Қозғыш тіндердің жалпы қасиеттері. Қозғыштықтың кезеңдері. Қозғыштықтың өлшемдері



бет19/42
Дата21.02.2022
өлшемі93,02 Kb.
#26026
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   42
Байланысты:
1рк-физио

ПЕССИМАЛЬДЫ ТЕЖЕЛУ - күшті серпіністердің жиі-жиі келіп түсуіне байланысты медиаторлар көбейеді де – постсинапстық мембранада тұрақты деполяризация пайда болады.

ҚОЗУДАН КЕЙІН ТУАТЫН ТЕЖЕЛУ - реполяризация кезеңі аяғында туындайтын гиперполяризацияға байланысты. Оның ұзақтығы 50-150мс. Бұл кезде мотонейронның қозу қабілеті өте төмендейді де ол қозбайды.


  1. Орталық жүйке жүйесінің қозуды өткізу ерекшеліктері (жүйке орталықтардың физиологиялық қасиеттері).

Орталық жүйке жүйесінде қозу тек түйіспелер арқылы тарайды. Сондықтан қозуды өткізу ерекшеліктері түйіспелердің физиологиялық қасиеттеріне байланысты.

  1. Жүйке орталығында қозу бір ғана бағытта болады. Мысалы; сезімтал нейроннан аралық нейронға, ары қарай қозғалтқыш нейронға өтеді.

  2. Қозу әр синапста 0,2-0,5 мс кідіріп, жүйке орталығынан баяу өтеді.

  3. Жүйке орталығын үздіксіз тітіркендіру арқылы оның ет және жүйке талшықтарына қарағанда тез қажитыны анықталды.

  4. Қозудың бастапқы толқыны жүйке орталығында баяу өтеді, ал келесі толқыны жылдамырақ болып өтеді.

  5. Жүйке орталығында қозудың жиілігі мен күші тітіркендіргіштің жиілігі мен күшіне тең бола бермейді.

  6. Тітіркендіргіштің әсеріне қарағанда оған қайтарылатын жауап уақыты ұзақ.

  7. Дивиргенция мен конвергенция. Дивергенция – бір аксон тармақталып көптеген нейрондармен байланысып синапс құрайд, ал конвергенция кезінде бірнеше нейроннан келіп түскен синапстар бір нейронда жинақталады.

  8. Жинақы қозу – орталық жүйке жүйесінде пайда болған қозу тап осындай екінші бір қозуға қосылуы. Оны 1862 жылы И.М. Сеченов ашқан болатын. Жинақы қозуға кері үдеріс те бар, ол – окклюзия немесе бітелу.

  9. Жүйке орталығы үздіксіз тонуста болады.

  10. Әрбір жүйке жүйесі кейбір фармокологиялық заттарға және оттегінің тапшылығына өте сізмтал болып келеді.






  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет