П айfамбарларfА иМАн Ержан Қалмахан Сейтұлы Алматы, 2010


ұғжизаның кереметтен жоғары тұруы



Pdf көрінісі
бет41/44
Дата26.11.2022
өлшемі3,6 Mb.
#52748
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   44
Байланысты:
Pajgambarlarga-iman.-Kalmahan-Erzhan.-Almaty-2010.-1

ұғжизаның кереметтен жоғары тұруы
Әһли сүнна ғұламалары мұғжизаға мынадай 
анықтама берген. Мұғжиза – өзінің пайғамбар екендігін 
жар салған және мойындамағандарға қарсы Аллаһ 
тағаланың пайғамбарына берген, өзге адам баласының 
қолынан келмейтін (адамның дәрменсіз екендігін 
мойындатқан) табиғат заңдылықтарына бағынбайтын 
таңғажайып іс.
268
Бұл жерден мұғжизаның мына екі ерекшелігі 
байқалады. Әуелгісі – адамдарға өзінің пайғамбар екен-
дігін паш ету, екіншісі – адамның мұғжизаның алдында 
«дәрменсіз екендігін мойындату». 
Демек, мұғжиза тікелей Хақ тағаланың демеуі-
мен іске асады. Пайғамбарлардың осындай мұғжиза 
көрсетуіне келсек, бұл олардың Хақ тағаланың сенімді, 
турашыл елшісі екендігінің бірден-бір дәлелі. 
Ал керемет болса, мұғжизадан бөлек. Өйткені, 
әулие жандар пайғамбарлар сияқты өздерін әулиемін 
деп жар сала алмайды.
269
Жар салған жағдайда ол әулие 
болып саналмайды. 
Мұғжизаның шынайы болуы үшін мынадай шарт-
тар керек:
267
А.Унал, Қуран мәалі, «Кәһф», 18/9-12, (639)
268
Тафтазани, Шархул Ақайд ән-Нәсәфия, Кайр, 1939, 459-
460-б; Журжани, Шархул Мауақиф, ІІІ/177.
269
Жәлал әд-Дәуани, Шархул Ақайдил-Адудия, ІІ/277


105
Пайғамбарларға иман
1. Мұғжиза тікелей Аллаһ тағаладан келген болуы 
керек. Өйткені, оны қалаушы әрі жасаушы – Хақ тағала. 
Мәселен, хазірет Мұсаның аса таяғының жыланға айна-
лып кетуі, Иса пайғамбардың өлген адамдарды тірілтуі 
сияқты мұғжизалар Аллаһ тағаланың қалауы және жа-
ратуы арқылы іске асады. Ал пайғамбарлар тек дәнекер 
ғана. 
2. Мұғжиза күнделікті өмір тіршілігінен бөлек
табиғат заңдылықтарымен түсіндіруге келмейтін әрі 
адам баласын таң қалдыратын амал болуы керек. 
3. Адамдардың қарсы тұру, уәж айту мүмкіндігі 
қалмауы керек. Адамдар өздерінің осал екендігін сезі-
нуі тиіс. 
4. Мұғжиза Аллаһтың хақ екендігінің дәлелі ретін-
де пайғамбар тарапынан іске асуы керек. 
5. Мұғжиза пайғамбарлардың сөзіне сай іске асуы 
қажет. 
6. Мұғжиза пайғамбардың сөзінен ерте немесе 
кейін жүзеге аспайды
7. Мұғжиза көпшіліктің сұранысымен іске асады. 
Ал керемет сұраныс бойынша жасалмайды.
270
Демек, кереметті мұғжизамен, ал әулиені пайғам-
барлармен салыстыра алмайды екенбіз. 
И
рхас
Ирхас – пайғамбарлық міндеті жүктелгенге дейінгі 
кездерде пайғамбарларда көрініс тапқан ғажайыптар. 
Мәселен, хазірет Исаға бесікте тіл бітуі. 
270
Журжани, Шархул Мауақиф, ІІІ/177-179


106
Пайғамбарларға иман
Періштелер Исаның анасы Мәриямға әкесіз дүниеге 
келетінін және бесікте де, ержеткенде де адамдармен 
сөйлесетінінен хабар берген.
271
Иса (ғ.с.) әкесіз дүниеге келген деп халық хазірет 
Мариямды жазғыра бастаған кезде бесікте жатқан сәби 
(хазірет Иса): «Мен Аллаһтың құлымын. Қолыма кітап 
беріп мені пайғамбар етіп таңдайды. Қайда барсам да 
мені құтты етті. Ғұмырымның соңына дейін намаз, 
зекет құлшылықтарын орындауға бұйырды...»
272
деп 
халыққа тіл қатады. 
Бұл бесікте жатып тіл біткен хазірет Исаның 
болашақта пайғамбар болатынына бірден-бір ишара 
еді. 
Пайғамбарымыз Мұхаммедтің 
(саллаллаһу аләйһи уә 
сәлләм)
бойында да бірнеше ирхасты байқауға болады. 
Мәселен, Әмина анамыз жүктілігінің алтыншы айында 
түс көреді. Түсінде бір кісі «Ей, Әмина! Сен әлемге құт-
береке әкелетін сәбидің анасы боласың»
273
деген еді.
Бірде Мұхаммед 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
сауда сапары-
мен Шамға бет алады. Бір шөкім бұлт Мұхаммедтің 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
бейне бір қорғаушысындай төбесінен 
қалмай қояды.
274
Демек, бұлардың барлығы табиғат 
заңдылықтарымен түсіндіруге келмейтін ғажайыптар 
әрі олардың келешекте пайғамбар екендігіне бірден-бір 
дәлел. 
271
«Әли Имран», 3/46-47
272
«Мәриям» сүресі, 19/30-31
273
Ибн Исхақ, Сиратун Нәбауи, І/166.
274
Халәби, Инсанул Ұйун, Мысыр, 1964, І/221; Хаким, 
Мүстәдрак, ІІІ/182; Яқут, Муъжамул Бульдан, Бейрут, 1956, 
ІІ/126


107


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет