Өзбекстан республикасы жоғары жəне орта арнаулы бιЛΙм министрлιГΙ



Pdf көрінісі
бет8/12
Дата27.03.2017
өлшемі0,67 Mb.
#10370
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

Өлең  түрі.Тілі.  Жыршы  ақындардың  қайсысы  болса  да  əр  алуан  атыс-шабыс 

айқастарды,  жекпе-жек  күрестерді,  шабуыл  жорықтарды,  шұғылынан  жасалған  қимыл-

əрекеттерді    өлеңнің  əрі  оралымды,  əрі  ұшқыр  түрі  жыр  арқылы  суреттейді.  Жыршы 

ақындар  халықтың  тіл  байлығын,  сөздік  қорын  молынан  пайдаланып,  əдемі  картиналар 

портреттер  жасайды.  Жыр  оқиғасын  əсерлі  етіп  баяндайды.  Жыр  тілінің  байлығы  неше 

түрлі  əдемі  теңеулер,  метафоралар  жасауымен,  дыбыс  қайталауларымен  де  көрініп 

отырады 

Қорыта  айтқанда, «Қобыланды  батыр»  жыры  халықтық  сипаты  мол,  ертеден  келе 

жатқан көркем жырдың бірі болып саналады.  

 

 



 

Cұрақтар мен тапсырмалар: 

 

1. «Қобыланды батыр»  жырының зерттелуі туралы не білесің



2. Жырды айтқан жыраулар жайында айт. 

3. Жырдың варианттары

4. Қобыланды образы қалай жасалған



5. Əйелдер образы. 

6. Жырдың құрылысы мен тіліндегі ерекшеліктер туралы айт. 

        


Əдебиеттер: 

 

1. М.Ғабдуллин. Қазақ халқының ауыз əдебиеті. Алм. 1981. 

2. Н.Қоңыратбаев. Қазақ фольклорының тарихы. Алм. 1991 

3. Қазақ əдебиетінің тарихы. 1-том. 

4. Қазақ эпосы.  

 

Ер Тарғын 



 

Жоспар: 

 

1. Жырдың жиналуы, зерттелуі. 



2. Ер Тарғын бейнесі. 

3. Ақжүніс бейнесі. 



 

49

4. Жырдың құрылысы мен тілі. 



5. Қорытынды. 

 

Тірек  сөздер:  Ер  Тарғын  жырының  жиналуы,  Тарғын  бейнесі,  ұнамды  бейне-Қарт 

Қлжақ,  ұнамсыз  бейне-Ханзада,  Тарлан  тұлпардың  сипаты,  жырдың  өзіне  тəн 

ерекшеліктері. 

 

Қазақтың  батырлар  жырын  зерттеген  əдебиетші,  ғалымдар  «Ер  Тарғын»  жыры 



ноғайлы дəуірінде туды: жыр белгілі мөлшерде сол дəуірді жəне оның қоғамдық қарым-

қатнастарын елестетеді дейді.  

Басқа жырларға қарағанда, «Ер Тарғын» жырының варианттары көп емес. Жырдың 

негізгі  нұсқасы  біреу.  Оны  Морабай  ақынның  айтуынан  Н.И.Ильминский 1859 жылы 

жазып  алып, 1862 жылы  Қазан  қаласында  бастырып  шығарған.  Жырдың  бұл  варианты 

1892, 1898, 1909, 1913 жылдары  Қазанда  басылған.  Кейіннен  бұл  вариантты  Ə.Диваев 

1922 жылы Ташкентте бастырады. 

Мұнымен  қатар,  академик  В.В.Радлов  «Ер  Тарғын»  жырын  өзінің  үшінші  томына 

енгізген  жəне  ол  Қырым  елінен  Ер  Тарғын  туралы  бір  ертегіне  жазып  алып,  жетінші 

томына кіргізді. 

«Ер  Тарғын»  жырының  негізгі  вариантын  ақын  Пенковский  орыс  тіліне  аударады. 

Ол 1940 жылы «Песни степей» деген жинақта шыққан. 

Композитор  Е.Г.Брусиловский  қазақтың  халық  əндері  пайдалана  отырып, «Ер 

Тарғын» атты опера жазды. 

Кейіннен  «Ер  Тарғын»  жыры  жайында  С.Мұқанов,  Ə.Марғұлан,  Б.Кенжебаев, 

Х.Жумалиев, А.Орлов т.б. ғалымдар зерттеді. 

«Ер  Тарғын»  жырының  халықтық  сипаттағы  шығарма  деп  танылуы  себебі, 

біріншіден,  бұл  жыр  халық  ұғымында  батырдың  қоғам  өмірінде  атқаратын  қызметі, 

алатын  орны  қандай  екендігін  аңғартады.  Басқыншы  жауға  қарсы  аттанып,  одан  ел-

жұртын қорғаған адамды халық батыр деп таныған. Екіншіден, бұл жырда хандардың елге 

істеген жауыздық іс-əрекеттері сипатталады, оларды сынап көрсетеді. 

Сонымен,  біз  «Ер  Тарғын»  жырын  ел  бірлігін  қорғау  идеясынан  туған,  халықтың 

сипаты бар, көркем жырдың бірі деп қараймыз. 

Ерте  кезде  көк  сауытты  киініп,  көк  сүңгіні  ұстаған,  өзінің  ел-жұртын  басқыншы 

жаудан қорғау үшін қол жинап ерлік күреске бастаған, жау қарасын көріп үрейленбеген, 

қайта  атой  салып  оған  қарсы  шапқан,  жекпе-жек  ұрысқа  түсіп  жұрт  алдында  жауын 

жеңген  адамды  халық  батыр  деп  таныған.  Ал,  қалың  қолды  бастамаған,  бірақ  жасақ 

арасынан шығып жеке ерлік көрсеткен адамды халық ер деп атаған. 

Жырдағы  Тарғын  қалың  қол  бастаған  батыр  болып  көрінбейді.  Ол  жеке  ұрыстарда 

айрықша ерлік жасаған, сонысы үшін ер атанған адам. 

Тарғын-бір рудың ғана емес, бүкіл ноғайлы жұртының батыры. Оған ноғайлы халқы 

жақын,  туыс.  Ноғайлы  халқы  да  Тарғынды  ардақтап,  өзіне  қамқор  тұтады.  Ноғайлының 

жауы  Тарғынның  да  жауы.  Сондықтан  да  ол  басқыншы  жаулардан  ноғайлы  жұртының 

елдігін қорғауды жəне сол елдің бірлігін сақтауды, оған қызмет етуді, қастық жасамауды 

мақсат етеді. Тарғынның Ақшахан əскерлеріне еріп, торғауыттарды жеңуде ерлік көрсету 

осы мақсаттан туған.  

Тарғын  қанша  мықты  болғанымен,  ол  өз  еліне  күш  көрсетуден  бас  тартады,  оған 

азаматтық  ар-ұяты  бармайды.  Тарғын  Ахшаханның  жақсы  көретін  бір  биін  өлтіріп, 

ноғайлының  басқа  еліне  кетеді.  Бұл  жерді  де  өз  еліндей  туыс  санап,  оған  қызмет  етуге 

кіріседі, торғауыттарды талқандап жеңіп береді.  

Тарғынның  халық  қамын,  ойлауын,  сол  жолда  ерлік  істер  жасауын  жыр  осылай 

бастайды да, кейіннен оны дамытып əкетеді.  

Басқа жырларда басты кейіпкерлер тойы бірден айтылатын болса, олардың ерлік іске 

аттанулары  бала  кезінен-ақ  басталған  болса,  бұл  жағдай  «Ер  Тарғын»  жырында  жоқ. 



 

50

Жырдың  сюжет  құру,  образ  жасауындағы  негізгі  ерекшеліктің  бірі  де  осында.  Жыршы 



Тарғынның  кім  екендігін  бірден  айтып  салмайды.  Тыңдаушысын  қызықтыру  үшін  жəне 

кейіннен Тарғынға көбірек көңіл аудару үшін, əңгімені Тарғынға байланысы жоқ жайды 

суреттеуден  бастайды.  Қалың  қолмен  торғауыт  еліне  аттанған  Ақшахан,  оның  жеңілуі, 

қолдың  қаша  бастауы-басты  кейіпкер  Тарғында  жыр  əңгімесіне  енгізудің  дайындығы 

сияқты. Бұрын ешкім білмеген Тарғын əскер қаша бастағанда жарқ етіп шыға келеді. Жау 

əскерлерін жапыра жалғыз өзі жеңіп шығады. 

Жанында  жолдастары  жоқ  Тарғын,  Ақшаханның  қызы  Ақжүністі  алып  қашады. 

Жалғыз өзінің осындай іс жасауын жыр ерлік деп біледі. Қарт Қожаққа Ақжүністі тастап 

кетуін де халық жыры «ағаны сыйлағандығы» деп көрсетеді. 

Ақжүністі  алып  қашумен  Ақшоқан  еліне  сыйыса  алмайтынын  білген  Тарғын  енді 

Еділ  бойындағы  ноғайлыға  жол  тартады.  Олардың  жоғын  жоқтап,  Шаған  бойындағы 

қалмақтардан  кек  қайыруға  аттанады.  Жыршылар  Тарғынның  нағыз  батыр  екендігін 

көрсету үшін қалмақтардың мықты қолбасшысы Домбауылмен кездестіреді. 

Қалың  əскеріне  «өзінің  батырлық  күшіне  сенген  Домбауыл  ноғайлы  еліне  шабуыл 

жасап, соғыс ашады». 

Домбауыл  Тарғынға  соғыспай  берілуін  талап  етеді.  Бірақ  Тарғын  оны  жекпе-жек 

ұрысқа шақырады. Екеуі он бір күн алысып, Тарғын жеңіп шығады. Содан кейін жаудың 

қалың  əскерімен  соғысып,  оларды  да  жеңеді.  Жау  батырлары  қанша  мықты  жəне  көп 

болса  да  Тарғыннан  жеңіліп  қалады.  Өйткені  олар  əділетсіздік  іс  бастады,  сондықтан 

олардың жолы болмақ емес деп халық жыры қорытынды жасайды. Ал Тарғынның жалғыз 

барып  мыңдаған  жауды  жеңуін  халық  жыры  оның  əділдік  үшін  күрескенінде,  қашан  да 

болсын  əділ  іс  жеңеді  деп  топшылайды.  Жырдың  жағымды  бас  кейіпкері  арқылы  халық 

күші жинақталып беріледі. 

Жырда  Тарғынның  бейнесі  тек  ел  қорғау  жолында  жасаған  ерлік  істерін  суреттеу 

арқылы  ғана  жасалып  қоймайды.  Оның  батырлық  тұлғасы,  ерлік  ісі,  алып  күші  бөгде 

адамдардың (Сыпыра жырау) сипаттауымен де беріліп отырады. 

Батырдың  сүйікті  жары  сенімді  серігі,  ақылшы  досы  ретінде  жырға  қосылған 

жағымды образдардың бірі Ақжүніс. 

Бет ажарын қарасаң, 

Жазғы түскен сағымдай. 

Етістіктер ажарын қарасаң, 

Қабығынан айырған. 

Арпа, бидай, ақ ұндай, 

Қасы жайдай керілген. 

Кірпік оқтай тізілген, 

Бел бұралып бүгілген. 

деп,  жыр  салған  беттен  Ақжүністің  портретін  жасайды.  Өз  тұсында  одан  сұлу,  одан 

ақылды қыз болмағандығын айта келіп, халық жыры оны Тарғынмен кездестіреді. 

Тарғынның  ерлік  істерін,  адамгершілігін,  халық  қамын  ойлаушы  батырекендігін 

бірден бағалушы Ақжүніс болады. Сондықтан ол хан сарайын тастап, халықтың қалаулы 

ұлы Тарғынды сүйеді де, халық жағына шығады.  

Əйелдердің  бас  бостандығы  болмаған  заманда,  Ақжүністің  Тарғынға  өзі  барып  сөз 

салуы хан ордасынан қашып шығуы қыздың өжет, намыс иесі екендігін аңғартады. Оның 

образын жасағанда, жыршы ақын Ақжүністің осы қасиетіне айрықша көңіл бөледі. 

Тарғынға  қосылып,  хан  сарайынан  қашып  шыққан  Ақжүніс  бұдан  былайғы  жерде 

батырдың  сенімді  серігі,  сүйікті  жары,  ақылшы  досы,  қайрат  беруші  жолдасы  ретінде 

суреттеледі.  Қысылған  жерде  қайрат  беретін,  қиын  жерде  ақыл  табатын  да  Ақжүніс 

болады.  Тарғын  мертігіп,  күйініп  жатқанда  батырға  сүйеніш  болған  да,  батырдың 

намысына тиіп, қайрап қуаттандырған да Ақжүніс еді. «Даңқты батырым, даңқсыз өлімге 

душар болдың ау, айдаладағы қарға-құзғынға жем болдым-ау»,-деп -------- 

Мертіккен  белі орнына түскен Тарғынға: кеше мертігіп қалған күнде сені жұртыңа 

тастап  кеткен  ноғайлыларға  барып  көріп,  беліңнің  жазылғанын  білдір.  Олай  етпесең, 

Қырым  халқынан,  Тарғын  батыр  бір  омыртқасы  сынып,  қарға-құзғынға  жем  болып, 

Бұлғыр  таудың  қойнауында  өліп  қалды  дер,  сондай  жаман  атаққа  қаларсың»,-деп  ақыл 

айтады. Бұл арада ол батырдың дос-дұшпанының алдында беделі түспеуін көздейді. 


 

51

Тарғын мен Ақжүністің соңынан қуып келген Қарт Қожақ екі жасқа қысылшаң сын 



кезіп  туғызған  болатын.  Бұл  сыннан  Ақжүніс  қысылмай  өтті.  Ол  қарт  батырды  сөзімен 

тоқтатып, жолын тосады, басындағы мұңын айтып, екі жасты жылатпауын сұрайды. 

Жанып тұрған көзім бар, 

Өксіп тұрған жаным бар, 

Əуре болған басым бар, 

Алғанымнан айырма. 

Мені өзіңе қайырма. 

Тілекті бермес болар ма, 

Сіз сықылды асылдар,- 

дейді. Екі жасқа аяушылық білдірген Қарт Қожақ. Ақжүністің тілегін береді. 

Сонымен, «Ер  Тарғын»  жыры  Ақжүніс  образы  арқылы  батырға  сенімді  серік, 

ақылшы  да,  айнымас  жолдас  болған  өжет  қыздың,  намыс  бейнесін  елестетеді.  Мұндай 

қыздарды халық жыры жастарға үлгі етеді. 

Қарт  Қожақ.  Жырда  жағымды  бейнеде  алынған  батырдың  бірі-Қарт  Қожақ.  Оны 

ноғайлы қарсы күрестерде еліне қорған болған айбынды батыр етіп суреттейді. 

Қарт  Қожақ-көпті  көрген,  талай  ұрыстарға  қатысқан,  талай  жауын  талқандап 

жеңген-аға батыр Ақшаханның жарлығы бойынша Тарғыннан Ақжүністі айырмақ болып 

аттанған  қол  біраз  жол  жүргеннен  кейін  ақылға  келеді. «Біз  Тарғынды  қуып 

жеткенімізбен,  ол  қызды  қайтарып  бермес,  бəрімізді  қырып  салар»,-деп  кейін  қайтады. 

Бірақ  сол  қол  ішінде  жасы  алпыс  беске  келген  қарт  батыр  алған  бетінен  таймайды  да, 

жалғыз тарта жөнеледі. Бұл бұрынғы қайратына сенген Қарт Қожақ болады. 

Жырда Қарт Қожақтың бес жасынан бастап, алпыс беске келгенге днйінгі өмірі, ел 

қорғау жолында жасаған ерлік істері Ақжүністің сөздерімен баяндалады. 

Отыз беске келгенде, 

Қоңыраулы найза қолға алдың, 

Қоңыр салқын төске алдың, 

Жауды көрсең шүйілдің, 

Жеңсіз берен киіндің. 

Көксерке атта борбайлап, 

Қамалды  бұздың  айқайлап...,-  дейді  Ақжүніс.  Оның  бұл  сөздері  арқылы 

Қарт Қожақтың образы жасалады. 

Қарт  Қожақты  жағымды  кейіпкер  бейнесін  ала  отырып,  оның  кейбір  мінездерін 

халық жыры ашу-зілі жоқ əзіл-оспаққа айналдырады. Мұны ол кекетіп емес, қарт адамның 

мінезін күлдіргі етіп көрсету үшін алады. Мəселен, алпыс беске келген қарт батырдың қыз 

дегенде  делебейі  қозуын,  оның  Ақжүніске  айтатын  ебі  жоқ  сөздерін  жыр  майда-шуақ 

күлкі  түрінде  келтіреді.  Ол  өзінің  сөзінде: «Сен  неге  жылайсың

?  Мені  қарт  деп 

жылаймысың

?  Иə,  болмаса,  жаман  деп  жылаймысың?  Қарт  та  болсам  мен  жек  көретін 

қарт  емен

!  Ешкімнен  кем  емеспін!  Сен  бүйтіп  жылай  берме,  тұр  жылама!  Бетіңді  аш!«-

дейді Ақжүніске. Қарт Қожақтың осы бір сөздері оның батырлық бейнесін кемітіп тұрған 

жоқ, қайта қарт адамға тəн мінезді зілі жоқ күлкі ретінде əжуалап əзілдейді.  



Ханзада. Жырдағы ең жағымсыз кейіпкер-Ханзада. Ол халыққа зұлымдық жасаушы, 

арамдық əрекеті, əділетсіз ісі шектен асқан хандардың бейнесін елестетеді. Бұл ретте оны 

залымдық  пен  жауыздықтың,  алдампаздық  пен  қорқаулықтың,  ұяты  жоқ  екі  жүзділіктің 

жинақталған образы деуге болады. 

Ханзада ел талауды бөтен елдің байлығын қолға түсіруді көздейді. Бұл мақсаттарын 

жүзеге асыру үшін Ханзада əр түрлі айла-амал қолданады. Ол айлакерлікпен Тарғынды да 

өз  қармағына  іліктіреді.  Шаған  бойындағы  қалмақтардан  ата  мекенімізді  əпер  дегенде, 

оны ол халық қамын ойлағандықтан емес, өз қамын көздегендіктен айтады.  

Ханзаданың ойы-кісі еңбегін, кісі күшін пайдалану. Өз тапсырмасын орындатқаннан 

кейін, оны орындаушы кісілердің келешегі, хал-жайы қандай болады, онымен Ханзаданың 



 

52

жұмысы  болмайды.  Ханзаданың  тапсырмасын  орындап  келе  жатып,  Тарғын  белінен 



айрылып,  мертігеді.  Бірақ  хан  оны  «бір-екі  күнде  келемін»,-деп  алдап  кетеді.  Айтқан 

уəдесінде тұрмай екіжүзділік жасайды. 

Ханзада  Тарғынды  бір  емес,  бірнеше  рет  алдайды.  Мертіккен  белі  орнына  түсіп, 

Тарғын  хан  ордасына  қайтып  келгенде,  Ханзада  əр  алуан  зымияндыққа  салынып, 

батырдан  кешірім  сұрайды,  айыбына  қызын  бермек  те  болады.  Оның  алдауына  Тарғын 

бұл  жолы  да  түсіп  қалады,  хан  мен  келісімге  келеді.  Осы  кезде  ел  шетіне  жау  келіп, 

Тарғын  ноғайлы  елін  басқыншылар  шабуылынан  қорғайды.  Осы  арада  Ханзада  тағы  да 

сертін бұзып, уəдесінен танады. Тарғынға қызын бермек түгіл, батырды мазақ етеді. 

Хан  қорлығына  шыдамаған  Тарғын  ашуланып  кетіп  қалады.  Оның  бұл  кетісінен 

үрейленген хан қатты қорқып, Сыпыра жырауға сөз салады, батыр мен ханды келістіруді 

өтінеді. Ханның ақылшысы, əрі жыршы-жырауы болған Сыпыра жырау хан мен батырды 

татуластырады.  Сыпыра  жырау  бір  жағынан  ханды  сынайды,  өтірікшілігін  айтып  бетіне 

басады,  екіншіден,  Тарғынды  да  сынайды, «Бір  қыз  үшін  ел-жұртыңды  тастап  кетуің  ең 

балаға келіспейтін іс»,-дейді. Сөйтіп, хан мен батырды табыстырады. 

Жырда Тарғын бірде өз елінің қанымен де, кейін Ақшаханның, одан соң Ханзадамен 

де сырттай болмаса, іштей жақындасқан адам болып суреттелмейді. Хандардың залымдық 

істерін білісімен-ақ, Тарғын олармен сыйысып тұра алмайды, бойын аулақ салады. 

Тарғын.  Батырлар жыры ел қорғау жолында батырға көмекші болған, қызмет еткен 

тұлпарларды сүйсіне жырлап келген. 

Батырлар  мінетін  тұлпарларға  біткен  қасиеттер  Тарғынның  Тарланында  да  бар. 

Тарлан-батырға көптен жолдас болған жəне оны батырдың өзі бағып, өзі өсірген тұлпар. 

Құлын емдің, тай емдің, 

Құнан жаста арда емдің, 

Дөнен жаста үйреттім, 

Алты қабат ала арқан, 

Жібектей өріп сүйреттім... 

дейді  Тарғын.  Құлынынан  өз  қолында  өсірген,  өзі  үйреткен  Тарлан  батырдың  сенімді 

досы  есебінде  қызмет  атқарады,  батырмен  бірге  ел  қорғау  ісіне  араласады,  жорық 

жолдарының  ауыртпалығын  иесімен  бірдей  көреді.  Тарғын  мертігіп,  қапаланған  кезінде 

көп  жыл  тұлпарын  аса  қатты  ардақтағанын  білдіреді.  Жыршылар  Тарланның  сырт 

сипатын: 

От орнындай тұяқтан, 

Омыртқаң бар отаудай... 

Құйрығыңа болайын, 

Қынаптан шыққан қанжардай

! - деп суреттейді.  

Мұндай тұлпарға тек батыр емес, жырды тыңдаушы да сүйсіне, құмарта түседі.  



Жырдың  құрылысы,  тілі.  «Ер  Тарғын»-өзінің  құрылысы,  сюжеті,  оқиғаны 

баяндауы жағынан көркем, қызықты жыр. Жырдың оқиғасы бас кейіпкер Тарғын арқылы 

оның ерлік істерін суреттеу арқылы дамып, өсе, үдей береді. Жырдың оқиғалары бірімен-

бірі  тығыз  байланысып,  шарықтау  шегіне  жеткенге  дейінбірінен  соң  бірі  тізбектеле 

айтылады,  бір  оқиғадан  екіншісі  туып  отырады.  Жырға  қосылатын  əңгімелердің  бəрі  де 

Тарғынның  іс-əрекетімен  байланысты  алынады.  Тарғынның  торғауыттарымен  соғысы, 

Ақжүністі  алып  қашуы,  Қарт  Қожақпен  кездесуі,  қалмақ  басқыншыларымен  күресі  т.т. 

жайындағы  əңгімелер  Тарғынға  байланысты  жырланады.  Оқиғаны  осы  ретпен  баяндау 

жыр құрылысындағы негізгі бір ерекшелік болып табылады. 

«Ер  Тарғын»  жырының  құрылысын,  өлеңдік  қасиеті  мен  көркемдік  тілін  зерттеген 

əдебиетші  ғалым  Х.Жумалиев  бұл  жырдың  өзіне  тəн  екі  ерекшелігі  барлығын  атап 

көрсетеді: «Басқа  жырларға  салыстырғанда,  айтайын  деген  ойды,  суреттейін  деген 

құбылысты  асқан  шеберлікпен  беруде  бұл  жыр,  біріншіден,  дамыту  əдісін,  екіншіден, 

шендестіруді  мол  қолданады  жəне  шендестірудің  ұлғайған,  күрделі  түрін  жасайды. 



 

53

Жырдың бұл ерекшеліктері адам образын жасауынан, сөз саптасынан, айқын байқалады. 



Мəселен, жыр Ақжүністің келбетін 

... Қара жерге қар жауар, 

Қарды көр де етім көр. 

Қар үстіне қан тамар, 

Қанды көр де бетім көр...-деп суреттейді. Қорыта келгенде, «Ер Тарғын» 

жыры халықтың сипаты бар көркем жыр. Ертеден келе жатқан мəдени мұрамыздың бірі. 

 

Сұрақтар мен тапсырмалар 

 

1. «Ер Тарғын» жыры туралы ғалымдар қандай пікірлер айтты



2. Жырда Тарғын бейнесі қалай суреттелген

3. Қарт Қожақ қандай бейне



4. Ақжүністің келбеті жыршылар қалай сипаттайды

5. Жырдағы ең жағымсыз бейне туралы айт. 



6. Жырдың құрылысы мен тілі туралы қандай пікір айтасың

 



 

Əдебиеттер: 

 

1. М.Ғабдуллин. Қазақ халқының ауыз əдебиеті. 1981. 



2. Ақсауыт. Жинақ. 

3. Батырлар жыры. Жинақ. 

                                                                Қамбар батыр 

 

Жоспар: 

 

1. Жырдың жиналуы, зерттелуі. 



2. Қамбар бейнесі. 

3. Назым мен Алшыораз. 

4. Жырдың құрылысы, тілі. 

 

Тірек  сөздер:  «Қамбар  батыр»  жырының  сипаты,  идеясы,  жырдағы  жағымды 

бейнелердің  жасалу  жолдары,  жағымсыз  бейнелер,  жырдың  өзіне  тəн  ерекшеліктері, 

қорытынды. 

 

Тарихтан  қазақ  еліне  көп  уақыт  бойы  шабуыл  жасағандар  қалмақ  басқыншылары 

болып келгені мəлім. Бұларға қарсы асқан ерлікпен күресіп, ел-жұртын қорғаған, халқына 

айбар болған батырлар жайында ел арасында талай əдемі əңгіме-жырлар туған. 

Осындай  ел  қорғау,  халыққа  қамқор  болу  жолында  жасалған  ерлік  істерді  жырлау 

негізінде шығарылған жəне халықтық сипаты мол көркем жырдың бірі - «Қамбар батыр». 

Бұл  жырдың  басты  идеясы - халыққа  қызмет  еткен  батырды,  оның  ерлік  істерін 

ардақтаудан туған. Батырдың негізгі міндеті: басқыншыларды талқандап жеңу, ел-жұртын 

қорғап  қалу,  екіншіден,  бейбітшілік  кезінде  батырдың  міндеті:  халқына  адал  еңбегімен 

қызмет ету, халықты асырап - сақтау, жəрдем - көмегін беру екендігі суреттеледі. 

«Қамбар  батыр»-  қазақ  еліне  ерте  кездің  өзінде-ақ  тараған  жыр.  Оның  негізгі 

нұсқасын Бектемір деген жырау айтқан. 

«Қамбар батыр» жыры алғаш рет 1888 жылы Қазан қаласында басылып шықты. Оны 

Ш. Хұсайынов деген кісі бастырған. 1903 жылы бұл жыр «Тоқсан үйлі тобыр» деген атпен 

Қазанда қайта басылды. 1922 жылы Ə.Диваев Ташкентте бастырды. Содан бері «Қамбар 

батыр»  жыры  бірнеше  рет  баспа  жүзінде  жарияланды  жəне  оқу  хрестоматияларына  еніп 



 

54

отырды. Бұл вариантты 1940 жылы Г.Владимирский орыс тіліне аударды, «Песни степей» 



жинағына енгізді.  

Қамбар. Жырдың халықтығы, ең алдымен, жырдағы оқиғалардың еңбекші шаруаның 

тұрғысынан  баяндалатындығынан  басты  кейіпкерлердің  іс-əрекетінен  көрінеді.  Басқа 

жырлардағы  батырлар  образынан  Қамбар  бейнесінің  айырмашылығы-жырда  Қамбар 

еңбекші  халық  ортасынан  шыққан  ер-азамат,  патриот  ұл  екендігі  аңғарылады.  Адал 

еңбегімен ер атанған, «ерлікті елден асырған, еңбекке белді байлаған» адам. 

Халық  жырының  алғашқы  бөлімінде  Қамбар  «алпыс  үйілі  арғынды,  тоқсан  үйілі 

тобырды»  асырап  сақтаған  еңбек  ері  бейнесінде  суреттеледі.  Бүкіл  ауыл-аймағы 

Қамбардың қолына қарайды, оларлың бас көтерері де, сеніп, сүйенгені де Қамбар болады. 

Алпыс үйлі арғынды, тоқсан үйлі тобырды асырап сақтау Қамбардың еңбек ері екендігін 

көрсетсе,  неше  түрлі  жыртқыш  аңдарды  жеңуі  Қамбардың  күшті  батырлығы  деп 

бейнеленеді. 

Қайда жүрсе де «ең бірінші міндетім халыққа қызмет ету, қарашығымдағы ел-жұртты 

асырау»  деп  түсінген  Қамбар  тек  көңілдікке  салынбайды.  Ол  қара  бастың  мүддесінен 

халық  мүддесін  жоғары  қояды.  Қамбарға  ғашық  болған  Назым  батырмен  сырласудың 

жолын іздейді. Бірақ, оған Қамбар алданбайды, көңіл бөлмейді. 

Осыған көңілім бөлініп, 

Ұмытып кетсем жұртымды, 

Құдайдың, деде, ұрғаны,- 

дейді. 

Бұдан,  əрине  Қамбарда  махаббат  сезімі  жоқ  деген  ұғым  тумайды.  Ондай  сезім 



Қамбарда  бар.  Əйткенмен,  ол  ер-азаматтың  бірінші  борышы  халыққа  қызмет  ету  деп 

түсінеді. 

Екіншіден,  байлық,  дəреже  жағынан  алғанда,  Қамбар  өзінің  Əзімбай  балаларынмен 

тең  еместігін  біледі.  Олардан  ер-азаматтығы,  жігіттігі,  адамгершілігі  жоғары  түрса  да, 

əлеуметтік  жөнінен  бірдей  емес  екендігін  сезеді.  Қамбарды  Назым  сүйгенімен  де, 

Əзімбайлар  жек  көретіндігін,  олар  «сіңірі  шыққан  кедейге»  қызын  тегін  бермейтіндігін 

аңғарады.  Сондықтан  да  ол  Назымға  алаңдамай,  қарамағындағы  көпшілітің  қамын 

ойлаумен болады. 

Ал  ел  шетіне  жау  келгенде,  халық  намысын  қорғау  үшін  Қамбар  ерлік  іске  бел 

байлайды.  Қалмақ  ханы  Қараманның  қалың  қолмен  келіп  қамап  жатқанын  ноғайлы  елі 

Қамбарға Жəдігер арқылы хабар етеді. Қараманның бұл қылығына ыза болған Қамбар: 

Қамбар айтты: Жəдігер... 

Жұрт үшін белді буайын... 

Асырып белден буайын, 

Халқының қапа болмасын, 

Есен барса жолбарысың, 

Сындырамын дұшпандыƏ 

Əзімбайдың ақымақ, 

Алты итіне өкпелеп, 

Жаманның ісін қылмайын,- 

дейді де, басынған жауға қарсы күреске аттанады. 

Қамбар жауға тілдескенде де адамгершілік жасайды. Ол қалмақ ханы Қараманға: 

Сіз бенен біз жауласып, 

Жаманның ісін қылмайық, 

Қалаңа қайт, Қараман...- 

деп, текке қан төгудің керек еместігін ескертеді. 

Ел намысы үшін майданға аттанған Қамбар басқыншы жауларын қиратып жеңеді де, 

халықтың  алғысын  алады.  Қамбардың  бұл  ерлігіне  сүйсінген  халық  сол  жерде  Əзімбай 

сияқты үстем тап өкілдерінің қолынан ештеңе келмейтіндігін сықақты, халықң арасынан 

шыққан Қамбар сияқты батырды ерекше басым етіп көрсетеді. 



 

55

Жырда  Қамбардың  батырлық  тұлғасы  Алшыораздың  сөзімен  де  сипатталады. 



Сондай-ақ  жырда  Қамбар  образы  жау  адамдарының  іс-əрекеті,  сөзі  арқылы  да 

толықтырылып  отырады.  Қараман  мен  Келмембеттің  Қамбардан  сескенуі,  қорқып,  одан 

қауіптенуі батыр образын ұлғайта түседі.  

Сөйтіп,  жырда  Қамбар  образы  өте  əсерлі  болып  жасалған.  Қамбардың  ерлігіне 

сүйсінген халық Қамбардай батыр болуын арман еткендігін білдіреді, соны үлгі етеді. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет