P c. Жақсылықбаева журналист этикасы Оқу қүралы


дай бақылау жасамайды. Баспасөз ұйымдары «Баспасөз туралы»



Pdf көрінісі
бет60/277
Дата29.12.2023
өлшемі7,74 Mb.
#144903
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   277
Байланысты:
Жаксылыкбаева Р.

дай бақылау жасамайды. Баспасөз ұйымдары «Баспасөз туралы»
Заңды басшылыкка алып, өз жұмыстарын өздері реттеп отырады.
М ерзімді басылымдар - не туралы, қалай жазамыз д есе ерікті, олар
эртүрлі материалдар жариялауға құқылы. Дегенмен, ұлтаралық
қатынастарды шиеленістіретін, біреуге жала жабатын және «Рес-
ми құпия ақпарат туралы» Заңға кайшы келетін хабарлардың
жарыққа шығуына жол берілмейді. Сонымен қатар, кейбір сот
істері туралы есепті түгел, толық түрде басуға тыйым салынған.
Үкіметтің Қорғаныс, баспасөз жэне хабарлама жөніндегі Комис-
сиясы ұлттық қауіпсіздікті камтамасыз ету мақсатымен БАҚ-
на кейбір ақпарат, мәліметтерді жария етуге тыйым салады. Заң
ж үзінде бұл комиссияға бағынуға міндетті емес БАҚ-ның барлығы
да оның нұсқауларымен санасып отырады. Кей кездерде құпия
болып қалуға тиіс ақпараттың жарыққа шығуына жол бермеу
мақсатымен үкімет қатал шаралар қолданады, тіпті істі сотка бе-
руге дейін барады.
АҚШ-тың бір ерекшелігі, бұл мемлекетте Баспасөз туралы
Заң жоқ, есесіне Конституцияның бірінші өзгертуі бар. Журна-
листер «демократия сыйы» деп атайтын бұл өзгерту Үкіметке
баспасөз жұмыстарына араласуға тыйым салып, журналистердің
сөз бостандығын камтамасыз етеді. АҚШ-тағы кэсіби журна-
листер қоғамының «Практикалық журналистикадағы этика»
анықтамалығында: «Акиқатты іздеңіз жэне ол туралы мейлінше
толық мағлұмат беріп отырыңыз. Қүқығы жоқтарға сөз беріңіз. Ер-
кін қимылдаңыз. Өзіңізді тэуелді ететін тұлғалардан кашық жүрі-
ңіз. Өзгелерге зияныңыз тимесін. Ақпарат көздеріне, кейіпкерлері-
ңізге жэне эріптестеріңізге журналистік максаттарыңызға жетудің
жолы деп емес, сыйлауға түрарлық тұлға ретінде қараңыз», - деген
анықтама бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   277




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет