ма жөніндегі» ресейлік заңның саяси жарнамаға қатысы жоқ. Жалпы, барлық елдерде құқық жүйесінің шығар тұғыры Конституция болып табылатыны белгілі. Ол - ой мен сөз бостан- дығының кепілі, цензураға тиым салушы, идеологиялық плюра лизм, ақпараттың еркін таратылып жүруіне жол беруші. Қазақстандағы алғашқы Конституция жобасының авторы Бар- лыбек Сыртанов екендігін профессор Сәкен Өзбеков жан-жақты зерттеп, қалың жұртшылыққа мэлімет етті. Уставтың толық мэтінін ол 1992 жылы «Түрік бірлігі» газетіне (№ 1), 1994 жылы «Әділет министрлігінің хабаршысы» журналына (№ 2) жариялауға өз ықпалын тигізді. Белгілі заңгер Сәкен Өзбековтыц жинастырған мэліметтеріне қарағанда, қазақ елінің тұңғыш Конституциясы 1911 жылдың 3 мау- сымынан басталады. «Барлыбек Сырганов өте күпия түрде Әлихан