1.6. Орыс философиясындағы өзін-өзі танудың мәні
Адамның мәні, табиғаты туралы ой, оның қоғамдағы рөлі орыс Агартуында басты орынды алып отырды. Орыс ағартушылары А.Н. Радищев, И.П. Пнин, А.П. Куницын, А.Ф. Бестужев, В.В. Попугаев, еуропалық ағарту идеяларына сүйене отырып, сол кездегі орыс қоғамының бірегей тарихи жағдайы контексінде, оларға өздеріне тән мағына берді. Олар адамды табиғаттың ең үздік бөлігі, ең жоғары жаратылысы деп түсіндірді. И.П. Пнин ол туралы былай деп жазды:
Табиғаттың ең артық жаратылысы,
Мен саған арнамақпын бұл жырымды!
Бар көңілім тек саған ғана бүрылды
Сен барлық жаратылыстан сұлусың.
Озімді саған теней алмаймын,
Сендей сыйды мендағы бағалаймын
Және таңғаламын да.
Сен дүниеде пайда болганнан,
әлем саған ғана багынғаннан,
Сені өзіне патшадай қабылдаған.
Жердің де, әлемнің де патшасы –
Сен, Ештеме жоқ сенімен салыстырған.
Сен жападан жалғыз болсаң да,
Бар болмысыңмен үлысың да!
Не істесең де әлем сенің колыңда,
Бар әрекетіңмен сен қабылданып,
Ешқандай кедергі де көрмейсің.
Табиғатты да басқарасың,
Бәрін де өзің билейсің
Өзің оған заң жазасың [2, 410-411-бб.].
Орыс ағартушылары адамның баска тірі жаннан ерекшеленетін айырмашылығын зерделеп көрді. Адамның әлеуметтік мәнін мойындай отырып, ағартушылар одан сезімдік және зерделік тәрізді екі бастауды көрді. Бір-біріне қайшы осы екі бастау, олар-дың ойынша, адамның мінез-құлқын анықтайды. Мұнда адамның идеалға ұмтылуы, сезім мен ақыл-ойын тұтас үйлесімділікке біріктіру тілегі айқын көрінеді. Мұндай сезімдік және зерделік бастаудың органикалық синтезі, олардың пікірінше, тұлғаны өзінің рухани дамуында ауытқудан жэне адамгершіліктік азуынан қорғайды.
Орыс ағартушылары үшін басқа маңызды құндылық бостандық және бостандықты сүю идеясы болды. Құлдық пен езушіліктің барлық түрлеріне қарсы шыға отырып, олар табиғатқа және адамның тіршілік етуіне қайшы келетін, крепостнойлық құкыққа қарсы шықты.
Орыс ағартушылары тұлғаның тәрбиесіне үлкен көңіл бөлді. А.Ф.Бестужевтың «Тәрбие туралы» трактатында мемлекет мүддесінен туатын қоғамдық тәрбие идеясы көтерілген.
Ф.Бестужев, тәрбиенің мақсаты - жалпы мүддені және ізгілік ережесін қатал сақтай, қоғамдық мүддені өзінің мүддесінен жогары қоя отырып, адамды қоғамда өмір сүруге үйрету деп жорамалдады. Адамның айналасын парасатты адам мен азаматты қалыптастырудың шешуші факторы ретінде қарастырды.
ХІХ-ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы орыс философиясында негізгі тақырып адам, оның жаны, рухани ізденістері болды. Орыс ойшылдары адамның руханилығы мен адамгершілігінің негізін православиеден көрді. Славянофилдердің пікірінше (А.С. Хомяков, И.В. Киреевский, Вл. Соловьев, Н.А. Бердяев, П. А. Флоренский т.б.), адамзаттың тарихи прогресі «рухани мағыналыққа» ие болуымен байланысқан.
Орыс философиясы үшін адамзат тіршілігі мәселесіне негізінен, жан-жақты бағытта қарастыру тән. Оған орыс философтары еңбектерінде үнемі қатысып отыратын, бүкілтұтастық қағидат негізінде анықталатын, мағыналы өмірлік тақырыптар куә бола алады (адамның әлеммен тұтастығы, адамның болмыстың негізіне қатыстылығы, кейбір тұлғалардың «космостық» маңызы). Антрпологиялық тақырыптарды көптеген православиелік дәстүр өкілдері қарастырды (В.Соловьев, С.Франк, П.Флоренский, Л.Шестов, С.Булгаков, Н.Бердяев, Ф.Достоевский, Л.Толстой, В.Зеньковский, т.б.). Мысалы, В.Соловьев өзінің адам туралы түсіндірмесінде оларға болмысты тұтастай қамту ретінде түсінілген «тұтастық білім» (философия, ғылым мен діннің жиынтығы) жэне адамның соборлығы сияқты, яғни оның тектік, қоғамдык-тарихи және ғаламдық жаратылысының тұтастық (бүкілтұтастық) идеясынан шығады. Соловьев бойынша, нағыз адамершіліктің басталуы адамның табигатына тән үш негізгі сезімге негізделеді: біздің адамгершілік қасиетімізді жануар әуестігінің (төменгі сатыларға қатынасы) басып алуынан қорғайтын ар-ұждан сезімі; бізді басқалармен іштей тендестіретін аяушылық сезімі және абсолюттік мейірімді танытатын - құрметтеу сезімі.
B.C. Соловьев өзі өмір сүрген уақытқа қарамастан махаббаттың терең философиялық жэне адамгершіліктік мәнін толық ашып [27, 15-6.], махаббаттың тууды жалғастыру түйсігімен еш ортактығы жоқ, терең адамгершілік сезім екенін дәлелдей алды. Оның пікірінше, адамда махаббат терең жекелік сипатта болады. B.C. Соловьевтің көзқарасы бойынша, егер жануарда ең бастысы - туу тіршілігі, үрпақты жалғастыру мақсаты болса, ал адамда даралылық бастау туудан жоғары тұрады. Кез келген түлға -адамзат өмірінің нақты негізін құрайтын, өзімшілдіктің шоғырлануы, жинақталуы. Әрбір адамға өзіне әлемнің кіндігі деп қарау табиғи нәрсе. Философ, махаббат - даралықты жоймай, қайта оны нығайта, көтере, өзімшілдікті жоюға жағдайы бар, жалғыз күш деп есептеді. Адамдық махаббаттың мағынасы, деді ол, даралықты өзімшілдікті құрбан ету арқылы құтқару жэне ол махаббат арқылы біз басқа даралықтың маңызын анықтағанымыздан жүреді. Махаббат - өзімшілдікті толық ығыстырып шығару және «ауырлық күштің орнын ауыстыру», «біздің мүддемізді өзімізден басқаға ауыстыру». Махаббаттың орасан зор адамгершілік күші осылардан тұрады.
Махаббаттың түрлері туралы пайымдай келе, туа пайда болган адамның өзімшілдігін жоюға қабілетті басты күш, осы жыныстық махаббат болып табылады, - деп атап көрсетті B.C. Соловьев, өйткені тек сол ғана сүйгендер мен сүйетіндердің арасындағы
тендікті сақтай алады. Махаббаттың қалған түрлері, қалай болғанмен де, сүйетіндер мен оның махаббатының нысаны арасындағы теңсіздікке негізделеді. Мистикалық махаббатта даралык абсолюттік сіңіріледі. Отанға немесе адамзатқа деген махаббатта да сүйетін мен сүйгеннің арасында орасан зор шамаласпайтындық бар. Өз өмірін отанға немесе адамзатқа қиюға болады, бірақ та өзінің нағыз даралығын сондай махаббат негізінде жүзеге асыру мүмкін емес. Аналық махаббатта, ұрпақ туралы табиғи қамқорлықпен байланысқан, өзінде көптеген арылмаган өзімшілдік бар болады. Сондықтан да, тек жыныстық махаббат қана орасан зор адамгершілік маңызды қызметті жүзеге асыра алады екен, еркек пен әйелдің бірлік бастауына әкеледі, адамдық тұлғаның тұтастығын қалпына келтіреді.
Ф.М. Достоевский мен Л.Н. Толстойдың рухани шыңға «шығуы» туралы ілімі Ақиқатқа, Жақсылыққа және Сұлулыққа ұмтылуға құрылған. Олар Ақиқат деп айналадағы тіршілікті ұғынуға мүмкіндік беретін білімді түсінген. Ол өзімен өзі келген «көпбілімділік» емес, жүректен өткізілген таным, бастан кешірген, өз болмысымен ойланған және тіршілік түріне айналған әрекеті. Жақсылық - бұл адамның жоғары өнегелігі (ар-үждан), дүниедегі тіршілігінің мәні, оның қасиеті. Шындық - бүл әділдікті, адалдыкты тану сезімі, өмірдің шындығына сәйкес келетін, идея үшін табандылық кабілеті. Сұлулық - адамның әлеммен үйлесімділігі, адамның нәзік және көпқырлы, эстетикалық дамуы.
Рухани мэдениетті игеру, руханилықтың көрінуіне мүмкіндік жасайтын түлғалық қасиеттердің қалыптасуымен тікелей байланысты. Оларға ар, ұждан, адамға деген сенім жатады. Діни түсінікте ар-ұждан адамзат табиғатының Құдаймен тұтасатын тереңінде пайда болатын сезімі. Н.А. Бердяев, Құдайға катты сенетін адам бола отырып, «ар- ұждан, сусыны қанбаған рухани махаббаттың үшқыны, адамгершіліктік жетілуге ерік, оган тұрарлық жэне Соған ұқсастық арқылы Оган көтерілетін әрекетке мораль ретінде тіршілікке енеді» - деп есептеген.
НА. Бердяев «руханилық» жэне «адамгершілік» категория-ларының философиялык-діни түсіндірмесі «адамның жаны мен денесінің кұрамымен, рухының жұмысынсыз (эрекетінсіз) болмайтын «түлғалық» түсінігімен тығыз байланысқан. Адамның ашық даралығы болуы мүмкін де, тұлғалығы болмауы мүмкіндігіне» сенімді болды.
Н. Бердяев философиясындағы басты орынды Құдаймен рух-талған түтастай адам тақырыбы алады. Бердяевтің пікірі бойынша, адамның сана-сезімі мен өзіндік сана-сезімі тек психологиялық феномен емес, олар руханилықпен, діндарлыкпен байланысқан. Өзінің түлғалылық позициясынан шыға отырып, Бердяев рухани-лықты тұлғалылықпен байланыстырады. Тұлғалық өз болмысын элемнің ең жоғарғы мәні ретінде таниды және әлем де оны қостайды. Бердяевтің пайымдауынша, тұлға рухани жэне әлеуметтік екі дүниенің қиылысында тіршілік етеді [28, 322 б.].
В. Зеньковский адам бойындағы «тұлғалықтың» негізгі белгі-сін өзіндік сана деп есептеді. Өзіндік сана-сезімнің арқасында адам өзіне тереңдікті ашып, тұтас әлемді табады. Оның пікірінше, тұлғаның өзіндік сана-сезімін, психиканың генетикалық эволюциясы ретінде, «төменнен» шығаруға болмайды. Ол (өзіндік сана-сезім) түйіні, адамның тірі өзегі, оның даралығының негізі болатын, руханилықтың қызметі болып табылады [29, 42 б.].
Міне, көріп отырғанымыздай, орыс философиясында, батыстық даралыққа қарама-қайшы, адамның бейнесі және әлемді қүру қағидаты ретіндегі әмбебаптық органикалық тән екен. Осы қагидат тұтастай алғандағы қазақ философиясы мен қазақ мәдениетіне де имманентті.
Достарыңызбен бөлісу: |