Орталық жүйке жүйесінің рефлекстерді координациялау қызметінің жалпы принциптері
ОЖЖ-сі нейрондарының өзара әрекеттесуі нәтижесінде олардың қызметтері үйлесімді және келістірілген түрде атқарылады.
Үйлестіру қызметтері:
1) белгілі бір әрекеттердің және рефлекстердің анық орындалуын қамтамасыз етеді;
2) әрекеттердің күрделі түрлерін қамтамасыз ететін әртүрлі жүйке орталықтарын жүйелі түрде іске қосады;
3) әртүрлі жүйке орталықтарының келісілген жұмыстарын қамтамасыз етеді (жұту кезінде тыныс тоқтатылады, жұту орталығы қозғанда, тыныс орталығы тежеледі).