Өзен кен орнында штангалы терең сорапты қондырғының


Сурет – 1.1  Шолу картасы



Pdf көрінісі
бет10/34
Дата09.05.2022
өлшемі1,97 Mb.
#33795
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   34
Байланысты:
Өзен кен орнында ШТСҚ жұмыс тиімділігін арттфру - Baglan Tungushbaev

Сурет – 1.1  Шолу картасы 


17 

 

1.2 Кенорнының геологиялық зерттелуінің және игерілуінің  тарихы 



 

Маңғыстауды   зерттеу  өткен  ғасырдың  аяғында  басталған.  Маңғыстау  

мұнайының  алғашқы  белгілерін  1899-1901 жж.  Таспассорлары  мен  

құдықтарының  ауданында  А.А.Насибьянц  тапқан. 

Өзен  көтерілуі  1937-1941  жж.  С.Н.Алексейчик  далалық  геологиялық  

зерттеулер  жүргізгенде  анықталған.  

1941-1945  жж.  арасында  Маңғыстауда  геологиялық  зерттеулер  

жүргізілген  жоқ. 

1950  ж.  ВНИГРИ  Б.Ф.Дьяков,  Н.Н.Черепанов  және  Н.К.Трифоновтың  

жетекшілігімен    Маңғыстауға    ірі    кешенді    геологиялық-геофизикалық  

экспедиция    ұйымдастырды.   Бұл   коллектив    ауданды    зерттеуге    үлкен   үлес  

қосты.    1951    ж.    "Казнефтеобъединение"      бас    геологы    Н.А.Кадин    Батыс  

Қазақстанның  геологиясы  мен  мұнайлылығы  бойынша  кең  мәлімет  берді,  

барлық    геологиялық    материал    талданды    және    Маңғыстаудың  

мұнайгаздылық  болашағы  ерекше  атап  көрсетілді. 

1951    ж.    Казахстаннефтеразведка    трестінің    геологиялық-іздестіру  

басқармасы  (директоры  К.Н.Тулин,  бас  геологы  А.П.Черняева)  Маңғыстау    

түбегіне  бұрғышылар    партиясын    бағыттады,    олар    Түбіжік      алаңында  

құрылымдық-іздестіру  бұрғылау   жүргізе  бастады. 

1957-1961    жж.    Маңғыстаудың    өндірістік      мұнайгаздылығы    жөніндегі  

мәселелер шешілді.  Бүл  мақсатта  ВНИГРИ  мұнайды  іздеу   және  барлауға  

үш    аудан    ұсынды.    Қазан    құрылымын    бұрғылаудың    нәтижесі    болмады,  

Түбіжік  алаңында  мұнай  кен  орны  анықталды,  бірақ  ондағы  мұнай  ауыр,  

шайырлы    және    барлауға    тиімсіз    болып    шықты,    ал    Жетібай    және  Өзен  

құрылымдары    аумағында    мұнайгаз    кен    орындары    анықталды.    1961    ж.   

желтоқсанның   басында  1248-1261 м  аралығындағы  1 скважинаны  сынағанда  

10 мм  штуцерден  тәуліктік  шығымы   80 м?  фонтан  алынды.  Горизонттың  

өндірістік  бағалануы   1962  ж.  сәуірде  3  режимде  сынаумен  берілді.  1963  

ж.  наурыздың    басында    осы    горизонттағы      2    және      22      скважиналардан   

мұнай   фонтандары   атқылады. 

Өзен  кен  орны  өнеркәсіптік  меңгеруді  жеделдету  мақсатында  КСРО  

үкіметінің  1963  ж.  7  қыркүйектегі  қауылысымен  Шевченко  (қазіргі  Ақтау)  

қаласында  "Мангышлакнефть"  бірлестігі  құрылды  да,  Өзен  экспедициясы  

соның  құрамына  енді. 

1965  ж.  ВНИИ  Өзен  кен  орнын  игерудің  Бас  схемасын  жасады  және  

ол    Миннефтепром    комиссиясымен    бекітілді.    Онда    мынадай    жағдайлар  

қарастырылды: 

• кен  орнын  игерудің  басынан  бастап  қабат  қысымы  мен                    

температурасын  көтеріп  ұстау; 

•    4    пайдалану    обьектілерін    бөліп    алу:    І    обьект  –  XIII+XIV    гори-

зонттар; IIобьект – XV+XVIгоризонттар;  III  объект – XVII  горизонт;  4 обьект 

– XVIII  горизонт;  




18 

 

•негізгі  пайдалану  обьектілері  (І-ІІ)  бойынша  кен  орнын  айдау 



скважиналарымен  4 км  блоктарға  бөлу; 

•барлық  обьектілерді   біруақытта  жеке  блоктармен  игеруге  қосу; 

•ІІІ  обьектіні  нұсқа  сыртынан  су  айдау  жүйесімен  игеру; 

•IV  обьектіні  қабат  қысымын  көтерусіз,  аралас  режимде игеру. 

Бірақ  кен  орнының  су  айдауға  дайын   еместігіне   байланысты  XIII-

XVIII    горизонттар    2.5    жыл    бойы   ешбір    әсер    етусіз,    табиғи    серпінді    су  

арынды   режимде  игерілді. 

Өзен  кен  орнының  барлық  өнімді  горизонттары  бойынша  әсер  етудің  

қолданылудағы    жүйесінің    тиімсіздігінен      скважиналар    шығымы    төмендей   

берді.  1971  ж.  дейін  су  айдау  көлемінің  өсуіне  қарамастан  жылдық  өндіру   

өсіміне    тек    өндіру    скважиналары      қорының    артуы    арқылы    ғана    қол  

жеткізілді. 

Негізгі      алаңдар    мен    горизонттар    бұрғыланып    біткенен    соң    мұнай  

өндіру  төмендеді  және  скважиналар  өнімінің  сулануы  қарқындады.  Мұнай  

өндірудің   құлау  коэффициенті  1976  ж.-5,  1977-1979  жж.  15.6...10%. 

1974  ж.  жасалған  игеру  жобасында  келесі  жағдайлар  қарастырылды: 

•әрбір  горизонт  жеке  игеру  обьектісі  болып  табылады; 

•өнімді  горизонттар  ені  2км  блоктарға  айдау  скважиналары   

  қатарларымен бөлінеді; 

•жаңа  скважиналар  әрбір  горизонтқа  жеке  бұрғыланады; 

•ыстық  су  айдаудың  жобалық  көлемі  ұлғайтылды   және  кен  

 орнын  1979 ж.  қарай  толығымен  ыстық  суға   көшіру  ұйғарылды.     

Соңғы  шарттың  орындалуы  қосымша  49.3 млн.т. мұнай  алуға   

мүмкіндік  берер  еді.  Бірақ  жоба  орындалмады да,  ыстық  суға  көшу  

толығымен  1983 ж.  ғана  аяқталды. 

Өнімді  горизонттардан  мұнайды  алу  ерекшеліктері  мұнайдың  қорын  

игеру    сипатының    күрделі      екенін    көрсетті.    Күрделі    жағдайларда    тек  

блоктық  су  айдау, жеткіліксіз  болғандықтан  кейін  сатылық  термалдық  су  

айдау    фигрралық    су    айдау    сияқты    технологиялар    қолданылды.    Бұл  

технологиялар  кен орнын  игерудің  тиімділігін  арттыруға  жәрдемдесті. 

Қазіргі    кезде    ыстық   су    айдау    қондырғыларда    дайындалады.    Ыстық  

суды  дайындауға  көп  шығын  шығатын  болғандықтан  ыстық  су  айдаудың  

циклдік  әдісі  игерілген.  Оның  мағынасы  өнімді  қабатқа  берілген  көлемде  

бірде    ыстық,    бірде    салқын    су    айдалады.      Ыстық    су    айдау    процесінде  

қабаттың    жабыны    мен    табаны    қыздырылады.    Бұл    жағдайда    салқын    су  

қабаттың  қызған  жабыны  мен  табанынан  келетін  жылу  арқылы  жылиды,  

ал  артынан салқын  су  айдағанда  ыстық  су  қабатқа  қарай  ысырылады. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   34




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет