Өзен ағысының бағыты мен сипатына жер бедерінің әсері. Өзен ағысының бағыты мен жылдамдығы сол өзен ағып өтетін жер бедеріне байланысты. Мысалы, Жоңғар Алатауынан басталатын Қаратал өзені бас жағында тар шатқалды бойлап ағады. Таудан шыққан соң, өзен құмды жазықты басып ағады. Көлге жақындаған сайын өзеннің аңғары кеңейіп, ағсы баяулайды.Содан кейін жайылып,бірнеше тарамдарға бөлініп барып,Балқаш көліне құяды.Қазақстанның оңтүстігіндегі және шығысындағы өзендердің көбі басын таулардан алады. Олар бас жағында гүрілдеп, көбік шашаып ағады.Сонан соң,жазыққа шыққаннан кейін ағыстары баяулайды.Тау өзендері беткейлері тік,жартасты тар аңғармен ағады.Мұндай тар аңғарды шатқал деп атайды.Жазық жерлермен ағатын өзендердің ағысы баяу келеді.Ондай өзендерге – Іле ,Сырдария, Жайық , Есіл, Нұра жатады. Жазықтағы өзендер кеме қатынасы үшін қолйлы болып келеді.
Шоңғалдар мен сарқырамалар.Өзен аңғарының түбі кей жерлерде қопсыған, жұмсақ құм, саз жыныстарынан тұрады. Ондай жұмсақ тау жыныстарынан тұратын жерді өзендер біркелкі шайып отырады. Ал кей жерлерде қатты кристалдық тау жыныстары кездеседі. Олар кейде судың бетіне шығып кетеді. Осындай өзеннің арнасындағы қатты жыныстарды шоңғалдар деп атайды.
Су шоңғалдардың үстінде ақ көбік шашып, сарқырай ағады.Өзен суы тек шоңғалдардан өткеннен кейін ғана баяулап, қайтадан бірқалыпты аға бастайды.Шоңғалдар кеме қатынасына үлкен кедергі жасайды.Егер жартас өзен арнасын кесе-көлденең алып жатса, су одан төмен қарй құлай ағып сарқырама жасайды.
Жер шарындағы ең биік сарқырама – Анхель, ол Оңтүстік Америкадағы Ориноко өзенінде. Оның биіктігі 1054м. Екінші биік сарқырама – Африкадағы Замбази өзеніндегі Виктория. Онда су 120 м
биіктіктен құлап ағады.
Ал дүние жүзіндегі ең ірі сарқырама жүйесі Игуасу каскадтары болып табылады.Оның ені 2700м , биіктігі 72м . Онда 275 бөлек сарқырама бар .Ол Оңтүстік Америкадағы Бразилия мен Аргентинаның шекарасында орналасқан.Сарқырмада құлап ағатын судың күші сондай зор, ол өте ауыр машиналарды да қозғалысқа келтіре алады.Сондықтан сарқырамаларға қуатты электр станциялары салынады.
Солтүстік Америкадағы Эри Онтарио көлдерінің арасындағы Нигара сарқырамасының биіктігі 50м .Ол жыл сайын Эри көліне қарай орта есеппен 1,5 м-ге жуық шегініп келеді.Өйткені жартасты құрайтын жыныстар опырылып сынып, судың ағысымен төменге қарай ағып кетіп жатады. Болжам бойынша, бұл сарқырама 20000 жылдан кейін жойылады.Сарқыраманың гүрілдеген дауысы 25 км қашықтықтан естіледі. Ал оның жанында тұрғанда су гүрілінің қаттылығы сондай, тіпті адамның дауысы естілмейді. Бұл сарқыраманың үндістер тілінде Нигара – «гүрілдеген су» деп аталуы содан.Тереңге құлап жатқан су пердесі адамның есінен кетпейтіндей тамаша көрініс береді .Онда су тозаңдарына күн сәулелері мың құбылып, алуан түсті шұғыла ойнап тұрады.Сарқыраманың бұл тамаша көрінісі туристерді қызықтырып өзіне тартады.