Тапсырма: сұрақтарды топта талқылаңыздар және жауаптарыңызды флипчартқа жазыңыздар.
1. Қалыптастырушы бағалау дегеніміз не?
2. Мақсаты мен принципі қандай?
3. Қашан өткізіледі?
4. Ақпарат кімдерге беріледі?
5. Мұғалімнің рөлі қандай?
6. Оқушының рөлі қандай?
7. Қандай формада өтеді?
Қалыптастырушы бағалау – оқушы мен мұғалім арасындағы кері байланысты қамтамасыз ететін және оқу үдерісін дер кезінде түзетуге мүмкіндік беретін бағалаудың түрі болып табылады.
ҚБ принциптері:
оқытудың бір бөлігі («оқыту үшін бағалау»);
барлық оқу мақсаттары қамтылады (оқу мақсаттары барлық сыныптарда пәндер бойынша оқу жоспарларында нақтыланып белгіленген);
бағалау белгіленбейді;
оқу мақсаттарына жеткендігі бағалау критерийлеріне сәйкес жүзеге асады;
ҚБ нәтижелері оқыту сапасын, оқу бағдарламасын жақсарту үшін қолданылады.
Қалыптастырушы бағалау
ҚАЛЫПТАСТЫРУШЫ БАҒАЛАУ
Өткізіледі Ақпараттандырады Оқушының рөлі мұғалім тоқсан барысында өткізеді
материалды оқу барысында тапсырманы қаншалықты дұрыс орындағаны жөнінде оқушылар ақпарат алады;
оқушының ілгерілеуі жөнінде мұғалім ақпарат алып, оқыту үдерісіне өзгерістер енгізе алады.
оқытуға белсене қатысады;
күтілетін нәтижені түсінеді;
өзін-өзі бағалайды/бірін-бірі бағалайды.
Мұғалімнің рөлі оқу жоспарына сәйкес бағалау критерийлерін анық жазады;
бағалау критерийлеріне сәйкес тапсырмалар құрастырады;
тапсырмаға дескриптор құрастырады;
оқушыларға тиімді кері байланыс береді;
оқыту мен бағалау үдерісіне түзету енгізеді;