Керісінше, қарапайым эрі терең, шебер жазылған ойлы мақалалары арқылы елді елең еткізіп, толғандырып отырады. Жоғары білікті, терең ойлы, ары таза, әдебі мығым журналист қана оқырманын шын сөзімен сендіре алады. Ал, шындықты жасырып, бос сөз қуып, жалған айтып, жалтақтаған мақала кездесіп жатса, оны жазған журналистің эдебіне - сын. Ендігі кезекте көгілдір экрансыз күніңді елестету мүмкін емес деген көпшіліктің ережесіз қағидасын ескере отырып, бүгінгі таңдағы телеарналар қалың бұқараға қандай бағдарлама ұсынуда деген сұраққа жауап іздеп көрсек. Кезінде «Қылкөпір» деген бағдарлама арқылы бақсы мен балгердің, емші мен тэуіптің қызу тартысы «31-арнадан» көрсетілгенін білеміз. Ондағы үрейлі әуен, бақсы-балгерлер, көріпкелдердің сезген-білгендерін басқа бөлмеде болжау керектігі мен бағдарлама жүргізушісінің сөйлеу ырғағынан «НТК»-дағы «Битва экстрасенсов» бағдарламасының тікелей көшірмесі екенін аңғаруға болады. Сондай-ақ, осыған ұқсас «СТВ» телеарнасынан «Узнай свою судьбу» бағдарламасы беріліп жүр. Түнгі уақытта эфирге шығатын бұл телебағдарламаның мақсат- мүддесінің қандай екендігін білу қиын. Бейбіт Бөженнің «Айқын апта» газетінде (27 қараша, 2007) жарык көрген «Балгерлердің бағдарламасы керек пе?» атты мақаласы осы бағдарламаға қатысты біраз ойды ортаға тастайды. Автор студияға шақырылған бақсы-балгердің телефон шалған көрермендерден туған жылын, айын жэне күнін сұрап, сол жерде карта ашып, элі келгенше ай тып беруге тырысатынын біздің мұсылмандық ұстанымымызға қайшы келетін дүние екендігін айтады. Автордың ойынша, мұндай