Рефлекс, рефлекстік доға. Адамның сінір рефлекстері.
Рефлекс дегеніміз- орталық жүйке жүйесінің сыртқы немесе ішкі тітіркендіргіштерге беретін күрделі жауабы. Рефлекстің морфологиялық негізі – рефлекстік доға, яғни қозуды рецепторлардан жүйке орталығынан, онан шеткі ағзаға жеткізетін жол. Ол бес бөлімнен тқрады: 1-қабылдаушы құрылым-рецептордан; 2-қозуды орталыққа жеткізетін афференттік жүйкеден; 3-аралық нейрондардан тұратын оратлықтан; 4-қозуды орталықтан эффекторға апаратын эфференттік жүйкеден; 5- жауап беруші құрылым – эффектордан тұрады. Рефлекстік доға бүтін болған жағдайда ғана рефлекс қызметін атқарады.