P c. Жақсылықбаева журналист этикасы Оқу қүралы


Кодекстің БАҚ-ы үшін тигізер пайдасының көп екені сөзсіз



Pdf көрінісі
бет61/277
Дата29.12.2023
өлшемі7,74 Mb.
#144903
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   277
Байланысты:
Жаксылыкбаева Р.

Кодекстің БАҚ-ы үшін тигізер пайдасының көп екені сөзсіз.
Шынын айту керек, журналистер өздеріне берілген бостандық-
тарды пайдаланып, шектен шығып, этика, моральдың талап-
ережелерін бұзып та жатады. М әселен, «Дүниежүзіне эйгілі


ІІт арау.
Құқықтық журналистика және бұқаралық ақпарат ... 
4 9
ағылшын әншісі Элтон Джон туралы көп таралымды «Сан» газеті
бәлелі мақала жариялап, элгі кейіпкердің рұқсатынсыз алынған
фотосуреттерді басқан. Баспасөздің мұндай озбырлығына наразы
болған энші бұл газет үстінен сотқа арыз берді. Бірақ бұл дау екі
жақтың келісімге келуімен шешілді. «Сан» газеті Элтон Джонга
бір миллион фунт стрелинг айып төлеп, соттағы іс тоқтатылды.
Тағы бір мысалға тоқталып кетейік. Теледидар актері Горден
Кей боран кезінде қатты жарақаттанып, аурухана палатасына ес-
түссіз жатқан кезінде екі журналист оны суретке түсіріп алып,
жария етті. Емделіп болып, ауруханадан шыққан актер газет
үстінен сотқа арыз беріп, істі ұтып шығады» (Англия. - 1992. №2.
- 122 б. Лойд-Джоуиз А. Свобода слова). Осындай оқиғалардың
себебімен баспасөз бен бұқара арасындағы қарым-қатынас нашар-
лап, баспасөздің беделі түсе бастады. Журналистің кәсіптік мінез-
құлығы Кодексінің қайтадан қабылдануы осыдан.
Енді Америка Құрама Штаттарының тәжірибесіне тоқталайық.
Журналистерге, оның ішінде радиода істейтін қызметкерлерге
қойылатын этикалық талаптарды «Азаттық» радиостанциясының
комментаторы Вадим Белоцерковскийдің «Журналист» журналына
берген сұхбатынан көруге болады. Онда эйгілі радиокомментатор
радиожурналистер үшін негізгі төрт шартты атап айтады: 1-шарт.
«Сыбыстарды пайдаланба!» Эфирге берілетін фактілердің барлыгы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   277




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет