жауапкершіліктен босатылатын реттер Бұқаралық ақпарат құралында шындыққа сэйкес келмейтін мэліметтерді таратқаны үшін: 1) егер бұл мэліметтер ресми хабарлар мен қүжаттарда айтылған болса; 2) егер олар жарнама жэне акпарат агенттіктерінен немесе мемлекеттік органдардың баспасөз қызметінен алынса; 3) егер олар өкілді органдар депутаттарының, мемлекеттік органдардың, ұйымдардың лауазымды адамдарының жэне аза- маттардың ресми сөйлеген сөздерінің сөзбе-сөз кайталанып берілуі болса; 4) егер олар алдын ала жазылып алынбай эфирге шығарылатын авторлық сөздерде не осы Заңға сэйкес редакциялауға жатпайтын мэтіндерде айтылса; 5) егер бұл мэліметтер осы Заңның 18-бабына сэйкес міндетті хабарларда айтылса, бас редактор (редактор), сондай-ақ журна лист жауапты болмайды.
Қосымша 179 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КОНСТИТУЦИЯСЫ. 30.08.1995 14- бап 1. Заң мен сот алдында жұрттың бэрі тең. 2. Тегіне, элеуметтік, лауазымдық жэне мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша ешкімді ешқандай кемсітуге болмайды. 20-бап 1. Сөз бен шығармашылық еркіндігіне кепілдік беріледі. Цензураға тыйым салынады. 2. Әркімнің заң жүзінде тыйым салынбаған кез келген тәсілмен еркін ақпарат алуға жэне таратуға құқығы бар. Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиясы болып табылатын мә- ліметтер тізбесі заңмен белгіленеді. 3. Республиканың конституциялық құрылысын күштеп өз- гертуді, оның тұтастығын бұзуды, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан