ІІІтарау.
Журналистің кәсіби этика мәселелері ...
99
берілетін «Анда-санда» жэне «Наша Казаша» (бұл - ресейлік
«Наша Russia» бағдарламасының тікелей көшірмесі), «Жайдарман
клаб» (Jaidarman club) (бұл да - ресейлік «Камеди клаб» (Comedy
club) бағдарламасының тікелей көшірмесі) т.с.с. бағдарламалары
арзан күлкімен халықты бір серпілтіп, тек эфирдегі өздеріне
берілген уақытты толтыру мақсатын ғана көздегені жасырын емес.
Өйткені бұл бағдарламаларда ана тілімізді бұрмалап, жөнсіз эзілге
қосуы ешқандай да тәрбиелік мэнді аңғартпайды.
Мемлекеттік тілдің беделін эрбір азаматтың өмірлік қажетіне
айналатындай, қазақстандық патриотизмнің құрамды бөлігі бола-
тындай деңгейге көтеру қажет. Мемлекеттік тілдің - мемлекеттің
бүкіл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында
қолданылуын қамтамасыз ету мақсатында: а) мемлекеттік орган-
дарда іс жүргізуге мемлекеттік тілді енгізу; э) бұкаралық ақпарат
кұралдарында қазақ тілінде берілген хабарлардың көлемін 50 пай-
ыздан асыру; б) білім, мәдениет жэне халыққа қызмет көрсету сала-
ларында қазақ тілінің қолданылуын қамтамасыз ету мәселелеріне
бағытталатын болуы керек.
Достарыңызбен бөлісу: