«Өзін-өзі тану» пәніне кіріспе: Оқу құралы/ Әзірлеушілер: Б.Қ. Құдышева педагогика ғылымдарының кандидаты; Г. Ж. Жұманова философия ғылымдарының кандидаты, доцент; С. С


Немістің классикалық философиясындагы өзін-өзі тану идеялары



бет5/40
Дата07.01.2022
өлшемі0,73 Mb.
#19165
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   40
Байланысты:
з¦н з¦ тану

1.4. Немістің классикалық философиясындагы өзін-өзі тану идеялары
Ңемістің классикалық философиясы өкілдері адамның рухани мәнін баса айта отырып, руханилықтың терең көзін айқын түсіндірді. Ұлы философ, немістің классикалық философиясының көшін бастаушы Иммануил Кант екі негізгі идеяны - адами тұлғаның сөзсіз өзіндік құндылығын және парызды негіз етіп алған этикалық жүйе жасады. Ол жасаған логикалық заңда (атақты Канттың категориялық императиві): «...өзің тілеген жэне бас-шылыққа алатын максиміңе сәйкес, сонымен қатар жалпыға бірдей заң болуын қалайтын істер ғана істе» [18, 260-6.]. Сол адамгершілік императивінің басқа формуласында былай делінген: «...сен әрдайым мақсатқа өз көзқарасың сияқты адамзатка да өз көзкарасыңмен де, басқаның көзкарасымен де карайтындай және оған ешкашан да жай зат сиқяты қараушы болмайтындай әрекет жаса»[18, 270-6.].

Кант махаббат пен сыйластықка көп көңіл бөлген. Ол: «жаратылысымыздан бізге екі қасиет тән, оған сәйкес бізді жақсы көргенді және кұрметтегенді қалаймыз... Адамды ішкі құндылығы болғаны үшін сыйлайды, бірақ оны пайда көру немесе әр түрлі рақат алу деңгейіне байланысты жаксы көреді. Біз пайда әкелетінді жаксы көреміз және өзінен өзі құндылыққа ие болатынды сыйлаймыз. Сыйлы болуды тілеудің тағы бір себебі - махаббаттан гөрі бізге басқалардың алдында үлкен сенімге ие болатындығымызда. Махаббат жек көрушілікте де бола береді. Махаббат басқа адамдардың махаббатына негізделеді, өйткені олардың мені сүйетіні, жек көретіні мен көңілімді қалдыратыны соларға байланысты емес пе. Бірақ менің ішкі құндылығым мол болса, онда мені бәрі де сыйлайды. Бұл жағдайда біреудің тілегі немесе тілемегенінің кажеті жоқ - менің ішкі жан дүниеме кім үңілсе, ол мені құрметтейтін болады... Егер біз өзімізді сыйлағанын қаласақ, онда біздің өзіміз де басқа адамдарды және бүкіл адамзатты сыйлай білуіміз керек. Сөйтіп, біз олардың да бізге сондай қатынас жасауы үшін өзіміз олардан талап еткен істерді істеуіміз керек» [19].

Адамгершілік және ізгілік туралы талдай келе Кант дерексіз, ресми ізгілікке қарсы келеді, ол бұл қасиеттің накты іс жүзінде көрінуін жақтайды. Кант, адамшылық - бүл баска адамдардың тағдырына қатысу қабілеті деп есептейді. Адамшылықтың болмауы басқаның тағдырына араласпау дегенді білдіреді... Біз басқаны жақсы көрудің жақсы нәрсе екендігінен жақсы көруіміз керек және де басқаны жақсы көргеннен біз мейірімді бола бастаймыз [19, 310-311-66.]. Бұл жағдайда философ бір ережені ұстанады, оған сәйкес біздің басқаны сүю және оған бақыт тілеу ниетіміз босқа, нәтижесіз болмауына, қайта оның тәжірибеде, іс жүзінде жүзеге асуына ұмтылуымыз керек. Іс жүзіндегі тілек - бұл затқа бағытталған емес, соның көмегімен зат жасалатын әрекетке деген тілек. Біз басқаның игілігін және олардың бақытын көргенде қанағаттанып қана қоймай, қанағаттанудың өзі сол игіліктің жүзеге асуына мүмкіндік жасайтын нақты әрекеттерге негізделуі тиіс. Мысалы, басқаның басына киындық түскенде мен одан құтылуына тек тілек білдіріп кана қоймай, өзім де оның қиындықтан құтылу жолын іздеуім қажет. Барлық бакытсыздық пен жайсыздық олардың жалпы барлығынан ғана емес, біздің көңіліміздің толмағандығынан туатын нәрсе болып табылады. «Адамдар, әркімнің бақытты болуын тілегенде ғана, жүрегінің мейірімділігіне мақтанады. Бірақ та, сол тілекті жүзеге асыруға мүмкіндік жасағандардың ғана жүрегі мейірімге толы болады» [19, 311-312-66.].

Адам - «табиғатынан зұлым», сонымен бірге онда мейірімділіктің де нышаны болады. Адамгершілікке тәрбиелеудің мақсаты - мейірімділік нышанының адамға бастапқыдан тән ызаға бейімділігінен басым болуы. Бастапқыда ыза басымдау болғанмен, мейірімділік нышаны адамдардың бойындағы кінәлілік сезімі түрінде білініп отырады. Сондыктан да дұрыс адам, Канттың айтуынша, «үнемі кінәлі сезімде жүреді», ол моральдың негізін күрайды. Барлық кезде де дұрыс және әрқашан да ары таза адам моральды болуы мүмкін емес. Адамның баска тіршілік иесінен басты айырмашылығы — өзіндік сана-сезімінің болуы. Осыдан адамның табиғи касиеті ретінде өзімшілдік келіп шығады. Дегенмен де, Кант қандай формада көрініс бергеніне қарамастан, өзімшілдікке қарсы тұрады.

Міне, осыдан неміс классикалық философиясының негізін қалаушы И.Канттың басты ойы: Менің не білуім керек? Мен не істеуім керек? Мен неден үміттене аламын? Адам деген не? - деген мәселелер болды. Кант адамның басты белгісі сана-сезімі болып табылады, адам өзінің тіршілік ету қүпиясының сырын өзі ашуы тиіс деп есептеген. Кант өмір бойы өзіне қүпия болған екі нәрсені қайталаудан жалыққан жоқ: жұлдызды аспан жэне ішкі адамгершілік заңы. Канттың «Адам деген не?» сұрағы философияның негізгі сүрағы ретінде пайымдалады. Ол адамды екі дүниеге: табиғи қажеттілікке және адамгершілік еркіндікке жататын тіршілік иесі ретінде түсінді. Кант бойынша, алғашқы жағдайда табиғаттың адамнан не жасайтыны, ал екіншісінде - ол еркін әрекет ететін тіршілік иесі ретінде өзінен не істей алатынын және не істеуі керек екендігін түсіну өте маңызды.

Тұлғаны тұтастай қарастыра отырып, И. Кант ақыл-ой мен сезімнің бірлікте болуы қажет екендігін атап өтті. Бұл жиынтық біздің сана-сезіміміздің бір тұтастығының ең жоғары шарты болып табылады. Ол таза практикалық ақыл-ой заңын былай тұжырымдаған: «Сенің еркіңнің максимасы сонымен қатар жалпыға бірдей зандылық кағидатының күші болатындай әрекет ет» [20, 347-6.]. Кант пайдалылық және жагымдылық қағидатына, сыртқы бедел мен түрлі сезімдегі түйсікке негізделген алдамшы моральды жақтырмады.

Гегельдің ойынша, адам - ең алдымен, рухани әрекеттің субьекті, ақыл-парасат иесі. Гегель, адамның жануардан айырмашылыгы, ең алдымен, ойлау қабілетінде деп есептейді. Гегельдің пайымдауынша, дамып отыратын ойлау тірі жанның шынайы негізі болып табылады. Саналы танымның арқасында толық шындыққа жетуге қол жеткізіледі. Онда философия әлем негізін танудағы ең жоғары ақиқатты, өзін-өзі танудың табиғатын ашып береді.

Гегель адамды элдебір адам ретінде емес, адамзаттың абстрактылық өкілі ретінде қарастырады. Оның ойынша, адам - өзін-өзі тану және өздігінен кемелдену туралы. Гегельдің болжамы бойынша, pyx дами алады: 1) өзіңе қатысты... формада - бұл субьективті рух; 2) рухтан жаратылатын және олардан жаратылған әлем ретіндегі шындық формасында - ол «шынайы рух»; 3) pyx шынайылығының бірлігін және оның мұраттылығын туғызатын өзіңе және өзің үшін және мәңгі шындық - бұл «абсолюттік рух» [21, 172- 194-66].

Материалист Людвиг Фейербах ең алдымен, табиғат бөлігі, сезімтал денелік жан ретінде түсінетін нақты тірі адамның өзіндік құндылыгы мен маңыздылығына баса назар аударады. Оның тұтас философиясының өзегі болып табылатын антропологиялық қағидаты адамды осылай түсінуге бейім. Фейербахтың антропологиялық монизмі адамның идеалистік түсінігіне, яғни жан мен тәннің дуализміне қарсы бағытталған жэне оның табиғатына материалдық көзқарасты анықтаумен тығыз байланысқан. Соны­мен бірге, Фейербахтың адамы нақты әлеуметтік байланыстан, қатынастан және әрекеттен белгілі бір мөлшерде оқшауланған болып шығады. Л.Фейербахтың пікірінше, адам ақыл, жүрек және сезімсіз тіршілік ете алмайды. Адамның мэнін анықтай келе, ол былай деп жазды: «Кемелденген адам ойлау күшіне, ерік күшіне және сезім күшіне ие болады. Ойлау күші - танымның көзі, ерік күші - мінез қуаты, сезім күші - махаббат» [22, 31-32-66.].

Сонымен бірге, Л. Фейербахтың кейбір кағидаларында адамның басқа адамдармен байланысы көрінеді: «адамның мәні ондағы моральдық немесе ойлайтын тіршілік иесі ретінде көрінуінде емес. Адамның мәні тек қауымдастықта, адамның адаммен бірлігінде, «Мен» және «Сен» айырмашылығының шындығына ғана сүйенетін бірлігінде» [22].




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет