катаң, зұлым көрсетілімдерді жарыққа шығару тек репортажға тығыз қатынасы, байланысы болса; 3. Көрермендерге деген сыйластық порнограф иялық сипаттағы көрсетілімдердің экранға шықпауына жэне де белгілі адамдардың ар-ожданы мен намысына нұқсан келтіру (ұятқа қалдыруы мүмкін) репортажға байланысты кадрларды қолданғанда өте абай болуы қажет; 4. Журналистер «Отбасы, жанұя жэне балалар әлемі» тақырыбындағы репортаж түсірілімдерін жасағанда белгілі бір ереже, такт қолданған жөн. 5. Журналистер белгілі оқиғаның екі жақты қарама-қайшы пікірлерін жеткізуде өз міндетіне алуы тиіс жэне екі жақтың бірі диалог (жауап беруден бас тартса) мұны міндетті түрде репортаж- да айтуы тиіс; 6. Қажет ем ес, қажеттілігі аз қайталама кадрлардан сақ болу қажет, әсіресе олар репортажда кейіпкердің айтып жатқан сөзіне кір келтірсе, көрермен күмэнін тудырса;
212 Ж а қ с ы л ы қ б а е ва Р.С. Ж урналист этикасы
7. Сот істеріне байланысты репортаж түсірілімдерінде өте сақ болған жөн, сот шешімі шықпай көрермендер тарапынан репор- таждан соң жала жабу, объект туралы пікір қалыптастыру тумауы тиіс; 8. Көрермендерге деген сыйластық, жеке өмірге деген сыйластық ақпарат кеңістігінде назар аударылған отбасыға журна- листер мазасын алмуы тиіс; 9. Әркез адамдар журналистке жалған аппарат берсе, сөз бұрмалау, екі сөйлеу, екіжүзділік сипаттары таныла бастаса, оған қарсы қорғану шараларын қолдану қажет, әйтпесе жалған акпарат тұтқыны болып қалуыңыз ғажап емес; 10. Журналистер жасырын камерамен түсірілген материалдар-