Өзендердің бөліктері және адам шаруашылығындағы маңызы



бет3/3
Дата31.10.2022
өлшемі65,53 Kb.
#46389
1   2   3
Байланысты:
7 лекция геоморф

Өзендердің суға молығуы.Өзендерге жер асты сулары,мұздық ,
жаңбыр, еріген қар суы қосылады. Бұл су көздерінің әрқайсысының
үлесі өзенге су жиналатын алаптың климат ерекшеліктеріне тікелей байланысты.
Экватор маңындағы өзендердің молдығуында жаңбыр суы басты орын алады. Оларға суы аса мол Амазонка мен Конго өзендері жатады.Алабына жаңбыр барлық маусымда бірқалыпты жауатын-
дықтан, бұл өзендердің деңгейі жыл бойы өзгермейді.
Қыста қар тұрақты жататын аймақтардағы өзендер негізінен қар суымен молығады. Биік тау басындағы мәңгі қар мен мұздықтардың
етегінен басталатын өзендер сол еріген қар мен мұздың суымен молығады.
Өзендегі судың мөлшері жыл ішінде өзгеріп отырады.Ол өзеннің
молығу сипатымен тікелей байланысты.Мысалы,қыстай жиналған қардың еріген суымен молығатын жазық жердің өзендері – көктемде,
ал басын тау басындағы қар мен мұздың еріген суынан алатын өзендер жазда тасиды. Судың тасуынан тасқынды айыра білу керек. Су тасуы деп жыл сайын белгілі бір маусымда қайталанып отыратын өзендегі су
мөлшерінің едәуір көбеюін айтады.Бұл кезде өзен арнасынан ұзаққа шығып жайылады. Ал өзендегі су деңгейінің кенет көтерілуін тасқын дейді.Тасқын нөсер жаңбырдан немесе таудағы қар мен мұздың күрт еруінен пайда болады.Жазғы қуаң кезде өзен едәуір тайыздайды. Өзендегі судың ең төменгі күйін өзеннің сабасына түсуі деп атайды.
Мұндай жағдайда өзенге көбінесе тек қана жер асты сулары қосылады.
Өзен суы мөлшерінің жыл ішінде өзгеру ерекшелігін өзеннің режимі.
Адамның шаруашылық қызметіндегі өзендердің маңызы.
Адамзат тарихының белгілі бір кезеңінде өзендер айрықша орын алған.Ең ерте замандардағы өркениеттің өзі Ніл,Тигр,Евфрат,Ганг,Хуанхэ,Янцзы өзендері бойыеда дамығандағы бізге тарихтан белгілі.
Көшпелі қазақ халқы да Еділ мен жайықтың, Сырдария мен Ертістің,
Тобыл мен Есіл сияқты ірі өзендердің бойын жайлаған.Әсіресе біздің заманымызда зендердің шаруашылық маңызы өте зор.
Құлап аққан өзен суынан электр қуатын өндіреді.Біздің елімізде Ертіс,Іле,Сырдария өзендерінде су электр станциялары жұмыс істейді.
Өзен кемелері жолаушы мен жүк тасымалдайды.Өзен суын зауыттар мен фабрикалар көп пайдаланады.
Су көп мөлшерде тұрмыс қажетіне жұмсалады. Жауын-шашын аз түсетін, құрғақшылық аудандарда көптеген өзендердің суы жер суаруға жұмсалады. Қазақстан мен Орта Азия шөлдерінде Сырдария
мен Әмудария өзендерінен каналдар қазылған, олармен егістік жерлерге су жіберіледі.Мақта, күріш, жүзім, қарбыз, қауын дақылдары түгелдей суармалы жерлерде өсіріледі.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет