Қыртысты қабат: 40-тан астам кортикостериодтарды түзеді. Физиологиялық қызметіне байланысты олар 3 топқа жіктеледі. Глюкокортикостериодтар – кортизон, гидрокортизон, кортикостерон гормондары. Олар катоболизм үдерістерін күшейтеді; белок пен майдың алмасуына әсер етеді; көмірсулардың алмасуына, яғни гликоген мен глюкозаның алмасуын реттейді; аллергияға қарсы тұру қабілеттерінің артуын қарастырады.
Минералокортикоидтар – альдостерон мен 2-дезоксикортикостерон. Олар су мен тұздардың алмасуын; кальций мен магнийдің сыртқа шығарылуын; натрий мен хлор иондарының алмасуын реттейді.
Андрокортикостероидтар – андростерон, эстрол, прогрестерон гормондары. Олардың негізгі қызметі - жыныс бездері өз жұмысын тоқтатқан кезде жыныс гормондарын түзу болып табылады. Бұлардың маңызы кәрілік кезде зор болады.