Өзгергіштік


Жарықтық репарация не фотореактивация (тікелей репарация)



бет3/5
Дата27.11.2023
өлшемі1,68 Mb.
#130172
1   2   3   4   5
Байланысты:
Лекция 9

1. Жарықтық репарация не фотореактивация (тікелей репарация)

  • 1949 жылы неміс генетигі Альберт Кельнер ашқан.
  • 1. Ультра күлгін сәулелердің әсерінен көрші орналасқан пиримидиндер арасында (Т=Т) байланыстың пайда болуы, ДНҚ репликациясын тежейді.
  • Жарық кванттары арнайы фермент - фотолиазаны активтендіреді, ол зақымдалған ДНҚ-мен байланысып, димерлерді ажыратады;
  • ДНҚ тізбегінің бүтіндігін қалпына келтіреді.

Жарықтық репарация (фотореактивация)

О6-алкилденген гуаниннің репарациясы

  • Совет генетигі И.А. Рапопорт (ағылшын генетигі Шарлотта Ауэрбах ) 1944-1948 жылдары ДНҚ пуриндік және приримидиндік негіздерін алкильдеуші химиялық мутагендердің жаңа классы- алкилдеуші агенттерді ашты. Олар молекулаларға (метилдік, этилдік, пропилдік, бутилдік) бүйір топтарын қосады.

ДНҚ біртізбектік үзілулерінің репарациясы

  • Иондаушы сәулелердің әсерінен пайда болады.
  • ДНҚ полинуклеотидлигаза ферментінің көмегімен үзілген тізбек шеттері қосылады.

АП-сайттардың пуриндерді тікелей қосу арқылы репарациясы

  • Голландия ғалымы Т. Линдал 1979 жылы зақымдалулардың әсерінен пуриндік негіздердегі азоттық негізбен қанттың арасында гликозидтік байланыстың үзілуін анықтаған. ДНҚ молекуласының осы аймағында қуыс – АП- сайт пайда болады.
  • Инсертаза (ағыл. insert - қосу) ферменттері осы аймаққа дәл сондай негізді қосып, оны қантпен қосады. ДНҚ молекуласы зақымдалмаған қалпына келеді.

Қараңғылық репарация не эксцизиялық репарация

  • ДНҚ тізбегінен зақымдалған аймақ кесіліп алынады, сондықтан эксцизиялық репарация деп аталады.
  • Бұл репарацияның молекулалық механизмдері 1964 жылы ашылған. Осы репарация типіне бірнеше арнайы механизмдер жатады:
  • Мысалы:
  • гликозилазалар тек модификацияланған негіздерді кеседі,
  • АР-эндонуклеазалар – апуриндік сайттарды кеседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет