Өзін-өзі бағалау тексеру парағы: Өзін-өзі бағалау тексеру парағы


) тәрбиеленушіні 1-сыныпқа қабылдағанға дейін МДТО үлгілік оқу бағдарламасын игеру бойынша талаптарды сақтау



бет34/35
Дата11.10.2024
өлшемі135,42 Kb.
#147741
түріСабақ
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   35
Байланысты:
Бағалау парағы (1)

2) тәрбиеленушіні 1-сыныпқа қабылдағанға дейін МДТО үлгілік оқу бағдарламасын игеру бойынша талаптарды сақтау.
Тәрбиеленушіні 1-сыныпқа қабылдағанға дейін түрлі іс-әрекеттерді ұйымдастыру арқылы оларды кіріктіру жолдарымен іске асырылатын "Денсаулық", "Қатынас", "Таным", "Шығармашылық", "Әлеумет" білім беру салалары бойынша жұмыстар жүргізіледі. Оқытудың нәтижелері көрсеткіштер ретінде баланың даму мониторингін қамтамасыз етеді және оның жеке дамуын жоспарлаудың негізі болып табылады.
Мектепалды даярлық сыныбында денсаулық сақтау дағдыларын: гигиеналық шараларды орындауды, өзіне-өзі қызмет ету және өзара көмек көрсету дағдыларын, шынықтырудың барлық әдістерін жас ерекшелігіне сай сандық және сапалық көрсеткіштерге қол жеткізе отырып, негізгі қимыл түрлерін, қимылдарды еркін меңгеріп, саналы түрде ойын ережесін сақтауды,қозғалыс әрекетінде қарапайым өзін-өзі бақылауды, ағзаны шынықтыру және дене сымбатын сақтау тәсілдерін, күн тәртібін сақтауды үйренеді.
Коммуникативтік-тілдік дағдылар: тілдесу ережелерін: сөзсіз тілдесу құралдарын, сөйлесу әдебін, сөз тіркесі мен сөйлемдерді грамматикалық дұрыс құрастыруды,сөйлеуде таныс сөздердің күрделі түрлерін қолдануды, дыбыстарды анық, дұрыс, мәнерлеп айтуды, жіктеуді, дыбыстың шартты белгілерінің көмегімен буын мен сөз құрастыруды, сөзжасам дағдыларын, заттардың белгілері мен сапа ларына сүйене отырып, сөздің мағынасын түсіндіре және қолдана алуды, берілген тақырып, сурет бойынша жалаң және жайылма сөйлемдерді қолдана отырып, байланыстырып, бірізділікпен әңгіме құрастыруды, түрлі оқиғаларды мазмұндап айтуды, ертегілерді ойдан құрастыруды, ойында сөз және өлең ұйқастарын құрастыруға, көргеніне сүйене отырып, таныс шығармалардың мәтінін мазмұндауды, дыбыстарды айтуда және дыбыстық талдауда білімін қолдануды,төрт дыбысты сөздерге дыбыстық талдау жасауды, дыбыстарды сипаттауды үйренеді.
Танымдық дағдылар: адам өміріндегі маңызына және қолданылуына байланысты заттарды даярлау үшін пайдаланылатын материалдардың қасиеттері мен алуан түрлілігі туралы, қоршаған ортадағы объекетілердің ерекше және маңызды белгілерін бөліп көрсете отырып, олар туралы түсініктерді, жапсыру және сурет салу түрінде геометриялық пішіндерден шынайы және абстракциялық объектілердің қарапайым үлгілерін жасауды, болмашы ерекше белгілері бойынша жануарлар мен өсімдіктерді ажырата білуді, табиғат бұрышындағы мекендеушілерді күтіп-баптауды, күнделікті өмірдің жаңа жағдайларында қауіпсіздікті сақтауды, түрлі белгілері бойынша объектілерді жіктеуді, сөз арқылы кеңістіктік-уақыт қатынасын , қисынды ойлауды, нәтижеге жететін эксперимент әрекетіне мақсат қоя білуді, нәтижеге жетуді, алған ақпаратқа талдау жасауды, оны саналы түрде қолдануды үйренеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет