П авлодар облысы білім беру басқармасы Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы Халықаралық зерттеулер форматындағы функционалдық сауаттылықты дамытуға арналған



бет20/59
Дата03.10.2023
өлшемі5,32 Mb.
#112783
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   59
Байланысты:
3. PISA жинақ

29. БАЙЛЫҚ. БАҚЫТ.АҚЫЛ.

Ерте заманда Байлық, Бақыт, Ақыл үшеуі кездесіп, адамға тигізетін пайдасы жайында таласып қалады. Алдымен Байлық сөйлейді:


-Менің арқамда ғана адамның малы бар, үйі дүние-мүлікке бай, ішіп-жемі мол болады.Сондықтан маған тең келер ештеңе жоқ, -деп мақтанады.
Сонда Бақыт былай дейді:
-Мен Бақпын. Кімнің қолында болсам, соның атақ-даңқын шығарамын, қолына билік беремін. Дұшпанын жеңдіремін.
-О, достарым, мен сендердің таластарыңа қосылмаймын. Үшеуміз тең тудық. Мен Ақылмын. Сондықтан бекер таласып, менменсіп сөйлегенді жақтырмаймын. Үшеуміз де адамға қажетпіз. Бірақ екеуің маған бағыныштысыңдар. Адам менсіз өмір сүре алмайды. Келіспесеңдер, Данышпаннан сұрайық. Сөйтіп, үшеуі Данышпанға келеді. Данышпан үшеуінің таласын тыңдап алады да:
-Өмірдің өзі сабақ. Ақыл барда ғана байлық та, бақыт та, тірлік те бар. Ақылдың еңбек деген сүйеніші, тіреуі бар. Сондықтан ақылды боп еңбек ете білген адам байлыққа да, бақытқа да жетіп, мәнді де сәнді өмір сүре алады, -дейді.

Сұрақ түрі: Тұтас мәтін
Құзыреттілік: Мәтіннен ақпарат табу
Мазмұны: Хабарлау
Мәнмәтін: Қоғамдық
Сұрақтың форматы: қысқаша жауапты таңдау


77 -сұрақ: БАЙЛЫҚ. БАҚЫТ. АҚЫЛ
Дұрыс жауабын таңда
Ақылдың сүйеніші, тіреуі:
А) Бақыт В) Байлық С) Еңбек Д) Данышпан Е) Өмір
Жауабы: С) Еңбек
78 -сұрақ : БАЙЛЫҚ. БАҚЫТ. АҚЫЛ
Бірнеше дұрыс жауап таңда
Данышпанның сөздері
А) Бекер таласты жақтырмаймын
В) Адамға билік беремін
С ) Ақыл барда байлық бар
Д ) Менің арқамда адам бай
Е ) Ақылды адам бақытқа жетеді
F ) Өмірдің өзі сабақ
G ) Дұшпанды жеңдіремін
H ) Маған тең келер ештеңе жоқ

Жауабы: С ) Ақыл барда байлық бар


Е ) Ақылды адам бақытқа жетеді
F ) Өмірдің өзі сабақ
79 -сұрақ :БАЙЛЫҚ. БАҚЫТ. АҚЫЛ
Ойды аяқта:
Ақылды боп еңбек ете білген адам байлыққа да, бақытқа да жетеді. Оның себебі ....
________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   59




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет