтқаншық қуысына келеді, одан əрі ауа не мұрын қуысы, не ауыз қуысы арқылы
өтеді. Дыбысты айтуда, əсіресе, дауыс шымылдығы мен тіл айрықша қызмет атқарады.
Дауыс шымылдығы көмейде болады. Дауыс шымылдығының керіліп тұруынан діріл пайда
болады да, үн шығады. Ал егер дауыс шымылдығы жиырылып тұрса, онда діріл пайда
болмайды. Сондықтан үн де шыға алмайды. Дауысты дыбыстар осы аталған дауыс
шымылдығының дірілінен пайда болады.
Көмейдің үстінгі жағында жұтқыншақ қуысы болады.Ол ауыз қуысы жəне мұрын
қуысы мен жалғасып жатады. Дыбыстардың айтылуында ауыз қуысымен мұрын қуысы
14
резаноторлық қызмет атқарады. Кейбір үнді дауыссыздар (м,н,ң) мұрын қуысы арқылы
жасалады. Дыбыстардың басым көпшілігінің жасалуында, əсіресе, ауыз қуысы айрықша
қызмет атқарады.
Ауыз қуысындағы мүшелердің ішінде ең басты қызмет атқаратын мүше -тіл. Тілдің
бірде ілгері, бірде кейін жылжуынан, бірде жоғары көтеріліп, бірде төмен түсуінен, сондай-
ақ оның артқы шені мен орта шенінің немесе ұшының қимылынан əр түрлі дыбыстар
жасалады. Мысалы, тілдің ұшы жоғарғы тіске тійуінен тіс (немесе денталь) дыбыстары (т,
д…), ал тілдің артқы шенінің артқы таңдайға тійуінен немесе жуықтауынан тіл арты
дыбыстары (қ,ғ, к,г) жасалады.
Тіл дыбыстарының артикуляциясына айрықша қатысы бар дыбыстау мүшелерінің бірі -
ерін. Еріннің дауысты дыбыстардың (о, ө, ұ, ү,) жасалуына да, дауыссыз дыбыстардың (м,б,
п..) жасалуына да қатысы бар еріннің сүйірленіп дөңгеленуінен еріндік дауыстылар (о,ұ, ө,
ү) жасалса екі еріннің өзара жымдасуынан ерін дауыссыздары немесе билабиаль, дыбыстар
(м, б, п…) жасалады. Астыңғы еріннің үстіңгі тіске тійуінінен немесе оған жуықтауынан
лабиаль-денталь дыбыстар (в,ф) жасалады.
Дауыссыз дыбыстар қайсы тілде болсын, дауысты дыбыстарға қарағанда көп.
Дауыссыздардың кейбіреулері дауыстың (үннің) қатысуы мен жасалса, кейбіреулері
дауыстың қатысунсыз жасалады. Осыған орай, дауыссыздар екі топқа бөлінеді. Оның бірі
қатаң дауыссыздар, екіншісі - ұяң дауыссыздар. Егер дауыссыздарды айтқанда дауыс
шымылдығы (голосовая связка) жиырылып қысылмаса жəне дауыстың (үннің) қатысы
болмаса, онда қатаң дыбыстар жасалады, мысалы, қ, к, т, п, с т.б. Егер дауыссыздарды
айтқанда дауыс шымылдығы үн шығарлық қалыпта болса, онда ұяң дыбыстар жасалады,
мысалы: ғ, г, д, б, з т.б. Тілде қатаң жəне ұяң дауыссыздардың сыңарлары бар: к-г, п-б, т-д,
с-з, ф-в т.б.
Дауыссыздар жұмсақ таңдайдың қалпына қарай ауыз жолды жəне мұрын жолды
дауыссыздар болып екіге бөлінеді. Егер жұмсақ таңдай жоғары көтеріліп, жұтқыншақтан
мұрын қуысына баратын кіре беріс жолды жауып тұрса, онда ауа ауыз қуысы мен өтеді де,
осының нəтижесінде ауыз жолды деп аталатын дауыссыздар (мысалы б, д т.б) жасалады.
Егер жұмсақ таңдай төмен түсіп жұтқыншақтан мұрын қуысына баратын кіре беріс ашық
болса, онда ауа мұрын қуысынан өтеді де, осының нəтижесінде мұрын жолды деп аталатын
дауыссыздар (мысалы, м, н…) жасалады.
Артикуляциялық жолына қарай салдыр (шумные) дауыссыздар (қатаңдар мен үнділер -
глухия и звонкие), шұғыл дауыссыздар (взрывные) жəне ызың дауыссыздар (щелинные)
болып екі топқа бөлінеді.
Шұғыл дауыссыздарды айтқанда, дыбыстау мүшелері бір-біріне жабысады да, бірден
кілт ажырасып кетеді, осының ауа үзіліп, шұғыл шығады. Шұғыл дауыссыздардың осы
қасиеті ескеріліп, олар эксплозив (жарылушы) дауыссыздар деп те аталады. Олар мыналар:
п, б, т, д, к, г, қ.
Ызың дауыссыздар дыбыстау мүшелерінің жымдасуынан емес, тек өз ара жуысуынан,
соның нəтижесінде ауаның сүзіліп шығуынан жасалады. Ызың дауыссыздар кейде фрикатив
(үйкелу) дауыссыздар деп те аталады. Олар мыналар: в, ф, ғ, с, ш, қ, ж, з, һ.
Тілдерде ызың дауыссыздар мен шұғыл дауыссыздардың ерекшеліктерін бірдей
қамтыған дауыссыз дыбыстар да кездеседі. Мұндай дауыссыздар аффрикат дыбыстар деп
аталады - ц, ч.
Дауыссыздар артикуляциялық орнына қарай мынадай топтарға бөлінеді: 1) ерін немесе
лабиаль дауыссыздар - олар ерін-еріндік (губно-губное, билабиаль) б, п, м; еріндік-тістік
(губно-зубные (лабиаль-денталь) ф, в дауыссыздары.
2) Тіл алды дауыссыздары - олар тіс дауыссыздары т, д, с, з, н, л; тіл ұшы (альвеоляр) ч,
ш, р, ж.
3) Тіл ортасы дауыссыздары - орыс қазақ тілдеріндегі й дыбысы.
15
4) Тіл арты дауыссыздары орыс тіліндегі к, г, х, қазақ тіліндегі қ, ғ, ң дауыссыздары.
5) Көмей (фарингаль) - һ дауыссызы.
Тіл білімінде дауыссыз дыбыстар жүйесі консанантизм деп аталады.
Дауысты дыбыстарға тəн акустикалық ерекшелік - оларды музыкальды тонның болуы.
Қазақ тілінде 9 жалаң дауысты дыбыс (монофтонг) - а, е, ы, і, ə, о, ө, ү, ұ, орыс тілінде 6
дауысты дыбыс - а, э, и, ы, о, у бар. Дауыстылардың классификациясының екі түрі (типі) бар:
оның бірі физиологиялық (немесе генетикалық) классификация, екіншісі-акустикалық
классификация.
Физиологиялық классификация фонетикада кең түрде қолданылады. Мұнда
дауыстылар сөйлеу мүшелерінің негізгі үш түрінің қатысы мен қалпына қарап, атап айтқанда
1) тілдің қалпына 2) еріннің қатысына 3)жақтың ашылу қалпына қарай топтастырылады.
1) Тілдің артқы таңдайға қарай жиырылып, бүктеліңкіреп айтылуынан жуан
дауыстылар (а, ы, о, ұ) жасалса, тілдің таңдайдың алдыңғы жағына жуықтап айтылуынан
жіңішке дауыстылар (ə, е, і, ө, ү ) жасалады. Дауысты дыбыстарды жуан дауыстылар
(гуттураль) жəне жіңішке дауыстылар (палаталь) деп екі топқа бөліп қараудың түркі
тілдерінде сингармонизм заңдылығын (дауыстылардың үндесу заңдылығын) танып білуде
үлкен мəні бар.
2) Еріннің қатысына қарай дауыстылар еріндік жəне езулік болып екі топқа бөлінеді.
Еріндік дауыстылар еріннің алға сүйірленуінен жасалса (о, ө, ұ, ү) езулік дауыстылар еріннің
кейін тартылып езудің жиырылуынан жасалады (ы, і, е…) дауысты дыбыстарды еріндік
жəне езулік деп екі топқа бөліп қараудың түркі тілдеріндегі (қырғыз, түркмен, хакас, ойрат
т.б.) ерін үндестігін (губная гармония) талдап білуде үлкен мəні бар.
3) Жақтың ашылу қалпына қарай дауысты дыбыстар ашық дауыстылар (а, ə…) жəне
қысаң дауыстылар (ү, ұ, ы, і) болып екі топқа бөлінеді.
Тілдерде келте (краткий) дауыстылар мен бірге созылыңқы дауыстылар да болады.
Дауысты дыбыстың созылыңқы немесе келте айтылуы əртүрлі фонетикалық жағдайға
байланысты болады.
Дифтонгтар (қосарланған дыбыс) дауыстылардың айрықша бір түрі. Сөйлеу
процессінде екі дауыстының түйіскен жерінде дифтонгты тіркес жасалады. Ол негізгі
дауыстыға жанаса айтылып кететін, өз алдына буын құрамайтын дыбыс. Мұндай
құбылыстар қазақ тілі дауыстыларында да бар. Қазақ тілінде басқа түркі тілдеріндегідей е, о,
ө фонемалары сөздің бас (анлаут) позициясында дифтонг түрде (дифонгоид) айтылып
отырады. Мысалы, ер, ол, өр деген сөздердегі е дауыстысы йэ түрінде, о дауыстысы ұо
түрінде, ө дауыстысы үө түрінде естіліп тұр. Сон мен, дауыстылардың табиғаты түрліше. Тіл
білімінде дауысты дыбыстар жүйесі вокализм деген термин мен де аталады.
Тілде сөздер бір-бірінен мағынасы мен дыбысталуы жағынан ажыратылады. Мысалы,
тас, тес, тоз, тез, біл, біле, біліп, білсе. Тіл білімінде дыбыстардың осы қызметіне қарай
фонема деген ұғым пайда болды. Фонема -сөздер мен олардың дыбыстық формаларын
ажырататын ары қарай бөлшектеуге келмейтін дыбыстық единица. Фонема - бұл тіл
дыбыстары, бірақ ол тіл дыбысы болғанда, сөздердің жігін өзгертіп, морфемалардың жігін
ажырататын дыбыс. Фонема тіл дыбыстарынан бөлек тұрмайды, қайта олар мен тығыз
байланыста болады. Фонемада - тілдің материалдық единицасы, фонемаларды зерттейтін
фонология мен тіл дыбыстарын зерттейтін фонетика екеуі екі түрлі пəн емес, тіл туралы
ғылымның бір бүтін саласының екі түрлі жағы (аспектті). Сонымен, фонема деген ұғым сөз
мағынасын, сөздің жігін жəне морфемаларды ажырататын дыбыстар деген ұғыммен
байланыстырылады.
Тіл білімінде фонема туралы мəселенің өзіне тəн тарихы бар. Фонема туралы ілім орыс
лингвистикасында XIX ғасырдың 70-жылдарында пайда болды. Фонема теориясының алғаш
рет негізін қалаған лингвист - орыс ғалымы Иван Александрович Бодуэн де Куртенэ (1845-
16
1920 жж) оның фонема туралы ілімін белгілі лингвист ғалымдардан академик Л.В.Щерба
жəне Н.С. Трубецкойлар ары қарай дамытты.
Қайталау үшін сұрақтар мен тапсырмалар.
1. Фонетика тілдің қай саласын зерттейді?
2. Фонетика тіл білімінің қай салалары мен байланысады, не үшін байланысады?
3. Фонетиканың пратикалық маңызы қандай?
4.Фонетиканың қандай түрлері бар?
5. Дыбыс теориясында акустикалық белгілер қандай?
6. Дыбыстау мүшелері қайсылар, олардың қызметтері не?
7. Дауыссыз дыбыстар, олар қалай жасалады?
8. Дауысты дыбыстар, олардың жасалулары қандай?
Пайдаланған əдебиеттер:
1.Кəкен Аханов. Тіл білімінің негіздері. Алматы 1978 ж.
2. Ə.Хасенов. Тіл біліміне кіріспе. Алматы 1990ж.
3. О.Азизов. Тилшуносликка кириш. Тошкент 1996 й.
4. Реформатиский А.А. Введение в языкознание. Москва 1967 г.
5. Кодухов В.И.Введение в языкознание. Москва,1979.
6. Dawletov. Тil bilimi tiykarlari Nоkis 2007.
4. Тақырып: Фонетикалық единицалар жəне фонетикалық процестер.
Тақырыптың планы:
1. Фонетикалық единицалар түсінігі.
2. Фонетикалық единицалардың құрамы.
3. Фраза жəне интонация. Интонацияның элементтері.
4. Такт, буын, дыбыс фонетикалық мүшелердің бөлектері.
5. Екпін фонетикалық құбылыстардың бірі, оның түрлері.
6. Сингармонизм жəне оның түрлері.
7. Ассимилиция жəне диссимиляция құбылыстары.
8. Фонетикалық процестердің басқа бөлектері - редукуция, элизия, диэреза, эпентиза,
протеза, акопкопа, метатеза, конвергенция, дивергенция, орфоэпия т.б.
Таяныш сөздер: единица, фраза, интонация, такт, буын, екпін, квантатив, лингваль
сингармонизм,
лабиаль
сингармонизм,
лингваль
сингорманизм,
ассимиляция,
диссимилияция, редукция, элизия, диэреза т.б.
Дыбыстану жағынан алып қаралғанда, сөйлеу (речь) жік-жігімен айтылған дыбыс
шумақтарының тізбегінен құралады. Дыбыстанудың шумағы өз ішінде жігі ажырап, кіші
топтарға (үзбелерге) бөлшектенеді. Олар (шумақтың үзбелері) сөйлеудің фонетикалық
17
единицалары (фонетические единицы речи) ретінде қаралады, олар: 1-фраза, 2-такт, 3-буын,
4-дыбыс.
I. Фраза - ең ірі фонетикалық единица. Бір фраза екінші фразадан пауза (кідіріс)
арқылы ажыратылады. Сөйлеуші екінші фразаны айту үшін бірінші фразадан кейін пауза
жасайды. Пауза жасалғанда дем ішке тартылады да, екінші фразаны айтқанда дем сыртқа
шығады. Мысалы: Қонағын сүймеген баласын ұрады деген сөйлемде екі фраза бар: оның
бірі – қонағын сүймеген, екіншісі – баласын ұрады. Бұл фразалардың басын біріктіретін
нəрсе -интонация. Интонация төрт элементтен құралады: 1) Мелодика - деп дыбыс
ырғағының көтеріліп барып бəсеңдеуін немесе бəсеңдеп барып қайта көтерілуіне айтылды.
Əрбір тілдің өзіне тəн мелодикалық кестесі (мелодическая рисунка) болады. Паузамен бірге
мелодика да сөйлеуді мүшелеу тəсілі құралы ретінде қызмет етеді. Сөйлемнің бөлшектері
айтылуда дауыстың көтеріліп төмендеуі немесе төмендеп барып қайта көтерілуі арқылы
ажыратылады. Хабарлы сөйлемде паузаның алдындағы сөз көтериңкі дауыспен айтылады
да, оннан кейінгі бөлшектің () құрамындағы сөздерде дауыс біртіндеп бəсеңдей береді.
Мысалы, сіркіреп жауған жауын түні бойы басылмады.
2. Интонацияның екінші элементі сөйлемнің темпі. Темп сөйлеудің шапшаң немесе
баяу болуы деген.
3. Сөйлеудің үдемелілігі (интенсивность речи) интонацияның үшінші элементі
сөйлеудің үдемелілігі айтылудың күштілігі немесе əлсіздігі (демнің қатты немесе əлсіз
шығуы).
4. Төртінші элемент - сөйлеудің əуені (тембр речи, тембр высказывания). Сөйлеудің
əуені айтылудың мақсатына қарай, «көңілді» немесе «ойнақы», «қапалы (қайғылы)» немесе
«қорқынышты» (үрке сөйлеу əуені) болуы мүмкін. Сөйлеу əуені бар да, дауыс əуені (тембр
голоса) деген бар. Дауыс əуені (мысалы, баритон, бас, тенор, сопрано т.б. ) мен дыбыс əуені
(темб звука) сөйлеу əуенінен басқаша болады. Бұларды бір-бірінен шатастырмау керек.
II. Такт сөйлеудің фонетикалық мүшелерінің екіншісі есептеледі. Фраза тактларға
ажыратылып бөлшектенеді. Такт фразаның бір екпінге бағынған бөлшегі. Тілдердегі атауыш
сөздердің əр қайсысы бір-бір екпінге ие болғандықтан, өз алдына бөлек такт болып бөліне
алады. Ал көмекші сөздер бөлек екпінге ие бола алмайды. Сондықтан олар өз алдына бөлек
такт құрай да алмайды. Көмекші сөздер атауыш сөздердің не алдында, не соңында келіп,
олармен тіркескен қалпында бір такт жасай алады.
III. Буын сөйлеудің фонетикалық мүшелерінің үшінші единициясы. Такт буындарға
жіктеліп бөлшектенеді. Буын бір дыбыстан немесе бір неше дыбыстың тіркесінен жасалады.
Буын жасайтын дыбыстар - дауысты дыбыстар. Дауыстылар жеке-дара күйінде де,
дауыссыздармен тіркесіп келіпте буын құрай береді. Кейбір тілдерде, мысалы чех, серб
тілдерінде дауыссыз дыбыстар да буын құрай алады. Дыбыс құрылысы жағынан буын үш
түрге бөлінеді.
Ашық буын - ала, əке, ата, қара, дала т.б.
Туйық буын - оң, ол, оқ, ақ, ас, ұл,өрт, ант т.б.
Бітеу буын - құс, құм, күн, қан, қас, қар т.б.
IV. Сөйлеудің фонетикалық мүшелерінің төртіншісі жəне ең кішісі дыбыс есептеледі.
Екпін – тілдерде белгілі фонетикалық құбылыстардың бірі. Сөз құрамындағы
буындардың айтылуы біркелкі бола бермейді. Ол буындардың біреуі басқаларына қарағанда
айқынырақ ажыратылып көтеріңкі айтылады. Екпін түскен буын басқа буындардан үш түрлі
тəсіл арқылы ажыратылады.
1) Буынның біреуі басқа буындардан айрықша күшті айтылуы арқылы ажыратылады.
Екпіннің мұндай түрі лебізді екпін немесе динамикалық екпін деп аталады. Бұл екпін
буынның күшімен байланысты болады, басқа буындардың ішінде бір буынның айрықша
көтеріңкі айтылуына негізделеді. Екпіннің бұл түріне ие тілдер - славиян тілдері (орыс,
18
украин, белярус т.б.), түркі тілдері (азербайжан, башқұрт, қазақ, қарақалпақ, қырғыз, өзбек,
татар, түркмен т. б.), герман тілдері (ағылшын, неміс т.б.)
2) Басқа буындардың ішіне бір буын айтылу тонының ырғағы (высота тона) арқылы
ерекшеленіп, дауыс шымылдығының дірілінің жиіленуіне негізделеді. Екпіннің бұл түрі
тоникалық немесе музыкальды екпін деп аталады. Екпіннің бұл түріне ие тілдер - қытай,
корей, дүнген, япон, серб, литва т.б. тілдер.
3) Басқа буындардың ішінен бір буын өзінің құрамындағы дауыстының созылыңқы
айтылуы арқылы ажыратылады. Бұл квантатив (сан, мөлшер) екпін деп аталады. Түркі
тілдері тұрақты екпінге ие тілдердің тобына кіреді. Түркі тілдерде, соның ішінде қазақ
тілінде екпін көбінесе сөздің соңғы буынына түседі.
Сөздердің құрамындағы немесе сөздердің аралығындағы дыбыстар біріне-бірі ықпал
етіп, бірімен-бірі өз ара үндесіп айтылады.
Дауыстылардың бір-бірімен өз ара үндесуі - сингорманизм (бірге байласу, үндесу) деп
аталады да, дауыссыздардың бір-біріне ықпал етіп өз ара үндесуі ассимиляция (ұқсасу,
уподобление) деп аталады. Түркі тілдерінде сингармонизм құбылысы (дауыстылардың бір-
бірімен өз ара үндесін айтылу құбылысы) айрықша орын алады. Тілдерде сингорманизм мен
ассимилияциядан басқа диссимилияция (ұқсау, расподобление) деп аталатын дыбыс
өзгерістері де бар.
Түркі тілдеріндегі байырғы сөздерде сингорманизм екі түде ұшырасады:
1) дауысты дыбыстар тілдің қатысы жағынан 2) еріннің қатысы жағынан бір-бірімен өз
ара үндесіп айтылады.
1) Лингвалдық сингамонизм. Тілдің қатысы жағынан өз-ішінде дауыстылар не бір
ыңғай жуан дауыстылар, небір өңкей жіңішке дауыстылар болып үндеседі. Сөз құрамында
соңғы буындардағы дауыстылар алдынғы буындағы дауыстының əуеніне қарай ығайланып
айтылады. Дауыстылардың бұлайша үндесуі лингвалдық сингармонизм деп аталады.
Сингорманизм заңы бойынша түбір сөздегі дауыстылар қосымшалардағы дауыстыларды
билеп, өзінің əуеніне қарай икемдеп бағындырады. Түбір сөздегі дауысты дыбыс жуан
болса, қосымшалардағы дауыстылар соған бағынып, жуан түрде жалғанады - ауыл=дар=дан.
Түбір сөздегі дауысты жіңішке болса, қосымшалардағы дауыстылар түбірдегі дауыстыға
икемделіп, жіңішке түрде жалғанады - ел=дер=ден. Түркі тілдерінде қосымшасыз түбір
сөздің құрамы (байырғы сөздерде) екі-үш буыннан құралғанда, ол буындардағы
дауыстыларда не бір өңкей жуан (тамыр, тоқсан), не бір өңкей жіңішке (көңіл, көлеңке)
түрде келеді. Бұл айтылғандарды түркі тілдерінің байырғы лексикасына қатысты деп түсіну
қажет. Жуанды-жіңішкелі аралас буындардан құралған сөздер басқа тілдерден енген сөздің
тобына кіреді. Аралас буынды сөздерге қосымшалар соңғы буынның ыңғайына икемделіп
жалғанады. (кітапқа, мұғалім-ге, антоним=дер).
Лингвальдық сингармонизм өзбек тілінен басқа түркі тілдерінің бəрінде бар. Түркі
тілдерінде бірең-сараң аффикстер ғана үндесуден сырт қалып, бір- вариантта ғана
ұшырасады. Мысалы: қазақ тіліндегі - баланікі, əкенікі, досымдікі, қарындастікі, өнерпаз,
білімпаз, дүниеқор, жемқор, пəлеқор, ақылгөй, шеберхана т.б.
2) Ерін үндестігі немесе лабиальдық (еріндік) сингармонизм. Бастапқы буындағы ерін
дауыстының ыңғайына қарай, соңғы буындар да ерін дауыстыларының келуі дауысты
дыбыстардың ерін қатысы жағынан үндесуі нəтижесінде болады. Лабиальдық
сингармонизмнің табиғаты лигвальдық сингармонизмге қарағанда өте-мөте күрделі жəне
оның сөз құрамындағы келесі буындарға əсері түркі тілдерінің əрқайсысында түрлі-түрлі
болады. Ерін үндестігі түркі тілдерінің ішінде қырғыз тілінде өте-мөте күшті. Бұл тілде бас
буында ерін дауыстысы келсе, соның ыңғайына қарай, соңғы буындар да ерін дауыстылар
келеді. Мысалы, қолдор (қолдар), қолғо (қолға), қолдарғо (қолдарға), көлдөрдө (көлдерде),
көлдөрүңүз (көлдеріңіз) көлдөрүңүздүн (көлдеріңіздің) т.б. Қазақ ноғай, қарақалпақ
тілдерінде бірінші буындағы еріндік дауыстының екінші буындағы тек қысаң дауыстыға ғана
19
əсері болады, соның өзінде де ол жазуда еленбейді. Еріндіктің əсері екінші буыннан асқан
соң, мүлдем əлсіреп жойылады. Мысалы, қазақ тіліндегі көлеңке, өмірде т.б.
Сөз құрамында немесе сөздердің, аралығында көршілес келген дыбыстардың бірі
екіншісіне ықпал етіп, өз ара үндесуі ассимиляция деп аталады. Ассимиляцияның
нəтижесінде бір дыбыс екінші дыбысты толық бағындыруы да, жартылай бағындыруы да
мүмкін. Осыдан келіп, ассимиляция толық ассимиляция жəне жартылай ассимиляция деп
аталатын екі түрге бөлінеді. Егер тетелес келген екі дыбыстың бірі екіншісін дəл өзіндей
етіп, толық бағындырса, толық ассимиляция болады мысалы, сүзсе деген сөз сөйлеу
процесінде сүссе түрінде, басшы деген сөз башшы түрінде айтылады. Егер тетелес келген екі
дыбыстың бірі екіншісін дəл өзіндей етіп өзгертпей, бір жақты, жартылай ғана икемдессе,
бұл жатылай ассимиляция болады. Мысалы, күз-дік, жас-тық деген сөздердегі
қосымшалардың бірінде уяңнан, екіншісінде қатаңнан бастап жалғануы сол түбір сөздердің
біреуінің соңғы дыбысы уяң, екіншісінің соңғы дыбысы қатаң болуына қарай икемделіп
үндесуінен. Көрші дыбыстардың бірінің екіншісіне ықпал ету бағытына (не ілгері, не кейін)
қарай ассимиляция екі түрге бөлінеді - бірі прогрессивті ассимиляция, екіншісі регрессивті
ассимиляция. Алғашқы дыбыстың кейінгі дыбысқа ықпал етіп, оны өзіне бағындыруы
прогрессивті ассимиляция болады. Мысалы, күміс деген сөзге қосымшалардың қатаңнан
басталып жалғануы (күміс=тен, күміс-ке) түбір сөздің қатаңға бітіп, қосымшаның бастапқы
дыбысын өзіне бағындыруынан (алып бер=алып пер т.б.) .
Кейіні дыбыстың алғашқы дыбысқа ықпал етіп, оны өзіне бағындыруы регрессивті
ассимиляция болады. Мысалы, н дыбысы ерін дыбыстарының (с, б ,п) алдынан келсе (сөнбе,
жанпейіс), ол н айтылуда өзінен кейінгі ерін дыбыстарының ықпалымен м дыбысына
айналады. (айтылуда сөмбе, жампейіс). Орыс тіліндегі сделать-зделать сияқты.
Диссимиляция біртектес дыбыстардың арасында болады. Біркелкі дыбыстардың немесе
өз ара ұқсас дыбыстардың əр басқа дыбыстар немесе сəл ғана ұқсастар болып өзгеруі
диссимиляция деп аталады. Диссимиляция -ассимилияцияға қарама-қарсы құбылыс.
Мысалы, феврарь (латынша februarius) сөзінің февраль болып өзгеріп қалыптасуы -
диссимиляция құбылысының нəтижесі. Орыс тіліндегі верблюдь сөзі велблюд сөзінің
өзгерген түрі. Түркі тілдеріндегі өзгеруінен диссимиляция құбылысын аффикстеріндегі л,н
дыбыстарының өзгеруінен көруге болады. Мысалы, қазақ, қырғыз тілдерінде л дыбысына
аяқталған сөзге аффикстерде л дыбысынан басталып жалғануға тиісті болғанымен, ол өзгеріп
д дыбысына айналады. Мысалы, қазақша ауыл=лар, ауыл=дар, қырғызша айыл-лар>айыл-
дар, молла – молда т.б. Түрік тілінде ж (дж), ч аффрикаттарының шұғыл (смычные)
элементтерінің (д,т) белгілі бір фонетикалық жағдайларда жойылып, соның нəтижесінде бұл
аффрикаттардың тек ызың дыбыстарға (ж,ш) айналуын диссимиляция құбылысына
жатқызылып жүр. Мысалы: 1) ч дыбысының диссимиляцияға ұшырауы: gecmek (гешмек),
kасtі (қашты), uckun (үшқүн) т.б. 2. ж (дж) дыбысының диссимиляцияға ұшырауы: eсdаt
(эждат-ата баба), tеcdіt (тэждит-жаңалану, жаңарту), еcnаs (эжнас-тұқым, порода, сорт)т.б.
Фонетикалық процесстердің қатарна редукциямен элизия құбылыстары жатады.
Белгілі бір фонетикалық жағдайда дыбыстардың əлсіреп көмескіленуі, соның нəтижесінде
олардың дыбысталуының өзгеруі редукция деп аталады. Кейбір фонетикалық жағдайда
дыбыстардың мүлдем түсіп қалуы элизия деп аталады. Элизия редукциямен тығыз
байланысты. Элизия редукциясының нəтижесі деп атауға болады. Дауыстылардың ішінде
редукцияланатын дыбыстар көбінесе қысаң дауыстылар. Əдетте редукцияға ұшырайтындар
екпін түспеген буындағы дауыстылар. Түбір сөздерге аффикстер жалғанғанда, түбірдің
соңғы буынындағы қысаң дауысты екпінінің аффикске ауысып кетуінен редукцияланып,
мүлдем түсіп қалады. а) сонор дыбыстардың аралығындағы қысаң дауыстылар: орын+ы -
орны, ерін+і - ерні, мұрын+ы-мұрыны, қарын+ы-қарны, қойын+ы-қойыны, мойын+ы-мойны
т.б. ə) сонор дыбыс пен ұяң дыбыстың аралығындағы қысаң дауыстылар: өзбекше уғил+и-
уғли, бағир+и - бағри , улуғ+ай - улғай, сариқ+ай –сарғай; қазақша ауыз+ы-аузы т.б. б)
20
сонор дыбыс пен қатаң дыбыстың аралығындағы қысаң дауыстылар: көрік+і-көркі, бөрік+і-
бөркі, құлық+ы-құлқы, тұрық+ы-тұрқы, халық+ы-халқы т.б. Дауыстылардың элизиясы (түсіп
қалуы) сөздің тіркесінің құрамындағы сөздердің аралығында, сондай-ақ біріккен сөздердің
құрамында да кездесуі мүмкін. Мысалы: торы ат айтылуы - торат, ала ат-алат, алты ай-
алтай, айта алмадым-айталмадым, келе алмады-келалмады, қайын аға-қайнаға.
Фонетикалық процестердің қатарына диэреза, эпентеза, протеза, акопкопа, метатеза
құбылыстары да кіреді. Диэреза ассимиляцияға негізделеді. Орыс тіліндегі т, д шұғыл
дауыссыздарының екі созылыңқы дауыссыздың арасында ығыстырлуы - честный (чэсней),
праздный (празнэй) сондай-ақ повестка (повиска), поездка (поэзка).
Эпентиза - екі дыбыстың аралығына қосалқы дыбыстың келіп кіруі - метр, литр - метір,
литір, трактор - тырактор (тырақтыр) т.б.
Протеза - дыбыстың сөздің алдына қослуы - орыс тіліндегі шкаф, стакан, стол
сөздерінің қазақша ышкап, ыстақан, үстөл түрінде айтылуы. Эпентеза -дыбыстың сөздің
соңына қослуы - мысалы орыс тілінен енген киоск, танк, пропуск, диск сияқты сөздердің
қақша танкі, киоскі, пропускі, дискі түрінде айтылуы.
Акопкопа - тілде кейбір сөздердің соңындағы дыбыстардың түсіп қалуы, қысқартылып
ықшамдалуы. Мысалы, иран тілінен кірген тахт сөзінің қазақша тақ түрінде айтылуы.
Метатеза - сөз құрамындағы дыбыстардың орнының ауысуы - мысалы, өкпе-өпке жамғыр-
йағмыр, жапырақ-жарпақ т.б.
Тілдегі фонетикалық құбылыстар жəне олардың өзгеруі мен дамуының белгілі бір
заңдылықтары болады. Белгілі бір тілдің дамуының əртүрлі кезеңдерінде немесе туыс
тілдердің арасында дыбыстардың тұрақты (жүйелі) сəйкестігі фонетикалық заңдар деп
аталады. Түркі тілдерінде дауысты дыбыстардың не біркелкі жуан, не біркелкі жіңішке
болып үндесуі - ертеден бері өмір сүріп келе жатқан жəне əбден қалыптасқан фонетикалық
заң. Сондай-ақ түркі тілдерінде қатар келген дауыссыздардың не бір ыңғай қатаң, не бір
ыңғай ұяң болып үндесуі де қалыптасқан заңдылық болып саналады.
Фонетикалық заңдылықтардың ішінде кейбіреулері туыстас тілдердің барлығына
бірдей қатысты болады да, қайсы біреулері немесе бір-біріне өте жақын бірнешеуіне ғана
қатысты болады. Мысалы, есім сөздердің аяғындағы ш дыбысының с дыбысына айналуы
– түркі тілдердің барлығына бірдей емес, тек қазақ тілімен қарақалпақ тіліне ғана тəн
құбылыс. Мысалы, жалпы түркілік (общетюркский) баш, қуш деген сөздер қазақ тілінде ш
дыбысының с дыбысына айналу заңдылығына сəйкес, бас, құс түрінде айтылып
қалыптасқан. Тілдің фонетикалық жүйесі үшін дыбыстық өзгерістердің ішінде
фонемалардың санын өзгерте алатын өзгерістер өте мəнді болып табылады. Тілдің тарихи
дамуы барысында біріне - бірі қарама-қарсы екі түрлі дыбыстық өзгеріс болуы мүмкін.
Оның бірі - конвергенция (бірдейлесу) құбылысы, екіншісі - дивергенция (ажырасу)
құбылысы. Тілдің даму барысында əртүрлі екі фонеманың бір фонеманың бойына сіңісіп,
ұласып кетуі - конвергения деп аталады. Мысалы көне түркі тіліндегі зат есім баш, қуш
деген сөздердің құрамындағы ш дыбысының қазақ тілінде с дыбысына айналуы нəтижесінде,
бұл сөздер етістік бас,құс деген сөздер мен бірдей дыбысталатын болды. Тіл тарихын жете
білу үшін фонетикалық заңдарды білумен бірге, сөздердің семантикалық жақтан өзгеру, даму
заңдылықтарында, есепке алу қажет.
Тілдегі дыбыстар мен дыбыс тіркестерінің айтылу ережелерін, сонымен бірге сөздермен
фразалардың да дұрыс айтылу ережелерін қамтийтын фонетикалық процестердің бірі
орфоэпия (тура, дұрыс сөйлеу) есептеледі. Сөз құрамындағы дыбыстар немесе сөздердің
аралығындағы дыбыстар бір-біріне өз ара үндесіп, үйлесе айтылады. Сөздер мен сөз
тіркестерінің жазлуымен айтылуының бір-біріне əрқашан сайма-сай келе беруі шарт емес.
Орфоэпия мəселелерінің ішіндегі негізлерінің бірі - екпін туралы, мəселе мысалы: орыс
тіліндегі вода, нога, воду, ногу, хлопок, хлопок. Қазақ тіліндегі Сарыарқа-айтылуда Сарарқа
т.б. Əрбір сауатты адам үшін жазудың ережелерін меңгеріп, дұрыс жаза білу қаншалық
21
қажетті жəне міндетті болып саналса, айтылудың ережелерін меңгере білу, сөйлеуде
үндестікті сақтап айту, жалпыға ортақ қалыптасқан қағидалардан ауытқымау да соншалық
қажет жəне міндетті болып саналады.
Достарыңызбен бөлісу: |