бағдарламалардың пайдасынан зияны көп, осындай жүрдім- бардым дүниелерге, көшірме хабарларға жол бермегеніміз жөн. Ә сіресе, қазіргі жаһандану заманында халқымыздың ұлттық ерекшеліктерін, менталитетіміз, салт-дэстүрлеріміз, жалпы, руха- ни құндылықтарымызды сақтап қалуымыз керек. Есей Жеңісұлының «Жас қазақ» газетінде жарық көрген «Кімге «кызық», кімге шұжық?» (2 ақпан, 2007) атты мақаласында бэрімізді шаршатып бітірген КТК телеарнасындағы «Қызықрадио- сы» бағдарламасын сынға алады. Аталмыш бағдарламаның бір-екі сюжетін, мағынасы жоқ сөйлемдерін мысалға келтіреді. Сөйтіп, бұл бағдарламаның «ең сорақы тұсы» деп төмендегілерді айта- ды: «а) эзіл айта білмейді; ә) қазақ тілін барынша мансұқгайды; б) ұлттық әдепті мүлде сақтамайды; в) хабар барысында өз бағдарламаларының атын дұрыс атамайды». Жалпы, автормен толықтай келісуге болады. Журналистік эдептің бұзылатын тағы бір тұсы - кейбір теле- арнада сөздің бұрмалануы. Мысалы, «Алматы» телеарнасының журналистері кейде: «Хабарымыз өз мәресіне жетті» деп қорытындылап жатады. Бейнебір телехабар бір мәреден баста- лып, келесі мэремен аяқталатын жарыс іспеттес. Сондай-ак, бұл арнада аңғарғанымыз, журналистер қылмыстық істерге байланыс- ты көбіне «құрықталды» деген сөзді қолданады. «Қолға түсірді, ұстады, тұтқындады» деген тіркестердің орнына, арна тілшілері малға қатысты айтылатын осы сөз тіркесін қолдануға құмар. Балаларға арналған хабарлардан кезінде «Хабар» арнасында «Сиқырлы эріптер» хабарының мэні зор болды. Хабардың осы- лай аталуында да ерекше мән жатыр, яғни, казак жэне орыс тілінің жүгін көтерген бағдарламаның негізгі мұраты бүлдіршіндерге тіл үйретуді көздеді. Ә сіресе, казак тілін меңгерудің тиімді тәсілі