ІІІтарау.
Журналистің кәсіби этика мәселелері ...
97
Осыдан келіп, ақпарат құралдарының қайсысы болсын,
эдептен озбауды, моральдық азғындыққа ұшырамауды көздегені
орынды. Егер журналист дерек пен материалға атүсті қараса
онда әдептің бұзылуына әкеліп соғады. Сондықтан да, адал әрі
эділ болу, өмірдің обьективті шындығын жеткізуші, сол арқылы
қоғамдық пікірді қалыптастырушы «төртінші билік» өкілдерінің
өтірік айтуға, жалған ақпарат таратуға, әдептен озуға еш құқығы
жоқ. Өйткені журналист эдебі, сөз мэдениеті оның жазбасынан
көрініс тауып тұрады. «Терең өзен тынық ағады, білімді адам бай-
ыпты келеді», - дегендей парасатты, ақылды журналист ешқашан
асығыс мақала жазбайды жэне ешқашан қателесуге тиіс емес.
Достарыңызбен бөлісу: