Қп-аəиу-09-2016 Сапа менеджменті жүйесі Құжатталған процедура Нормативтік- құқықтық құжаттар жиынтығы 217 беттің 1-беті 1


 Курстық жұмысты (жобаны) мазмұндауға қойылатын талаптар



Pdf көрінісі
бет20/32
Дата31.03.2017
өлшемі3,11 Mb.
#10991
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   32

 
4. Курстық жұмысты (жобаны) мазмұндауға қойылатын талаптар 
4.1  Жұмысты  жазу  барысында  төмендегі  элементтерге  қойылатын  талаптарды  сақтау 
қажет: 
- мəтiнге қойылатын талаптарға; 

Аймақтық əлеуметтік-инновациялық университеті 
 
ҚП-АƏИУ-09-2016 
Сапа менеджменті жүйесі 
Құжатталған процедура 
Нормативтік- құқықтық құжаттар жиынтығы  
 217
 беттің 131-беті 
 
131 
 
- мəтіннің тармақтарға бөлінуіне; 
- тақырып аттарына; 
- тiзiмдемелерге; 
- кестелерге; 
- график түрiндегі материалдарға; 
- өрнектерге (формулаларға); 
- сiлтемелерге; 
- қысқартуларға; 
- шартты белгiлеулерге, суреттер мен таңбалауларға; 
- физикалық шама бiрлiктерге; 
- санмен көрсетiлген мəндерге; 
- сызбаларға қойылатын талаптарға. 
 
5. Курстық жұмысты (жобаны) ұйымдастыру, жетекшілік жасау жəне қорғау 
5.1 Курстық жұмысқа (жобаға) жетекшілік 
5.1.1 Курстық жұмысқа (жобаға) жетекшiлер болуы мүмкін: 
- тиiстi теориялық курс оқитын жетекші оқытушы; 
- кафедраның оқытушылары; 
- жұмыс (жоба) орындалатын пəн саласы бойынша университеттiң ғылыми-зерттеу 
бөлiмдерiнiң ғылыми қызметкерлерi; 
- жеткiлiктi тəжiрибесі бар кафедраның ғылыми қызметкерлері. 
5.1.2 Курстық жұмыстың (жобаның) жетекшiсi: 
- жаңалықты элементi бар тапсырманы жəне орындалу кезеңдерінiң кестесін бередi; 
- жұмыс (жобалау) үдерісін ұйымдастырады; 
-  жұмысты  орындау  үшін  қажеттi  əдебиеттердi,  нормативтiк  жəне  техникалық 
құжаттаманы, анықтамалық жəне тағы басқа да материалдарды ұсынады; 
-  жұмысты  (жобаны)  орындау  барысында  білім  алушыларға  уақытында  кеңес  беріп, 
көмек көрсетедi; 
- жұмыстың (жобаның) орындалу барысы туралы кафедраға мəлiмет бередi. 
5.2 Курстық жұмысты (жобаны) орындауды ұйымдастыру 
Кафедра  курстық  жұмысты орындауға  арналған  əдістемелік  нұсқауды  дайындап,  білім 
алушыларды қамтамасыз етеді. 
Рəсiмделуі  бойынша  əдiстемелiк  нұсқау  осы  ереже  талаптарына  сəйкес  болуы  қажет. 
Жұмыстың  көлемі  20-25  бет  болуы  тиіс,  бір  интервал  (аралық)  сақтай  отырып орындалады 
(шрифт-қалыпты, кегль 14). 
Ережеде  қамтылмаған  мəселелер  кафедра  ұсынысымен  факультеттің  ОƏК,  ғылыми 
кеңесінде шешімін табады. 
5.3 Курстық жұмысты (жобаны) қорғау 
5.3.1 Жұмысты (жобаны) қорғауы оның орындауын тексерудiң ерекше формасы болып 
табылады.  Қорғау  білім  алушыларды  ұсынған  шешімдерін  жан-жақты  дəлелдеуге  жəне 
орындалған жұмысты терең түсiнуiне баулуы қажет. 
5.3.2  Курстық  жұмысты  (жобаны)  қорғау  көпшілік  алдында  жетекшiсінiң  жəне 
кафедраның бiр-екi қызметкерінің, білім алушылардың қатысуымен жүргізіледі. 
Курстық жұмысты ғылыми жетекшісінің қатысуымен, кафедра меңгерушісінің өкімімен 
бекітілген комиссия емтихан сессиясынан екі апта бұрын қабылдайды. 
5.3.3  Курстық  жұмысты  қорғаудың  мiндеттi  талабы  көрсетілмейдi.  Курстық  жұмысқа 
баға  білім  алушының  баяндауынан  кейін,  сұрақ-жауаптан  соң,  білім  алушымен  əңгіме 
өткізудің  жəне  ұсынған  оқу  материалдарын,  сызбаларын,  жобаларын,  модельдерін,  т.б. 
тексерудің қорытындысы бойынша қойылады. 

Аймақтық əлеуметтік-инновациялық университеті 
 
ҚП-АƏИУ-09-2016 
Сапа менеджменті жүйесі 
Құжатталған процедура 
Нормативтік- құқықтық құжаттар жиынтығы  
 217
 беттің 132-беті 
 
132 
 
5.3.4  Білім  алушыға  курстық  жұмыстың  (жобаның)  негізгі  мазмұнын  баяндауға  жəне 
сұрақ-жауап  ұйымдастыруға  8-бен  10  минут  аралығында  уақыт  бөледі.  Жалпы  бір  жұмысқа 
бөлінетін уақыт мөлшері 20 минуттан аспауы тиіс. 
5.3.5  Курстық  жұмыс  (жоба)  дифференциалды  бағамен  бағаланады.  Білім  алушыға 
курстық жұмысты (жобаны) қорғауы бойынша бағасы сол күні құжаттарға қойылады. 
5.3.6  Курстық  жұмыс  (жоба)  тапсырылмаған  жағдайда  академиялық  қарыз  болып 
есептеледі жəне білім алушы сол пəннен емтиханға жіберілмейді.  
5.3.7  Курстық  (жұмыстың)  жобалардың  орындалуының  нəтижелерi  кафедралардың 
мəжiлiстерiнде талқыланады. 
5.3.8  Орындалған  курстық  (жұмыс)  жобалардың  материалдары  екi  жыл  мерзімінде 
кафедра  меңгерушiсінің  бақылауында,  кафедра  кабинеттерiнде  сақталады.  Кафедралардағы 
жұмыстардың  (жобалардың)  мерзiмiнiң  өтуiне  сəйкес,  акт  бойынша  сақталу  тізімінен 
алынады. Ол үшін арнайы акт толтырылады. 
Кафедра меңгерушiсi жойылуы тиіс жұмыстарды (жобаларды) жүзеге асырады. 
 
 
 
 
2.9  КƏСІПТІК  ПРАКТИКАНЫ  ҰЙЫМДАСТЫРУ,  ӨТКІЗУ  ЖƏНЕ  ПРАКТИКА 
БАЗАЛАРЫ РЕТІНДЕ ҰЙЫМДАРДЫ АЙҚЫНДАУ ЕРЕЖЕЛЕРІ  
 
1 Жалпы ережелер 
1.1  Осы  Аймақтық  əлеуметтік-инновациялық  университетінде  кəсіптік  практиканы 
ұйымдастыру, өткізу жəне практика базалары ретінде ұйымдарды айқындау ережелері(бұдан 
əрі  –  Ереже)  2007  жылғы  27  шілдедегі  «Білім  туралы»  Қазақстан  Республикасы  Заңының 
(бұдан  əрі  –  Заң) 5-бабының 46-11)  тармақшасына,2015  жылғы  23  қарашадағы  Қазақстан 
Республикасының Еңбек  кодексіне,   Қазақстан  Республикасы    Білім  жəне  ғылым 
министрінің  2016  жылғы  29  қаңтардағы   №107  бұйрығымен  бекітілген  “Кəсіптік 
практиканы  ұйымдастыру  мен  өткізу  қағидаларын  жəне  практика  базалары  ретінде 
ұйымдарды айқындау қағидаларына” сəйкес жəне Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 
жылғы  23  тамыздағы  №1080 қаулысымен бекітілген  білім  берудің  тиісті  деңгейлерінің 
мемлекеттік  жалпыға  міндетті  білім  беру  стандарттарының  (бұдан  əрі  –  стандарттар) 
талаптарын іске асыру мақсатында əзірленген. 
1.2  Ереже  білім  алушылардың  бүкіл  оқу  мерзімі  бойы  теориялық  оқытудың 
нəтижелерін  бекітуге,  практикалық  дағдылар  мен  құзыреттер  алуға,  сондай-ақ 
инновациялық технологияларды игеруге бағытталған кəсіптік практикаларын ұйымдастыру 
жəне өткізу бойынша ұйымдастырушылық жəне оқу-əдістемелік қызметті реттейді. 
1.3  Кəсіптік  практика  оқу  жұмыс  бағдарламалары  мен  оқу  жұмыс  жоспарларына 
сəйкес  оқу  (таныстыру),  өндірістік  (технологиялық)  жəне  диплом  алды  түрлеріне 
айқындалған. 
1.4  Кəсіптік  практиканың  əр  түрінің  мақсаты,  міндеттері  мен  бағдарламасы  бар, 
оларға байланысты кəсіптік практиканың тиісті базасы айқындалады. 
1.5  АƏИУ  білім  алушының  кəсіптік  практикасының  əртүрі  бойынша  университеттің 
ішкі құжаттарын дербес əзірлейді. 
 

Аймақтық əлеуметтік-инновациялық университеті 
 
ҚП-АƏИУ-09-2016 
Сапа менеджменті жүйесі 
Құжатталған процедура 
Нормативтік- құқықтық құжаттар жиынтығы  
 217
 беттің 133-беті 
 
133 
 
2 Кəсіптік практиканы ұйымдастыру 
2.1  Кəсіптік  практика  білім  беру  бағдарламасының  мiндеттi  компоненті  болып 
табылады. 
2.2  Білім  алушыны  кəсіптік  практиканың  барлық  түрлеріне  жіберу  өту  мерзімдерін, 
практиканың  базасы  мен  жетекшісін  көрсете  отырып,  АƏИУ  ректорының  бұйрығымен 
ресімделеді. 
Білім алушыға осы Қағидаға 1-қосымшаға сəйкес нысан бойынша жолдама беріледі. 
2.3  Кəсіптік  практиканың  түрлері,  мерзімдері,  көлемі  мен  мазмұны  стандарттармен, 
үлгілік жəне оқу жұмыс жоспарларымен жəне бағдарламалармен айқындалады. 
2.4  Кəсіптік  практиканың  бағдарламасы  практика  базалары  ретінде  айқындалған 
кəсіпорындарымен  (мекемелерімен,  ұйымдарымен)  келісіледі  жəне  АƏИУ  ректорымен 
бекітіледі. 
2.5  Кəсіптік  практиканың  бағдарламасы  өз  мазмұны  бойынша  мамандықтың  бейінін, 
практика  түрінің  ерекшелігін,  кəсіби  стандарттардың  жəне  білім  беру  бағдарламасының 
талаптарын,  университет  қызметінің, технологиялық процестің жəне  практика нысанының 
сипатын көрсетеді. 
Кəсіптік  практиканың  бағдарламасы  мерзімді  жаңартылады  жəне  ғылым  мен 
техниканың  заманауи  жетістіктерін,  практика  базасында  қолданылатын  инновациялық 
технологияларды қамтып көрсетеді. 
Кəсіптік практиканың бағдарламасын жаңарту жəне қайта бекіту тетігін АƏИУ дербес 
айқындайды. 
2.6  АƏИУ  сырттай,  кешкі  оқу  нысандарында  білім  алушылар  мамандық  бойынша 
жұмыс істейтін жағдайда оқудан жəне өндірістікпрактикадан босатылады.  
Бұл  жағдайда  олар  АƏИУ-ге  жұмыс  орнынан  олардың  кəсіптік  қызметін  көрсететін 
анықтаманы жəне мінездемені ұсынады. 
Сырттай,  кешкі  оқу  нысандарында  білім  алушылар  дипломалды  практиканың 
бағдарламасын орындайды. 
2.7  АƏИУ  білім  алушылары  кəсіптік  практиканың  əрбір  түрінің  қорытындылары 
бойынша практика жетекшісі тексеретін есепті ұсынады. 
2.8  АƏИУ  білім  алушылары  кəсіптік  практиканың  əр  түрінің  қорытындылары 
бойынша  тиісті  кафедраға  практика  жетекшісі  мен  кеңесшісі  тексеретін  жəне  кафедра 
меңгерушісінің өкімімен құрылған комиссияның алдында қорғалатын есепті ұсынады.  
Есепті қорғау нəтижелері Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрінің 2008 
жылғы  18  наурыздағы  №125  бұйрығымен  бекітілген  “Жоғары  оқу  орындарында  білім 
алушылардың  үлгеріміне  ағымдық  бақылау,  аралық  жəне  қорытынды  аттестаттау  өткізудің 
Үлгі ережесіне” сəйкес бағалардың балдық–рейтингтік əріпті жүйесі бойынша бағаланады. 
 
3 Кəсіптік практика базасы ретінде ұйымды айқындау тəртібі 
3.1  Білім  алушылардың  кəсіптік  практиканы  өткізу  үшін  базасы  ретінде  жарғылық 
қызметі  мамандарды  даярлаудың  бейініне  жəне  білім  беру  бағдарламасының  талаптарына 
сəйкес  келетін,  кəсіптік  практикаға  жетекшілік  етуді  жүзеге  асыру  үшін  білікті  кадрлары 
жəне материалдық-техникалық базасы бар ұйымдар айқындалады.  
3.2  Кəсіптік  практиканың  базасы  ретінде  айқындалған  ұйыммен  Заңның 5-
бабының 24)  тармақшасына  сəйкес  білім  алушылардың  кəсіптік  практикасын  өткізуге 
арналған  үлгілік  шарттың  нысаны  негізінде  құрастырылған  кəсіптік  практика  түрі 
көрсетілген оны өткізу туралы шарт жасалады. 
3.3  АƏИУ-дің  білім  алушылардың  кəсіптік  практика  базаларымен  шарты  практика 
басталғанға бір айдан кешемес мерзімде жасалады. 

Аймақтық əлеуметтік-инновациялық университеті 
 
ҚП-АƏИУ-09-2016 
Сапа менеджменті жүйесі 
Құжатталған процедура 
Нормативтік- құқықтық құжаттар жиынтығы  
 217
 беттің 134-беті 
 
134 
 
3.4  Шартта  оқу  орнының,  кəсіптік  практиканың  базасы  болып  табылатын 
кəсіпорнының  (мекеменің,  ұйымның)  жəне  білім  алушылардың  міндеттері  мен 
жауапкершілігі айқындалады. 
3.5  Кəсіптік  практиканы  өткізу  үшін  оқу  орны  практика  базасымен  келісілген 
бағдарламаны, күнтізбелік кестелерді, кəсіптік практиканы өтудіңоқу-тəрбиелік процесінің 
кестесін бекітеді.  
Кəсіптік  практиканы  өтуге  жолдау  кезінде  білім  алушыға  осы  Қағидаға 2 жəне 3-
қосымшаларға сəйкес  нысандары  бойынша  кəсіптік  практиканың  жұмыс  жоспар-кестесі, 
кəсіптік практикадан өтуі туралы күнделік-есебі беріледі. 
3.6  Кəсіптік  практиканың  əр  түрі  бойынша  білім  алушыларға  АƏИУ-ден  жəне 
практика  базасынан  –  кəсіпорнынан  (мекемеден,  ұйымнан)  жетекшілер  тағайындалады. 
Қажет болған жағдайда кеңесшілер тағайындалады 
3.7  Жетекшілердің  қызметтерін,  міндеттері  мен  жауапкершілігін  АƏИУ  жəне 
практика базасы – кəсіпорын (мекеме, ұйым) келісім бойынша дербес айқындайды. 
3.8  Кəсіптік  практикаға  арналған  шығындарды  АƏИУ  жəне  практика  базасы  болып 
табылатын  кəсіпорын  (мекеме,  ұйым)  жоспарлайды  жəне  кəсіптік  практиканы  өткізуге 
арналған шартта айқындалады. 
Өндірістік  қажеттілік  болған  жағдайда  білім  алушы-практиканттар  белгілі  бір 
лауазымға оларға еңбек ақысын төлей отырып, уақытша жұмысқа қабылданады. 
3.9  Кəсіптік  практиканың  базасы  болып  табылатын  ұйым  кəсіптік  практиканың 
бағдарламасына  сəйкес  оны  өту  үшін  білім  алушыларға  орын  береді  жəне  білім 
алушыларға жұмыс орнында қауіпсіз еңбек шарттарын қамтамасыз етеді. 
3.10  Практика  базасы  –  ұйым  білім  алушылармен  кəсіптік  практиканы  өту  кезінде 
болатын 
қайғылы 
оқиғаларға 
2015 
жылғы 
23 
қарашадағы 
Қазақстан 
Республикасының Еңбек кодексіне сəйкес толық жауапты болады. 
 
4 Білім алушылардың практика түрлерін ұйымдастыру жəне өткізу тəртібі 
4.1  АƏИУ  білім  алушыларының  оқу  (танысу)  практикасының  мақсаты  оқыту 
процесінде  алынған  теориялық  білімдерді  бекітуді  жəне  тереңдетуді,  зерттеу  қызметінің 
алғашқы  дағдыларына ие  болуды,  іскерлік  хат алмасуды жүргізуді машықтарды  қамтитын 
бастапқы  кəсіби  құзыреттерді  игеру,  оқитын  мамандыққа  сəйкес  қызметтің  практикалық 
машықтар мен дағдыларды игеру болып табылады. 
4.2 Оқу (танысу) практикасының негізгі міндеттері: 
1) АƏИУ қызметінің негізгі бағыттарымен танысу; 
2) мамандықпен жəне оның білім беру бағдарламаларымен танысу; 
3)  болашақ  мамандықтың  объектісі  болып  табылатын  университеттің  ұйымдық-
құқықтық нысанымен, құрылымымен, басқару жүйесімен жəне т.б. жалпы танысу; 
4) болашақ кəсіптік қызметінің түрлерін, функцияларын жəне міндеттерін зерттеу;  
5) іскерлік хат алмасуды зерттеу жəне іс қағаздарын жүргізу; 
6) еңбек ұжымында қызметті жасау дағдыларын игеру болып табылады. 
4.3 Оқу практикасы барлық мамандықтардағы білім алушылар үшін өткізіледі жəне 1-
курста ұйымдастырылады. 
4.4 Нақты пəндік саланың ерекшелігіне жəне болашақ маманның кəсіптік біліктілігіне 
байланысты  оқу  практикасының  танысу,  далада  өтетін,  экскурсиялық,  бағдарлы,  мектеп, 
есептеу, пленэр жəне т.б. түрлерін ажыратады. 
4.5  Оқу  (танысу)  практикасы  болашақ  кəсіптік  қызметінің  нысаны  болып  табылатын 
мамандықтарда танысу экскурсияларын қамти отырып университетте өткізіледі. 
4.6  Оқу  практикасы  аталған  мамандық  бойынша  мамандар  даярлауды  жүзеге 
асыратын арнайы кафедраға бекітіледі. 

Аймақтық əлеуметтік-инновациялық университеті 
 
ҚП-АƏИУ-09-2016 
Сапа менеджменті жүйесі 
Құжатталған процедура 
Нормативтік- құқықтық құжаттар жиынтығы  
 217
 беттің 135-беті 
 
135 
 
4.7 Оқу практикасының бағдарламасы білім беру бағдарламасының талаптарына жəне 
мамандықтың бейініне сəйкес əзірленеді. 
4.8 Тілдік практиканың мақсаты білім  алушыларда ауызша жəне жазбаша  аударудың 
дағдыларын,  іскерлік  мен  достық  қарым-қатынас  дағдыларын,  соның  ішінде  оқытылатын 
тілдердің сөйлеушілерімен қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыру болып табылады. 
4.9 Тілдік практиканың негізгі міндеттері: 
1) білім алушыларды ауызша жəне жазбаша аударудың теориясы мен практикасының 
негіздерімен танысу; 
2) теориялық жəне практикалық білімдері мен машықтарды бекіту жəне кеңейту; 
3) тілдік коммуникация саласындағы практикалық дағдылар мен машықтарды алу; 
4) арнайы лексиканы аудару дағдыларын ұлғайту жəне бекіту; 
5) тиісті мамандық бойынша сөздік қорды арттыру; 
6)  сөйлеу  тілін,  шет  тілде  тілдесудің  диалогтық  нысанын  дамыту  жəне  бекіту  болып 
табылады. 
4.10  Тілдік  практика  тілдерді  білетін  кадрларды  даярлайтын  жəне  көптілді  білім 
беретін  мамандықтарда  білім  алушылар  үшін  жүргізіледі,  сондай-ақ  мамандыққа 
байланысты 
білім 
алушылардың 
оқуды 
аяқтағанына 
дейін 
2-курстан 
бастап 
ұйымдастырылады. 
4.11  Тілдік  практика  аталған  мамандық  бойынша  мамандарды  даярлайтын  арнайы 
кафедраға бекітіледі. 
4.12  Тілдік  практиканың  бағдарламасында  білім  берудің  деңгейлі  моделі  мен  шет 
тілдерді меңгерудің жəне көптілді білім беру қағидаларының талаптарын есепке алу қажет. 
4.13  Мамандықтың  ерекшілігіне  байланысты  1-курстан  кейін  кəсіптік  практиканың 
далада өтетін, археологиялық жəне басқа түрлері ұйымдастырылады жəне өткізіледі. 
Бұл  практика  түрлерінің  мақсаты  білім  алушыларда  кəсіби  міндеттерді  дамытуды 
толықтыратын жəне тиісті құзыреттерді қалыптастыру болып табылады. 
Кəсіптік  практиканың  басқа  түрлерін  бағдарламалары  аталған  мамандық  бойынша 
мамандарды даярлайтын арнайы кафедралары əзірлейді. 
4.14  Педагогикалық  практиканың  мақсаты  жалпығылыми,  культурология-лық, 
психологиялық-педагогикалық, əдістемелік жəне арнайы пəндер бойынша білімдерді бекіту 
жəне  тереңдету,  теориялық  білімдер  негізінде  педагогикалық  машықтарды,  дағдылар  мен 
құзыреттерді қалыптастыру болып табылады.  
4.15 Педагогикалық практиканың негізгі міндеттері: 
1) педагогикалық қызметтің бастапқы тəжірибесін игеру; 
2) сабақ беру мен оқыту əдістемесін меңгеру; 
3) педагогикалық шеберліктің негіздерін білу; 
4)оқу-тəрбие  жəне  оқытушылық  жұмысты  өз  бетінше  жүргізудің  машықтары  мен 
дағдыларына баулау; 
5) ғылыми-психологиялық жəне педагогикалық зерттеудің дағдыларын меңгеру; 
6) тəрбие жұмысының əдістемесін меңгеру; 
7) оқытудың инновациялық технологияларды білу; 
8)  оқу  жəне  тəрбие  жұмысы  барысында  білім  алушыларға  олардың  даму 
ерекшеліктерін ескере отырып жеке тəсілді жүзеге асыру болып табылады. 
4.16 Педагогикалық практика бүкіл оқу мерзімі бойы əр курста өткізіледі жəне: 
1) 1-курстың білім алушыларының педагогикалық практикасын; 
2) 2-курстың білім алушыларының психологиялық-педагогикалық практикасын;  
3) 3-курстың білім алушыларының оқу-тəрбиелік педагогикалық практикасын; 
4) 4-курстың білім алушыларының өндірістік педагогикалық практикасын қамтиды. 
4.17  Педагогикалық  практика  үздіксіз  болып  табылады  жəне  теориялық  оқытуымен 
қатар өткізіледі. 

Аймақтық əлеуметтік-инновациялық университеті 
 
ҚП-АƏИУ-09-2016 
Сапа менеджменті жүйесі 
Құжатталған процедура 
Нормативтік- құқықтық құжаттар жиынтығы  
 217
 беттің 136-беті 
 
136 
 
4.18 Педагогикалық практиканың базасы: 
1) мектепке дейінгі ұйымдар; 
2) жалпы білім беру (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта) ұйымдары; 
3) техникалық жəне кəсіптік білім беру ұйымдары болып табылады.  
4.19  Педагогикалық  практика  педагогика  кафедрасымен  бірлесіп  арнайы  кафедраға 
бекітіледі. 
4.20 
Педагогикалық 
практиканың 
бағдарламасы 
мамандықтың 
білім 
беру 
бағдарламасының талаптарына  сəйкес əзірленеді жəне  білім  алушыларда кəсіби мағыналы 
машықтарды  жасауға  жəне  мұғалім  мен  педагогтың  педагогикалық  құзыреттерін 
қалыптастыруға бағытталған. 
4.21  Өндірістік  практиканың  мақсаты  кəсіби  құзыретін  бекіту,  кəсіби  қызметінің 
практикалық дағдылары мен тəжірибені игеру болып табылады. 
4.22 Өндірістік практиканың негізгі міндеттері: 
1)  мамандық  бойынша  кəсіптік  қызметінің  түрлерін,  олардың  функциялары  мен 
міндеттерін оқып зерттеу; 
2) теориялық білімдерді бекіту жəне бұл негізінде кəсіби машықтарды, дағдылар мен 
құзыреттерді қалыптастыру; 
3) инновациялық технологияларды, еңбек пен өндірістің озық əдістерді меңгеру; 
4) ұйымдастырушылық жəне кəсіптік тəжірибені игеру;  
5)  командалық  жұмыстың,  басқарудың  корпоративтік  қағидалары  құзыретінің 
дағдыларын игеру; 
6) өз  бетінше өз  қызметті жоспарлау,  əріптестермен пайдалы  байланыстарды орнату, 
рольдік  кəсіби  ұстанымын  айқындау,  жауапкершілік  сезімін  қалыптастыру  машықтарды 
меңгеру болып табылады.  
4.23  Өндірістік  практика  барлық  мамандықтардағы  (педагогикалық  мен  тілдік 
мамандықтарынан басқа) білім алушылар үшін жүргізіледі жəне білім алушылардың оқуды 
аяқталуына дейін 2 курстан бастап ұйымдастырылады. 
4.24  Өндірістік  практика  оның  мазмұнына  байланысты  арнайы  кафедраның  немесе 
нəтижесінде  аталған  өндірістік  практика  түрінің  объектілері  болып  табылатын  теориялық 
оқытуды жүргізетін кафедраға бекітіледі. 
4.25  «Техникалық  ғылымдар  жəне  технологиялар»  мамандықтар  топтары  бойынша 
білім алушылардың кəсіптік практикасы дуальды білім беру жүйесінің қағидаларын есепке 
алады. 
4.26 
Өндірістік 
практиканың 
бағдарламасы 
мамандықтың 
білім 
беру 
бағдарламасының талаптарына  сəйкес əзірленеді жəне  білім  алушыларда кəсіби мағыналы 
машықтарды  өндіруге  жəне  кəсіби  стандарттарының  талаптарына  сəйкес  арнайын 
құзыреттерді қалыптастыруға бағытталған. 
4.27  Диплом  алды  практика  дипломдық  жұмысты  (жобаны)  орындайтын  білім 
алушылар үшін ұйымдастырылады. 
4.28  Диплом  алды  практиканың  мақсаты  дипломдық  жұмысты  (жобаны)  жазудың 
аяқталуы болып табылады. 
4.29 Диплом алды практиканың негізгі міндеттері: 
1) дипломдық жұмыстың (жобаның) тақырыбы бойынша практикалық материалдарды 
жинақтау, өңдеу жəне жалпылау; 
2)дипломдық  зерттеудің  тақырыбы  бойынша  статистикалық  мəліметтері  мен 
практикалық материалдарды талдау; 
3) 
дипломдық 
жұмыстың 
(жобаның) 
немесе 
есептің 
тақырыбы 
бойынша 
қорытындыны, заңдылықтарды, кепілдемелер мен ұсыныстарды тұжырымдау; 
4)  дипломдық  жұмысты  немесе  есепті  білгіленген  талаптарға  сəйкес  ресімдеу  болып 
табылады. 

Аймақтық əлеуметтік-инновациялық университеті 
 
ҚП-АƏИУ-09-2016 
Сапа менеджменті жүйесі 
Құжатталған процедура 
Нормативтік- құқықтық құжаттар жиынтығы  
 217
 беттің 137-беті 
 
137 
 
4.30  Диплом  алды  практика  жеке  оқу  жоспарына  сəйкес  дипломдық  жұмысты 
(жобаны)  немесе  есепті  орындалатын  барлық  мамандықтардың  түлектері  үшін  бітіруші 
курста өткізіледі. 
4.31 Дипломдық жұмысты (жобаны) немесе есепті əзірлеу жəне жазу үшін білім беру 
бағдарламасымен диплом алды практикасы көзделген. 
4.32 Диплом алды практика бойынша басшылықты əдеттегідей дипломдық жұмыстың 
(жобаның) ғылыми жетекшісі жүзеге асырады. 
4.33  Диплом  алды  практиканың  ұзақтылығы  жоғары  білім  берудің  мемлекеттік 
жалпыға  міндетті  стандартына  сəйкес  дипломдық  жұмысты  (жобаны)  жазуға  берілген 
кредиттер санымен айқындалады. 
4.34  Диплом  алды  практиканың  мазмұны  дипломдық  жұмыстың  (жобаның) 
тақырыбымен айқындалады. 
4.35  Диплом  алды  практиканың  қорытындылары  арнайы  кафедра  ұйымдастыратын 
дипломдық жұмысты (жобасын) алдын ала қорғауда қорытындыланады. 
Дипломдық  жұмысты  (жобасын)  алдын  ала  қорғау  кафедра  отырысында 
өткізіледі жəне хаттамамен ресімделеді.
 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет