108
Пайғамбарларға иман
Ал жоғарыда Аллаһтың сүйікті құлдарымен қатар
«шайтанның әулиелері» де бар деген едік. Бұлар үнемі
Аллаһ тағаланың дініне қарсы шығады. Бұл аздай «біз-
дер дұрыс жол көрсетушіміз» деп жер бетінде бүлік
шығарады.
Егер бұл сияқты адамдардың жамандығы асқынып,
олардың қатары көбейсе, онда бұл қауымның келеше-
гі күңгірт деген сөз. Аллаһ тағала да бейғам жатқан
қауымның басындағы «шайтан әулиелердің»
санын
көбейте бермек. Өйткені, бейғам жатқан қауымның өзі
осылай болғанын қалап тұр деген сөз.
Құранда:
«Кез келген елді (жазалау ретінде) жоқ еткіміз
келгенде, рахат пен ләззатқа батып өмір сүруді мақсат
еткендерге (елші дәнекерлігімен) жақсылықты (дін)
бұйырамыз. Олар бұған қарамастан күнәға батуды
тоқтатпайды. Соңында өздеріне лайық болған
жазалау үкімі жүзеге асырылады. Сөйтіп ол елді
жермен-жексен етеміз»,
275
– дейді.
Мәселен, Нұх (ғ.с.) 950 жылдық ғұмырын ақиқатқа
арнаған. Нұх (ғ.с.) қауымының ақиқатқа бет бұруы
үшін осыншама уақыт мұрсат берілген. Бірақ, олар
өздерін
өлмейтіндей көріп, есепке тартылмайтындай
сезінгендіктен, Хақ тағала оларды топан сумен
жазалаған еді.
275
«Исра», 17/16
109
Пайғамбарларға иман
Демек, Хақ тағала өзіне қарсы шыққан құлдарына
белгілі бір мерзімге дейін мүмкіндік береді. Мүмкіндікті
пайдалана алмағандардың ертеңгі күні қараң.
Тарихтағы Перғауын мен Нәмруттың көптеген
нығметтерге бөленгендігіне қарап,
шайтанның жер
бетінде сайран салып, емін-еркін жүргенін байқауға
болады. Егер мұндай нығметтерге шүкіршілік
жасалмаса, оның есебі әлбетте ауыр болмақ. Құранда:
«Аяттарымызды жалғанға шығарғандарға ке-
лер болсақ оларды (ұстанған жолдарының нәтижесі
ретінде), байқатпастан күтпеген жерден бірте-бірте
құрдымға жетелейміз»,
276
– деу арқылы осы ақиқатты
нұсқауда.
Бірде
пайғамбарымыз
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
:
«
Егер Аллаһ тағала өз пендесінің күнә жасағанына
қарамастан оның дүниеде ұнататын нәрселерінен
нығмет берсе, онда ол истидраж екенін біліңіз»,
277
–
деді де
«Олар өздеріне жасалған ескертулер мен
үгіттерді ұмытқан кезде, оларға әр нәрсенің (ләззат
пен нығметтің) есігін айқара аштық. Өздеріне берілген
нығметтерге мәз-мейрам болғанда, Оларды ойламаған
жерден тырп еткізбей ұстаймыз. Сол сәтте олар
276
«Ағраф», 7/182
277
Ахмад ибн Ханбал, ІV/145
110
Пайғамбарларға иман
үміттерінен мүлдем көз жазып қалады»,
278
– деген
аятты оқыған еді.
Демек, истидраждың астарында менмендік,
тәкаппарлық, көзбояушылық жатқандықтан оны кере-
метпен шатастырмау керек.
Сонымен қатар, кейбір адамдардың ұзақ уақыт
бойы нәр татпай аш жүруін, қып-қызыл шоқты жалаң
аяқ басып жүруін, ұзақ
уақыт бойы демін алмай су
түбінде жатуын, денелеріне істікпен сұққылауын да ис-
тидраж деуге болады.
И
ханәт
Иханәт – «төмендету» деген мағынаны білдіреді.
Яғни, бойын күпірлік пен пасықтыққа алдырған
адамның ғажайып көрсетемін дегенде амалының
керісінше іске асуы. Мәселен «мен пайғамбармын» де-
ген Мүсәйләматул кәззаб (жалған пайғамбар) мұғжиза
көрсетпек болып, бір көзі көрмейтін адамның жанарын
емдеймін деп жүріп, керісінше екінші көзін де соқыр
етеді. Тағы бірде Мүсәйләматул кәззаб құдықтың суын
көбейтемін деп ішіне түкіреді. Алайда, мұнысынан
түк шықпайды, керісінше
құдықтың суы тартылып
қалады.
Демек, ғажайып деп кереметті ғана айта алады
екенбіз. Өйткені бұл ғажайыптар иелерінің турашыл
екендігін растайды. Ал сиқырға келсек, оған дінімізде
үзілді-кесілді тыйым салынған.
278
«Әнғам», 6/44