Білім беру бағдарламасының «үйлесімділігі»



Дата31.10.2022
өлшемі23,75 Kb.
#46342
түріБілім беру бағдарламасы

«Химия» пәнін оқыту басымдықтары оқу үдерісі мен оның нәтижесіне бағытталған мұғалімнің тәрибесі арқылы жүзеге асырылады.
Жоғыры көрсеткіштерге жеткен білім беру жүйелеріне жасалған талдау білім беру бағдарламасының «үйлесімділігі» бүкіл елдегі білім беру стандарттарын жетілдіру үшін аса маңызды болып табылатынын көрсетіп отыр (Schmidt and Prawart, 2006). Білім беру бағдарламасын жаңарту тұрғысынан «үйлесімділік» білім беру бағдарламасы қалай қабылданып, қалай іс жүзінде орындалатынына қатысы бар барлық компоненттер бірлесіп әрекет етіп, бір бірін толықтырып, нығайтады дегенді бңлдңреді.
Бұл мұғалімдердің тиімді оқытудың түйінді үш компоненті білім беру бағдарламасы, педагогикалық тәсілдер мен бағалау жүйесінің оқушылар үшін бірлесіп қалай тиімді қолданылатынын толық түйсінуінің маңызды болып табылатынына назар аудартады.
«Химия» пәнінің білім беру бағдарламаларының негізгі мақсаты пәннің мазмұнын сапалы меңгеруде қамтамасыз ету, оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру, санымен қатар, басқа пәндермен сабақтастық арқылы жалпыадамзаттық құныдылықтар мен ұлттық мәдениеттің үздік дәстүрлерінің негізінде оқушылардың зияткерлік деңгейін дамыту болып табылады.т
Қоршаған ортада әртүрлі құбылыстар мен үдерістер болып жатады, олардың көпшілігі химия ғылымы түсіндіретін заңдар мен заңдылықтарға бағынады. Химия пәні оқушыларға Жерде адамның тіршілік әрекетіне өте маңызды көптеген табиғи заттар бар екендігін және табиғат байлықтарына ұқыпты қарау қажеттілігін түсінуге мүмкіндік береді. Бұл пән оқушыларға заттардың әртүрлілігі мен олардың өзгерістерінің маңыздылығын түсінуге көмектеседі; жаңа заттарды алу мүмкіндіктерін аша отырып, оқушыларды қоршаған ортаның экологиялық жағдайын берілген мәліметтер негізінде нақты бағалауға үйретеді. Химия оқушылардың дүниетанымын дамытуға, әлемнің тұтас ғылыми бейнесін қалыптастыруда маңызды орын алады. Мектепте химияны оқу оқушыларды қоршаған ортада болып жатқан құбылыстардың мәнін түсінуге жетелейді. Химия оқушылардың сыни және сындарлы ойлауын, сонымен қатар көптеген эксперименттік және тәжірибелік дағдыларын дамыта отырып, проблеманы шешуде шығармашылдық тәсілдерді қолдануды қолдайды. Бұл пәнді оқу барысында оқушылардың зертханалық құрал - жабдықтарды қолдану және эксперимент жүргізу дағдылары дамиды.
Негізгі және жалпы орта білім деңгейлерінде «Химия» пәні бойынша оқу мақсаттары бес бөлімге бөлінеді. Бұл бөлімдер меңгерілетін білік пен дағды, тақырып, білім мен түсінік деңгейіне қарай бөлімшелерге бөлінеді. Оқу мақсаттары осы бөлімшелер аясында топтастырылған. Әрбір бөлімшенің ішінде бірізділікті сақтай отырыпқұрастырылыған оқу мақсаттары бөлімше аясында оқушылардың қаншалықты алға ілгерілегенін көрсетеді, бұл мұғалімдерге жұмысын жоспарлап, оқушыларды баңалап және алдағы уақытта олардыңқандай шешім қабылдаулары қажеттігін анықтап, оны оқушыларға жеткізуге негіз болады. Сонымен қатар осы пәндер бойынша әзірленген оқу бағдарламаларына негіз болған маңызды қағидат білім беру бағдарламасының спиральдік қағидаты болып табылады.
Спиральдік қағидаты бойынша құрылған білім беру бағдарламасы Джером Брунердің «Білім беру үдерісі» атты еңбегінде қарастырылған танымдық теорияға негізделеді. Оның пікірінше, ең күрделі материалдың өзі дұрыс құрылымдалып, дұрыс ұсынылатын болса, оны тіпті кішкентай балалар да түсіне алады. Сонымен қатар, «жұмыстау негізіне баланың бұрынғы өз тәжірибесі перне қоры, мағлұматы салынып, дәл айтқанда , балаға танымал жақын нәрседен басталғаны» (Ж. Аймаутұлы 1929) абзал.
Брунер адамның танымдық қабілеті шартты түрде бөлінген үш сатыдан тұрады деп тұжырымдайды.

  • Белсенді (жұмыс үдерісінде білім алу);

  • Бейнелік (суреттер мен бейнелердің көмегімен білім алу);

  • Таңбалық (сөздер мен сандардың көмегімен білім алу);

Бұл спиральді білім беру бағдарламасы тұжырымының дамуына себеп болған. Брунердің жұмысына негізделген спиральді білім беру бағдарламасының негізгі ерекшеліктері:

  • Оқушы мектепте оқыған кезде тақырыпты немесе пәнді бірнеше рет қайталап оқиды;

  • Әрбір қайталап оқыған сайын тақырыптың немесе пәннің күрделілігі арта түседі;

  • Жаңа білім алдыңғы біліммен тығыз байланысты және бұған дейін алынған ақпарат тұрғысынан қарастырылады.

Спиральді білім беру бағдарламасы төмендегідей басымдылықтарына назар аударады.

  • Оқушы пәнді қайталап оқыған сайын ақпарат толықтырылып бекітіліп отырады;

  • Спиральді білім беру бағдарламасы қарапайым идеялардан анағүрлым күрделі идеяларға қисынды жолмен ауысуға мүмкіндік береді;

  • Оқушыларды межеленген оқу мақсаттарына қол жеткізу үшін бұрын алған білімдерін қолдануға жетелеу ұсынылады.

Орта білім мазмұнын жаңарту аясында әзірленген оқу бағдарламалары оқушылардың бір ыныптан екінші сыныпқа өтуі кезінде білімі мен дағдылары қайталанып, одан әрі дамытылып отыратын спиральді білім беру бағдарламасы моделіне негізделген. Оқушылардың сыныптан сыныпқа көшу барысында алға ілгерілеуіне орай, олар өздерінің дағдыларды меңгеріп, түсінуіне анағұрлым сенімді бола түседі.
Сыныптан сыныпқа өткен кезде алға жылжу арқылы оқушылар оларға дүниетанымдар аясын кеңейтуге көмектесетін, оларды қалай және неліктен пайдаланатыны тұрғысынан мойындап және бағалап, олар сүйенуі мүмкін дереккөздер аясын кеңейтуге көмектесетін көбірек тәжірибе мен терең білімдер алады.
Әр пәннің өзіндік тілдік стилі бар, оны нақты пәннің «академиялық тіл» деп аталады. Академиялық тіл пән мазмұнын меңгеру, ойлау және осы пәнде қолданылатын ұғымдармен жұмыс істеу қабілетін жақсартуға арналған басты құрал болып табылады.
Сондай – ақ, тілдік мақсаттар мұғалімдер мен оқушыларға оқуға деген ынтасын арттырып, қолдауға көмектеседі. Пән мұғалімдері оқушылардың пән мазмұнын меңгеріп, академиялық тілдерін дамытуына қолдау көрсетеді.
Егер пәннің тілі анық әрі оқушыларға түсінікті болса, бұл олардың пән бойынша оқу мақсаттарына ғана емес, тілдік мақсаттарға да қол жеткізуіне көмектеседі.
Химия пәніне байланысты ғылыми тілді қолдану оқушылардың ықшам және түсінікті сөйлеу дағдыларын дамытуға, химиялық үдерістер мен тетіктерді сипаттау үшін тілдік құралдарды тиімді таңдап пайдалануға мүмкіндік береді.
Оқу бағдарламалаларының ерекшелігі ретінде олардың тек пәндік білім мен білікке ғана емес, сонымен қатар кең ауқымды дағдылардың қалыптасуына бағытталғанын атауға болады. Оқу мақсаттарының жүйесі білімді фунционалдық және шығырмашылық қолдану, сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, ақпараттық – коммуникациялық технологияларды пайдалану, қарым – қатынас жасаудың түрлі тәсілдерін қолдану, топпен және жеке дара жұмыс істей алу, проблемаларды шешу жәнен шешім қабылдау сияқты кең ауқымды дағдыларды дамытуға негіз болады.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет