Сұрақтар мен тапсырмалар
1. Фольклор ғылымы қалай пайда болды
?
2. «Фольклор» сөзінің анықтамасы қандай
?
3. Фольклор шығармасы туралы ғалымдар қандай пікірде болды
?
Əдебиеттер:
1. Ə.Қоңыратбаев. Қазақ фольклорының тарихы. Алматы, 1991.
2. М.”абдуллин. Қазақ халқының ауыз əдебиеті. Алматы, 1981.
3. Қазақтың тəлімдік ой-пікір антологиясы. Алматы, 1994.
4. С.Қалиев. Халық педагогикасының ауыз əдебиетіндегі көрінісі. Алматы, 1987.
5. Ə.Марғұлан. Ежелгі жыр, аңыздар. Алматы, 1983.
8
Қазақ фольклорының даму кезеңі
Жоспары:
1. Орыс əдебиетінің шығыс фольклористикасы.
2. Қазақ фольклористикасының даму кезеңі.
3. Бүгінгі қазақ фольклористикасы.
Тірек сөздер: XIX ғасырдағы ориентализм бағыты, қазақ фольклорын жинап,
зерттеген орыс ғалымдары. Қазақ фольклорының баспа бетіне шығуы. Бүгінгі қазақ
фольклористикасының зерттелуі.
XIX ғасыр бойында орыс фольклористикасында шығыс мəдениетін зерттейтін
ориентализм бағыты өрістейді. Бұл ғылыми арна Орта Азия, Қазақстан, Алтай, Сібір
жерлерін мекендеген көщпелі тайпалар - қазақ, қырғыз, өзбек, қарақалпақ, əзербайжан,
татар, құмыр, башқұрт, түрікмен, ұйғыр, қалмақ халықтыарының тарихы мен тілін
этнографиясын, археологиясын, фолклоры мен музыкалық өнерін зерттеуге ерекще үлес
қосты. Ориенталистер тарих (Левшин, Крафт), фольклор (Радлов, Березин, Потанин,
Катанов, Иванов, Кастанье, Диваев), тіл (Саблуков, Ильминский) археология мамандары
болып, ежелгі түркі тайпаларының бай фольклор шығармаларын жинап, бастырады. Бұл
бағыттың көшбасшылары «Трансоксания тарихын» жазатын Г. Вамбери, қытай
мəдениетін зерттейтін Н.Я. Бичурин, Тибет еліне саяхат жасайтын Н.М. Пржевальский,
географ Семеновтар болған еді. Орыс ғалымдарының шығыс өнері мен мəдениетін
зерттеуге сіңірген қызметі осы халықтар арасындағы тарихи-мəдени байланыстың
алғашқы айғағы болды.
Орыс ориенталистердің көптеген еңбектері мен ғылыми іэденістері бүгінгі қазақ
фольклористикасында айтарлықтай терең зерттеле қойған жоқ. Өзінің бағыты жағынан
олардың позитивтік фольклористиканың көрінісі болғаны бар. Енді біредерінде , (мысалы,
Илминский) миссионерлік сарын да болды. Алайда, тұтас алғанда, ориенталистер бағыты,
олардың шығыс халықтары фольклорын жинап, зерттеудегі еңбегі аса елеулі еді. Оларды
біз ұлт мəдениетін зерттеуші ориенталист-ғалымдар дейміз.
Қазақ фольклористикасында тұңғыш рет орыс тіліне аударылып баспа көрген сюжет -
«Қозы Көрпеш-Баян сұлу». Оның башқұрт тіліндегі нұсқасын Т.Беляев 1812 жылы
Қазанда «Куз - Курпеч» деген атпен орыс тілінде жариялайды. Осы 1812 жыл қазақ
фольклорын жинаудың басы болды. Сол кезден бастап, бір ғана «Қозы Көрпещ» жыры
мен кешенің төңірегінде көптеген зерттеулер жарық көрді. Ориенталистер дəстүріндегі
фольклористика біз үшін үстіміздегі ғасырдың отызыншы жылдарына дейін жемісін беріп
келді. Соның биік бір табысы 1922 жылы Ташкентте басылған батырлар жыры болса
керек. Оған Ə. Диваевтың сіңірген еңбегі зор. Т. Беляев бастамасын Саблуков (1880),
Пушкин (1833), Радлов, Березин, Кастанье, Потанин, Диваевтар жалғастырып, қазақ
халқының фольклорын одан əрі зерттеп, бастырады. Осы ғылыми ізденістің биік бір
көрінісі орыс ғалымы И.А.Чеканинскийдің «Қозы Көрпеш» (1927) жыры туралы
салыстырмалы зерттеуі болған еді.
Қазақ халғының музыка фольклорын көптеп жинаған А.В.Затаевичтің ардақты есімі
сияқты, қазақ фольклорын зерттеуге айрықша еңбек сіңірген ғалымдар ішінен В.В.Радлов,
Г.Н.Потанин, Ə.А.Диваев еңбектерін үлкен ілтипатпен атаймыз.
В.В.Радлов (1937-1918) - Германияда туып өскен атақты фолклоршы - ғалым. Жас
кезінен тиянақты білім алып, 1858 жылы филология ғалымының магистрі атағына ие
болады. 1870 жылға дейін Барнаулдағы тау-кен училищесіне неміс жəне латын тілдерін
9
меңгеріп шығады. 1862 жылы іле мен Ыстыққөл маңын шарлап, Аяқөз елінен «Қозы
Көрпеш - Баян сұлу» жырын жазып алады. Дəл осындай сюжетті ол барабы (абакан)
татарлары арасынан да кездестіреді. Көп жырлардағы ізденіс нəтижесінде ол Орта Азия
халықтарының фольклорын жинаумен ғана шектелмей, келелі ғылыми зерттеулер де
жазады. Ұйғыр, Алтай жерлерін аралап, «Қозы Көрпеш» жырының ұйғыр тіліндегі
нұсқасын табуы да елеулі жаңалық болды. Осы ізденістерінің нəтижесі ретінде В.В.Радлов
1866 жылдан бастап, түркі тайпалары əдебиетінің он томдық жинағын жарыққа шығара
бастайды. Бұл көптомдық еңбектің əр кітабы əр түрлі халықтардың фольклорына
арналған-ды. Мысалы, III томында қазақ фольклорының үлгілері қамтылса (1870), IV
томы-барабы, V томы-қырғыз, VI томы-ұйғыр, ең соңғы X томы-осман түріктерінің
фольклорына құрылған. Бұл еңбегін В.Радлов неміс тілінде де жариялап отырған.
1871 жылдан бастап В.Радлов Қазан қаласына барып, қазақ, башқұрт, татар
халықтары арасында орыс мектебін ұйымдастырушы инспектор болып қызмет атқарады.
Уфада мұғалімдер семинариясын ашып, онда көбіне татар, қазақ, башқұрт жастарын
оқытады. Осы кезеңде ол Катаринский сияқты Ы.Алтынсариннің арқа сүйер достарының
біріне айналады.
1884 жылы фольклористика ғылымына сіңірген зор еңбегі үшін В.Радлов академик
болып сайланып, Петербургтегі археология жəне этнография музейінің директоры болып
қызмет істейді. 1896 жылы П.М.Мелиоранскиймен бірге Орхон жазуларын оқып, мəн-
мағынасын ашады. Зерттеушінің «Сравнительная грамматика северных тюрских племен»
(1882), «Разбор древнетюрской надписи накамне, найденной в урощице Айртам-ой в
Кенкольской волости Аулие-Атинского уезда». (ЗВОРАО. 1898), «Наречие тюрских
племен» (1870) деген күрделі еңбектері де елеулі. Оның щығыс тілдері мен фольклорын
зерттеудегі аса күрделі еңбегін ескере келіп, академик Штернберг 1909 жылы В. Радловты
«қазіргі заманның бас турологі, түркі жəне Орта Азия халықтарының тілі туралы
ғылымның Колумбы» деп бағалаған В.Радлов творчествосы туралы ірі ғалым-түрколог
А.Н.Кононов та жылы лебіз білдірген.
Қазақ, қырғыз, ұйғыр, өзбек халықтары В.Радловты өздерінің фольклорын жинаушы
əрі зерттеуші ғалым ретінде жоғары бағалайды. Оның есімі қазақ халқы үшін де ерекше
жақын. Өйткені ғалымның фольклористикадағы ғылыми тұжырымдары көбіне қазақ
фольклорына негізделіп айтылған еді.
Қазақ фольклорымен танысқанда В.Радлов ондағы халықтық рух пен діни идеология
əсерін көрмей тұра алмайды. Ол Шоқанның қазақ, қырғыз эпосы, шамандық наным-
сенімдер жөніндегі пікірлеріне де үлкен мəн берген. Сол себепті «Образцы народной
литературы тюркских племен» деген көп томдық еңбегінің 3-томына жазған сөз басында
ғалым ондағы материалдарды «алық ауыз əдебиеті» жəне «кітаби əдебиет» деп екіге
бөлген-ді. Мұнда ол эпостық жырлар, ертегі, аңыз, айтыс, мақал-мəтел, жоқтау, үйлену
жырлары, бақсылық сарындарын ислам «цивилизациясынан» бұрын туған деп, олардың
таза халық тілінде жасалғанын айтады. Шоқанның ізімен В.Радлов та импровицияға
негізделген халық поэзиясын жоғары бағалап, ислам дінін жақтаушыларды «грамотейлер»
деп мысқылдай сөйлейді.
В.Радлов фольклордың халықтығы мен реализмін толық жақтаған. Мұны
зерттеушінің «Қозы-Көрпеш - Баян сұлу» жырына соншалық терең үңілгенін де байқауға
болады. Əдет-ғұрып қайшылығы, əйелдің бостандығы тақырыбын поэзия қуаты,
халықтың көз жасымен жырлайтын бұл жыр Радловтың романтикасына айналып еді. Ол
қазақ эпосынан көрінетін өмір пернелерін де жақсы түсінген. Ал Бенфей, Веселовский,
Миллер болса мұны айта алмаған.
В.Радлов эпос туындыларының белгілі бір тарихи оқиғалардың ізімен пайда
болатыны туралы айтқан пікірлері де ойлы. «Манас» қырғыз халқының барлық
сыршылдық өлеңдерін, ертегілері мен аңыздарын өз бойына сіңіріп алған деген жерде,
оның ойлары Шоқанның пікірлерімен тұп-тура үндесіп жатады.
10
Қазақ халқының фольклоры мен этнографиясын кең де кемел зерттеген келесі бір
орыс зиялыларының бірі - Г.Н.Потанин (1835-1920). Баян ауыл өлкесіне туып өскен,
жасынан қазақ халқының тұрмыс-тіршілігінен нəр алған Г.Н.Потаниннің Орта Азиямен
Қазақстанның географиясын, этнографиясын, фольклорын зерттеудегі ролі айрықша.
Біріншіден, ол шығыс елдерін мұқият зерттеген саяхатшы. Сонымен қатар, Орта Азия
халықтарының бай фольклор мұрасын жинап, реттеп, жариялап отырған этнограф.
Г.Н.Потаниннің қазақ фольклорына қатысты этнографиялық еңбектері де аз емес.
Г.Н.Потаниннің фольклористік қызметі түрлі жинақтар мен кітаптарда тəп-тəуір
баяндалған. Соңғы жылдары қазақ зерттеушілері де ғалым творчествосына жан-жақты
ғылыми баға беруге жол ашары сөзсіз.
Ə.Диваев (1856-1933)-бүкіл саналы ғұмырын Орта Азия жəне Қазахстан
халықтарының фольклорын, соның құнды бір саласы-эпостық жырларын мол жинаған
айтулы ғалым-фольклорист. Революцияға дейін ол Түркістан генерал-губернаторының бас
тілмашы болып қызмет атқарады. Өзі түркі тілдерін жақсы білген.
Ə.Диваев көбіне Сырдария мен Жетісу қазақтарының фольклорын жинап,
жариялаған. Солардың қатарында 1896 жылы қарақалпақ ақыны Жиемұрат
Мұхамедовтың орындауында жазып алған «Алпамыс» жырының тəуір де көркем нұсқасы
болатын. Ə.Диваев Сыр бойының тарихи-археологиялық ескерткіштерін зерттеуге де
ерекшеықылас қойып отырған. Бұл еңбектері 1891-1915 жылдар арасында шығып тұрған
«Сырдария аймағының есеп-санақ материалдары» деген он бір томдық жинаққа енген.
Ə.Диваев қазақтың «Қырық өтірік», «Тазша бала», «Жиренше шешен», «Алдар көсе»
сияқты басқа да толып жатқан ертегілерін жинап, оларды екі тілде қатар жариялап
отырған. Этнография, фольклор, археология мəселелеріне арналған басқа да
материалдары аз емес.
Ə.Диваев өз тұтастары-Радлов, Потанин, Березин, Мелиоранский, Баранов,
Пантусовтар сияқты ориенталист-ғалымдармен бағыттас болған. Бірақ ол көбіне
фольклорлық-этнографиялық еңбекпен шектеліп, сюжет көшіп жүреді дейтін Банфей
теориясының əсерінен аулақ болады.
Октябрь революциясының қарсаңында Ə.Диваевтың қолында өзбек, қазақ,
қарақалпақ, қырғыз, түрікмен халықтарының мол фольклор материалдары болды. Совет
дəуірінде ол өзінің сол қызметін жалғастыра түсті. 1820-1921 жылдары Түркістан
республикасының атынан Сыр, Жетісу бойына, Орта Азия жеріне сан рет фольклор
экспедияциялары жіберілген-ді. Иса Тоқтыбаев, Əбібəкір Диваев, Халел Досмұхамедов,
Қалжан Қоңыратбаевтар басқарған сол экспедициялардың құрамында А.Жұмағұлов,
Р.Төлешев, і.Жансүгіров, Əл.Қоңыратбаев жəне осы жолдардың авторы да болған еді. Бұл
кезеңде Ə.Диваев көптеген материалдар жариялайды. Оның араласумен Ташкентте
«Қобыланды», «Алпамыс», «Қамбар», «Ер Тарғын», «Нəрікұлы Шора батыр», «Қыз
Жібек» сияқты қазақтың батырлық жəне ғашықтық жырлары жарық көреді.
Бүгінде
Потанин,
Мелиоранский,
Катаринский
сияқты
көптеген
орыс
ориенталистерінің ұшан-теңіз еңбектерін айтпағанда, қазақфольклористикасында
Ə.Диваевтың мол фольклорлық-этнографиялық мұрасы мен қызметі де түбегейлі
зерттеліп барған жоқ. Рас, 1961 жылы Қазақ Ғылым Академиясының əдебиет жəне өнер
институты Ə.Диваев шығармаларын «Қазақ халық поэзиясы» деген атпен екі тілде басып
шығарды. Бірақ жинақтың ғылыми тұрғысы айтарлықтай терең болмады. Бүгінде сол
жинақ толықтырылып қайта басылып отыр.
Ə.Диваевтың Орта Азия халықтарына, соның ішінде қазақ халқының мəдениетіне
сіңірген еңбегі ұшан-теңіз. Ол 1856 жылы Орынбордағыбашқұрт семьясында дүниеге
келіп (желтоқсанның 6-сы), 1933 жылдың 5-ақпанында Ташкентте қайтыс болған. Бейіті
Ноғай мазарында.
Ə.Диваев қайтыс болған соң, оның ғылыми архиві Ташкенттегі А.С.Пушкин атындағы
орталық ғылыми кітапханасында өткен. Ғылымның жеке архивінде қалған материалдары
да аз болмады. Келешекте қазақ фольклорының Ə.Диваев жинаған тың үлгілерін
11
фольклор, əдебиет оқулықтарына мол қосып, бүгінгі жас ұрпаққа жеткізіп отырғанымыз
жөн.
Əлди, əлди, ақ бөпем,
Ақ бесікте жат, бөпем.
Жылама, балам, жылама.
Жілік шағып берейін,
Байқұтанның құйрығын,
Жіпке тағып берейін,-
деп келетін көркемдігі биік фольклор үлгілері онда көп болушы еді.
Ə.Диваев жинаған фольклор материалдарының ғылыми-тарихи мəні ескермек емес.
Оның фольклористік қызметі де ұмтылмайды. Өйткені ғылымның ғылыми этнографиялық
қызметі-Орта Азия халықтарының мəдениетіне деген ерекше қамқорлықтың жарқын бір
көрінісі.
Қазақ фольклористикасы. Қазақ фольклорының жиналуы XIX ғасырдан басталса
да, советтік фольклористика ғылымы Октябрь революциясынан кейін туып, қалыптасты.
XX ғасырдың бас кезінде көптеген əнші, ақын-əдебиетшілер ел аузындағы фольклор
үлгілерін жинап, газет-журнал бетінде, басқа да жинақтарда жариялай бастады. «Қыз
Жібек», «Қозы Көрпеш-Баян сұлу», «Қобыланды», «Алпамыс» жырлары Қазақнда жеке-
жеке жинақ болып басылады. Мəшҳүр Жүсіп Көпеевтің ауыз əдебиетінің көркем
үлгілеріне арналған төрт томдық қолжазбасы болған. М.Сералин «Шаҳнаманың» кейбір
тарауларын қазақ тіліне тəржімалап шығады. Сонымен қатар орыс оринеталистерінің
халық поэзиясын жингатуда бағытталған іс-əрекеттері де бұл ғылымның ілгері басуына
көп септігін тигізеді.
Қазақ фольклористикасы жиырмасыншы жылдары айырықша бой көрсетеді. Бұл
кезеңде Ə.Диваев, Х.Досмухамедов, М.Əуезовтердің қатысуымен қазақтың батырлық
жырлары, басқа да фольклор туындылары дүркін-дүркін жарық көреді. Москвада
Ə.Бөкейханов пен А.Байтұрсынов құрастырған «Жиырма үш жоқтау» (1926) басылса,
«Сана», «Терме», «Шолпан» журналдарында да фольтклор шығармалары жарық көріп
тұрады.
Отызыншы жылдары қазақтың эпостық жырлары жарық көре бастайды. «Батырлар
жыры», «Алдар көсе», «Сексен өтірік» атты жинақтарды айтпағанда, С.Аманжоловтың
«Жұмбақтар», Ө.Тұрманжановтың «Қазақтың мақал-мəтелдері», М.Əуезов тапқан «Қозы
Көрпеш-Баян сұлу» жырының жаңа нұсқасы (Жанақ), айтыстың бірінші кітабы
(С.Мұқановтың сөз басымен) басылады. «Қазақ ертектері» де осы кезеңде жарық көреді.
Қазақ эпосының «Алпамыс», «Қамбар», «Қобыланды» сияқты озық үлгілерін орыс тіліне
аударып бастыру ісі де сол кезеңнің жемісі.
Қырқыншы жылдардан бастап, фольклористика саласындағы арнаулы зерттеулер
саны күрт өсе түседі. Қ.Жұмалиев пен М.”абдуллин ауыз əдебиетіне байланысты оқу
құралдарын жазса, Ə.Марғұлан қазақ эпосының түп-тегіне қатысты көптеген
этнографиялық мақалалар жариялайды. С.Орловтың «Қазахский героический эпос» (1945)
деген зерттеуі де қазақ фольклористикасында үлес болып қосылды.
Бұл
кезеңде
Қазақстанның
көрнекті
ғалымдары-М.Əуезов,
Ə.Марғұлан,
Е.Ысмайылов, Қ.Жұмалиев, М.”абдуллин, М.Сильченко, Б.Кенжебаев жəне осы жолдар
авторының қазақ фольклористикасына қосқан үлестері елеулі болды. Əсіресе,
М.Əуезовтың еңбегін ерекше атап өтуіміз шарт. Қазақтың лиро-эпостық жырларының тілі
мен образдарына, реалистік-халықтық сипатына 1927 жылы жазған «Əдебиет тарихында-
ақ» жап-жақсы талдаулар берген. М.Əуезов кейін Л.Соболевпен бірге жазған «Эпос жəне
қазақ халқының фольклоры» деген зерттеуінде қазақ эпосының табиғатына жаңаша
ғылыми көзқараспен келіп, батырлық жəне ғашықтық жырларының ара-жігін айқындай
түсті.
12
1948 жылы жарық көрген «Қазақ əдебиеті таризының» алғашқы томы қазақ
фольклорының барлық жанрларын қамтыған күрделі еңбек болды. Оны дайындауға
Қазақстанның барлық əдебиетші-ғалымдары қатынасты.
40-50 жылдарда əдебиеттану ғылымының өзекті мəселелері түбегейлі шешілмей,
ежелгі əдеби мұраларымызды зерттеу ісінде көптеген шалағайлықтардың, ғылыми
дəйектілігі мен дəлелдігі жоқ үстірт пікірлердің бет алғаны мəлім. 1954 жылға дейін
фольклористикада Қазақстан мен Орта Азия халықтарының эпосы феодализм дəуірінен
соң туған дейтін ұшқары пікір үстемдік жасап келген болса, бүгінгі жас қауымның сол
концепциялардың астарына үңіліп, теориялық бойсыздығын жете түсінгені лəзім.
Олардың пікірінше, ауыз əдебиетінің өсіп-өркендеген «алтын заманы» феодализм дəуірі
сияқты болды. Өзбек ғалымдары А.Абдунабиев пен А.Степановтар «Алпамыс» жырын
феодалдық көзқараспен жасалған десе, қырғыздарда «Манас», түрікмендерде «Қорқыт ата
кітабы» кертартпа жырлар ретінде танылды. Қазақ фольклорына клер болсақ, бір ғана
«Қамбар» жырынан басқа мұрамыздың бəрі дерлік феодализм дəуірінің жемісі деп
танылып, оқу программасынан шығып қалды.
Қазақ, қырғыз, өзбек, түрікмен, қарақалпақ халықтарының фольклорына қарап
отырсақ, олардың тарихы сол эпос, ертегі аңыздарда өте жақсы сақталған. Осыған халық
мұрасының басты бір буыны-жылнама, шежірелерде қосылады.
Рас, қазақ феодаплизм дəуірпінде қалыптасқан халық, ол кезеңдегі идеология ислам
діні болғандықтан эпсоты зерттеу ғылым үшін түк те бермейді деушілер де болды.
Мұндай зерттеушілер фольклордың тарихилығын оның халықтығына қарсы қойды.
Қазақтың қолтума эпосында бірде-бір ислам əсерімен жасалған жыр жоқ.
Бір ескертетін жай, халық эпосында хандар образы үнемі ұнамсыз пішінде
көрсетіледі. Бұл кездейсоқ па
? Асылы кездейсоқ болмаса керек. Өйткені көптеген
батырлардың бейнесі эпосқа қалай, қандай жағдайда түсті дейтін мəселе əлі де ойлануды
қажет етеді. Олардың əлді-əлсіз жақтарын сол кезеңдегі нақты тарихи жағдаймен өлшеу
керек.
Алпысыншы жылдары қазақ фольклористері осы мəселелермен шұғылдана бастады.
Қазақ университетінің ғалымдары «Ертедегі əдебиет нұсқалары» (1967) атты хрестоматия
жариялап, оған көптеген көне мұраларымызды енгізді. Б.Кенжебаев, Х.Сүйіншалиев,
М.Мағауин, М.Жолдасбековтер бірнеше ғылыми еңбектер жазды. Тарихшылар болса,
қыпшақ-құмық дəуіріне тереңірек үңіле бастады. Белгілі тілші-ғалым Ғ.Мұсабаев ескі
түркі жазбалар табиғатына қатысты. «Қазақ эпиграфиясы» атты күрделі еңбегін жарыққа
шығарды.
Осы жылдары Қазақстан, Алтай жəне Орта Азия халықтарының фольклорын ерте
замандардан бастау керек деген ғылыми тұжырым орныға бастаған-ды. Оны ең алғаш
Ə.Марғұлан, одан соң өзбек ғалымы Х.Зарифов айтқан еді. Бүгінде тарих, археология, тіл,
фольклористика, түркология ғылымдары осы бағытта жан-жақты жұмыс атқарып келеді.
Көне мəдениетіміз зерттеп, игеруге алып баратын жолдың бірі ертедегі көшпелі
тайпалардың тарихы болса, екіншісі-ескі жазулар, төртінші-археология материалдары
болмақ. Сол себепті оған əр түрлі маман иелері қатысуы шарт. Осыған əдебиет,
этнография, география, музыка, антропология, ономастика, топонимикалық таңбалық
ғылымдарды да қосамыз.
VIII-XI ғасырлардағы жазба ескерткіштер тарихын зерттегенде шығыс Ренессансы
деген күрделі мəселені де сөз етпей болмайды. Ертеде Қазақстан жерін мекендеген сақ,
массагет, хұн, үйсін, жужан, сəнби, көп түріктер жəне қаҳармандар дəуірі, IX-X ғасырдағы
оғыз-қыпшақ мəдениеті, Алтынорданың күйреуі, бұл оқиғаның ноғайлы эпосынан
көрінетін суреттері көптеген ғылыми мəселелерге жол ашады. Сол дəуірлердің
нанымдары, əдет-ғұрыптары мен салт-санасы қазақтың мифологиялық ертегілері мен
эпосынан айқын көрінеді. Орхон жазулары, «Оғызнама», «Қорқыт ата кітабы», «Құдатғу
білік», Қашқари жазбалары, шығыс, қытай, грек тілдеріндегі шежірелік-жылнамалық
кітаптардан табылатын деректердің өзі де бізді өз дəрежесінде игерілмеген. Орхон
13
жазулары ерте ме, əлде ауыз əдебиеті ерте ме
? Бұлардың өзара қарым-қатнасы қандай?
Онда басқа дəуір суреттері бар ма
? Ертегі мен эпсо мифтік арнадан қалайша арылған, оған
тарих, реалдық өмір суреттері қай кезеңнен бастап ене бастаған
? Міне, осы сияқты
мəселелерге нақтырақ үңілу көп мəселенің сырын ашпақ. Маркстің грек эпосы туралы
айтқан пікіріне сүйенер болсақ, асса түркі тайпалары, қалса қазақ мифологиясының өзі де
сатылап қарайтын құбылыс болмақ.
VIII ғасырда Түрік қағанаты өзінің алфавитін жасап, ұлыстық жазба эпосын
тудырады. М.Қашқари өлеңдеріне назар сала отырып Алтай жерінде Орхон эпосынан
басқа да жырлардың болғанын көреміз. Онда Күлтегіннің ерліктері суреттелген.
Ескі түркі ескерткіштерінде Могилан, Күлтегін, Тоныкөк, Оғыз эпосындағы Қазан-
Салор, Қорқыт, Бəмсі-Байрақ, Мұңлық-Зарлық, Шанвар хан образдары əлеуметті типке
жіктелмеген, бəрі дерлік ұнамды пішінде суреттелген. Мұның мəнісі, дəл X ғасырға дейін
оғыз тайпаларында феодализм айырықша дами қоймаған еді.
Бүгінгі қазақ фольклористикасы өзгеше сипатқа ие болып отыр. Соңғы жылдары қазақ
фольклористикасы бұрын-соңды болмаған қарқынмен дамып, түркология ғылымына жол
салды. Қазақстан Ғылым академиясы М.Əуезов атындағы Əдебиет жəне өнер институты
алғаш құралған күнінен бастап, ауыз əдебиетінің мол қазынасын жинап, «Айтыс» (3
томдық, «Үш ғасыр жырлайды», «Пернедегі термелер» сияқты жинақтарды жыл санап
шығарып келеді. «Қазақ фольклористикасы» (1972), «Қазақ фольклористикасының
тарихы» (1988), «Фольклор шындығы» (1990) атты ғылыми еңбектердің де мəні ерекше.
Бүгінде қазақ фольклористикасына елеулі еңбек еткен аға буын ғалымдар-М.Əуезов,
С.Сейфуллин, С.Мұқанов, Ə.Марғұлан, М.Сильченко, Б.Кенжебаев, Ə.Қоңыратбаев,
М.”абдуллин, Е.Ысмайылов, Қ.Жұмалиев, Р.Бердібаев, Н.С.Смирнова, Н.Келімбетов,
О.Нұрмағамбетова, М.Жолдасбеков, С.Қасқабасов сияқты басқа да көптеген-жас
ғалымдардың есімдерін атап айтуымыз орынды.
Достарыңызбен бөлісу: |