Гиперпаратиреоз – қалқансерік бездері қызметінің шамадан көп болуы сирек кездеседі. Бұл жағдайда қандағы кальцийдің мөлшері көбейіп, бейорганикалық фосфат мөлшері азаяды. Остеопороз (сүйек жұқаруы) дамиды, соның салдарынан организмде бұлшықеттер әлсіздігі, қол-аяқта ауыру сезімі пайда болады. Азот алмасуы өзгеріп, бауырдың мочевина жасау қызметі баяулап организмнің өздігінен улануы басталады. Бұл тұңғыш рет И.П.Павлов зертханасында анықталған. Жануарды органикалық азот қосындылары көп ет тағамдарымен тамақтандырғанда олардың қалыпты жағдайының төмендейтінің түсіндірді. Қалқансерік бездерін алып тастау ми қыртысының негізгі динамикалық үрдістері қозу мен тежелу сияқты шартты рефлекстік қызметінің бұзылуына әкелетіні анықталған.