Сарыкөл жалпы орта білім беретін мектебінде 2021-2022 оқу жылында рухани – адамгершілік тәрбиесін іске асыру бағытында жасалған жұмыстардың бірі ол діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу жұмыстары. Жылдық жоспар бойыша насихаттаушы – ақпараттық топ құрамы құрылып, жылдық жұмыс жоспары бекітілді. Жылдық жоспар бойынша «Терроризмге қарсы күрес туралы» заңымен ұжым таныстырылды.
Діни секталарға үгіттеуді шектеу мақсатында ата-аналарға түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Діни ұйымдарға баратын отбасыларды анықтау мақсатында мақсатында диагностика жүргізілді.Нәтижесінде мектепте намаз оқитын, үнемі мешітке баратын, ата-анасы дін жолында жүрген оқушылар жоқ. Мектеп ішіндегі оқушылардың киім кию ережесі туралы түсінік жұмыстары жүргізу, сақтау, қадағалау туралы жұмыстар жүргізілді. Бос уақыттарын тиімді пайдалану мақсатында мектеп оқушыларын спорттық, мәдени үйірмелерге тарту жұмыстары үнемі жүргізіліп келеді. Сонымен қатар 5-11 сынып оқушыларына діни экстермизм мен терроризмнің алдын алу мақсатында сынып жетекшілері тәрбие сағаттарын ұйымдастырды. Мектебімізде 9 сынып оқушыларымен «Зайырлылық және дінтану негіздері» курсы жүргізіледі. Курсты тарих пәні мұғалімі Г.Т.Жұмағалиева жүргізеді.Экстремизм және терроризмдік қылмыстарды алдын алу мақсатында мектепшілік түсінік жұмыстар жүргізіліп, дәрістер оқылып, оқушылар арасында құқықтық, тәрбиелік-идеологиялық түсіндіру шаралары жүргізілді.
«Рухани-адамгершілік және азаматтық патриоттық тәрбиелеу контекстінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті мектеп ортасында қалыптастыру» бағдарламасын басшылыққа ала отырып 2021-2022 оқу жылына арнап ақпараттық топ құрылды. Ақпараттық топтың 2021-2022 оқу жылына арналған жұмыс жоспары құрылып 1- 11 сынып оқушыларын сыбайлас жемқорлықтың алдын –алу шараларына тарту мақсат етіп қойылды. Жоспар бойынша білім алушылардың ата-аналарымен заңсыз ақша жинауға жол бермеу бойынша жұмыстар жүргізілді. «Жемқорлыққа жол жоқ» сурет көрмелері, тренингтер, сыныптан тыс шаралар, апталық жұмыстар, «Сенім жәшігі» мен «Сенім телефонының» жұмысы жоспар бойынша уақытылы ұйымдастырылып отырылды.
Білім алушы бойында рухани-адамгершілік тәрбиесін іске асыру мақсатында «Қоғамға қызмет» волонтерлар клубы құрылды. Жауапты болып химия пәнінің мұғалімі А.Г.Умарова бекітілді. Құрамына орта, жоғары буын оқушыларынан ерікті түрде қосыламын деген оқушылар тіркелді. Негізгі мақсат мектеп оқушыларын білім ордасымен қатар ауыл ішінде өткізілетін шараларға ерікті түрде қатыстыру, мектептің, ауылдық дамуына, гүлденуіне үлес қосу.
2021-2022 оқу жылының І жарты жылдығы бойынша азаматтық – патриоттық тәрбиені іске асыру бойынша «Жас Ұлан» ұйымының жұмыс жоспары құрылып, жұмыстар жүргізілуде. 1 қыркүйек білім күңіне байланысты «Кел балалар оқылық!» атты салтанатты жиын өтті. Жиында 1 сынып оқушылармен белсенді ұландар және ауыл әкімі, ардагер ұстаздар қатысты. 1 сынып оқушыларына әліппе берілді. Ұландар «Жас Ұлан» ұйымының жоспары құрылып, сол бойынша жұмыстар жүргізіледі. Ұланбасы тағайындалады және мүшелер сайланады. Ай-сайын отырыстар, мектепішілік апталық жиындар ұйымдастырылады. Ұландармен қырандардың күнделікті мектеп формалары, сабаққа кешікпей келуі тексеріліп тұрады. Сонымен қатар оқушылардың күнделіктері ай сайын тексеріледі. Зерде бағыты бойынша «Тәуелсіз ел ұланы, болашаққа үн қосқан» «ЖасҰлан» ұйымына салтанатты қабылдау жиыны өтті. Жиында «Жасұлан» анты қабылданды. Ұландарға галстук төс белгі, қырандар төсбелгі тағылды. Төс белгілер мен галстук тағу үшін мектеп директоры және ұстаздар шақырылды.
Азаматтық –патриоттық тәрбиені жоспарлау мақсатындағы жұмыстың бірі ол «Жас сарбаз» клубы. Клуб жетекшісі АӘД пәні мұғалімі А.Қарасай «Жас сарбаз» әскери-патриоттық клубының жылдық жұмыс жоспары 9-11 сынып оқушыларына арналып жасалған. Жоспарлау уақытында оқушылардың жас ерекшеліктері ескеріле отырып, тақырыптар таңдалған. Қазіргі кездегі тәрбиенің бір бағыты ол – патриоттық тәрбие. Оқушыларды Отансүйгіштікке баулу, барлық буындағы ең өзекті мәселе. Оның ішінде патриоттық тәрбиенің әскери саламен байланыстыру балалар үшін өте қызықты тақырып болмақ. Клубтың негізгі мақсаты оқушылар арасында әскери мамандықты кеңінен насихаттау, елдің тарихын ұғындыру, батырлар өмірімен таныстыру, Қазақстанның армиясымен таныстыру, жаныңдағы адамдардың жақсылығын бағалау алу, қоғамдағы өз орныңді білу. Тақырып барысында түрлі деңгейдегі сайыстар жүргізілуде.
2021-2022 оқу жылында көркем-эстетикалық тәрбиені іске асыру мақсатында көптеген жұмыстар жүргізілді. Атап айтсақ «Сымбат» қыз балалар клубының жұмысы. «Сымбат» қыз балалар клубы мектебіміздегі қыздармен жұмыс жүргізетін клубтың бірі. Жетекшісі болып А.А.Коразова бекітілді. Жылдық жоспар құрылып, жұмыстары уақытылы жүргізіліп отырылды. Жоспар бойынша оқу жылының басында алғашқы отырыс ұйымдастырылды. Мұнда қыздар жетекшімен бірге жылдық жоспарды талқылап, бекітуге ұсынады. Клубқа жаңадан қосылған қыздарға бойжеткен ережелерімен таныстырылды. Жыл бойы жоспар бойынша барлық жұмыстар өткізіліп, жылдық отырыстар болып хаттамалары жазылды.
2021-2022 оқу жылында «Ұшқыр ой» дебат клубы құрылды. Клубқа 8-11 сынып оқушылары қабылданды. Жетекшісі болып тарих пәні мұғалімі Г.Т.Жұмағалиева бекітілді. Жылдық жоспар құрылып, оқушылармен жұмыстар жүргізілуде. Жетекші мен оқушылар мектепішілік дебат клубымен қатар аудандық дебат клубының жұмыстарына белсене қатысуда. Оқушылардың аудандық дебат клубының жұмыстарына қатысу, сөз сөйлеу арқылы өздерінің білімдерін толықтыруда.Мектептік дебаттық клуб – «Ұшқыр ой алаңы» оқушылардың мәдени-білім беру жалпыұлттық дебаттық қозғалысы негізінде құрылып, жалпымәдени, зияткерлік, зерттеушілік, коммуникативті, шешендік, азаматтық дағдыларды қалыптастыруға бағытталған жалпы орта, қосымша білім беру ұйымдарының білім алушыларына арналған балалардың шығармашылық бірлестігі. Мектептік дебаттық клуб білім беру ұйымы директорының бұйрығы негізінде құрылады. Мектептік дебаттық клуб қызметіне жалпы басшылық пен бақылауды директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары жүзеге асырады. Сарыкөл жалпы орта білім беретін мектебінде «Жігер» дебат клубы құрылды Мектептік дебаттық клубы әкімшілікпен, мектеп мұғалімдерімен, қосымша білім беру мұғалімдерімен және аймақтық дебаттық клубының жетекшілерімен өзара тығыз байланыс жасайды.
2021-2022 оқу жылында еңбек және дене тәрбиесін іске асыру мақсатында төмендегі жұмыстар ұйымдастырылды. Мектеп оқушыларының бос уақыттарын тиімді пайдалану, каникул уақытында оқушыларының бос жүрмей тиімді іс-әрекетпен айналысуын қамтамасыз ету мақсатында спорт үйірмелерінен үстел теннисі, шахмат, тоғызқұмалақ, футбол, волейбол үйірмелері ақысыз түрде жұмыс жасады. Оқушылар бос уақыты спорт үйірмелеріне қатысып отырды.
Еңбек және дене тәрбиесін іске асыру мақсатында ұйымдастырылған жұмыстардың бірі ол мектепте әкелер қауымымен бірлесе жұмыс жасау еді.Сарыкөл жалпы орта білім беретінмектебінде мектепшілік «Ұлағат» әкелер тобы құрылды. Мектеп оқушылары, әсіресі ер балалар арасындағы қылмыс пен құқықбұзушылықтың алдын алу және патриоттық тәрбие беруді насихаттау мақсатында, отбасындағы әкелер міндетін айқын көрсету мен ер балалар құқығын қорғау, кәмелеттік жасқа жетпеген балалардың тәрбиесі мен тұрмыс жағдайын тексеру, әкелер қызметінің атқаратын орны туралы еді.
Ер балалар арасындағы қылмыс пен құқықбұзушылықтың алдын алу және патриоттық тәрбие беруді насихаттауды қамтамасыз ету, отбасындағы әкелер міндетін айқын көрсету мен ер балалар құқығын қорғау, кәмелеттік жасқа жетпеген балалардың тәрбиесі мен тұрмыс жағдайын тексеру мақсатында арнайы түсінік жұмыстары жүргізілді.
Өткізілген іс-шаралар уақыты Cарыкөл жалпы орта білім беретін мектебінің инстаграмм әлеуметтік желісінде 2017 жылдың қыркүйек айынан бастап жарияланып келеді. Әлеуметтік парақша атауы:sarykol_zhobb_mektebi.