Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар



Дата15.02.2022
өлшемі11,75 Kb.
#25596
Байланысты:
сст1


Өзін-өзі тексеруге арналған

сұрақтар

1. Статистикалық бақылау деген не? Ол қандай кезеңдерден тұрады?

Статистикалык бақылау - коғамдық өмiрдiң көптеген құбылыстары мен процестері туралы бастапқы мәліметтердi алдынала жасалған бағдарлама бойынша ғылыми ұйымдармен жүйелі тiркеу, жинау тәсілі.

Статистика тәжірибесінде жүргізілетін әр түрлі зерттеу жұмыстары


өздерінің істелінетін сатыларына және жүйелілігіне қарай үш кезеңге бөлінеді:
- статистикалық бақылау, яғни бастапқы мәліметтерді жинау;
- статистикалық бақылаудың нәтижесінде жиналған мәліметтерді өздеріне тән нышандарына қарай бір жүйеге келтіріп, жинақтау және оларды өңдеу, топтау;
- жинақталған мәліметтерді талдау, қорытындылау және зерттеу нәтижелерін тұжырымдау;
2. Статистикалық бақылаудың негізгі ұйымдастыру нысандарын

атап сипаттаңыз.

Есеп беру – төменгі топтардағы мекемелердің тіркелген құбылыстар және өздерінің қызметі туралы жоғары тұрған органға немесе статистикалық органға арнайы белгіленген құжаттар түрінде сандық мәліметтер тапсыруын білдіреді.

Арнайы ұйымдастырылған статистикалық бақылау – қажеттілігіне қарай, көбінесе белгілі бір уақыттарда ғана жүргізілумен ерекшеленеді. Мұндай бақылау нысанының өмір сүруінің себебі, ол барлық қоғамдық құбылыстардың сандық мәліметін анықтау – есеп беруге сәйкес келе бермеуінде болып табылады.


3. Статистикалық бақылау бағдарламасы деген не?

Статистикалык бақылау бағдарламасы дегенiмiз зерттеу кезiнде алғашқы мәлiметтердi жинау үшiн ұғымды жинақы, ойға қонымды бақылау бiрлiктерiне берілетін сұрақтар тiзiмiнiң жиынтығы.


4. Бақылау объектісіне, жиынтық бірлігіне, жəне бақылау бірлігіне

анықтама беріңіз.

Статистикалық бақылаудың объектісі- зерттеуге жататын әлеуметтiк құбылыстар мен процестердің жиынтығы. Статистикалық бақылаудың обьектiсi бөлек элементтерден тұрады және оларды нышандарына қарай бiр-бiрiнен ажыратуға болмайды, сондықтан ол бақылау жүргiзудiң негiзгi көзі болып саналады.
Бақылау бiрлiгi- статистикалық мәлiметтер жиынтығын зерттеуге жататын обьект құрамының бiр бөлiгi. Бақылау бірлігін анықтау зерттеуге жататын жиынтық кұрылымына, оның алға қойған мақсатына, атқаратын міндеттеріне байланысты.

Статистикалық жиынтық бiрлiк - жиынтықтың құрамына

кiретiн жеке белгiсi.
5. Статистикалық бақылаудың жиынтық бірлігін қамту толықты-

ғына байланысты түрлерін атаңыз. Жаппай емес тексерудің

түрлерін сипаттаңыз.

Жаппай статистикалық бақылауда негізгі міндет құбылысты кұрайтын жиынтықтың барлық бiрлiктерiн толық есептеу. Маселен, халық санағында осы елдiң барлық тұрғындарының толық есебі ал касiпорындардың онiм өндiрiсi жөнiндегi есебiнде барлқк өндiрiлген өнiмнiң толық есебі басты міндет болып табылады.

Жаппай емес статистикалық бақылау жиынтық бiрлiк белiгi. Алайда нақты және сенiмдi статистикалық сипаттама алу алу үшiн жеткiлiктi болатындай жаппай есебi ретiнде алдын ала уйымдастырылады. Үй шаруашылықтарының бюджеттерiн, бағалардың тiркелуiн зерттеу, жағдаятты зерттеудi, əлеуметтік сауалнамаларды зерттеу осылай Ұйымдастырылады.

6. Фактілер уақыт бойынша есептелетін статистикалық бақылаудың

түрлерін атаңыз. Уақыттың сыни сəті ретінде не түсініледі?

Ағымдағы (тұрақты) бақылау - кұбылыстын туындауына орай жүйелі, тұрақты, үздіксіз жүргiзiлетiн бақылау.

Кезеңдi бақылаулар - турақты емес, алайда белгiленген уақыт кезеңдерiнен кейiн ұдайы жүзеге асырылатын бақылаулар.

Бiржолғы бақылау кезек-кезеңмен емес уақыт өте, яғни кейде жүргізілетін бақылау.


7. Статистикалық бақылауда фактілерді есептеу тəсілдерін қол-

данылады?

Cтатистикалық бақылауда фактiлердiң есебі әр түрлі тәсілдермен, яғни: 1) зерттеу процесіндегі фактiлердi тiкелей есептеуге; 2) есеп жасалатын

сәтте олардың кужаттық есептеуге; 3) адамдарды сұрауға негізделуi мүмкiн.


8. Статистикалық есептіліктің негізгі деректемелерін сипаттаңыз.

Есептілікті бекітудің тəртібі мен оның бағдарламасының маз-

мұнын сипаттаңыз.

Фактілерді тікелей есептеуде қажеттi мәлiмет жиынтық бiрлiгiн жеке eceптey, яғни қарау, кайта есептеу, өлшеу, салмақты өлшеу және т.б. арқылы алынады.

фактілердің құжаттық есебі деректер жүйелі түрде кұжатпен ресiмделеді, осының негiзiнде кейiн статистикалық есептiлiк нысандары толтырылады
Сұрату халық санағы мен әлеуметтiк зерттеуде пайдаланылады және оны әр турлi уйымдастыруға болады.

Сұратудың экспедициялық (ауызша) сұрату, езiн-өзi тiркеу, корреспонденттік тасілі деп аталатын уш тасiлi болады.

Экспедициялык сұрату кезiнде арнайы бөлiнген адам (тіркеушi немесе

интервьюер) зерттелетін адамға сұрақ беріп, оның сөздер мен зерттеу бланкiлерiн толтырады.


Өзін өзі тіркеу жағдайында сұратылатын адамга зерттеудiң бланкілері беріледі, сұратылатын адам бланкiнi өзі толтырады. Тағайындалған уақытта арнайы белiнген адам толтырылган бланкiлердi жинап, олардың толық әр дұрыс толтырылғанын тексереді.
Корреспонденттік тәсілде де нұсқалары (варианттары) бар бланкілер оларды толтырып белгiленген уакытқа дейiн керi жiберу сұратылып пошта арқылы жiберiледi.

10. Бақылауда қандай қателіктер кездеседі? Бақылаудың қателікте рін

анықтау үшін қандай əдістер пайдаланылады?

Статистикалық қате дегенiмiз нақты факты зерттеу нәтижесi көрсеткіштер арасындагы сәйкессiздiк айырмашылықтарды дұрыс санамау, түрлі себептерге байланысты бұрмалаушылықтар. Бақылау мәлiметтерiнде жiберiлген қателер екi түрге белiнедi: репрезентативті және тiркеу кезіндегі қате.



Қисынды түрде тексеру дегенiмiз статистикалық бағдарламаларда керсетiлген сұрақтарға қайтарылған жауаптардың өзара байланысын бiр-бiрiмен салыстыру арқылы жiберiлген катен түзету. Есептеу арқылы тексеруде жалпы жиынтық керсеткiштердегi жiберiлген қателерді түзету үшін орта шаманы жане пайызды қайта есептеу тәсiлiн қолдану арқылы түзету енгiзiледi. Статистика ұйымдары осы тексерулерден басқа жоспарлы түрде әрбір шаруашылық жургiзушi субьектiнiң есеп беру формаларындағы керсеткiштердiң дұрыстығын тексереді. Оның өзі тақырыпты, кешенді және жаппай болып үшке болiнедi. Тақырыпты тексеруде жеке кәсіпорынның белгiлi бiр формасы немесе оның көрсеткiшi алынады. Кешендік тексеруде кәсіпорынның барлық есеп беру формалары түгелдей тексеріледі. Жаппай тексеруде барлық есеп беретін кәсіпорынның белгілі бір есептеу формасы немесе керсеткiшi толығымен тексерiледi.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет