9- сұрақ: СҮТ Наурыз айында сүттің бағасы бірдей болды, бірақ «Лидер» дүкенінде сәуір айында сүт 40%-ға арзандады, ал «Гринвич» дүкенінде алдымен 20%-ға арзандап, содан кейін сүттің бағасы тағы да 25%-ға арзандады. Қай дүкенде сүттің бағасы арзан?
А) екі дүкенде сүттің бағасы бірдей.
В) «Лидер» дүкенінде арзан
C) «Гринвич» дүкенінде арзан
D) мәлімет жеткіліксіз
E) салыстыру мүмкін емес
Математикалық аймағы: сандық Мәнмәтін:әлеуметтік Әрекет түрі: салыстыру Сұрақ түрі: қарапайым, жауап таңдау арқылы Деңгей: 1 Жауабы: А 7. АЙНАЛМАЛЫ ЕСІК Айналатын есік үш ішкі есіктен тұрады, ішкі есіктер дөңгелек кеңістіктің ішінде айналады. Ішкі диаметр 2 метрден (200см) құрайды. Үш есікті бөліп тұрған тақтайшалар дөңгелек кеңістікті үш тең секторға бөледі.
10-сұрақ: АЙНАЛМАЛЫ ЕСІК Есік бір минутта 4 рет толық айналым жасайды. Әрбір секторға 2 адамнан сыяды. 30 минут ішінде ғимаратқа кіретін адамдардың ең көп санын анықтаңыз.
А) 60
В) 180
С) 240
Д) 720
Е) 340
Математикалық аймағы: сандық Мәнмәтін: ғылыми Әрекет түрі: талдау Сұрақ түрі: қарапайым, жауап таңдау арқылы Деңгей: 4 Жауабы: Д
8. НӨМІРЛЕНГЕН ОРЫНДЫҚТАР Концертте аудиториядағы барлық адамдарға сахнаның жақсы көрінісін беру үшін залдағы орындықтар арасында бос орын қалдырылып қойылған. Ол төмендегі жоспарда көрсетілген.